БХФ құрылымы жəне қызметтері

БХФ басқаруды оның Басқармасы мен Кеңесі жүзеге асырады. БХФ Кеңесі əр ұйым - мүшенің бір өкілінен тұрады. Кеңес мөлшері аз жəне саясат əзірлеу үшін жауап беретін топ болып табылады. Халықаралық бухгалтерлік кəсіп өкілдері ретінде Кеңес мүшелері қоғамдық мүдделерге адал қызмет етуге ант береді. БХФ Тағайындау Комитеті БХФ кеңестерін жəне комитеттерін, БХФ Кеңесі бойынша жəне БХФ-ның өкілдік Президентінің лауазымына талапкерлер бойынша кеңес береді. Осы Комитет өз жұмысында лауазымға ең жақсы тұлғаны таңдап тағайындау қағидатына сүйенеді. Сонымен бірге, Комитет кеңестер мен комитеттер бойынша аймақтық жəне кəсіби өкілеттіктерді, сондай-ақ əртүрлі деңгейлі экономикалық дамудағы елдердің өкілеттіктерін теңестіруге тырысады.

БХФ штаб - пəтері Нью – Йорк Ситиде орналасқан жəне Торонтода, Канадада, Мельборнда, Аустралияда офистері бар. Онда күллі əлемнің бухгалтерлері мен басқа да мамандары жұмыс істейді.

 

№8. Бақылау мақсаты...315 АХС «Субъект және оның ортасының білімі, елеулі бұрмалау тәуекелін бағалау»

Ішкі бақылау – Қаржылық есептіліктің сенімділігіне, әрекеттердің тиімділігіне мен тиістілігіне, сонымен қоса қолданыстағы заңнама мен нормативтік актілерге сәйкестікке қатысты фирманың мақсаттарына жету бойынша ақпараттың дұрыстығын растау үшін басқару өкілеттігіне ие тұлғалар, басшылық пен басқа персонал қуаттайтын ішкі бақылау. «Бақылау» термині ішкі бақылаудың құрамдас бөлімдерінің бірі немесе одан да көп кез келген аспектілерін сипаттауға қолданылады.

ІБЖ ұйымның Директорлар Кеңесімен, басшысымен және жұмыскерлермен жүзеге асырылатын төмендегідей категориялардың дұрыстығын қамтамасыз ету үшін жасалынған: 1. Қаржылық есептіліктің дұрыстығын; 2. ҚР-ның заң құжаттарын, нормативтік актілерінің бұзылмауын; 3. Операциялардың тиімділігін және дұрыстығын қамтамасыз ету үшін.

ІБЖ-нің фундаменталдық концепциялары:

o ІБЖ-нің арнайы ұйымдастырылған жүйе және үрдіс. Ол белгілі бір іс-әрекеттерден тұрады және ұйымның инфрақұрылымымен байланысты. Бірақ, оны топтастырмайды.

o ІБЖ қызметкерлерімен қамтамасыз етіледі. Бұл жүйе тек қана жазбаша, басшылықты қарастырмайды, сонымен қатар, жұмыскерлердің ұйымдастыру деңгейінің әр сатысында іске асырылады және мұнда Директорлар Кеңесі, мекеме басшылары, барлық қызметкерлер тартылған.

o ІБЖ тек қана сапалы сенімді қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар, абсолюттік сенімді қамтамасыз етуге ұмтылады. ІБЖ негізгі талабы – шығындардың одан алынатын пайдадан аспауы керек. ІБЖ алдыға қойылған қосымша мақсаттарды орындауға жұмылдырылған, соның ішінде қаржылық есептілік.

ІБЖ-нің құрамдас бөліктері, қажеттілігі:

1. ІБЖ құрылымы және компоненттері аудит жұмысын жоспарлау үшін қажет;

2. Бақылау тәуекелділігін әр бір шоттар сальдосы үшін операциялардың түрлерінің дұрыс болуы және оларды қаржылық есепте толық ашып көрсету үшін қажет;

3. Маңыздылық тарапынан қаржылық есептіліктің әр бір позициясын тексеру үшін тексеру үшін тексеру тестілерін анықтау үшін қажет.

ІБЖ-нің құрылымын, деңгейін анықтау үшін қажет тәсілдер:

1. Клиентпен бұрыңғы жүргізілетін жұмыстардың қорытындысын талдау;

2. Мекеме басшыларымен, орта деңгейдегі басшыларымен және қызметкерлермен пікір алысу;

3. Құжаттармен және жазулармен танысу;

4. Ұйымның жүргізілген операциялармен және қызметімен танысып бақылау.

ІБЖ ұйымдастырып жүргізгенде, әкімшілік алдына қоятын мақсаттары:

· Сенімді ақпаратты қамтамасыз ету;

· Есеп құжаттары және құрал мен қаражаттың сақталуын қамтамасыз ету;

· Тиімді қызметті қамтамасыз ету;

· Алдын-ала анықталған саясатқа сәйкес жұмыс жүргізу.

2. ІБЖ 3 тармақтардан тұрады:1) Бақылау ортасы; 2) Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесі; 3) Бақылау процедуралары.

Бақылау ортасының құрамы:

· Басқарудың стилі мен негізгі қағидалары

· Ұйымдастыру құрылымы

· Жауапкершілік пен өкілеттілікті бөлу

· Қадр саясаты

· Бухгалтерлік есепті дайындау

· Ішкі есептілікті дайындау.

3. Бақылау процедуралары:

· өздерінің қызметін толық меңгерген міндеттемелері мен өкілеттілігін білетін қызметкерлер;

· қызметті дұрыс бөлу;

· рұқсат беру процедуралары;

· құжаттар мен есептіліктің сәйкестігі;

· қаржылық есептілікті жүргізу тәсілдері;

· қаржылық есептілік пен активтердің нақтылығын немесе барлығын тексеру;

· қызметке тәуелсіз тексеру жүргізу.