ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВТЫҢ А.БАЙТАСОВҚА ЖАЗҒАН ХАТЫ. ОРЫНБОР, 2 НОЯБРЬ.
ҮІІ том., (179 бет.). Әдебиет – ұлттың жаны. Ұлттық сана, тағдыр, жан жүйесі – көркемөнердің басты тақырыбы. Таптық жік арқылы әдебиет жасалмайды. Байлар да қайғырады. Әсіресе қазақ өмірінде бұл өте ажыратылмаған іс. Қазақтың тағдыры ортақ. Мен өзім де кедей боп өстім.
Сонда көргенім, кедей жігіттеріжаман аяғымен жақсы төсенішін былғайды. Тілегенін сұрайды. Қызының, қатынының қойнына барсам ба деп дәме қылатындар да бар. Осылай жүрген еркектерде байдан бөтен дүниеге көзқарас болуға мүмкін бе? Сірә, біздің жас марксшілдер үлкен кітаптарды оқып алады да, мынау қазаққа келеді екен деп жалшының, не мұжықтың көзімен қазақты өлшейді. Марксті біздің жігіттер қазаққа таныстыра алмай, шатақ осыдан туып жүр ғой деп ойлаймын. Қазақ өзгеше (своеобразный) тұрмысты, тарихты, салт-саналы жұрт болуға керек. Қисыншыл (теоретик) болумен, тәжірибешіл болудың арасы алыс. Біздің Ғаббас алдыңғысы болар деймін. Әуелі қазақты білу керек. Қазақты білемін дегенмен, көбіміз біле бермейміз, оны мен Бройдоның кітабынан көріп отырмын. Біз анық біле алмай, көмескі нәрселерді ол анық айтып отыр. Қазақ – ұйымсыз, қазақ – берекесіз, қазақ – хатшыл емес. Малы қандай болса, мінезі де сондай жұрт. Бұл мәселе түбірленбей тұрғанда біз де даудың шегі болмайды.
Тағы бір қосылмайтын жері: ақын – таптыкі ғана болады. Бірақ кейде тұрмыс жағдайымен, таптан мойны асқан, тап шарасынан жоғары, өзге таптың да сойылын соғатын бұқарашыл, ұлт санасын меңгерген ақын да болады – деп Плеханов айтады. Оны Ғаббас жазып отыр. Олай болса, қазақ ақындары тапқа неге қамалып қалады? Неге байшыл, неге діншіл болуға міндетті? Отаршылық зардапты бай, кедей, ұлт болып таратқан жоқ па еді. Жерінен бай да, кедей де туылған жоқ па еді? Малы жоғалса қақолдан бай да, кедей де таяқ жеп, өлгені – өлген жоқ па еді. Ұлт мұңы бұрын бір емес пе еді? Бір болса Асан қайғысы, Бұхар жырауы, Шортанбайы, Абайы, Ахметі, Міржақыпы, Мағжаны, тағы басқалары отаршылдыққа, орысқа, патша өкіметіне қарсы болып келген жоқ па еді? Осы айтқан ақындардың бәрін түгелімен байшыл, кедейшіл қылып алып, содан кейін Мағжанға, тағы-тағыларға келсе, сонда жүйелі (последовательный) болып сынаған болмай ма, әйтпесе, Мағжан байшыл, Бейімбет кедейшіл деген сөз бола ма? Төңкерістен бұрын деген қара кедей Сәбит Дөнентайұлы да, Бейімбет те бәрі де ұлтшыл болып жазып жүрсе, енді кедейді бетке ұстады деп, олар тап ақыны бола қалмақ па? Бояма ақын бола ала ма?
Әдебиеттің сұйылуы боялудан шығады деп білемін. Рас, пікір жүре өзгереді. Орыс жазушылары да төңкерістен кейін кейбірі жарамсақтанған, бірақ оларда да жарамсақтан аманы да бар. Қазақ ақындарының пікірі сонша күрттен өзгергендей жағдай болған жоқ, өйткені төңкеріске біз көлденеңнен қосылдық. Ащылы, тұщылы тауқыметін басмызыдан кешіргеміз жоқ. Сондықтан тек думанға, дүрмекке қызып, төңкерістің маңызын, дәмін тата алмай (осыны ұстап) қалдық. Сол дүрмекпен әлі келе жатырмыз. Күшенгенмен сөзіміз үйлеспей жатыр.
