Крам Ғалимовтың шығармашылығы

Әкрам МеңліғалымұлыҒалимов (17.11.1892, Астана - 7.8.1913, Ресей, Челябі облысы Троицк қаласы)- ақын, жазушы, драматург, педагог. 1905 жылы Троицкідегі "Рәсулия" медресесінде оқиды. Медресенің бастауыш бөлімін бітірген соң,Қостанай маңына қоныс аударып, қазақ балаларын оқытқан. 1911 - 13 ж. тұңғыш қазақ журналы "Айқапта" қызмет істеген. Тырнақалды өлеңдері осы басылым беттерінде жарық көрген. Туындыларын татар және қазақ тіл­дерінде жазған. Қазақ тілінде "Жас­тық жемістер" (1912) өлеңдер жи­нағын жариялап, "Бақытсыз сұлу" повесін, татар тілінде "Май мәселесі" (1913) атты сықақ пьесасын жазған. Сонымен қатар "Ақмола", "Шора", т.б. журналдарда көптеген өлең, әң­гіме, мақалалары басылып турды. Әкірамның "Замандастарға", "Қыста", татар тілінде жазылған "Бақытсыз сұлу", т.б. шығармалардың авторы. Ағылшын ақыны Дж.Байронның, татар ақыны Ғ.Тоқайдың біркатар өлеңдерін қазақ тіліне аударған.Шығармалары:

· Жастық жемістері, Қазан. 1913;

· Бейшара қыз, "Айқап", 1912, №11;

· Өкініш, "Айкап", 1911, №10;

· Қыс, "Айқап", 1912, №1, Троицк.

 

М.Дулатовтың әдеби-сыни мақалалары.

«Арғын» есімі Міржақыптікі деген тұжырымдар «Қазақ» газеті жинағында, басқа да басылымдарда тараған. («Қазақ» газеті. А., 1998. 547, 553-б.). М.Әбсеметов М.Дулатовтың «Біздің мақсатымыз» (Серке. 1907. №84) атты мақаласы «Арғын» деген бүркеншік атпен жазылды дейді. Осы автор Міржақыптың бұдан басқа Тургайский, Түрік баласы, М.Ә., Азамат, Мадияр, М-яр, Байқаушы, Азамат Алашұлы, Алашбайұлы, Таймінер, Тайбағар, Алакөз, Қолғанат деген жасырын аттары болғандығын айтады (М.Дулатов. Шығармалары. А., 1991. 372-б.).

