Аудиторлық тәуекелді бағалау

Аудиторлық тәуекел –аудит аяқталып, аудиторлық оң пікір айтылып қойғаннан кейін қаржылық есептілікте маңызды қателіктер болуы мүмкін мойындауға даярлық шараларын білдіретін аудитордың кәсіпкерлік тәуекелі. Басқа сөзбен айтқанда, аудиторлық тәуекел – аудит өз мойнына алуға даяр субъективті белгіленген тәуекел деңгейі. Егер аудитор өзі үшін аудиторлық тәуекелдіктің аз деңгейін бнлгілесе, бұл оның қаржылық есептілікте маңызды қателер жоқ деген үлкен сенімділікке ұмтылысын білдіреді.

Аудитор клиентті зерттеп, тәуекел деңгейіне әсер етуші факторлардың әрқайсысының мәнін бағалауы керек. Аудит аяқталғаннан кейін де қаржылық есептілікте маңызды қателер болуы мүмкіндігін жоққа шығармай, аудитор зерттеу және факторларды бағалау негізінде субъективті түрде тәуекел деңгейін белгілейді. Тексеріс барысында аулитор клиент жайлы қосымша ақпараттар алып, өзінің аудиторлық тәуекел деңгейі туралы бағасын өзгертуі мүмкін.

Аудиторлық тәуекел аудиторлық ұйымдар бизнесіндегі тәуекел болып есептеледі, сондықтан оның шамасы оның аудиторлық қызмет көрсету нарығындағы жағдайын көрсетеді. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін аудиторлық тәуекел деңгейін төмендету керек.

Аудитті жүргізудің жалпы қабылданған әдістері, пайдаланушының күтуі және бизнесті жүргізу практикасы аудитордың процедураны “қаржылық есеп беру бойынша пікірі шындыққа сәйкес келмейді” деген минималды тәуекелмен білдіретіндей жоспарлауы мен орындалуын талап етеді.

Егер аудитор өзі үшін аудиторлық тәуекелдіктің кіші деңгейін анықтаса, бұл оның қаржылық есеп беруде елеулі қателіктер жоқ деген үлкен сенімділікке ұмтылатындығын көрсетеді. Нольдік тәуекелдік жүз пайыздық тәуекел абсолюттік сенімсіздік абсолютті сенімділікті білдірер еді. Тәуекелдік дәрежесі нольмен бірлік (0-ден 100 %-ға дейін) арасындағы диапазонда ауытқуы мүмкін, бірақ осы мәндер не жоғары не төмен болмайды. Қаржылық есеп беру дәлділігінің толық кепілдігі (нольдік тәуекел) экономикалық тұрғыдан тиімсіз. Сондықтан аудитор қателер мен қателіктер абсолютті түрде жоқ деген кепілдеме бере алмайды.

400 “Тәуекелділікті бағалау және ішкі бақылау” ХАС-ында тәуекелдікке анықтама берілген. “аудиторлық тәуекелдік – қаржылық есеп беру елеулі бұрмаланған жағдайда, аудитор сәйкес келмейтін аудиторлық қорытынды береді дегенді білдіреді”. Аудиторлық тәуекелдік үш компоненті бар: бөлінбейтін тәуекелділік, бақылау тәуекелділігі, айқындамау тәуекелділігі.

Бөлінбейтін тәуекел рұқсат етілетін шамадан асатын, ішкі бақылаудың жағдайы мен тиімділігін тексергенге дейінгі қателер болу ықтималдығын білдіреді. Бөлінбейтін тәуекелді бақылау кезінде аудитордың шешіміне көптеген факторлар өз әсерін тигізеді. Мысалы, қаржылық есептілік деңгейінде оған жататындар:

Ø субъект басшылығының адалдығы;

Ø субъект басшылығының тәжірибесі мен білімі;

Ø субъект басшылығына ерекше қысым жасау;

Ø субъект бизнесінің сипаты;

Ø субъект өз қызметін жүзеге асыратын салаға әсер етуші факторлар.

