КОЛЛЕГИИ ОГПУ ДОПОЛНЕНИЕ. ЗАЯВЛЕНИЕ ЕРМЕКОВА АЛИМХАН ОТ 28 ОКТЯБРЯ 1931 ГОДА

В материалах обвинения имеется указание, что я привез письмо от Садвакасова Байдильдину. Кажется в 1925 году председатели райкомов, совнаркомов были командированы в Москву. Ежов и Садвакасов Смагул (органы крайкомов), также включен был и я в составе делегации от Госплана. Я свою задачу понимал, как оказание помощи членам крайкома Ежову и Садвакасову. Насколько я понял, должен был рассматриваться вопрос об уточнении границ нашей республики. Преимущественно земли Казахстана должны были отойти в состав соседних губерний. Также шел разговор о том, чтобы включить их в Среднеазиатскую федерацию. Такие разногласия я слышал до отъезда. Таким образом, северные части Казахстана, заселенные по преимуществу европейским населением, должны были отойти в состав соседней губернии РСФСР. Представители Южного Казахстана особенно горячо интересовались этим проектом и относились весьма одобрительно. В разговорах можно было услышать даже фантастический план о переселении казахского населения северных районов на юг, в пределы Семиреченского края.

В пути товарищ Ежов спросил меня о моем мнении. Я высказал свой отрицательный взгляд, мотивируя тем, что по национальному признаку трудно будет провести границу. Население казахское и русское – смешанное. Экономически северный и южный край неразделимо. Не допускают разделения и условия землепользования при кочевом образе жизни. Летом население южных уездов кочуют в северный Казахстан, а потом наоборот. Если действительно северная часть Казахстана отойдет в состав соседней губернии, безусловно, и казахское население этих частей должно входить в состав губерний РСФСР.

По приезду в Москву, дня через два, товарищ Ежов и Садвакасов заявили мне, что наши вопросы не будут рассматриваться, и мне можно будет уехать в Кызылорду. Я тогда точно не знал и не узнал в последующем, какой вопрос должен был рассматриваться в центре. Я действительно уехал в Кызылорду и привез, видимо, письмо, о котором говорил Байдильдин. Это письмо передал мне Садвакасов, содержание письма я не знал тогда и не знаю теперь. Что касается какого-то собрания на квартире Садвакасова или в другом месте, где будто бы я был, то я об этом не знал и не помню такого. Единственное собрание на которое приглашались партийные и беспартийные казахи, и я в том числе, имело место быть в 1920 году во время Учредительного съезда Советов. Об этом я написал в одном из первых показаниях.

В связи с отзывом статьи 59, 58-11 под давлением нового постановления о переквалификации моего обвинения, я считаю, что следственные органы убедились в процессе расследования в моей непричастности к организации, деятельность которой направлена против советской власти, что вполне соответствует действительности. Все, что было мне известно, я рассказал в первом же показании, однако в формулировке обвинения как будто бы имеется доказательство, что я имел отношение к Семипалатинскому отделению вместе с Габбасовым. И хотя я и подписал, но с формулировкой обвинения не ознакомился. Но касательно организации все, что было мне известно, я указал в прежних показаниях.

В 1920 году в Москве я был случайным свидетелем переговоров между Байтурсыновым и Валидовым. Поскольку эти переговоры стали мне известны через Байтурсынова, я считал своей обязанностью удержать Байтурсынова от участия в них, так как он должен был представлять Казахстан. Правда в то время об организации не было и речи. Подробности приведены раньше.

В том же 20-ом году в октябре я поехал в Томск заканчивать образование. Летом 1921 года был на педагогической практике. А с осени того же года стал заведующим в школе. Габбасов жил все это время в Семипалатинске. Никакой связи с ним в это время я не имел. Мой разговор с Габбасовым о моей встрече с Байтурсыновым в Москве был случайным.