Зерттеушілердің бір тоқтамға келе алмай жүрген есімдерінің бірі – «Түрік баласы». Осы лақап атпен 1913 жылы «Қазақ» газетінің бірнеше сандарында «Қазақта мүфтилік мәселесі» (№11), «Бөкейліктердің мүфтілікке қалуы» (№17, 19), «Қазақтың тарихы» деген мақалалар жарияланды. М.Дулатұлының Абай туралы екiншi мақаласы Абай қазасының он жылдығын еске алу орайында 1914 жылы “Қазақ” газетiнде жарық көрдi. Мұнда қаламгер Абайдың шағын ғұмырбаянын, ол туралы еңбек жазғандар мен мұрасын құнттағандарды сипаттап өтiп, әдебиет пен ұлт, әдебиет пен тұлға арақатынасы проблемасына нақты тоқталады. Мiржақыптың бiрiншi мәселе бойынша пайымы: “Тарихы, әдебиетi жоқ халықтың дүниеде өмiр сүруi, ұлттығын сақтап iлгерi басуы қиын. Әдебиетi, тарихы жоқ халықтар басқаларға сiңiсiп, жұтылып жоқ болады. Қай жұрттың болса да жаны — әдебиет. Жансыз тән жасамақ емес”.Екiншi мәселе бойынша пiкiрi: “Әдебиетiмiздiң негiзiне қаланған бiрiншi кiрпiш – Абай сөзi, Абай аты боларға керек. …Ең жоғары, ардақты орын – Абайдiкi. …Зәредей шүбә етпеймiз, Абайдың өлген күнiнен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз”.Бұдан шығатын қорытынды: ағартушы М.Дулатұлы әдебиетке және оның биiк тұлғасы Абайға ұлт тағдыры, ұлт мүддесi тұрғысынан қараған. Мiржақып үшiн жан таза болса — әдебиет те таза, тұлға арлы болса – сонынан ергендер де арлы. 1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркенпік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатовтың "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Бұл кітап та патша әкімшілігінің қуғындауына ұшырайды. Жасы жиырмаға да толмаса да Міржақып мектептен алған білімін, өзінің дүниетанымын одан әрі дамытып, оны еліне арнауды ойлап, соған сәйкес іс-қимыл жасау үшін қазақ зиялылары шоғырланған Ом-бы қаласына қоныс аударады. Бұл – 1904 жыл еді. Мұнда ол Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейхановтармен таныса- ды. Омбы, Қарқаралы, Орал, Санкт-Петербург қалаларын аралап, көрнекті қоғам қай-раткерлерімен пікірлеседі, мәдени – саяси шараларға қатысып ой-өрісін кеңейтеді. Мұның бәрі Міржақыптың саяси-әлеуметтік көзқарасы-ның қалыптасуына үлкен ық- пал етеді. Бұл – Ресейдегі буржуазиялық – демократия-лық бірінші революцияның қарсаңы, елдің дүрлігіп, қо- ғамдық қозғалыстардың өз қазанында қайнап, тасып жатқан тұсы болатын. Және де бұл кезде Ахмет Байтұрсынов қазақ даласына әлеуметтік қозғалыстың беделді басшысы ретінде танылып қалған-ды. Ахаң мен Жақаң бірін-бірі іштей тез ұғысып, бұдан былай-ғы өмірлерін бір мақсаттың жолына арнайды, ақтық демдері біткенше, жұп жазбайды, Міржақып Ахмет ағасына еріп, Омбыдан Қарқаралыға келеді. Осында астыртын жұ- мыстарға қатысады. Алаш қай-раткерлерінің осы астыртын жұмыстары жөнінде М.Әуезов өзінің 1922 жылғы мақала- сында былай деп жазады: «1905 жылы Қарқаралыға Ахаң менен біраз оқығандар бас қосып, кіндік үкіметке қазақ халқының атынан петиция (арыз, тілек) жіберген. Ол петициядағы аталған үлкен сөздер: бірінші – жер мәселесі. Қазақтың жерін алу- ды тоқтатып, переселендер- ді жібермеуді сұраған. Екінші – қазақ жеріне земство беруді сұраған. Үшінші – отар-шылдардың орыс қылмақ саясатынан құтылу үшін, ол күн- нің құралы барлық мұсыл-ман жұртының қосылуында болғандықтан, қазақ жұртын мүфтиге қаратуды сұраған. Петициядағы тілек қылған ірі мәселелер осы. Ол күндегі ой ойлаған қазақ баласының дертті мәселелері осылар бол-ғандықтан, Ахаңдар бастаған іске қыр қазағының ішінде тілеулес кісілер көп шыққан, көпшіліктің оянуына себепші болған».

Осы мақаладағы «Ахаң ме- нен біраз оқығандар бас қо- сып» деген сөз петиция жа- зуға Міржақыптың да қатыс-қанын айғақтайды. Ал енді «Қазақстан. Ұлттық энцикло- педия» кітабының 3 томында- ғы 295 бетте Міржақыптың Қарқаралы петициясын жазу- ға қатысқандығы жөнінде былайша баяндалады: «М.Дулатов 1905 ж. 17 қазанда Ре- сей үкіметіне қазақ халқы атынан жолданған Қарқара- лы құзырхатын дайындау- шылардың бірі болды. 1905-07 жылдары Зайсан уезіндегі Бекмұхамбет қажы ашқан қазақ мектебінде сабақ бер- ген. 1906 жылы Дулатов Конститутциялық демократтар партиясы делегаттары қатарында Санкт-Петербургке барады. Түрлі сипатты жиындар мен саяси күштер ұйымдастырған көше шеру-леріне, ереуілдерге қатыса-ды. Осы кезден бастап Ресей үкіметі құпия полициясының саяси сенімсіз адамдар тізіміне ілігеді». І-Думаның депутаты Марков кезінде: «Қазақтар Шың-ғысхан мен Ақсақ Темірдің ұр- пақтары, сондықтан да олар- ды Америкадағы үндістер қандай күйге ұшыраса, нақ сондай күйге ұшырату керек», - деген-ді («Товарищ», № 442, 6 желтоқсан, 1907 ж.). Ресейдің патша өкіметі де осы саясатты ұстанды. Міржақып отарлаушы орыс мемлекеті- нің бұл сұрқия саясатына қарсы шығып, «Жұмбақ» деген мысал жазады. Кейін ол Міржақыптың «Оян, қазақ!» атты жинағына енеді. Бұл кітап және «Жұмбақ» мысал жөнінде Орынбор губернаторы 1911 жылғы 19 қыркүйекте Баспасөздің Бас басқармасына бы- лай деп жазады:«... өзінің мазмұны жағынан бұл ис- лам дінін ұстану-шылардың жол бастаушысы жә- не қазақтар ара- сында орыс өкі-метінің саясатына қарсы наразылық туды- рушы, сонымен қатар, «Жұм-бақ» атты мысалда ұлы мәр- тебелі императорды қорлай-тын сөздер бар» (ЦГИАЛ, 776 қор, 21 тізбе, 2 бөлім, 249-іс, 1 бет). 1905 жылы Мәскеуде жел- тоқсан көтерілісі болып жат- қанында Оралда бес облыс- тың құрылтайы болып, он-да қазақ конституциялық-демократиялық партиясының құрылғаны мәлім. Осы құ- рылтай жұмысына көрнекті қазақ, татар қоғам қайрат-керлері: Ә.Бөкейхан, А.Бай- тұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ғ.То- қай, А.Бірімжанұлы, Б.Қара-тайұлы, Ш.Қощығұлұлы, М.Тухватуллин, Б.Құлақметұлы, Х.Досмұхамедұлы, М.Тыныш- байұлы және тағы да бас-қа алаш қайраткерлері ба- рып қатысады. 1905 жылғы 25 желтоқсанда Орал қала- сында шығатын қазақ консти-туциялық – демократиялық партиясының органы – «Пікір» газетінде осы құрылтайдың бағдарламасы жарияланады.