Мен өз басымдағыны айтайын. Өзім нағыз кедейдің баласымын. Бай туысқандарымнан зорлық, қысым көріп өстім. «Балаң орыс боп кетеді, солдатқа алып қояды» – деп, немере атам орысша оқытқызбаған. Өз баласын орысша оқытып жүріп, мені оқытпаған. Сөйтіп, мен байға, жуанға өш болып өстім. Бірақ, жүре, оқи, көз ашыла келе, байдың да, кедейдің де, орыстың да қорлығын көрдім. Шорман ауылының Қаракөл деген ата қонысын Баян, төңірегіндегі қазақтың шұрайлы жерлерін келімсектер алды, оны мен естідім де көрдім. Орыс стражниктерінен, полицейлерінен қазақтың талай таяқ жегенін көрдім. Ана жылғы Қарқаралыға хохолдан қорқып, қашып келіп жүрген Жетпісбайлар есімде. Хохол жоғалған малы үшін, оның атын тартып алса, ол сотқа берген әлгіні. «Сотқа беретін неме екенсің» – деп, хохолдар оның ауылына жиналып келіп өлтірмек болған. Содан ол қорқып, қыстай үйіне жолай алмай жүрді көп. Ақмола уезінде Төкіш деген бір кедей әнші бар еді. Жақ жоқ әнші еді. Соның ауылын малы жоғалған хохолдар шауып, Төкішті тепкілеп өлтірген.
Бұлар 1922-1923 жылдардағы оқиға.
Осыларды көріп, естіп тұрып, қалай тапқа кісенделерсің? Кеше ғана осы жылдың сентябрінде Қарқаралының алты кедейі Қояндыдан Орынборға жылқы айдауға бір орысқа жалданып келсе, мұнда келген соң, орыс ақысын бермей қашқан да кеткен. Олар мені тапты. Біреуі ана жылы Торғайға мал айдауға жалдаған, мені білетін Сәбікей деген жігіт екен. Сорлы кедей қаңғып, зарлап қайтып кетті, қолдарында түк белгі жоқ. Не қыларсың?
Осының бәрі жүзден бірі, бәрін теріп, естіп жүрсің. Қай қазақ хохолдың жерін тартып алды, үйінен бездірді? Ауылына айдатты, өлтірді, ақысын бермей сауырға бір салып, қоя берді? Мұнша зорлықты кім істеп отыр? Осының бәрін көре-біле тұра – кімші болу керек?..
Рас, бұқарашыл болу керек. Байды мақтауға болмайды. Өзім байдан жақсылық көргем жоқ, байды жақтап жазғам жоқ. Бірақ мен тап ақыны ғана бола алармын ба? Менің миымдағы перне шұп-шұбар. Сыртқы әсерден қалған миымдағы іздер бар. Ол іздермен жүрмесіме мүмкін бе? Ғаббас қалай жүргізбейді екен? Құлағымнан, көзімнен миға хабар жеткізетін жүйкелерімді (нерв) кесіп тастамақ па екен? Әлде, жүйкемді мүлде құртпақ па екен? Көлденең адам жазушыға, ақынға көтензорлық қылуға жарамайды. Өзінше ойлатам деу қиянат.
Рас, қазақ кедейі теңдікке жетті, жетілді. Жаңа тұрмысқа аяқ басты. Бірақ елі зорлықтан әлі айрылған жоқ, жуықта арыла алмайды, бірі өз байынан көретін зорлық, бірі жатынан көретін зорлық. Соңғысын айтайын десең, ұлтшыл болып шығасың, немесе, байшыл боласың. Бастапқыға қанағат етуге болмайды. Қашаннан қалып алып қалған нәрсе, тұрмыс талқысымен болмаса, бұдан оңай шыға қоймайды. Шыға қойса, әлгі алты кедей неге сандалып қалды? Қағаз жүзімен өмір жүзін айыру керек. Ғаббас, Әбдірахмандар қағаз жүзін алса, мен өмір жүзін алғым келді. Міне, менің пікірім осы.
Мен осы пікірімді газетке жазуға Смағұлдан рұқсат сұрап, толық хат жазып отырмын. Өріс берер, бермесін білмеймін. Ішімде қайнап жатқанша, тым болмаса, сендей жолдасқа оқытайын деп жазып отырмын. Сен бұған өз пікіріңді жаз. Теріс, бұрысын көрсет! Бұл пікірімді Ғаббасқа да айт. Жөні келсе, керек жерін оқып жібер.
