Бернияз Күлеевтің «Жорық» поэмасы

(1899-1923) - ақын. Ақынның өз шығармашылығының кей мезеттерін атамастан бұрын мынадай бір жайды айта кету шарт. Қазақстан Оқу халық комиссариаты Абайдың өлеңдер жинағын даярлауды Берниязға тапсырады. Осыған даярлық ретінде ол «Ақ жол» газетіне арнайы мақала бастырады. Күлеевтің өз айтуынша ол Абайдың тұңғыш жинағына енбеген өлеңдерін толық қамтуды, оның қарасөздерін енгізуді, ақын өміріне байланысты иллюстрациялар беруді, өмірбаянын толықтырып, кеңінен қамтып жазуды мақсат етеді. «Абай кітабын бастыру маған тапсырылғандықтан, мен жәрдемді шеттегі азаматтардан сұраймын. Тізбегін әдемілеп, емлесін түзету сияқты ұсақ-түйегіне мұқтаж болмасақ та, түсіп қалған жерлерін қосып, қарасөзін Һәм басылмай қалған өлеңдерін тіркеп, тәржіме халін толықтыруға қиналып тұрмыз». Бұдан біз Күлеев Абай мұрасын жинап бастыруға айрықша еңбек сіңірген деп қорытынды жасаудан аулақпыз. Бірақ оның Абай шығармаларымен мол таныс болғаны дау туғызбаса керек. Бұған тіпті Күлеевтің өз өлеңдері де куә бола алады. Ол бірталай өлеңін Абай өлеңдерінің ұйқас, өлшемдерімен жазған. Мысалы, оның «Жазғы дала»атты өлеңі «Сегіз аяқтың» өлшем, ұйқасымен жазылған. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы Алаш қозғалысы қазақ қоғамының барлық саласын қамтып, соған орай қоғамдық ойды қозғады. Қоғамдық ойдың сол тұстағы ең ілгеріндісі – көркем әдебиет алаштық идеяларды бейнелі сөзге айналдырды. Алаш қозғалысы тұсында әдебиет табалдырығын аттаған Бернияз Күлеев дәуірдің осы зор идеясын қабылдай отырып, бірқатар көркем щығармалар тудырды. Олардың ішіндегі көрнектісі һәм көркемі – «Жорық» поэмасы.

«Жорық» поэмасында ауыз әдебиетінің, жыраулардың, одан берідегі ақындардың сөз өрнегінің ықпалы байқалғанымен, мұнда автордың оларды өзінің шығармашылық мақсатына сай өңдеп қолдану ерекшелігі бірден аңғарылады. Асылы, ол ана тіліміздің байлығын еркін меңгерген. Ауыз әдебиетіне тән кең құлашты эпикалық сарын немесе жыраулар толғауларының шешендік-дидактикалық стилі бұл шығарманың жалпы тілдік-стильдік ерекшеліктеріне үйлесе бермейді.

Бернияз – сыршыл ақын. Оның бұл поэмасы да субъективті мазмұнда болып, лиро-эпикалық жанрға жатады. Шығарманың жанрлық ерекшелігі оның стильдік-лексикалық, грамматикалық белгілерін айқындайды. Поэма қаһармандық, батырлық мазмұнда болып келгенмен, онда әдеттегідей батырлардың әрекеттері, ерлік істері бейнеленбейді. Мұнда ерлікті жасаушы – лирикалық кейіпкер. Оқиға соның атынан баяндалып, соның әрекетіне құрылған. Яғни, субъективті мазмұн басым. Субъективтілік шығарма стилінің эмоционалды-экспрессивтік бояуының барынша қанық болуына әкеледі.Эмоционалды-эксперссивті лексиканы көптеген зерттеушілер стильдік айқын көрсеткіштер ретінде бағалайды. Себебі, эмоционалды-экспрессивті сөздер қашанда субъектінің дербес пікірі бола отырып, автордың даралығын танытатын стилистикалық құралдар қызметінде тұрады. Оларда “Сөйлеушінің бір затқа немесе құбылысқа көзқарасы білдіріледі”. Көркем әдебиет тілінде мұндай көзқарастардың бағалаушылық-эмоционалды қуаты тіпті арта түседі десек, прозалық және драмалық шығармаларға қарағанда, субъективтілігі басым болып келетін поэзияда ол тіптен ерекше көрінеді.