XX ғ.б. діни-ағартушы бағыттағы ақын-жазушылар.

1. Нұржан Наушабаев.

2. Мақыш Қалтаев.

3. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев.

4. Шәді Жәңгіров.

Діни-ағартушы бағыттың көрнекті өкілі екендігі. Сегіз қырлы, бір сырлы өнерпаз болғандығы. Жазба әдебиетті қалыптастыруға үлес қосқандығы. «Манзұмат қазақия» (1903), «Алаш» (1910) кітаптарының XX ғ.б. әдебиеттегі орны. Нұржанның Сапарғалимен айтысы негізінде шыққан «Жұмбақ айтысы» (1903) кітабы. Айтыстың жанрлық ерекшелігі. Бұл айтыста ақындар білімінің, ой-өрісі кендігінің көрініс табуы.

Нұржан поэзиясындағы шағын жанрлардың әрқилылығы және молдығы. Назым, Терме, т.б. жанрларда елеулі еңбек еткендігі. Өлеңдерінде тақырып қоймауының сыры мен себептері. Замана қасиеттер, мінез-құлық, тәрбиеге арналған өлеңдері мен әзіл-сықақ өлеңдеріндегі қазақ ауыз әдебиеті дәстүрі, ауыз әдебиеті үлгілері сипатының басымдылығы.

Нұржан «назымдарының» дарынды ақынның өзіндік ізденістері екендігі. Шығармашылығының өнбойына діндарлықтың арқау болғандығы. Көбіне «заман азды» деген ойды өзек етіп, жалпылама дидактикаға ұрынатындығы. Өмір шындығына терең бойлай алмайтындығы. «Манзұмат қазақия» атты кітабында қазақтын шығу тегі туралы ел аузындағы аңыздарды діни қоспалармен өзектес алып, қайшылыққа ұрынуы. Н.Наушабаев шығармалардағы жетістіктер мен кемшіліктер ара салмағы.

Шәді Жәңгіров (1955-1933)

Шығыстың озық үлгісі әдебиетінің назирагөйлік дәстүрін берік ұстанған, шығыс поэзиясындағы белгілі тақырыптар мен сюжеттерді өзінше жырлап, идеясы мен мазмұны тұрғысынан мүлдем жаңа, төл туынды жасаған ақын екендігі. Бұл саладағы шығармаларының («Қисса қырық уәзір» (1911), «Назым Шәһир дәуіріш» (1913), «Қисса Бәлғәм Бағұр» (1910), «Хайбар қиссасы» (1913), «Халифа һәрун Рашит» (1917) т.б.) мән-мазмұны.

Шәдінің өзіндік төл тума шығармалырының («Ресей патшалығында Романов нәсілінен хұқманарлық қылған патшалардың тарихтары, һәм ақтабан щұбырыншылық заманынан бері қарай қазақ халқынын ахуалы» (1912), «Келіннің бетін ашатын терме» (1915), «Хикаят Орақ-Күлше» (1917), «Қарынның жер жұтқан оқиғасы» (1917) т.б. XX ғ.б. әдебиеттегі орны.