Ордадан хат хабар алмаймын. Сенімен жазысып тұрайық. Сен не оқып жүрсің? Жақсы кітап болса маған жібер. Мұхтардың адресін білсең жазып жібер. Балалар аман. Тұрмыс сәл, жалақы – 72 сом. Тезірек хат жазарсың.
Қош, сүйдім. Жүсіпбегің.
Адрес: Орынбор, Совет көшесі, дом 5, (астыңғы қатар), маған.
Орынбор, 2 ноябрь[71] (170-180 бет).
*** *** ***
Беттер
Том.
«Жүсіпбек»
«Көрмегелі көп айдың жүзі болды» дегендей бір-бірімізді көріспегелі көп уақыттар болып та қалды-ау. Сенің биылғы жазған хатың маған кешігіп тиді. Сондықтан саған іле жаза қоймадым. Өйткені сенің адресің өзгерген шығар деп ойладым. Және де Ташкентке барған соң қапшықтың ауызын бірақ шешіп, жаздайғы бастан кешкенді бір айтармын-ау деуші едім.
Не керек, жолығыса алмадық. Сені Қызылордада кездестіремін деген оймен Қызыл-Ордаға соқтым. Мен келген күні таңертең Жақандыкіне барсам, Ж. «Жүсіпбекті шығарып жаңа ғана вокзалдан келдім – деп отыр. Санды бір-ақ соқтым. Сені Ташкент не Қызыл-Орданың бірінде болар деп ойлап едім. Болмаған себебіңді Жақаннан естідім. Ж. айтуынша, «Дәлелі-дәлел» дейді. Және жеңгемнің науқасы Ташкент ауасын жақтырмайтындығы екінші себеп болса керек еді. Қалайда Орынбарда оқшауырақ тұрып қалдың, енді орнығып қалған шығарсың. Әйтсе де, сені Шымкентке шақыртуы күшті көрінеді (Шымкент педтехникумының бастығына жолығып едім) өзің ырза болсаң егер сені тұрмыс жағынан мұңсыз қылар едік деп ынтық-ақ болып отыр. Әуелі жақсы жерге барсаң да теріс болмас еді. Әлі де кеш емес қой.
Енді әңгімені өз жағыма аударайын. Жаз-ай жарым елде болдым, 2 ай шамасы Қызылжарда болдым. Көңіл күй жақсы. Әзірше ойлаған нысанаға дәл тиіп келеді. Ана жағын айтам. Бізге қырын қарайтын (өсек айтпаса іші кебетін бір адамдардан келген хабар болса керек) біреу, ол туралы саған теріс информация берген сықылды. Онымен мен қосылыппын, ол менен өзгеріп қалса да, сырттағы бір күш еріксіз(......) деген сықылды... Бұл сөздердің источнигі атақты ну атышулардан шыққан көрінеді. (Әмина.... сіңлісін Байдилдин алды. Ол тұқымымен бұрынғы күйімізден ешбір өзгеріс болған жоқ. Қайта одан көрі өмір қызығырақ болған сықылды. Бірақ, саған ол күйді суретті түрде сездіруге қалам сиядан ғой. Өзің ауызға салып жіберсең, ие солай дер едім. Қалайда көңіл жынды. Ресми тұруды оның оқуын бітіруіне байлап қойдық. Ол жағынан қысқаша хал-жайымыз осы. Мағжанға жолықтым. 15 күндей бірге болдық. Ол саған қатты разы. Жалғыз сын жазғандықтан емес, сенің соңғы жазғандарыңа қанағаттанады. Осы күнге шейін айызым қанған сәулетті қалам «Нұр күйі» болды. Қызыққандықтан әлденеше оқыдым- дейді. Ақынның мұнысы сен туралы ойлайтын менің ойларымды нық бекітті. Қуандым. Онымен түрлі мәселелер туралы көп кеңестім. Сан пікірлері бар, дүниеге көзқарасы нығайған сықылды. Мұхтар оған: «түбінде жалғыздар тобы жасайды, біз жалғыздар тобының құрамасы» - деп жазады екен. Бұл пікірді М-нда қуаттайды. Екпіні күшті қалам, сиқырлы сөз, негізі берік пікір түбінде алып та, шалып та жығады деп ақын шалқып-ақ жүрген көрінеді. Оның настроениесін көтеріп отырған Мәскеу. Мәскеуде әдебиет туралы пікір жарысы бар, майдан бар сықылды. Европа әдебиетшілерінің де соны пікірі жарыққа шығып қалатын шақтары болады дейді. Марксшылдыққа қарсы пікірді қолдайтын әдебиетшілер де пікірлер ұсынатын сияқты. Тегінде бірезулік қылмай, ғылыми жетіп, сығалап жүріп таңдап ала алса, пікір тудыратын майдан ашылғандай. Қапелімшіл желөкпелер көп ағымның арасында кез-келгеннің біреуіне қағтығысып саландай салмақпен біреуіне еріп жүре беретіндей сияқты. Біздің Қызыл-Орданың ВАП-да сондай бір ағымға еріп бара жатқандай деседі. Түрлі әдебиет ағымдарымен таныстыру үшін олардың программаларының жинағы басылып шығыпты, Мағжан маған жібермек болды. Сен де сұрап алып таныс.