Другая встреча, насколько я припоминаю, относится к 1925 году, когда я проездом из Томска останавливался в Семипалатинске. Именно после реабилитации басмачества , где принимал участие и Валидов. Он тогда и мне сказал, что настроения Садвакасова Смагула, Габбасова и Тогжанова были аналогичны его настроениям, отношение было отрицательное. Я на этом основании не подозревал, какое-либо участие Габбасова в организации. И это свое мнение высказал и на следствии.

В данном случае для объективности излагаю, что мне было известно в рамках только предположений. Что касается моего участия, то я категорически отрицаю это. Нет необходимости подробно останавливаться на освещение наших взаимоотношений, взглядов на общественные вопросы, не говоря уже о том, что до 1925 года, мы жили в разных городах и на политические события очень часто и смотрели по-разному.

В 1920 году во время Колчаковского переворота, я находился в Семипалатинске, а не оставался в степи, как описывали мои действия. Когда был в Семипалатинске, мы разошлись по вопросу вхождения в партию. Затем мне не нравилось его пристрастие к родовым группировкам. Люди, не знавшие наших внутренних разногласий, считали нас единомышленниками. Все эти обстоятельства могли ввести в заблуждение тех,кто называл мою фамилию, не зная, где в это время я находился. Все это я привожу для того, чтобы представить полностью общую картину. Доказывать нужно мою невиновность, а не наоборот.

Если бы мне предъявили конкретные факты о моем участии, и я бы не мог их отвергнуть, но ведь нет таких фактов. Об этом я много раз говорил уполномоченному товарищу Попову, ведь фактов на меня не было совершенно. По окончанию следствия и переквалификации моего обвинения я тоже их не слышал. Свои взгляды в смысле политические установки по вопросам диктатуры пролетариата, на национализм, тюркизм и на самоопределение Казахстана и так далее подробно изложил в начале своего заявления.

Я совершенно ответственно искренне заявляю, что в вопросе об организации специально направленной против советской власти, если я и играл какую-нибудь роль, только не против нее, не на срыв ее деятельности, несмотря на свое прошлое и свои идеологические ошибки, а также шатания, колебания в некоторых тактических мероприятиях.

Алимхан Ермеков.

28 октября 1931 года.

ІІ том, 102-110 стр.

*** *** ***

 

ОГПУ-ДІҢ КОЛЛЕГИЯСЫНА МАҒАН 58 БАПТЫҢ 7, 11; 59-БАПТЫҢ 3-ТАРМАҚТАРЫ БОЙЫНША ТАҒЫЛҒАН АЙЫПТАРДЫ 58 БАПТЫҢ 7, 8-ТАРМАҚТАРЫНА АУЫСТАРУ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕМЕ

 

 

ОГПУ-дің коллегиясына маған 58 баптың 7, 11; 59-баптың 3-тармақтары бойынша тағылған айыптарды 58 баптың 7, 8-тармақтарына ауыстару туралы мәлімдеме[60].

ОГПУ-дің өкілі Поповтың түсіндіруі бойынша маған 58 баптың 10-тармағы бойынша тағылған айыпқа – менің Мұхтар Әуезовке жазған хатымдағы жер мәселесі жөніндегі пікірім негіз болыпты. Қолтаңбасына қарағанда шындығында да хатты жазған менмін. Бірақ ондай мағынадағы хатты Мұхтар Әуезовке емес, Әлихан Бөкейхановқа жазғанмын. Ол кезде мен Ғылым академиясының Қазақстанды зерттеу бөлімінде істейтінмін және Қазақ халық комиссариятының тапсырмасы бойынша қазақтарды жерге орналастыру мәселелесін негіздеумен айналыстым, сонымен қатар ол (Бөкейханов – Т.Ж.) федеральдық комитеттің мүшесі болатын (егерде сол кезде таратылып кетпесе). Осы комиссияның құрамында жүріп Қазақстан үшін зерттеу жұмыстарын жүргізді. Өзі Мәскеуде тұратын, қызмет бабымен ара-арасында Ленинградқа баратын. Лиза Бөкейханова мен Шоқаневаның (?) айтуынша, онда Әуезовтің үйіне тоқтайтын. Бұл хаттың жазылу мәнісі төмендегідей.

