Тәңірбергенов шығармашылығы
Әріп Тәңірбергенұлы (азан шақырып қойған аты Мұхамедғаріп) 1856 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Үш биік ауылына қарасты Еңірекей елді мекеніңде дүниеге келген. Руы - Сыбан ішінде Жанкөбек. Әріптің арғы аталары есімдері тарихта қалған белгілі адамдар болған. Жанкөбектің бір баласы - Нар дауысты Нарынбай XVII ғасырдың аяғында казіргі Ташкент Жеті қақпа аталып тұрған кезде, бір қақпасына бек болған адам. Нарынбайдан - Қу дауысты Құттыбай, Құттыбайдан - тарихтан белгілі он жеті ақын тараған Байғара би, Байғарадан - Ақтайлақпен бірге Байсал тарайды. "Дұт" атанған осынау ұрпақтан әйгілі он жеті ақын шықты дегенімізбен, бүгінгі ұрпақ дәл осы он жетінің атын атап, тұсін түстеп беруге келгенде ұятты. Өйткені көбінің мұрасы бізге жетпеген. Бір ұрпақган бір кезеңде шыққан он жеті ақынның мұраларын жинап ел игілігіне жарату — болашақ әдебиетшілерің үлесінде.
Найман шежіресін тарата келіп Бердібек Сүлеймен би:
Байсалұлы Әліден — Тәңірберген,
Оның ұлы Әріпті Найман білген.
Тұсында Әріп ақын атаныпты
Ақындық Байғарадан үзілмеген.
Жел сөзге мұнан ешкім аса алмаған,
Нәсілі нағыздың үлгі көрген ,- дейді.
Көсемдігі мен шешендігі тең ұлы ата ұрпағынан шыққан Әріптің нағашы жұрты да осал ұрпақтың тұқымы еместі. Ақынның шешесі Жаңғақ шешендігімен көзге түскен сөзге ұста адам болған. Ол — "Абай жолы" романында кеңінен сөз болатьш Тобықтының Көкше атасынан шықкан Қаратай шешеннің інісінің қызы. Әріптің Абаймен жақын танысуының бір себепкері — осы нағашы жұрты, оның ішінде ақын досы - Көкбай Жанатайұлы.
Әріп ауыл молдасынан ескіше сауатын ашқан соң, 11-12 жасында Семей қаласындағы миссионерлік мектепте оқыды. Әріптің орысша оку тағдыры да қызық. Сыбан елінің басшысы Жарқынбай бидің егіз ұлы — Жәңгірхан мен Қараханның біреуін орысша окуға жоғары ұлық сұрағанда екеуін айыруды жөн көрмей, екіншіден орыс окуының түпкі мақсатын аңғарған би хатшысы Төңірбергеннің баласы Әріпті оқуға жібертеді. Т.Көбдіковтің Әріпке шығарған әзіл өлеңінде:
Он бірден он екіге шығар жасың,
Сатылды отыз қойға сенің басың, - деп қалжыңдайтыны да содан.
Жасынан орыс оқуын терең меңгерген Әріп араб, парсы, қытай тілдерін де жетік біледі.
Казақ елін отарлауды мәдени тұрғыда іске асыруға белсене кіріскен орыс ұлықгарымен Ә.Тәңірбергенұлының көзкарастары әуелден-ақ жараспайды.
1876-1878 жылдары Семей қаласындағы уездік училищеде өте жақсы бағамен оқығандығы туралы мұрағат деректері бар (қараңыз: Қазақстан орталық мұрағаты. 491-қор. 1-тізбе. 8-іс). Орыс окуының түпкі мақсатын сезген зерек шәкірт. Әріп өмірінің соңғы жылдарына дейін заң саласында тергеуші, адвокат болып қызмет істейді. Шығармашылығының алғашқы кезеңінде Әріпке шығыс әдебиеті үлгілерінің әсері басымырақ болып, ол, бір жағы,қисса жазуды машық етсе, екіншіден, араб-парсы сөздерін көп қолданып келсе, кейін Абайдан үйреніп және орыс классиктерінің шығармаларымен жете танысқан соң, халық өмірін шыншыл тұрғыдан көрсететін өлең-поэмалар жазып қалдырды. Туған тілі мен орыс тілін айтарлықтай игерген Әріп, татар, араб және парсы тілдеріндегі әдебиеттерді де оқи алды, қытай тілін үйренді. Осында ол Абаймен кездесті.Жас шағында бозбала діни мифологиялық шығыс поэзиясы дәстүрінде әртүрлі поэмалар жазумен айналысты. Өз заманы оқиғаларының мәнін түсінген ақынды ағартушылық жолға түсуге танымал жерлесі Абай Құнанбаев итермеледі. Абайдың ізінше ол өз шығармашылығында ағартушылық идеяларды, демократия мен гуманизмнің принциптерін, сараңдық, күншілдік, надандықты қамшылап, туған ел ұлдарының ерлігін мадақтады: «Болыс басшысы Таубекке», «Қабанбайға», «Найманнан шыққан Серікбай қажыға». Оның зерттеу нысанына патшалық шенеуліктер де, далалық ақсүйектер де жатты. Өз үйінен балалар үшін мектеп ашып, мүмкіндігінше оларға орыс тілін үйретті. Әріп қазақ оқырмандарын орыс классиктерінің шығармаларымен таныстыруға тырысты, ең алдымен А.С. Пушкиннің, М.Ю. Лермонтовтың. Оның кең танымал болған поэма – хиссалары: «Ходжа – Гафан», «Зияда –Шахмурад». Әріп Тәңірбергеновтың революцияға дейінгі шығармашылығы білімге, ғылымды оқуға шақырады. Өзі осыған үлгі болып, өз заманының білімдары, ежелгі Шығыс поэзиясының, «Данышпан Пушкин», «Ғылым туралы», «Еңбек туралы», «Өзімнің оқушыларыма», «Бейқам күнкөріс» қазіргі орыс және батыс европалық поэзиялардың білгірі болды. Әріп Тәңірбергеновтың танымал сөз шеберлері Біржан мен Сараның айтысын жазып алуы үлкен сіңірген еңбек болып табылады.