Мағжан саған жазудан қажитын емес, өзің де енді шет тұрғаннан кейін жазудан тартынбассың. Мағжан, Әлекең Воензд-тың научный сотрудниктері. Мүмкін бұлар арқылы жазуға кітап та аларсың. Мектеп балалары оқитын әдебиет кітаптарым қазақшаға аударту керек дейді, оларды осы күннен сұрауың керек сықылды.
Мұхтар әдебиет соңынан жарық алып түстім, оқимын деп ленинградқа кетіпті. Оның «Таңдағы» соңғы жазған әңгімелерін оқыған шығарсың. Мен оны байқай алмадым, әйтсе-де жақсы-ау! Мұхтар М-мен жиі жазысып тұрған екен, пікірлерін оқыдым. Олардың енді бір ойы: сол ұйымдардың бір қазаққа қолайлы деген біреуіне қатынасып, қазақ әдебиетіне лайықты жол деген жолдарын ұсынбақ. Орыстың әдебиет журналдарына жазбақ. Баяндамалар жасап, пікірлерін тыңдатпақ. Мағжан жаза бастапты. Мәскеуде бірнеше қырғыз, қазақ тілдерінде шыққан әдеби кітаптарға сын жазсаң екен, олар да басылыпты. М. Биыл бұл жағына күрделі кірісемін деп отыр.
Ташкентте тұрмыс жағынан биыл қыс ауырлық көрмеспіз. Кешке иниститутке әдебиет сабағын беремін деп беріп еді, жәспейке қабыл алмапты деп жүгермектер қабыл алмады. Кешке временный исполкомге кірді. Мен орыншамын. Менің мұндағы қуанышым педфак түзеліпті, программа жақсы. Әдебиет тарихы, тәрбие жағы күшті. Әзірге оқу басталған жоқ.
Жалғызсырайтын емеспіз. Жолдастар бар. Әйтсе де сенің орының бөлек. Биылғы хатың мені көп желпіндірді. Жазып тұр. Не жазайын демессің. Өміріміздің қою-сұйығы, ащы-тұщысы бір-бірімізге мәлім шығар деп ойлаймын. Туғаныңды көргем жоқ, өлгеніңе жыламайын дейтін жеріміз жоқ. Достықпен махаббатқа сауда жоқ деген иман қайсымызға болса да бар. Достық таза сөзінен қымбат нәрсені мен өзім әзірге білмеймін. Жалғыз-ақ, шын достық санаулы екенін білемін. Бірақ достықты тар кезең, талма жер көрсететін көрінеді ғой.
Жап-жақын жайшылықта көп достарды, мен неге жамандықта сирек көрем дейтін ақынның сөзі сүзіліп ақпен таза сөздің нақ өзі шығар деп ұғамын. Сенің жақсылығыңа мерей өсіп қуана алмаған, жамандығыңа жаны ашып күйзеле алмаған ерлігі ездердің не керегі бар.
Жарайды жазып тұр. Жеңгеге жақсылап сәлем айт. Бектұр, Мәруа, Жанақ жолдастарға сүйіп сәлем. Анық адресіңді жазып жібер. Абдолладан сәлем.
Ғабдолла
12/ІХ
Бұл Байтасовтың хаты екен.