Мен ол кезде Ташкентте тұратынмын, сонда педагогикалық жоғары оқу орынында дәріс беретінмін. Жер және орман шаруашылығы басқармасының бастығы Сәлімгерей Қаратілеуов Қазақстандағы Ғылым академиясының зерттеулерінің нәтижесін тиянақтау мақсатында Орта Азия мемлекеттік университетінен деректер алу үшін Ташкентке келді. Ол менің үйімде болды. Әңгіме отарлау институты мен Қазақстанға қоныс аударушылар мәселесі төңірегінде өрбіді: бұл өте күрделі іс, қоныстандыру революциядан бұрынғы межеден де асып кеткендігі, граф Паленнің тексеру материалдарының Ташкентте екендігі, оған қатысқан қоныстанушылар басқармасының бастығы Чиркиннің осында екендігі, Қазақстанның 5 жылдығына арналған өлкелік газетте Жер комиссариатының басшысы жерді бөлшектеу жөніндегі губернатордың есебіне сүйеніп мақала жариялағаны айтылды. Бір қызығы, сол кезде ескі мәліметтерге көп сүйенетін. Тәркілеу мен Қазақстанға қоныстанушыларды орналастыру аса кең ауқымда жүргізілетінін жеткізді.

Жерге орналастыру мен байларды тәркілеу барысында теріс идеологиялық пікірлерім бұрынғы көрсетінділерімде жазылған. Мен бұл пікірді Ташкенттің педагогикалық институтында сабақ беріп жүргенде білдіргенім түсінікті. Бұл мәселе тек қана партия мүшелері мен партияда жоқтарды ғана емес, зиялы қауымның да назарын аударғаны белгілі. Қаратілеуов жолдаспен кездейсоқ кездесіп қалғанда осы мәселе жөнінде сөз қозғалды. Мен: өзінің өткендегі саяси қайраткерлігінің нәтижесінде патшалық отарлау саясаты тұсындағы шаруашылық саясатын, әсіресе, қоныс аударудың жай-жапсарын терең зерттеген, Қазақстандағы жерге орналастыру мәселесіне барынша қанық Әлихан Бөкейханов қана бұл жағдайды анықтап беретінін айттым. Қоныстандыру жөнінде түрлі қауесеттер айтылып жүрді. Бөкейхановтың іске тартылуын мен де қостадым. Өйткені жер мәселесін зерттейтін институт БК(Б)П Орталық Комитетіне қарайтын, ал олар Бөкейхановты Қазақстандағы жер мәселесінің білгірі ретінде қызметке шақырды, сонымен қатар 1921-1923 жылдары қазақ үкіметінің тапсырмасымен Қазақстандағы жерге қоныстандыру мәселесін зерттейтін арнайы экспедицияларға қатысты. Жер мен қоныстандыру бағытындағы менің көзқарасым Бөкейхановтың көзқарасынан алшақ емес. Мен ол кісіні өзімнің ұстазым деп шын көңіліммен айта аламын. Бұл тұрғыдан алғанда біз бұрынғы отарланған жерге қазақ тұрғындары жаппай қоныстанып болғанша жаңадан қоныстандыру науқанына қарсы болдық.

