Азақсатан Республикасында аудитті нормативтік – құқықтық реттеу
Аудиторлық тексерудің нәтижелері маңызды басқару шешімдерін қабылдауға негіз болады. Сондықтан халықаралық тәжірибеде аудиторлық қызмет тек кәсіби аудиторлық ұйымдармен ғана емес, сондай – ақ мемлекеттік маштабта реттеле алады.
Нормативтік – құқықтық рерреу д/з – бұл, аудиторлық тексеру жүргізу оюьектісінің жұмыс істеуін заңда, нормативтік құжаттарда, ережелерде (ішкі тәртіп, міндеттерді бөлу және т.б) қарастырылған нормалар мен ережелерге қатысты зеттеу /12, 203 - б/. 250 «қаржылық қортынды есепке аудит өткізу кезінде заңдар мен нормативтік актілерді қарасытру» деп аталады. Халықаралық аудит стандартында былай делінген «Жалпы түсінік алу үшіе аудитор кейбір заңдар мен нормативтік актілер субъектінің қызметіне зор ықпал ете алатындығын мойындауға тиісті. Субъект қызметінің белгілі бір заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қызметін тоқтауға немесе субъектінің үздіксіз қызметін жалғасытру қабілетін күмәнға айналуына алып келуі мүмкін. Мысалы ондай ықпал ету субъектінің лицензиясында немесе оның қызметін жүзеге асыруға берілген басқа рұқсатқағаздарына көрестілген талаптарға сәйкес келмеген кезде мүмкін болады.» /13/. Демек, кәсіпорының қызметінің заңдарға және нормативтік актілерге сәйкес келмеуі оның қаржылық қортынды есебіне маңызды әсер етуі мүмкіндеп пайымдау керек. Бұл жерде бухгалтерлік есепті жүргізуден әдейі бас тарту, жалған құжаттарыд салып қою, сөз байласулардың салдарынан елеулі бұрмалаушылықтар орын алуы мүмкін.
ҚР аудиторлық нормативтік реттеу жүйесіне төмендегі заңдық және нормативтік құжаттар кіреді.
1. ҚР «Аудиторлық турыл заң»
2. Қ.Р «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекс
3. ҚР қылмыстық кодексі
4. ҚР азаматтық кодексі
5.«ҚР банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңы.
6.ҚР –ның «Сақтандыру қызметі туралы» заң
7.ҚР – ның «ҚР- ғы инвестициялық қорлар туралы» заң
8.ҚР – ның «Табиғи монополиялар туралы» заң
9.ҚР –ның «Шетелдік инвесторлар туралы» заң
10.ҚР –ның «Акционерлік қоғамдар туралы» заң
11.ҚР – ның «Лицензиялау туралы» заң
12.ҚР –ның «Жаупкершілігі шектелулі және қосымша жуапкершілікті серіктестіктер туралы» заң
13.Аудиторлар палатасының Республикалық коференциясында 2000 жылы қабылданған екі томдық Қазақстан Халықаралық аудит стандарттары.
14.ҚР үкіметі «Аудиторлық қызметті лицензиялау ережелерін бекіту туралы» қаулысы
15.ҚР Ұлтық Банкі басқармасының «банктерде, сақтандыру ұйымдарында аудит өткізуге лицензия беру жөніндегі өтінішке тіркелген құжаттар тізіміне жіне өтініш берушіге қойылатын талаптар жөніндегі Ереже нұсқауларды бекіту турылы» қаулысы
16.ҚР Қаржы министірлігі «Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу және бюджетке төлеу тәртібі туралы» ереже – нұсқау
17.Аудиторлар палатасының республикалық конференциясында бекітілген «ҚР аудиторларын аттестациялау бойынша мемлекттік емес мекеме – Біліктілік комиссиясы туралы» ереже.
«аудиторлық қызмет туралы» заңы ҚР аудиторлық қызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдардың,заңды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Ол 6 тарамақтан және 25 баптан турады,
1 – тармақ. Жалпы ережелер (1 – 4 баптар)
2 – тармақ. Аудитор, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар платасы (5 – 8 баптар)
3 – тармақ. Аудитрорлыққа кандидаттарды аттестциялау және аудиторлық қызметті лицегзиялау (9 -13 баптар)
4- тармақ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14 -16)
5 – тармақ. Аудиторлар мен аудиторлық ұймдардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (17 - 20)
6 тамақ. Аудиттелінетін субъектілердің құқықтары, міндеттері және жаупкершіліктері. (21 -25)
Аудиторлық жауапкершілік:азаматтық – құқықтық, әкімшілік, қылмыстық.
Азаматтық құқықтық жауапкершілік – егер клиенттің зиян шегуіне әкеліп соқтырған, квалификациясыз аудиторлық тексеру жүргізу орны алса, онда сот шешімінің негізінде аудиторлық фирмадан төмендегілер өндіріліп алынуы мүмкін:клиенттің шеккен зияны толық мөлшерде, қайта тексеру жүргізуге шығарылған шығыстар. Қылмыстық жауапкершілік –қылмыстық кодекстің 229 – бабына сондай –ақ, аудиторды өз қызметінің міндеттеріне қарамастан жеке басы н/е басқа тұлға, не болмаса ұйым үшін пайда табу ж/е артықшылық болумақсатымен өзінің өкілеттілігін асыра пайдаланғаны үшін, сөйтіп басқа тұлғаларға н/е ұйымдарға зиян келтіргені үшін, егер олардың бұл іс - әрекеті азаматтардың н/е ұйымдардың заңды мүдделеріне ж/е құқықтарына не болмаса заңмен қорғалатын қоғамның н/е мем-ң мүдделеріне елеулі зиян келтірілген болса, жазалау шаралары қарастырылады.әкімшілік жауапкершілік.Аудит – қызметтің лицензияланатын түрі, сондықтан оның «лицензиялау туралы» заңға сәйкес жаупкершілігі бар. Аталмыш заңда аудиторлық қызметті тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жаупкершілік, сонымен бірге лицензиясыз қызметті жүзеге асырудан алған табысты бюджеттке алу түріндегі материалдық жаупкершілік қарастырылған. лицензия беруші орган төмендегі жағдайларда лицензия қызметін тоқтата алады: егер мем-к қадағалаушы н/е бақылаушы органдар лицензия алушының лицензиялық талаптар мен шарттарды бұғандығын анықтаған болса. Егер лицензия алушы жіберілген қателерді (бұзушылықтарды) жою жөніндегі лицензия берушінің талаптарын орындамаса. Лицензия алушы лицензиялық алымды белгіленген мерзімнің ішінде төлемеген жағдайда, сондай – ақ, заңды тұлғаның қызметт тоқтатылған жағдайда лицензия өзінің заңдық күшін жоғалтады ж/е жойылған болып есептелінеді.