Арабша – 182-185бет
Орысша – 181 бет
Орынбор, 1924 жыл, майдың -16-ы
Ардақты Мағжан!
Сенің Мағжан ақындығыңа, тосыннан хат жазып, иманыңа, ихтихатыңа қол сұққалы отырмыз.
Ақылды не ақылы қысқан аға айтады, не жан ашыр дос-жаран айтады. Жүздес, сырлас болмасақ та туыстаспыз. Соған орай қолға қалам ұстап, дос-жарандық білдіргелі ақындығыңа бңз бңр ақылсымақ сөз айтқалы келеміз.
Сен ақынсың. Күніміз де, көз алыдымызда ұстайтын қазақ әдебиетінің көгіне өрмелеп шығып күн болатын үміткер ақын сенсің. «Жаралы жанды», «Қорқытты», «баянды» берген ақыннан одан да зорды күтеміз. Қазақ әдебиетінде артынан мүрида ертуге, өзіндік дәуір жасауға сенің қаламыңнан басқасының дәмесі жоқ. Ақындығыңа мін тағуға болмайды. Сенен әттең ғана деп табарлық бір ғана кемшілік: торығасың, зарығасың, зарланасың. Алау алып жүрегің «сұм өмір» деп жұбаныш таппайды. Келешектен жарық сәуле, жақсы үміт күтпейсің «бүгіннен» жиренесің, бересің, түңілесің, өткенді жақтап, алданыш етесің. Өмірге түңілген, өмірге қол сермеген сары уайым, сары қайғыға түсіп барасың. Мұндай сары уайымшылдық (пессимизм) ақынның бойын өсіре ме? Өріс ұзарта ма? Үмітсіз, тілексіз өмірде не мағына бар?
Сен Байронның рухына түсуге таяусың. Бірақ Байрон заманындағы қара күн (реакция) Байронның шеккен жиһан күйі (мировая скорбь) бұл түнде бар ма? Қазақтың басына қиын қыстау түндер келген болса, қазақ жұтқа, апатқа, талауға, зорлыққа щшалдықса, қайғырса, күйінсе оны «жиһан күйігі» деп санауға бола ма? Ол тар көзділік болмай ма? Сұр айдың артынан күншуақ болмай тұрған ба? Күннің көзін мәңгілік бұлт басып тұру мүмкін бе?
Рас, сен қазақ ақынысың. Қазақ мұңын жырлайсың. Қазақты сүйесің, қазақпен бірге күйесің. Қам көңілді қайғыртып, уайым төгіп қағу салғаны қалай? (Торықпа, жабықпа, түңілме, алдыңда жарық сәуле бар, жылтылдаған от бар деп көңілін көтеріп демеу бергенің қалай? Болғанды – «болды» - деуденболашақты болжау қиын. Әлде болашаққа сендіру, қараңғы тұманда жылтылдаған сәуле көрсету қиын. Қазақтың келешегіне һеш бір сенмі жоқ болса, жоғалатын елге сұлу сөз әдебиет неге керек? Біз сенен дертке дәрмен болғандай, рух бергендей, ауыр халден шара тауып шыққандай, келешекке, мәдениетке, игілікке сүйрегендей сөз іздейміз. Өткенді өткендерге жақтаған, зарлаған, жырлаған қазақтың жұртшылығына одан келген пайда қанша еді?
Пушкинді Пушкин қылған оның нұрлы ақылы, сергек көңілі, өмірді дұрыс бағалай білгендігі ғой. Сен туысың қазақтың, адымың қарға, елің мешеу болса да, өмірге ашық көзбен қарайтын 20-ғасырдың ұлы емессің бе? «Қу өмір, сұм жалған», «жауыз жазым» дәуірді сұйылып, өмірдің қожасы, тақтың алласы – адам болған заманда, адамға жаңа тілек, жаңа арман, жаңа салт-сананың заманында сен сықылды күшті ақынның... өзгеріс кірмейді деуге көңіл бармайды.
Сары уайымшыл болса да, бүгінде Байронды төңкеріс ақыны деп санап отыр. Төңкерісшіл болмаған ақынның өркені өспейді. Өркенің өсуіне тілектес болғандықтан дос-жараның сөз айтып, көңілдегі мүддемізді шығарып отырмыз.