«Жорық» поэмасының эпикалық бірсыдырғы баяндау сарынында емес, автордың белсенді қатысуы арқылы динамикалы, үдемелі мазмұнда болуы – соған сай мейлінше экспрессивті стильді қалыптастырған поэмада экспрессивті бояу жекелеген сөздерге де, фразалық оралымдарға да, синтаксистік конструкцияларға да тән болып келеді. Экспрессивті мазмұн да екі түрлі тәсілмен берілген. Оның бірі – әуелден экспрессияға бейім тұратын сөздер, екіншісі – қолдану процесінде жүре келе экспрессивтік реңкті қабылдайтын есімдер мен етістіктер десек, онда Б.Күлеевтің бұл шығармасында екі тәсіл де қолданыс тапқан.

Автордың көзқарасын, көңіл-күйін білдіретін эмоционалды-экспрессивті сөздерді орыс тілінің стилистикасын зерттеуші М.Н.Кожина: “Эмоционалды-экспрессивті реңктегі сөздерді жағымды және жағымсыз мағынадағы сөздер деп екі үлкен разрядқа бөлу орын алған” – дейді. Шығармада осындай жағымды-жағымсыз реңкі айрықша көрінетін, поэманың тұтас стильдік ерекшеліктерінің бірін қалыптастыратын эмоционалды-экспрессивті сөздерді автор молынан қолданған. Жағымсыз мағынадағы мұндай қолданыстар бірде бас кейіпкердің (жаным қатты күйініп, // көзіне қан құйылып, // жүрегім жүзге тілініп), енді бірде оған қарсы жақтың (Ел – жұртымды күйреткен, // ерді күйреткен, // Тулақтай терін сүйреткен, // Неғылған жылу! Нендей жан) сипатын көрсету мақсатында қолданылған. “Жорықтағы” жағымды реңктегі стиль тудырушы эмоционалды-экспрессивті лексика лирикалық қаһарманның ойын, әрекетін барынша айқын, үдете беру үшін жұмсалғанын көрсетуге болады.

Семсері мен тұлпарым,
Жанымда қапты қанжарым,
Қан болған елім, мал-жаным,
Таңырқап тұрдым боп аң-таң.
Ел жұртымды күйреткен,
Найзаға ерді түйреткен,
Тулақтай терін сүйреткен,
Не қылған жау, нендей жан?!


деген сегіз жолды шумақтың төрт жолы грамматикалық жағынан тиянақталып келіп, белгілі идеялық ойды, құбылыстың динамикасын білдіріп тұр. Есімшенің –кен жұрнағы арқылы жасалған сөздер сыртқы грамматикалық тұлғаларымен бірге, анықтап тұрған ішкі мағыналары жағынан да біртекті стильдік реңкте қолданылған. Соның негізінде шумақтың композициялық, ұйқастық бірыңғайлығы және дыбыстық-ырғақтық үйлесімі де жасалғанын аңғаруымызға болады.
Б.Күлеевтің “Жорық” поэмасында автордың өзіндік стилі лексикалық және грамматикалық саладан аңғарылады. Ақын лирикалық поэманың тақырыбы мен жанрлық ерекшеліктерінен шыға отырып, соған орай шығарманың тілдік-стильдік қабатын қалыптастырған.

 

XX ғ.б. ұлт-азатшыл бағыттағы ақын-жазушылар.

1. Шәкәрім Құдайбердіұлы.

2. Ахмет Байтұрсынұлы.

3. Міржақып Дулатұлы.

4. Жүсіпбек Аймауытұлы.

5. Мағжан Жұмабаев.

6. Сұлтанмахмұт Торайғыров.

