Аудитордың а-ң қорытындылаушы сатысындағы жұмысы... АХС 700
Аудиторлық есепті қаржылық есептіліктің толық құрамына ешқандай есекертусіз берілген түрі халықаралық аудиторлық стандарттары 700 стандарттарында берілген.
Жалпы сипаттағы қаржылық есептілік – жалпы сипаттағы жүйеге сәйкес дайындалған, көпшіліктің мəлімет қажеттілігін қанағаттандыратын қаржылық есептілік.
Жалпы сипаттағы жүйе – Жалпы сипаттағы қаржылық ақпарат бойынша көпшілікті қолданушылардың керегіне сәйкес келуге арнап әзірленген қаржылық есеп жүйесі.Қаржылық есеп беру жүйесі әділ көрсету жүйесі немесе сәйкестік жүйесі болады.
Модификацияланбаған пікір – Аудитор қаржылық есептілік барлық елеулі аспектілерде қолданыстағы қаржылық есеп жүйесіне дайындалғанын қарастырғандағы аудитордың пікірі.
«Әділ көрсету жүйесі» термині жүйенің талаптарына сәйкестікті талап ететін қаржылық есеп жүйесін сипаттайды
Аудитордың мақсаттары мынадай:
i. Алынған аудиторлық дәлелден жасалған қорытындыларды бағалау негізіндегі қаржылық есептілік туралы пікір айту; және
ii. Жазбаша есеп арқылы сонымен қатар пікір негізін анықтайтын пікір анық білдіру.
Аудитор қаржылық есептілікті пікір білдіруге қажетті жеткілікті жəне тиісті аудиторлық дəлелдер алған күннен бұрын көрсетпеуі тиіс. Мысалы:
(a) Қаржылық есептіліктің толық кешені, байланысты жазулар дайын болғандығы; және
(b) Қажетті өкілеттіктері бар тұлғалар оны өз жауапкершіліктерімен растағаны туралы дəлелдерді енгізуі керек.
Аудиторлық есеп ( қорытынды ) қаржылық есептілікті туралы аудиторлық пікірін нақты пікір нақты пікір түрінде беруі керек. 200 халықаралық аудиторлық стандартта аудиторлық мақсаты қаржылық есептілік жөнінде төмендей анықталады:
· Қаржылық есептілік барлық маңыздылық тарапынан қаржылық есептілікті дайындау негізінде сәйкестендіріліп жасалады.
· Осы талаптарға сәйкес ашылып ұсынылғанда аудитордың пікірінің қалыптасуы қаржылық есепілікті нақты және әділ пікір беріп және барлық маңыздылық тарапынан дұрыс анықталғанын білдіру төмендегі тараптарды бағалау негізінде іске асырылады:
· Қаржылық есептілікте көрсетілген тұжырымдар қаржылық есептілікті ұсыну негіздеріне сәйкестендіріп ерекше талаптарға ұсынылғандығы;
· Операциялар топтарына қойған талаптарға сәйкестігі;
· Шоттар сальдосы мен операциялар бойынша.
Осы келтірілген жұмыстың іске асуы үшін төмендегідей талаптарды жүзеге асыру керек:
· Мекеменің қаржылық есептілігін дайындау негізінде сәйкестігі және есептелуі.
Нақты осы жағдайларда қолдану мүмкін:
· Мекеменің басшларымен анықталған есептегі бағалаулар және оларды нақты жағдайларда пайдалану ;
· Қаржылық есептілікте келтірілген ақпараттарды есеп саясатын қоса алғанда түсініктілігін, сенімділігін, орындылығын зерттеу;
· Қаржылық есептіліктің пайдаланушыларға ұсынған ақпараттың толық ашылғандығы және осы мерзімде болған маңызды операциялардың әсерін анықтау мүмкіндігі және олардың қорытынды есептілігіне әсерін анықтау . Аудитор қаржылық есептіліктің дұрыс ұсынылуын толық зерттеуі керек.
Аудиторлық қорытындының мәтініне қойылатын талаптар: құжаттың аты; тапсырылатын адрестері; кіріспе; қаржылық есептілігіне мекеме басшысының жауапкершілігі; Аудитордың жаупкершілігі; Аудитордың пікірі; Есептілік бойынша басқа жауапкершіліктер; Аудитордың қолы; Есептің күні; Аудитордың мекен жайы.
Тәуеслсіз аудитордың есебі деп көрсеткен дұрыс (қорытынды) , бұл аудитордың тәуелсіз екенін, басшылыққа аудит этикасын және стандартарын алғанын көрсетеді.
Жіберілетін адресаттар Қазақстан Республикасы заңдарымен анықталып көрсетілуі мүмкін. Акционерлік қоғам туралы заң, акционерлерге, директорлар кеңесіне, жалпы жиналысқа, листинг жүргізілген жағдайда қаржылық орталығына және т.б.
Мұнда субъектінің аты, қаржылық есептіліктің тексергендегі, сонымен қатар:
· Қаржылық есептіліктің аттары;
· Есеп саясатының маңызды элементтерінің және басқа да түсініктемелері жөнінде қысқаша мәліметтер;
· Тексерілген уақыты, қол қойылған мерзімі.
Аудиторлық есеп мекеме басшыларының жауапкершілігін нақтылап көрсетеді және олардың әділетті қаржылық есептілік жасауға тиістілігін атап қөрсетеді, сонымен қатар:
· Алаяқтықты, қателіктерді, бұрмалаушылықты болдырмайтын ішкі бақылауды жасау, енгізу қажеттігін көрсетеді;
· Есеп саясатын таңдап алып және пайдалану;
· Есептелген бағалаулардың негізділігін.
Аудиторлық жауапкершілігі жөнінде арнайы ақы келтіруші керек, яғни аудитор өзінің білдірген пікірі үшін жауапты, сонымен қатар:
Аудиттің халықаралық аудиторлық стандарттарға сәйкес жүргізгендегі жөнінде. Аудит стандарттарының аудитордың алдына қоятын талаптары:
1) Этикалық талаптарға және оған сәйкес жүргізілуі;
2) Аудит жоспарлауы және оған сәйкес іске асырылуы;
3) Қаржылық есептіліктің маңызды қателерінің жоқтығы туралы саналы сенімділіктің болуы.
Аудиторлық есеп (қорытынды) аудиттің сипаттамасын төмендеуі ақпараттарды көрсету негізінде келтіруі керек:
1) Аудиторлық есеп, аудиторлық тәсілдер негізінде , аудиторлық дәлелдеулерді соммалармен, қаржылық есептіліктің соммаары мен ұсынылымдары бойынша.
2) Аудитордың пайдаланған тәсілдері аудиттің пайымдаулары негізінде анықталғандығы және оған тәуелділікті, маңыздылықты бағалау екендігі көрсетіледі. Қаржылық есептілік аудиттерді ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі туралы өз пікірін көрсетуге керек.
3) Аудит есеп саясатын талдап, оның пайдалануын есептілікті бағалаулардың негізділігі, мекеме басшыларының тұжырымдарының дұрыстығын бағалау және қаржылық есептіліктің жалпы дұрыстығын анықтау.
Аудитордың пікірі:
· Ешқандай ескертусіз пікір, егер қаржылық есептілігін нақты және әділ көзқарас қалыптасып, барлық маңызды аспектілерге қаржылық есептілікті ұсыну талаптарына сәйкес болатын жағдайлар;
· Ескертусіз берілген пікірде аудитор аудиттің есептіліктің барлық маңызды аспектілерге, талаптарға сәйкестігін көрсетіп кетуі қажет.