Жүрекке, ихтихатқа, иманға қолқа салу кімге болса да зорлық, әсіресе ақынға зорлық. Сүйтсе де себепсіз нәрсе болмақ емес қой: таяу тұрған нәрсеге түйткідей себеп болсақ, біздің мақсатымыздың орындалғаны.
Бауырларың: Жүсіпбек, Молдағали
187 бет.
Бұл Әлихан Бөкейхановтың 16 май 1925 жылы Орынборда
А.Байтурсыновқа жазған хатына жауабы
Том, 198 бет
А. Байтұрсыновтың Әлихан Бөкейхановқа жазған хаты,
оригиналы тіркелмеген. Орысша аудармасы сақталған
Уважаемый Али....
На многие твои письма своевременно я не мог ответа дать по поводу окончательного разрешения вопроса о переводе в Кызыл-Орду. Теперь видя, что учащиеся несмотря даже на то, что не переводится Киринститут – решили поехать, я тоже самое решился перекочевать в Кызыл-Орду, поэтому для осмотра и подыскания квартиры послал туда свою жену. В нынешнем году благодаря переводу центра даже мог поехать на родину. Теперь думаю после перекочевки в августе или сентябре месяце. Если твой профессор выедет в Тургайский и Иргизский уезды, то возможно выехать и мне с ним. Собирание им песен, фотографирование - мною тоже давно задуманные вещи. Если бы мне научиться у профессора, то для меня было бы очень полезно.
Согласно заключенного мною договора с Киргосиздатом я должен по новому правописанию пересоставить три грамматики и киргизскую азбуку сроком одну к 15 июня, другую к 1 июля, третью к 1 августа и четвертую к 20 августа. Вот до этого времени не могу оглянуться на другие работы, и затем, если начнутся занятия Киринститута, опять будет мало свободного времени. Почему могу сказать определенно, что до 20 августа никак не могу написать биографии Ибрагима (Абая). После 20 августа будет ли время не могу сказать. Вышлю вам свою фотографическую карточку, но смотри чтобы твои тетради, где будет помещана моя карточка, кабы не примялась. Наши коммунисты не такие половинчатые коммунисты как московские, а настоящей 96 пробы.
Фотографический снимок сына Алтынсары можете найти в книге – сборнике № 6, 7, 8 журнала «Шолпан». Кроме этой у меня нет его карточки.
Мир-Якуп поехал в Кустанайский уезд. Вчера получена телеграмма следующего содержания: «Рая разрешилась, родила сына». Я вернулся со съезда киргизских мугалимов, состоявшемся в г. Пишпеке. Вопросы, стоявшие в порядке дня следующие: язык, буква, правописание, научная терминология, сборы старинных слов и характер мектебов».
По поводу латинских транскрипций, у них до этого одно собрание было, где было вынесена резолюция. Съезд одобрил ее. Резолюция эта следующая: латинскую транскрпицию для будущности киргизов считать полезною, однако отмечается нецелесообразность введения ее сразу, до этого ввести некоторые изменения арабской транскрипции. Они говорят, что латинская транскрипция Назира хуже арабской. Не должно быть у нас больших и малых букв, а также не должно быть разницы между печатными и письменными буквами. Географию по- русски акцентр не может издавать.
Вношу ее на обсуждение общества изучения Киркрая и затем сообщу. Надеюсь, что последнее издаст ее, потому что им киргизская география очень нужна.
Обнимаю, целую.
Ахмет.
ІІ/ҮІ-1925г.
Перевел уполн. 2-го отд. Джакупов.
23/ҮІ-1925ж. Москвадан жауап жазды.
Родной мой, Ахмет!
Письмо твое написанное ІІ/ҮІ получил, профессор уехал обратно в г. Берлин» – деп жауап жазған. – 200-б.
Әлихан Бөкейхановтың хатына
түпнұсқа 201, 202, 203,204 беттер. Фотокопия.
16 май, 1925 жыл
Бауырым Ахмет!
Әлімхан келіп содан естідім, сен ауырып оңалыпсың. Енді ауырма. Жоқтауым 21 болды. Мен қазақ секциясына бердім. Сенд. Ахмет жоқтауымды алып қалды. Өлеңі жақсы болғанымен, қайталамасы көп екен. Соны оңдап барып, сонан соң баспасаң, қаталама жақсы өлеңді бұзып кететін. Сабындай бұзылған ән табтай ойнаған біздің ЦИ сұлу әдебиет сөзін басатын көрінеді. Сенд. Ахметтің өлеңін өңде. Күзде басылып та қалар. ЦИ бірінші октябрьге дейін оқу құралын ғана баспақ. Баспа күшінің бәрін осыған салмақ. Орынбор баса алмай отырған мектеп кітаптары болса, Мәскеуге жіберіп қараңдар. Басқанына ақы аласыңдар, жылдам басып береді.