7. Мұхамеджан Сералин.

Шәкәрім шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі Абайдан кейінгі ірі құбылыс екендігі. Шығыс, Батыс классиктерінің шығармашылығын жете танып, терең игерген ақын екені. Мұсылмандық ілім-білімді еркін меңгерген, түлкі халықтарының тарихын жақсы білген, діни, тарихи тақырыптарға еңбектер жазған («Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлылар шежіресі» т.б.) ғұлама ғалымдығы. Шығармашылығының басты тақырыптары сол кездегі қазақ қоғамның бар саласын қамтауы. Әсірісе, Абай үлгісісін шашуда елеулі еңбек еткені. Алғашқы жинағы «Қазақ айнасындағы» (1912) өлеңдері қамтитын тақырыптарының бастысы, - адам тақдыры, адам өмірінің мәні, адамгершілік тәрізді фолософиялық категориялар болуы. Жанға, тәнге, көңілге, өлім мен өмірге баланысты өлеңдерінің молдығы («Өзіме», «Өмір», «Талап пен ақын», «Адамшылық», «Адам немене», «Көңіл», «Тәңірі мен жан» т.б.).

Шәкәрімнің ақындық жолының үлкен бір саласы – поэмалары екені. Шәкәрімнің әр поэмасының мазмұндық желісі, көркемдік шешімі, образддар сомдауы тарихи оқиға өткен кезеңнің шындығымен түйінделетіні. Ақынның көрнекті туындылары «Қалқаман Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмалары жазба әдебиетке тән тарихи-әлеуметтік, әдеби-эстетикалық талаптарға толық жауап беретіндігі. Поэмаларына айрықша шырай беріп, оның соны сипатын танытатын басты ерекшілік – тарихи пен көркемдік шешімнің үйлесіп жатуы екендігі. Жалпы поэмаларында жеке адам мен қоғам арасындағы қайшылықтың биік деңгейде ашып көрсетілуі.

Бернияз Күлеев (1899-1923)

Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалардың бірі – Б.Күлеев. ол романтикалық, реалистік бағыттарда жазған. Бейнелеу тәсілі ретінде астарлау, тұспалдау, перделеу, символдарды аса шебер пайдаланған. Оның өлеңдерін М.Жұмабаев лирикаға толы таңғажайып өлеңдер ретінде атайды. Б.Күлеев шығармашылығы XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті тарихында айрықша орын алуға тиісті. Ақын негізінен өлең өрнектеріне, өлшемдеріне, поэтикасына айрықша көңіл бөлген. Оның көркемділігі көтеру бағытындағы ізденістері әлемдік әдебиетте өтіп жатқан негізгі ағымдармен үндестікті байқатады. Жазушы поэзиясындағы ішкі сезім маңызды қызмет атқарса, оны жайната бейнелеу көркемдік ізденіс мақсаттарымен байланысады. Күлеев төңірегінде, заманында өтіп жатқан барша ірі мәнді уақиғаларға көңіл бөледі, оны көркем бейнелеуге талпынады. Ақын шығармашылығының әдебиет тарихында енбеуі ресми идеялогиялық себептерден. Оның шығармаларында бай-кедей, тап тартысы, болашақ бақытты қоғам, социализм т.б. тақырыптар кездеспейді. Оның есесіне адам ішкі әлемінің аласапыран уақыт мінезінен шошынған, үрікке қалпы щебер бейнеледі.

Мұхамеджан Сералин (1872-1920)