Шәдінің күнделікті өмірді, қоғам жайын аз жырлап, өткен өмір мысалдары негізінде жалпы адамгершілікті, ізгілікті насихаттайтын шығармалар жазуы. Оның діни ақындығы шығармаларында ертедегі шығыс әдебиетінде қалыптасқан сопылық сарынның мол болуынан көрініс табуы. Жастайынан ел басындағы ауыртпалықты көріп өскен ақынның өлеңдерінде ел билеген әкімдерді, кей байларға тән дүниеқорлық озбырлықтарды сынап отыруы. Оның «Бөрбас байға», «Отыншы байға», «Бірмолдаға» т.б. өлеңдерінде өмір шындығын көрсетуі. Жалпы алғанда, Шәді шығармашылығының XX ғ.б. әдебиеттегі эпиқалық жанрды өрістетуде ерекше орныны бар екендігі.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931)

XX ғ.б. қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі екені. Мәшһүр Жүсіптің көп жасап, талай тарихи кезеңдерді бастан кешіруі. Өз заманының оқымыстысы болуы. Дін, өнерді қатар алып жүріп, екеуімен елге үлгі-өнеге шашуы. Мәшһүр атануының себеп-салдарлары.

«Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» атты кітабында (1907) өз дәуірінің сипатын суреттеп, көкейтесті мәселелерді көтере білуі. Қай бір мәселе болмасын ел өмірін жете түсінетін ақын ретінде іргешіл ой айтып, әлеуметтік шындық тұрғысынан келетіндігі. Сол тұстағы саяси ахуалды дәл аңғарып, өлеңдерінің қазақтын алдыңғы қатарлы зиялыларының ой-пікірлерімен ұщтасып жатуы. өлеңдерінде ақындық өнерге деген өзіндік көзқарастарының көрініс табуы. «Қазақ жұртының осы күнгі әңгімесі», «Ақ қағаз, қалам сия келетбізге», «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді» т.б. өлеңдеріндегі тарихи оқиғаларға, өнердің адам өміріндегі алар орнына деген нақтылы ой-тұжырымдарының болуы.

«Хал-ахуал» (1907) жинағында замана сипатының бірқыдыру кең суреттелетіні. Ел ішіндегі жағдайды айта отырып, келеңсіз қылықтарды ащы сынауы. Ақынның отршылдықпен ере келген кесірлі сипаттарды аша білуі. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, келеңсіз қылықтарды ащы сынауы. Ақынның отаршылдықпен ере келген кесірлі сипаттарды аша білуі. Өз тұсындағы өмір шындығын шынайы көрсете отырып, жағымсыз образдарды сол ортадан ойып алуы. Өлеңдерінде ел-жұртты аямай сорып отырған билер, әкімдер, байлардың жағымсыз бейнелерін шебер жасауы. «Жалғанда мен өлеңді қылдым ермек», «Сенбе жанның бәрі дос еді деп» атты өлеңдерінің мәні.

Мақыш Қалтаев (1869-1916)М.Қалтаев шығармашылығындағы діншілдік сарынның басымдылығы. Жалпы адамзаттық имандылыққа көбірек үндеуі. Дінді адам жанының рухани тазаруы ретінде ұсынуы. М.Қалтаев XX ғасырдың басында ең көп кітап жазған ақын екендігі.М.Қалтаевтың «Қалтайұлының қазақ ахуалынан бәхас еткен манзұмасы» (1907), «Қазақтын айнасы» (1910), «Біраз ғибрат сөз» (1910), «Насихат қазақия» (1911), «Бар оқиға» (1912), «Тура жол» (1912) атты жинақтарына тән өзіндік ортақ тақырыптар бар екені. Татар ақындары З.Кәрими мен Ғ.Рашидиден аударған «Айна», «Сақ сұқ» өлеңдер жинағындағы төл туындылық белгілер.Діни көзқарас жетегінде бола тұра Мақыштың өз кезінде замана шындығын дұрыс пайымдай білуі. Оның жинақтарына енген өлеңдерінде («Аалотондай адамдар кедей болып» т.б.) әлеуметтік теңсіздікті көре білуі. Ақынның дүние, тіршілікке өз көзқарасын білдіріп, өзіндік ой-пікір қорыта алуы. Шығармаларында алданы сүю, Мұхамметтің үмбеті болу тәрізді діни уағыздарды алға қою басым болуымен қатар, ой астарында өмірдің қиындығына төзу, басымдылығы.