27-жылғы конференцияда Өлкелік Комитеттің хатшысы Голощекин жер және ұлт мәселесінде көптеген тосқауылдардың (мағынасы бойынша аударылды, орысшасында – грех – Т.Ж.) бар екендігін, оған жаңаша қарау қажеттігін айтты. Оған көп адамдардың кінәлі екені рас. Мен де бұған қалыптасқан жаңа жағдайға таптық тұрғыдан қарамай, бұрынғы ұстанымымда қалып қойдым. Революция әкелген әлеуметтік құрылым қажеттігін ескермедім. Семейде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстары көрсеткеніндей, шаруашылық мәдениеті жоғары жұрттың ықпалымен қарабайыр шаруашылық деңгейіндегі халықтың жойылып кететіндігі сөзсіз екендігі анықталғанда, сондай даму сатысында тұрған қазақтардың қамы мені қатты қынжылтты. Мен: көшпелілердің қарапайым тұрмысы жеңіл болғанымен, күйреген мал шаруашылығын қалпына келтіру өте қиын – деп есептедім. Еліміздің алдыңғы қатарлы жұмысшы табының материалдық-техникалық көмегі – өнеркәсіптің араласуы, машина-трактордың бөлінуі, колхоз бен совхоздардың ұйымдастырылуы шаруашылықтың әлеуметтік саласына үлкен өзгерістер әкелетінін ескермеппін. Мұның барлығы ол кезде анық емес болатын. Ал өз басым тікелей жер мәселесімен айналысқамын жоқ.

Ал өкімет кеңестерге көшкенде Жер жөніндегі комиссар боп тағайындалған кездегі әрекеттерім бір бағытта – бұрын патша өкіметі тартып алған жерлерге қазақ халқының қайтадан ие болу құқын қалпына келтіру бағытында жүргізілді. 21-жылы (негізі 1920 жылы тамызда – Т.Ж.) В.И.Ленин төрағалық еткен кеңесте Қазақстандағы жер мәселесі туралы баяндамамда Қазақстандағы ең қиын шешілмеген мәселе жерге орналастыру екендігін баса айттым. Мен Сафаровтың Түркістан туралы баяндамасынан кейін сөз алдым. Сафаров өзінің баяндамасында: Уралдың шаруа мұжықтарын оңтүстік Қазақстанға әкеп қоныстандыру керек, бұл қазақ халқының революциялық рухын өсіреді,– деп өзеурей сөйледі. В.И.Ленин жолдас менің бұл мәселеге қалай қарайтынымды сұрағанда мен: Қазақстанда жерге байланысты ұлтаралық қатынастың шиеленісіп тұрған қазіргі жағдайында қазақтардың өздерін жерге орналастырып алмай, шаруаларды қоныстандыруға мүлдем қарсымын және қоныстандыру әрекеті шұғыл тоқтатылуы керек,– деп жауап бердім. Семей губкомы мен жерге орналастыру жөніндегі Мемлекеттік жоспарлау комитетінде істеген 1921-1926 жылдар арасындағы менің пікірім осындай.

Жер мәселесі туралы қысқаша шолудан кейінгі айтарым, бұл мәселені шешу жөніндегі бастапқы ұстанымымда тұрақтап тұрып қалуым – менің идеологиялық қатеме жатады. Таптық байланысты, ұлтаралық қатынастың маңызын дер кезінде кең мағыналы деңгейде қабылдамаппын. Мен оған ұлтшылдық тұрғысынан қараппын. Ал үгіт-насихат жүргізді дегенге келсем, ондаймен айналысқамын жоқ, осы мәселемен айналысатын адамдар, әсіресе, Бөкейханов, менің үгітіме мұқтаж емес. Олармен кездескен кезде өз пікірімді білдірдім. Осындай адасуда жүргенімде және дағдарыстың алдында (отарлаудың бес жылдық жоспары бойынша Қазақстанға жаппай қоныстандырушыларды әкелу, оларға жағдай жасау туралы жүзеге аспай қалған науқан қарсаңында) мен мұны қазақ халқының қасіреті ретінде қабылдадым. Бөкейхановтың көтерген мәселелерінің негізінде өзімді толғандырған жайлар жөнінде Орталық Комитеттке мәлімдеме жаздым.