Біздің Нәзір, Шәнгерей, Шоқан, Ыбырай да (Алтынсары) кітап қылып шығарайық дейді. Мен жарайды дедім. Мен Шәнгерейді жазбақ болдым. Ыбырайды соған бермек болдық. Шоқанды Мадиярға берейін деп едім, латын «ойнына» түсіп кетті, тосырқап қалды. Мен сен тапсыр баспаға, өзің жаз дедім. Мен майды бітіріп елге келем. Шәңгерейді ауылдан жібермек болдым. Бәрібір күзге шейін басылмайды. Сен де күзге жазып берем деп Ыбырайды ал. Шоқанды тағы да көрерміз. Абайды жазатын кім? Білесің бе? Тұлашқа жаздырсам, сыңаржақ болып, жүгі бір жаққа ауып кетеді ме деп қорғанып тұрмын.
Біздің ЦИ (Центриздательский) мектепке деп дәптер шығармақ. Ол дәптердің оң бұрышында Абай, Шоқан, Ыбырай (Алтынсары), ақын Ахмет, Шәнгерейдің суреті болмақ. Маған сен суретіңді жібер. Мен оны ЦИ-ге беріп кетейін.
Жоқтауға әлі оқы алғанын жоқ. Алғанда саған жіберем.
Мадияр жолдасқа айтшы, мен «Еңбекші қазақтың» егіз санын алам. Маған біреуі де болады. Екіншісін Қарқаралыда Бәнікейге жібер деп. 3-4 рет хат жаздым. Мәдияр дял Еркесары; «баспалап істейді, дәнеме айтпайды. Газетін пысықтап Мәскеуге жібереді де отырады. Тағы да Мәдияр газетті былай қылып елге тарат дегенде дым-ақ шешен. Өзі газеті Мәскеуге 8 күнде келеді де, соңғы шыққаны озып жүреді. 31 майдан кейін маған Мәскеуге газетті жібермесін, мен елге кетем деген.
Сейд. Азымка беретін істер әлі де түзеліп жазайын десем, газетке үлкен, журналым жоқ болып, делдал болып тұрмын. Елдесім жақсы жігіт. Бұрын да жақсы еді. Енді онан да сүйікті болып кетті.
Бір күні Шенгерей маған: «Мен сені жақсы көрем, білесің бе?» - деді.
Мен: «Жоқ» - дедім.
Шенгерей: «Сен шын қазақсың ба? Сені қазақ деп жақсы көрем» - деді.
Физиканы оқып қарасам, Елдесім де қазақ екен.
Бәріңді құшақтадым, сүйдім.
Ғалихан
224-бет.
Бір қызығы Әлихан Бөкейхановтың Д.Әділвке хаты жүр. Әдемілеп жазылған. Москва. Воздвиженка. П.Киселевский, пер.4., кв.1.- 208-бет.
Бауырым Дінше!
Хатыңды алдым. Қуанып қалдым. «Шолпанға», «Темірқазыққа» неге мақала жазбай сың? Сендей білімі бар жазбаса, кім жазады? Не балаларға сабақ беріп, не журнал-газетке мақала жазып, Алашқа қызмет қылсаң, не қазақ тілінде кітап жазбасаң өзге жол бізге бөгелді ғой.
Сүйдім.
Ғали –хан
Мұның сыртына: Получено – 23/ҮІІ-1923г. в ауле Рысбая. Вручил Мирзагазы- Дінше Әділов – деп қол қойған
117-бетте. «Ходжа Мырзақазының хатының сиқы бар. Әңгіме Әлихан Бөкейханов не Ахмет байтұрсынов туралы сияқты. Ә.Бөкейханов Мәскеуге ақша жию осы жөнінде емес пе? Діншеге жазуы мүмкін, не Әлімхан Ермековтің архивімен келген. Сондықтан көшіруді жөн көрдік.
«Тәрбиелеуге болмайды.
