Ылым мен білім- қазіргі заманғы мәдениеттің жетекші факторы
Ғылым дегеніміз ең алдымен объективтік шындық жайлы бір жүйеге келтірілген теориялық білімдердің жиынтығы деп түсіну қажет. Бұл білімдер тарихи дамудың барысында біртіндеп адамның, қоғамның материалдық және рухани өндіргіш күштеріне айнала береді. «Ғылым» ұғымы жаңа білімдер өндіруге бағытталған іс- әрекетті де және осы іс-әрекеттің белгілі бір кезеңдегі нәтижесі болып табылатын ғылыми білімдердің жиынтығын да қамтиды. Бұл ұғым жеке бір білімдер саласын білдіру үшін де қолданылады. Ал қазіргі ғылыми-техникалық революция заманында ғылым мен мәдениеттің шын мәніндегі жетекші формасы, онсыз қазіргі материалдық және рухани құндылықтарды өндіру мүмкін емес формасы деп есептеледі. Тарихтың белгілі бір кезеңінде қоғамдық байлықты өндіру адамның ғылыми білімдер жиынтығын игеру деңгейіне тікелей тәуелді болады деген К.Маркстің сәуегейлік ойлары ХХ ғасырда шындыққа айналып отыр.
Ғылымға негізделегн өндіріс еңбек мәдениетін ұдайы көтеріп отыруды, мамандардың кәсіптік және моральдық-психологиялық даярлығын жетілдіруді талап етеді. Ғылыми- техникалық прогресс адамның дене және рухани дамуы үшін қажетті бос уақытты тиімді пайдаланудың атериалдық алғышарттарын жасайды. Сонымен бірге ғылыми-зерттеу жұмысының өз мәдениеті де көтеріліп , ғылымның өндіріспен , техникамен қоғам өмірінің басқа салаларымен де байланысы күшейеді, мамандардың кәсіптік-мәдени өрісі кеңейеді
Алайда, мәдениеттің материалдық және рухани болып бөлінуіне байланысты ғылым да жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық болып бөлінеді. ХІХ ғасырда бөліне бастағаны бұл екі мәдениеттің арасындағы қатынас ХХ ғасырда практикалық проблемаға айналып жаратылыстану – ғылыми мәдениет пен гуманитарлық мәдениет арасында қарама-қарсылық пайда болды. Басқаша айтқанда «гуманитарлар» мен «табиғаттанушылар» бірімен-бірі түсінісуден қалды деуге де болады. Бұл, әрине, ойдан шығарылған нәрсе емес, мәдениеттің ойдағыдай дамуына кедергісі тиетін керексіз текетірес. Мәдениет дегеніміз, ең алдымен , қоғамдық құндылықтар системасы болса, мұндай қоғамды біріктіруге,топтастыруға тиісті ғой. Ал түрліше құндылықтарға бас ию, мәдени құндылықтарды жікке бөлу – кертартпа әрекет. Түрлі мәдениеттердің өзара түсінісуі үшін олардың арасында түсінбестіктің туу себептері неде екендігін талдау қажет. Не себепті, мәселен, жаратылыстану-ғылыми мәдениет пен гуманитарлдық мәдениеттің арасындағы қарамақарсылық дәл ХХ ғасырдың 2 жартысында шиеленісті?-деген сұрақтың жауабын табу қиын емес. Бұл кезең жаратылыстану ғылымдарында орасан зор жаңалықтар ашылып, олар практикада техникалық қолданыстар тапты: атом реакторларының, теледидардың, компьютердің жасалуы, адамның космос әлеміне шығуы, генетикалық кодтың сырының ашылуы және басқа мәдени жетістіктер адам өмірі мен тіршілік стилін күрт өзгертті. Гуманитарлық мәдениет бұған теңдес ештеңе ұсына алмады. Соған қарамастан ол жаратылыс зерттеушілердің ойлау, пайымдау тәсілін қабыл ала алмады да ескілік шеңберінен шыға алмады.
Сөйтіп, «физиктер» мен «лириктердің» арасында екі мәдениет түсініспестік осыдан басталады деуге болады. Түсініспестіктің негізгі арқауы жаратылыстану мен гуманитарлық мәдениеттердің қоғамдағы орны мен маңызы төңірегінде болады. Әрине, бұл екі мәдениет жайлы ұғымдардың көлемі өте кең, сондықтан оларджың мазмұны да аса күрделі. Бірақ, сайып келгенде, олардың мазмұны мен құрылысын айқындап беретін жаратылыстану ғылымдары мен гуманитарлық ғылымдар, сондықтан олардың арасындағы талас проблеманы шешу үшін жаратылыстану-ғылыми білімдер мен гуманитарлық білімдер арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықты(тіпті туыстық десе де болады) қарастырып көрелік.