Қазір революциялық күресте шыңдалған таптық ұстаным – тарихи шындыққа айналғанын көргенде, мен нақты саясаттан көрі романтикаға берілгенімді түсіндім. Революция ақ қолғаппен орнамайды, құрбандықсыз келмейді. Қазақтар үшін де бұдан өзге жол жоқ. Аса шиеленісті мәселелерді шешуде басқарушы ұйым мен үкімет орындарының дұрыс бағыт ұстанғандарын мынадай дерек растайды. Тәркілеу туралы шешім шығар алдында Семейден Қызылордаға келгенімде Ғаббасовтың теңселіп жүргенін көрдім (Оның қырда меншік малы бар болатын). Осыған байланысты ол ерекше белсенділік танытты. Мен оған: егерде сен бұл науқанда асыра сілтеушілікке жол беріледі деп есептесең, онда теңселе бермей, сен жоспарлау мекемесінің жауапты адамы ретінде үкіметке мәлімдеме тапсыр,– деп өзімнің көзқарасымды білдірдім. Бұл пікірді сондай күйде жүрген Қадырбаев Сейдазымға да айттым. Тәркілеу жөніндегі қаулы шыққаннан кейін мен даулы жағдайларға жаңа түсінігім тұрғысынан пікір білдірдім, аз уақытқа ауылға барғанымда да бұл мәселені түсінуге ықылас білдіргендерге (тәркілеуге іліккен туған ағайындарына – Т.Ж.) жоғарыдағыдай түсінік бердім.

*** *** ***

(№) ҚАДIРЛI ӘЛЕКЕ![61]

 

 

Менiң бұрынғы қызметiмнiң бiр үлкен артықшылығы – достарыммен кездесiп тұруға аса қолайлы едi: қазiр мен олардан көз жазып қалдым, тiптi хат-хабар алысатындарым да азайып кеттi. Әлеке, әсiресе сiздiң алдыңызда өзiмдi өте кiнәлi санаймын. Сiздi көптен берi сағынып жүрмiн, бiрақ та Сiзбен жүздесуге еш мүмкiндiгiм болмады, ал хаттың сөзi менi қанағаттандырмайды, сондықтан да жазудан бойымды аулақ ұстаймын.

Мен Лизамен сөйлесiп, сiздi Қызылордаға ауыстырған жөн ғой деп едiм, ол әр түрлi сылтау айтып, қарсы болды және: егерде қызметке iлiнбесе, емханадағы дәрігерлік-ординаторлық жұмысқа алынбаса, онда алдағы қыста Мәскеуге ауысатын ойы бар екендiгiн айтты.

Бiздiң оқу орынының жұмысы жөнiнде мен бiрде Сiзге жазған едiм ғой, iстiң алдағы барысы әлi толық анықталған жоқ. Жоғары оқу орындары туралы мәселе, сөзсiз тарихи мәселе. Бұл мекемелердi ашуға деген Қазақстанның дайындығы Петрдiң тұсындағы Ресейдiң дайындығынан күштi. Германиядан студент шақыртудың ешқандай қажеттiгi жоқ. Петр бекiткен академияның жанындағы университет тек 30 жылдан соң ғана шәкiрт тәрбиелеп шығарса, Қазақстанның қазiргi жағдайының өзiнде мұндай сылбырлыққа жол берiлмейдi. Соған қарамастан, ғылыми орталық ұйымдастыру мәселесi неғұрлым ерте қолға алынса, бұл өте жақсы. Ұйымдастыру кезеңiндегi барлық өтпелi шараларға қарамастан, жаңа құрылған университет өзiнiң балаңдық дәуiрiн басынан өткiзуi заңды. Бұл мәселе сәл де болса iлгерi жылжыды. Тоқтабаев халық ағарту комиссарлығынан кеткеннен кейiн Қазақстан үкiметi университеттi құру туралы шешiм қабылдады.

Бұл мәселенi РСФСР-дiң, орталықтың алдына асқан табандылықпен қойып, тиiстi ұсыныс жасап отырған «Авксеньев одағына» Қазақстан қатты қарыздар, бұл мәселе қазiр Мәскеудiң шешiмiн күтiп отыр, орталық мекемелердiң бұл мәселенi шешуiне қатты кiрiсiп жатыр.