Мұхамджан Сералин қазақ халқының XX ғ.б. үлкен қлғам қайраткері, белгілі санаткері, көрнекті ақыны, танымал көсемсөзшісі екені. «Топ жарған» (1900), «Гүлкәшима» (1903) поэмаларының қазақ жазба әдебиетіне елеулі үлес болып қосылуы. М.Сералин өлеңдерінің қазақ өмірінің, әлеуметтік тұрмысының шындығын танытатыны («Бай, патша һәм кедей », «Бай, қасқыр, аңшы» т.б.). «Топ жарған» поэмасында Кенесары бастаған ұлт-азаттық көтерілістің нақты шындығынын көрініс табуы. Поэманың басты кейіпкері адай жігітінің бостандықты көксеген ой – арманының Кенесары көтерілісімен желілес берілуі. Поэмада Кенесары – Наурызбай көтерілісін қалың бұқараның жақтауы жеке кейіпкерлер сөздері арқылы беріліп, шындықты көрінуі. «Топ жарған» поэмасында Кенесары көтерілісінің қазақ бұқарасының мүддесін қорғаған көтеріліс екендігі қилы тағдырлар тоғысы арқылы көрініс табуы. Поэманың композициялық құрылымының ерекшелігі. «Топжарған» поэмасының тіл сонылығы. Тарихи шындықты, нақты өмірді тың теңеу, көркем суреттеулермен бере білген ақын поэмасының тарихи мәні.

М. Сералиннің «Гүлкәшима» атты шығармасы (1903) қазақ өмірінен алынып жазылған романтикалық поэма екені.

Ахмет Байтұрсынов (1873-1938)

Ахмет Байтұрсыновтың аса көрнекті қоғам қайраткері, саңлақ, санаткер, ірі ғалым – лингвист екені. Шығармашылық және көсемсөздік (публицистикалық) мұрасының ұзақ жылдар бойы негізсіз жоққа шығарылып келгені. Қазақ зиялыларының Ахмет Байұрсыновты қазақтың рухани көсемі деп тануы. А. Байтұрсыновтың қоғамдық –саяси, ғылыми, әдеби қызметінің шындығы. Оның шығармашылығының жазықсыз жазаланғанға дейінгі әдеби-ғылыми ортада бағалаеуы. А. Байтұрсыновтың шығармашылығы, азаматтық тұлғасы туралы М. Дулатов, С. Сейфуллин, М. Әуезов ой-пікірлерінің тарихи және ғылыми маңызы. А. Байтұрсыновтың халық ағарту, ғылым саласындағы еңбектерінің мәні. Оқу құралдарын жасау жолындағы қызметі. Тұңғыш биресми газет шығарушы екені, «Қазақ» газетінің бас жазушысы ретінде саяси- әлеуметтік, мәдени-ағарту, әдебиет пен өнер жайлы жазған мақалаларының құндылығы.

Ахмет Байтұрсыновтың ХХ ғ.б. қазақ әдебиетіне қосқан ұланғайыр арналы үлесінің тарихи мәні. Ол негізін салған азатшыл бағыттың кейінгі жастар шығармашылығында жалғасын табуы. Бүгінгі ғылыми-әдеби зерттеулердегі А. Байтұрсынов шығармашылығына деген жаңаша көзқарастар.

Міржақып Дулатов (1885-1935)

Көрнекті қазақ жазушысы, ірі қоғам қайраткері М.Дулатовтың шығармашылығы XX ғасыр басындағы қазақ елінің саяси-әлеуметтік, қоғамдық жағдайы мен қазақстанда өтіп жатқан түрлі мақсаты саяси күрес, шайқастармен тығыз байланысты. Қоғамдық қызметін мұғалімдіктен бастаған М.Дулатов 1905 жылғы қазақ халқы атынан Ресей патшасына петиция жазуға дейінгі аралықта саяси, идеялық күрескер деңгейіне дейін көтерілді. А.Байтұрсынов пен М.Дулатов арасындағы достық қазақстан мемлекетінің егемендігін қалпына келтіру жолындағы идеялардан бастап, нақты іс-әрекет, күрес кезеңінде шындалған. Елдік сананы көтеру, өркениетке көз тігу, оқу-білім, өнер мен әдебиет – мерзімді баспасөз бетінде М.Дулатов, А.Байтұрсынов көп қозғаған тақырыптар. Олар шығармашылық қызметте де бірін-бірі қолдап, көмектесіп үн қосып отырған. «Қазақ» газетін шығарудағы А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың қызметі идеялық үндестіктің жемісі. М.Дулатов публицистикасының XX ғасыр басындағы қоғамдық санада алатын орны қаншылықты зор болса, қаламгер шығармашылығында алатын орны да аз емес. Нақты уақиғаларға қатысты ақын ой сезімін мөлдірете жеткізетін, бейнелейтін көркем тіл, батыл байлам, іс-әрекетке шақыратын пафос оқырманды бейтарап қалдырмаса керек.

Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931)

Жүсіпбек Аймауытов – көрнекті қоғам қайраткері, ақын, прозашы, қазақ романының негізін салушылардың бірі, аудармашы, драматург, ғалым. Оның психология саласындағы еңбектері да аз емес, ірі монографиясы бар. Қоғамдық саяси, ғылыми-педагогтік және әдеби қызметі жемісті болған. Қоғамдық санаға сіңірген еңбегі ұзақ жылдар бойы жөнсіз бұрмаланды. Ж.Аймауытовтың творчестволық қорытындысы (январь, 1989), Ж.Аймауытовтың қоғамдық-саяси, ғылыми-педагогикалық және әдеби қызметі жөніндегі тарихи шындықтың қалпына келтірілуі.

«Қартқожа», «Ақілбек» романдары мен «Күнекейді» жазығы» повесі. Жанрлық типологияда классикалық, професионалдық шығармалардан кем емес. Тақырыбы мен идеясы, жазушының сюжет дамыту, образ жасау, композиция құру шеберлігі өте жоғары. Романдардың материалы және оның тарихи шындыққа қатынасы, жазушының өмір шындығын бейнелеу жолдары. «Елес», «Әнші» (1925), т.б. әңгімелерінің тақырыбы мен проблематикасы шебер ойластырылған. Көркемдігі тұрғысынан бағалы дүниелер.

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

Мағжан Жұмабаев - қазақтың көрнекті ақыны. Өмірбаяны, творчестволық жолы, қоғамдық-саяси, журналистік, оқытушылық қызметі.

Мағжан Жұмабаев - лирик. Ақын лирикасының жанрлық, тақырыптық құрамы алуан түрлі. Махаббат, сүйіспеншілік тақырыбына жазған өлендері. «Сүй, жан сәулем», «Батқан күн, тақан таңның жыры», «Айрылығында», «Сен – сұлу», «Жұлдыз – жүзік, айды алқа ғып берейін», «Сүйгеніме», «Жан жарымды бір сүйейін түсімде», «Күміс нұрлы Ай», «Шолпы», «Сүйгенім анық», «Жас сұлуға», «Махаббат не?», «Тірілдім», «Гүлсімге», «Көңіл», «Жел», т.б. Олардағы сезім мен парасат, ғашықтық сезім мен құмарлық сезім тайталасы шебер бейнеленген.

Сұлтанмахмұт Торайғыров (1893-1920)

С.Торайғыров есімі, шығармашылығы қазақ қоғамдық санасына 1913 жылдардан жақсы таныс. «Айқап» журналындағы қызметі қаламгер қазақ қоғамы алдында тұрған келелі мәселелерге үн қосып, өткір тілді, ойлы мақалалар жазды. Шығармалары жиырмасыншы жылдардан жинақ, бөлек кітап түрінде шыға бастады. Содан бері ақынның өмірі, жазушылық қызметі, саяси бағыты, дүниетанымы, әдеби шығармалары замандастарының, XX ғасыр басындағы қоғамдық сана, қазақ әдебиетін зерттеушілердің назарында. С.Торайғыров дәстүрлі қазақ мектептерінде (молда, медресе) ғана оқыған. Өмір бойы жоғары оқуды армандап өткен. Қоғамдық-әлеуметтік, саяси білімді өз бетімен алған қаламгер. Ол араб-парсы әдебиетін жақсы білген. Ауыз әдебиеті мен Шығыс халықтарының фольклоры, әдебиетімен жақсы таныс. «Дін», «Сарыбас», «Соқыр сопы», «Зарландым» деген алғашқы шығармаларынан-ақ С.Торайғыровтың дүниетанымы, шеберлігі айқын көрінеді.