Бұлардың арасындағы ең бірінші айырмашылық олардың зерттеу объектілерінің өзгешелігінде-жаратылыстану ғылымдары табиғатты зерттесе ал гуманитарлық ғылымдар адамдық және қоғамдық қатнастарды қарастырады. Бұлай қарағанда, бұл жерде талас тудыратын ештеңе жоқ сияқты, ал үңіле қарағанда табылатын сияқты: күнделікті әңгімеде біз жаратылыстанудың түрлді салаларын «дәл ғылымдар» деп атап әдеттенгенбіз. Бұл ғылымдарды гуманитарлық ғылымдардан айыру үшін бұл атауды қолдану ешкімді таңдандырмайды. Бірақ, егер логиканың дәйектілік талабын (ережесін) қолдансақ, бұл жерде бір қисынсыздық бар екендігі ашылады: гуманитарлық ғылымдар дәл болмаса, онда олар ғылым болмағаны ғой, өйткені кез-келген ғылымға қойылатын бірінші талап «ақиқаттық»-зерттеу объектісін дәл бейнелендіру ғой. Таластың бір төркіні міне осында жатыр.
Әрине, гуманитарлдық ғылымдар қаншалықты әрекеттенгенімен жаратылыстану ғылымдарындағыдай дәлдікке, дәйектілік пен дәлелдікке жете алмайтыны сөзсіз.Көптеген жаратылыс зерттеушілер міне осы жағдайды пайдалана отырып, гуманитарлық ғылымдардың зерттеу нәтижелеріне сенімсіздікпен қарайды да оларды ғылымилық деңгейіне жетпеген екі ұшты білімдер деп санайды.
Бұл таласта гуманитарлар да қалыса қоймайды. Олар жаратылыс зерттеушілердің сынынан қорғана отырып, өздерінің зерттеу объектілерінің күрделі екендігін бетке ұқсайды. Адам, адамдық қатынастар сияқты күрделі зерттеу объектілері табиғатта шынында да жоқ қой. Жұлдыздарды, плданеталарды, атом, молекулаларды, олардың құрылымын приборлардың көмегімен зерттеуге болатын болса, ал адамдық, қоғамдық қатынастарды ғылыми ойлаудың, абстракцияның күшімен ғана танып білуге болады. Адамға, мәселен, ерік бостандығы тән.Адамға «сен мына траекториямен жүр» немесе «сен тек мына іспен ғана айналыс» деген сияқты нұсқау беретін заңдылық табиғатта жоқ.
Әрине, адам өмірі мен табиғат заттарының арасынан әйтеуір бір ұқсас құбылыстар, бірлік табуға болады. Алайда, тек адамға ғана тән, табиғатта оған ұқсас ештеңе жоқ бір өмір шындығы бар:адамтек заттар дүниесінде ғана өмір сүрмейді, мәнділік, шартты белгі, символдық деген сияқты дүниеде де өмір сүреді. Адам өзі істеген іс-әрекеттердің бәрінде белгілі бір мән-мазмұнын көздейді. Адам мен қоғам болмысының мән-мазмұнын ашып беретін гуманитарлық ғылымдар жаратылыстану емес.Олай болса, гуманитарлық мәденит өкілдерінің алға тартар бір мақтанышы бар-мүддесіне, мұң-мұқтажына қызмет жасататын гуманитарлық ғылымдардың зерттеушілері.
Бұл екі мәдениеттің арасындағы түсініспеушілікті болдырмау үшін, одан қалды жұмсарту үшін, бүгін таңда жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдардың зерттеу обьектілері, әдіс-тәсілдері және ғылымилық денгейлерінің көрсеткіші бойынша айырмашылықтары бар екенін қатаң ескеру қажеттігі талап етіледі.
«Табиғат жайлы ғылым» мен «рух жайлы ғылымды» бір-бірінен айыру басталған ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бергі бір жарым ғасыр уақыттың ішінде шамамен мынадай айырмашылықтар анықталды: а) зерттеу объектілері, ә) атқаратын қызметі; б) зерттеу әдіс-тәсілдері және т.б. өзгешеліктер.
а) Ғылымдардың өз атауларынан-ақ көрініп тұрғандай, жаратылыстану ғылымдары табиғаттың түрлі салаларын, құылыстарын зерттейді, оның адамға тәуелсіз заңдылықтарын ашып, адамның өндірістік іс-әрекеттерін дамытуға көмектеседі, ал гуманитарлық ғылымдар табиғаттың субъектісі болып табылатын адамның рухани дүниесін, қарым-қатынастарын, қоғамдағы орны мен атқаратын қызыметін т.б., яғни рухани мәдениетті зерттейді.