Әрине, қазақтың тұңғыш университетiнiң құрылуына Сiздiң де үлес қосуыңызды қамтамасыз етсе, бұл өте орынды iс болар едi. Сiздiң өзiңiз қалай қарайсыз? Сiздiң рұхсатыңызсыз мұндай мәселенi көтеру мүмкiн емес, толық шешiлдi деуге келмейдi, тiптi ол дәл қазiргi жағдайда өте қиыншылықпен алға жылжуда, сондықтан да мұның сәттi шешiлуiне толық сенуге болмайды.

Әлеке, мен бiздiң орталықтың үлкен және кiшi саясатынан бойымды аулақ ұстап жүрмiн. Қазақстанда қызмет iстеп жүргенiмде күнделiктi мәселелердiң барлығын назарымда ұстап, бiрде ананың, бiрде мынаның жобасын жасап, оны шешуге белсене араласып жүрушi едiм. Бiзге қазiр құлаққа өте жағымсыз сыбыстар жетiп жатыр.

Жер мәселесi төңiрегiндегi әңгiмелердiң барлығы тұйыққа тiрелiп, барып тұрған бейбастақ байбаламға айналды. Егерде партия мүшелерi мен жер жөнiндегi саясатты жүргiзушiлер өздерiнiң көзқарастарына негiзгi дәйектеме етiп Пален мырза жүргiзген ревизияның «Губерниялық есептерiне» жүгiнсе, солай болмағанда несi қалды. Қоныс аударушылардың жаңадан құрылған басқармасы қандай да бiр асқақ идеяға құрылған саясатты бүркеншiк етсе де, дәл осы арада қазылған апанның, ашылған аранның, қатерлi iсiктiң орыны жатыр. Сүйегi қурап қалған патша губернаторларының әруағынан қорғаныш iздеулерi де бейбастақтыққа жатпай ма. Шындығына көшсек, жерге қоныстандырушы жаңа басқарманың азулы қатырандарының (акуланың – Т.Ж.) ашылған аранына қарағанда соңғы аталғандар (патша губернаторлары – Т.Ж.) «Өзiне сенiп тапсырылған өлкенiң тыныштығын сақтау үшiн бұратаналардың» қол астындағы жердi алу үшiн ептеп, сақтықпен кiрiстi. Шынымен, бұдан өзге жасалған жобалардың жолы кесiлiп, жоралғыдан қалғаны ма сонда? (Профессор Швецов пен Бөкейхановтың жер кесу мөлшерi туралы жобасын меңзеп отыр – Т.Ж.). Мұның астарын түсiруге ақылым жетпедi. Мекемелердiң басқарушы құрылымын байқатпай уландырып отырған «мамандардың» ерекше сендiруiнiң өзiне сенiмсiздiкпен қараймын. Бұған бiзге мәлiм «шiркiндердiң» де қатысы бар, олар да ықпал етiп отыр, бiрақ та бұл жөнiнде олардың жауапкершiлiгi шектеулi ғой. Әлеке, Орталық Комитетке хат жазуды қажет деп санамайсыз ба? Әлде, бiздiң жазғандарымыз, өзiнiң орталықтарының алдына осы мәселенi шешуге талап етiп қойып жүрген партия мүшелерiне зиянын тигiзе ме? Жердi тағы да бөлiске салу, жерге орналастырудағы теңгермелi мөлшердi сақтау – өз жерiнен өзi қарақшылықпен қуылған (экспропирация) бұрынғы тәжiрибенi еске салып, бақытсыз халықтың тағдыры үшiн жүрегiңдi қансыратады. Мұндай тәжiрибеге даламыз ендi көне алмайды. Өйткенi көшпелiлердiң шаруашылығы – әбден орныққан, табиғи шаруашылық. Шабындықты бөлiске салған ежелгi тәжiрибеге сүйенсек, биылғы қыстың қыспағының өзi неге тұрады?