Ә.Найманбаевтың шығармашылығы.

Әсет Найманбайұлы 1867 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, "Қызыл-арай" ауылында туған. Ол қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-композиторы.Ол 7-8 жасқа келгенде медресе имамы Зейнолладан бастауыш білім алады. Мұнда араб тілі мен шығыс поэзиясын меңгеруге ден қояды.14-15 жасында сазгер әрі әнші ретінде өз шығармашылық жолын бастайды. Әсеттің әке-шешесі кедей, шаруа адамдар болған. Кейін ер жетіп, есейіп, айтысқа түскен кезінде де кейбір ақындар оның кедейлігін бетіне басады. Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп түсінген Әсет ешкімге қара сөзден дес бермеген. Әсет ескіше оқыған, көзі ашық адам болған. Оның дүниетанымы, ой тереңдігі әсіресе айтыс жанрында кеңірек танылды.Мысалы, әйгілі ақын-қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана екен, соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады. Сөйтіп, Әсет пен Ырысжанның айтысы–көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады.Әсет – негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай, Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің "Салиха-Сәмен", "Ағаш ат", "Перизат", "Үш жетім қыз", "Нұрғыман-Нағым", "Мәлік-Дарай", "Жұмсап", "Кешубай" атты қисса дастандары бар. Ол А.С.Пушкинның "Евгений Онегин" романын аударып (еркін аударған) оны өзі қисса етіп жырлаған. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серіден дәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін жалғастырып, дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде ("Кіші Ардақ", "Үлкен Ардақ", "Қаракөз", "Мақпал") психологиялық тереңдікпен адамның жан дүниесін қозғайтын нәзік лирикалы Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл оның қалыптасу, өзіне тән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерекшеліктері Әсет әндеріне де тән. "Інжу-Маржан" әні (кейде "Әсеттің әні" деп те аталады) өз стилін айқындай түскен туынды. Сондай-ақ "Ырғақты", "Аққарагер", "Қаракөз", "Майда қоңыр", "Жалған-ай", "Сырмақ үйкер" т.б әндерінің авторы. Әсет өз шығармаларында өмірге деген құштарлығын, туған елі мен жеріне деген айнымас махаббатын жырлады. Ақын өлеңдері мен әндеріне көшпелі тұрмыс пен қазақ жұртының тарихы және этнографиясының қайталанбас бояулары тән. Әсеттің ақындық қуатында ойдың образдылығы, шұрайлы теңеулер, жарқын шендестірулер айқын танылады.Ол Сарыарқаның ұлы перзенттері Біржан сал Қожағұлұлы мен Ақан сері Қорамсаұлының ақындық өнер дәстүрін жалғастырып, әрі қарай дамытты. Сонымен бірге өз өлкесі әндерінің Жетісуда, Тарбағатайда және Алтайда кеңінен тарауына мұрындық болды.1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядттардан дүрліге қашқан елмен бірге Әсет Қытайға өтіп кетеді. Октябрь революциясы жөніндегі хабарды ол қуана қарсы алады, жат жерде жүріп Отанын аңсайды. Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болды. 1910 жылы Қ. Халиди Әсет Найманбайұлынан бірнеше салт өлеңдерін жазып алып, жариялаған. Кеңес дәуірінде Әсет Найманбайұлының өлеңін алғаш С.Сейфуллин (1925) бастырған. 1936 жылы Б.Ысқақовтың ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы арнайы мақаласы тұңғыш рет жарияланып, Әсет Найманбайұлының шығармаларының тұңғыш жинағы 1968 жылы Б.Адамбаевтың құрастыруымен басылды. Бұл жинаққа ақынның 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-қағысы, 4 дастан-қиссасы жарияланса, 1988 жылы Нұржекеевтің құрастырған «Әсет» атты жинағына 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 айтыс-қағысы, 8 қисса-дастаны енгізілген.