ә) Атқаратын қызметі жағынан да бұл екеуінің айырмасы бар:табиғат құбылстары тілсіз, адам үшін тәуелсіз, өз бетінше өмір сүретін дүние. Сондықтан оларды зерттеу болып жатқан процестердің себептері мен салдарын, жалпылығы мен ерекшеліктерін, қажетті байланыстары мен кездейсоқ жақтарын талдап, барлығына ортақ заңдылықтарды ашуды көздейді.Ал бұл құбылыстарды себептері мен тіршілік заңдылықтары мен көмегімен түсіндіру-жаратылыстану ғылымдарының ең басты, шешуші функциясы (міндеті) болып табылады. Ал гуманитарлық ғылымдар сыртқы табиғат құбылыстары емес, керісінше, ішкі, рухани (субъективтік) құбылыстарды зерттейді. Рухани құбылыстар адамның сыртында емес, тікелей ішінде, адам оларды өзінің ішкі сезімі түрінде бастан кешіреді. Сондықтан адамның сезімдерін, қарым-қатынастарын іштей ұғынуға тура келеді, яғни болып жатқан уақиғаның ішінде адамның өзі жүргендей немесе өзі сезінгендей болып көрінеді. Табиғат туралы ғылымдар ақиқатты дәлелдейді, ал рухани дүние жайлы ғылымдарда ақиқат түсіндіріледі, ұғындырылады.
б)бұл ғылымдардың зерттеу әдіс-тәсілдерінде де айырмашылықтар бар. Жаратылыстану ғылымдарында жалпылау әдісі жиі қолданылады, өйткені олар жеке фактілерді жинау, тәжірибе жүргізу сияқты жұмыстармен айналысып, солардың негізінде жиналған жеке фактілерді нақты материалды жинақтайды, яғни зерттелген жеке зат, құбылыстардың бойындағы бәріне ортақ, жалпы, мәнді қасиет-белгілерді кездейсоқ, мәнсіз белгілерден бөліп алып, солардың негізінде жалпы заңдылықтарды қортып шығарады. Бұл әдісті жалпылау деп атайды. Мәселен, біздің планетамызда 1,5 млн шамалы жануарлар өмір сүреді екен, алайда олардың тұқым қуалау механизимі барлығында бірдей үлкен.Оның биялогия ғылымы тұжырымдап берді. Барлық жаратылыстану ғылымдары осы сияқты жалпы заңдылықтарды қорытып шығарумен айналысады.
Гуманитарлық ғылымдар да жалпылаумен айналысады, ол да жалпы заңда мен ережелерді қорытып шығарады. Мұнсыз ол ғылым бола алмас еді. Бірақ гуманитарлық ғылымдардың жалпылау тобы жолы өзгешелеу, өйткені олардың зерттеу саласы-адам, адамдық қатынастар ғой.Адам қаншалықты бейшаралық кейде болмасын, ол мәдениетте әйтеуір бір роль атқарады-қайсы бір электроның тәжірибе жасаушы физик үшін немесе көбелектін энтомолог-зоолог үшін атқаратын рөлі гөрі ол адамның мәдениетте атқаратын рөлі артықтау деуге болады, өйткені ол дара тұлға. Сондықтан адам жайлы жалпы заңдылықты қорытып шығарғанда жеке адамның дара ерекшеліктерін ескермеуге болмайды, олай болса, жалпылықты даралықпен тығыз бірлікте қарастыру қажет.
Сөз болып отырған ғылымдардың айырмашылықтарын айқынырақ көрсету үшін оларды қолданылатын сандық және сапалық жақтарын сипаттау әдістерін арақатынасын білудің ерекше маңызы бар. Жаратылыстану экспереминталдық-математикалық әдістерді қолдана бастағанан кейін ғана шын мәніндегі ғылымға айналғаны белгілі Галилео Галилейдің заманынан бері қарай жаратылыстану ғылымдары өлшеуге сан жағынан сипттауға болатын табиғат объектілерін зерттеумен айналысуға бет бұрды. Егер зерттеу объектісінің бірден өлшеуге массасын күшін т.б анықтауға болмаса оны эксперимент жасау арқылы зерттеуге болады. Сөйтіп зерттелетін объектіні сандық қатынастар жағынан қатаң сипаттауға сенуді нәтижесінде жаратылыстану «дәл ғылым» деген атауға ие болды.
Бұл жағынан алғанда гуманитарлық ғылымдардың онша жолы болмады. Олар зерттейтін құбылыстардың математикалық (сандық) талдауларға онша көнбейтіні былай тұрсын зерттеудің эксперименттік әдіс-тәсілдерін қолдану да аса қиын болады. Тек сонғы кездерді ғана нақты социялогиялық зерттеулерде математикалық әдістер қолданылатын болды.
Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың басқа айырмашылықтары бар. Бірақ олардың арасындағы ол айырмашылықтары олардың түпкі айланысы мен ұқсастығын оларды ортақ жалпы даму заңдылықтарын жоққа шығара алмайды.Адамның оң қолы мен сол қолы, көретін көзі мен еститін құлағы қалай бір-біріне керек болса мәдениеттің білімнің ол екі саласы да сондай керекті. Олардың бір-біріне қарама-қарсылығынан гөрі деді датчандық физик Нильс Бор, өзара бір-бірін толықтыруы қажеттірек. Сондықтан болар, сонғы кезде жаратылыстану ғылымдары тарапынан да, гумантарлық ғылымдар тарапынан да өзара жақындасу және жалпы зерттеу әдістерін пайдалану бағытында интеграциялану процесі күшеюде.