Әлiмхан.

Сотайға сәлем. Әлеке, өзiңiздiң денсаулығыңыз туралы жазыңыз. Қалайда Сталинмен кездесiңiз, жазда қырда демалып қайтуға пұрсат алыңыз. Сергей Порфирьевичке сәлем айтыңыз. Әлiмхан. 25/II–28 жыл. Көшiрмесi дұрыс: Ағабеков.

*** *** ***

 

ОГПУ-ДІҢ КОЛЛЕГИЯСЫНА МАҒАН 58 БАПТЫҢ 7, 11; 59-БАПТЫҢ 3-ТАРМАҚТАРЫ БОЙЫНША ТАҒЫЛҒАН АЙЫПТАРДЫ 58 БАПТЫҢ 7, 8-ТАРМАҚТАРЫНА АУЫСТАРУ ТУРАЛЫ ӘЛІМХАН ЕРМЕКОВ. 28 ҚАЗАН, 1931 ЖЫЛҒЫ ҚОСЫМША МӘЛІМДЕМЕСІ

 

59-бап бойынша, 58-баптың 11 тармағы бойынша өзгертіліп тағылған айыптар тергеу барысындағы анықталған шындықтың негізінде кеңес өкіметіне қарсы ешқандай әрекет етпегендігіме байланысты алынып тасталуын өтінемін. Ғаббасовтың Семейдегі тәркілеуге қарсы жүргізген әрекетіне менің қатысым бар екендігі туралы Попов жолдастың бопсасы шындыққа сәйкеспейді. Попов жолдас мені айыптаудың формулировкасымен таныстырған жоқ. Бар білгенімді жоғарыдағы көрсетінділерімде айтқамын.

Ғаббасов үнемі Семей қаласында тұрды. Ғаббасовпен ешқандай байланысым болған емес. 20-жылы Мәскеуде Байтұрсыновпен бірге болғанымды Ғаббасовқа 25-жылы, Валидов қатысқан басмашылар қозғалысы талқандалған соң айтқаным есімде. Валидовтің 20-жылғы көңіл-күйін Смағұл Сәдуақасов пен Ғаббас Тоғжанов бөлісетін еді – дегенді де сол айтты. Алайда ол да, мен де бұған қарсы едік. Ғаббасовтың қандай да бір ұйымға мүше болғанынан хабарсызбын. Ташкентте ұйымның бар екендігін болжап қана білдім. Ғаббасовпен екеуміздің еш байланысымыз жоқ, 25-жылға дейін әр қалада тұрдық, саяси оқиғаларға көзқарасымыз да әр қилы. 20-жылы Колчактың тұсында ол жазғандай мен қырға кеткемін жоқ, Семей қаласында болғамын. Содан кейін партияға өту мәселесі көтерілгенде біздің пікіріміз екіге бөлінді, 20-жылы ол мүлдем қарсы болатын. Содан кейін маған оның қазақ байларының арасындағы рулық тартысқа қатысқаны ұнамады. Біздің іштей араздығымызды білмейтіндер бізді әріптестер деп ойлап қателесіп, оның қасына менің фамилиямды қоса беретін.

Мәселенің басын ашу үшін бұған ерекше тоқталдым. Мұның барлығы маған тағылған айыптың жоқтығын дәлелдейді. Нақты бір дерек болса оны жоққа шығару мүмкін емес қой. Пролетариат диктатурасының орнауы, буржуазиялық ұлтшылдық, Қазақстанның өзін-өзі анықтауы, пантүркизм туралы пікірлерімді алдыңғы көрсетінділерде баяндап өттім. Қайталап айтамын идеологиялық қайшылықтарымның, кейбір тактикалық ауытқулардың болғанына қарамастан кеңес өкіметіне қарсы ешқандай ұйымға қатысқан емеспін.

Әлімхан Ермеков.

28 қазан, 1931 жыл[62].