Балалары Рысқұловқа хат жазып берді. Арызды Рысқұлов сонда алып кетті. Барған соң партия арқылы өткізіп көрейін жолдастардың күшімен деп. Осыны бірдеме қылсаңдар, шалдың халі нашар.
Өздері 4 жан. Жалғыз ақша алатын шал. Оның алғанымен барлығы күн көре алатын емес. Балалары қызметте жоқ. Оның үстіне жақын арада жалдаған малай қыз дымын қалдырмай ұрлап кетіпті. Өте жүдеу, өлмелік күні бар. Мұнда Ораз Жандосовтар сарттың жігіттеріне айтып көріп еді, болмады, әсіресе Икрамов.
Шал өзінің жасына байланысты жазбаған шығар сыпайылылықпен, бірақ тағы да айтамын халдері нашар.
Қош, Мырзақазы».
15/Х.
7 том, 152-153-беттер
Діншенің ағасы Байсейіт Әділовтің хаты. Қолжазбасы төрт бүктеліп тігіліп, қарындаш жазуы өшкен. Мен оның «қара-ноғайға» қатысын ғана алдым.
8/І-1924жылы жазылған.
Сәлемнен, ауыл жаңалығынан кейін:
«Айтарлық сөз – ескіше 1-июнь күні Шу бойында Өксікбай ауылында ойдағы, қырдағы Кіші жүз бас қосып, қоныс жайын сөйлемек. Сол кеңеске біз де шақырылыппыз. Алдағы екінші күні жүремін. Ол жиналыста менің айтатыным – жер тапағанны Арнасы шығып келсін, хұхмет. Әулие-Атада болсын. Ақмоладан біржола қолыңды үз демекпін. Ақмоланың өзі де Тамадан күдерін үзгендей болса керек. Бірақ кесірлі Әйтидің баласы Плакстың (..........) ізденуі, шақыруымен Шабдан Иралиев келіпті, Ахмеджан Мынанов келіпті. Үшеуі елден мал жиып алып, адал малды олжа қылып бөліп алды. Осы күні Плаксаның дәуірі, қаһары жүріп тұрған түрі бар. Ешнәрседен имену жоқ, түйені түгімен жұтып, елден жинап алған малға кездеме сатып алып, ол кездемені сатып жатыр. Шабдан Иралиев өзіне тиген сыбағасына інісіне бір қыз алып берді. Мал алған кісілерге берген тиянақты документ жоқ. Артынша қаһар қылғаны Жүсіп болды. Жалғыз Жүсіптен 13 мал алды. Бәрі де ірі малдар. Бұл қылғандарынан толық мағлұмат етіп Ташкентке бір жеткіземін. Тілегім – «Ақ жолға» бастыру. Ендігі сөз тірі болсам февраль жұлдызында Әулие-Атаға барып, сендерге хабарласып, Ташкентке барамын. Басқа ел бәрі Арқаға кетсе де өзім жонка барамын.
Айтпақшы, Плакса Орынборға барамын деп кетіп Түркістаннан қайтып келді. Бір Омар Диуанов деген ноғайды ертіп келіпті. Ол ноғай ел-елдің налогін алады. Ақмоланың хүкімінде қалғандарды да, қашып кеткендерді де есепке алады, қашқындарды ұстайды. Ол ноғай әзір Шу жолындағы наймандарда жүрсе керек. Тамара әзір келген жоқ. Жауды аясаң жаралы қалады деген. Не қылса да Плаксаның ызасы өтті, адамды құса қып...
Ендігі сөзді өзімнің ауызымнан естисің. Мен мынау Ескендірді разы қылып жібердім. Аман бол, бауырым. Наурыздың бас кезінде барармын. Асқарға көп-көп сәлем шәкіртке...
Байсеит Әділұлы
8/І-1924жыл.
Мұндағы - Плакса – Сәдуақас Жалмақанов
Иралиев – начальник Акмолинского Угормилиции
Мынанов – Сарысуйского ВК-ка Акмолинского уезда
Шапаев Жүсіп – один из баев Сарысуйского районна
Ерденбаев Искандер – из Акмолинского округа, в то время студент (САКУ) Средне-Азиатского ком.университета – хатты сол әкелген – 25/І-1929 жыл
Дәденов
() «АҚ ЖОЛ» ГАЗЕТІ ТУРАЛЫ[72]