Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясы

 

Ч.Дарвиннің 1859 жылы «Түрлердің табиғи сұрыпталу жолымен пайда болуы» атты еңбегінің жарық көруімен биологиядағы даму идеясының үшінші кезеңі басталды.

Бұл биологиядағы революциялық көзқарас болды және даму идеясын ғылыми танымда да және даму идеясын ғылыми танымда негізгі, басты әдістемеге айналдырды.

Бірақ, бұл уақыт әр түрлі эволюциялық ағымдардың арасында күрестің шиеленісіп тұрған уақыты болатын. Эволюциялық теория мен дарвинизмді мойындау үшін эволюция қалай жасалады және оның объективті тиімділігінің себептері қандай деген сұрақтарға жауап беру қажет. Бұл мәселелер Дарвиннің табиғи сұрапталу туралы ілімі арқылы шешілді.

Дарвин табиғатта кез келген жануарлар мен өсімдік түрі геометриялық прогрессия бойынша көбеюге ұмтылады деген қорытындыға келді. Сонымен бірге, әр түрдің ересек особьтарының саны салыстырмалы түрде өзгеріссіз қалады екен. Осыған орай, табиғатта тіршілік үшін күрес жүреді, нәтижесінде организм мен түр үшін пайдалы белгілер жинақтала береді де, жаңа түрлер біртіндеп пайда болабастайды. Ал ұалған организмдер ортаның қолайсыз жағдайларына байланысты жойылып кетеді. Сонымен, тіршілік үшін күрес – организмдер мен қоршаған ортаның жағдайларының арасында туындайтын сан қилы және күрделі өзара қатынастардың жиынтығы. Олар үш түрлі болады: түраралық, түрішілік және сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларымен күрес. Тіршілік үшін күресте басқа түрлермен бәсекелесуге мүмкіндік беретін белгілері мен қасеиттері бар түрлер мен особьтар ғана тірі қалып, ұрпақ тарата алады. Сондықтан, табиғатта бір түрлердің іріктеле отырып жойылуы мен келесі басым түрлердің көбеюі – табиғи сұрыпталу процесі жүреді. Ал, сыртқы ортаның жағдайының өзгеруіне байланысты, іріктеліп қалған түрлерде жаңа белгілер пайда болады. Тұқым қуалаушылық факторы арқылы пайдалы белгілер сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады да түрлердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Жаңа түрлер өзгергіштік процесінің – организмдердің сыртқы ортаның әсерінен өзгеруінен пайда болады.

Дарвин жаңа түрлердің пайда болуын ұрпақтан-ұрпаққа көбейіп отыратын пайдалы жеке өзгерістердің жинақталу процесі есебінде қарастырады. Мұның өзі тіршілікке қажетті ресурстардың (қоректік зат, көбею ортасы тағы басқа) шектеулі болуына байланысты. Сондықтан ең аяусыз күрес ұқсас түрлер арасныда жүреді. Ал ұқсас емес түрлер ұрпақ қалдыруда басымдылық көрсетеді. Әрбір ұрпақ сайын түрлер арасындағы айырмашылықтар айқын біліне береді де, аралық түрлер жойылып отырады. Түрлердің пайда болуына әкеліп соғатын белгілердің айырмашылық құбылысын Дарвин дивергенция деп атады. Бұрынғы ұқсас түрлердің дивергенциясының өсуі тіршілік иелерінің сан алуан түрлерінің бірте-бірте ұлғая түсуіне себеп болады.

Сонымен, Дарвин органикалық эволюцияның детерминациясы мәселелерін бірте-бірте шешті, тір организмдердің табиғи сұрыпталу нәтижесінде үнемі жаңаланып, іріктеліп отыратынын дәлелдеді. Бұл көзқарас жаратылыстанудағы телеология бағытына үлкен тойтарыс берді.

Дарвиннің теориясымен жаратылыстанушылардың әр түрге жататын организмдердің көп белгілерінің ұқсастығының себебін ұзақ уақыт бойында іздеуі аяқталады.

Дарвинизмнің пайда болуымен биологиялық зерттеулердің алдыңғы қатарына төрт мәселе шықты:

1) эволюциялық процестің өзіне дәлелдер жинақтау;

2) эволюцияның бейімделу сипаты мен ұйымдасуы туралы мәліметтердің жиналуы;

3) тұқым қуалағыштық өзгергіштік, тіршілік үшін күрес және табиғи сұрыпталудың эволюцияның қозғаушы күші ретінде өзара әрекеттесулерін тәжірибе жүзінде зерттеу;

4) түр пайда болуы мен макрореволлюцияның заңдылықтарын зерттеу.