«Қаржылық есептілік аудитін реттейтін мақсат пен жалпы принциптер» 200 ХАС-ында «бақылау тәуекелі – бекіту кезінде пайда болуы мүмкін және не жеке-жеке немесе басқа бұрмалаулармен жиынтықта маңызды болатын бұрмалаулардың дер кезінде алдын алмау немесе субъектінің ішкі бақылауымен табылып, түзетілмеу тәуекелі» делінген. Бұл тәуекел қаржылық есмептілік даярлауға байланысты субъекті мақсатының жетістіктеріне ішкі бақылау жасау мен қызмет етуінің тиімділігіне тәуелді. Кейбір бақыла тәуекелдері ішкі бақылауға тән шектеулер себебінен әрқашан болып тұрады.

Бақылау тәуекелі пайызбен өлшенеді, ал сенімділік көрсеткіші тәуекел мәнін 100%-дан шегеру арқылы табылады, егер тәуекел бірлік үлесімен өлшенетін болса, 0,35 (35%) бақылау тәуекеліне 0,65 (65%)-ға тең бақылау сенімділігінің құралы сәйкес келеді, яғни бақылау құралының жоғары сенімділігіне төмен тәуекел, орташа сенімділігіне – орташа тәуекел, төмен сенімділігіне – жоғары тәуекел сай келеді.

Бақылау тәуекелі дегеніміз – аудитор клиенттік бухгалтерлік есебі мен ішкі бақылауы жүйесінің тиімділігіне басшылық ішкі бақылаудың барабар жүйесіне қолдау көрсету қатынасын бағалау қабілеттілігі көзқарасы тұрғысынан баға беруі. Егер әкімшілік бұл мәселеге тиісінше мән бермесе, бақылау тәуекелінің үлкен шамасы белгіленеді. Ал әкімшілік бухгалтерлік есеп пен ішкі бақылау жүйесі тиімділігінің маңызын түсінетін болса, аудитор тәуекел көлемін азайтады. Бұл жүйелер тиімділігі жоғары болған сайын, бақылау тәуекелінің деңгейі төмен болады.

Таба алмау (айқындамау) тәуекелі – бұл жиынтығында дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтердің елеулі көлемде жиналуы және оларды аудитор талдамалық рәсімдер кезінде де, мән бойынша жан-жақты тексеру кезіде де байқамай қалуы мүмкін деген болжам. Олар бір-бірін толықтырғандықтан, олардың бірінің нәтижесінде туындаған сенімділік, аудитордың басқа тексеру нәтижесінде алатын кепілдеме қажеттілігінің пропорционалды азайтады. Аудитор “мән немесе талдамалық рәсімдер бойынша ешқандай жан-жақты тексерулер жүргізбейді” деп болжайық. Егер қаржылық есептерде қате болса, оның байқалмай қалуы анық. Сонымен бірге мән бойынша жан-жақты тестер орындалып, талдамалы рәсімдер жүргізілсе, онда талдамалық рәсімдердің елеулі жиынтық қателерді байқамауы 40%тәуекелге, оларды жан-жақты тестер табуы 20%тәуекелге, ешбір рәсімнің байқамай қалуы олардың туындысына тең болады. Қаржылық есептерде дәл емес немесе дұрыс емес мәліметтерді аудитиор байқамай қалуы үшін, мән бойынша жан-жақты тексерулер, не талдамалық рәсімдер олар таппауы керек.

Бәсеке, құқықтық міндеттемелер, басқа шаралар мен кәсіпқойлық бірдей жағдайларда аудиторлық тәуекелдікті бағалау айырмашылығын төмендетуге мүмкіндік береді. Бірақ түрлі аудиторлар тең жағдайларда аудиторлық тәуекелдіктің абсолютті бірдей деңгейін орната алмайтындығын мойындау керек. Аудиторлық тәуекелдік пен айқындамау тәуекелдігі арасында тікелей тәуекелдік, сонымен бірге аудиторлық тәуекелдік пен жинақталуы қажет дәлелдеулердің жоспарланғансаны арасында кері тәуекелдік бар.

 

№13. А-лық тексерудің іріктелген әдісі. 530 АХС «А-қ тәуекел үлгісін мазмұндау...»

530 "Аудиторлық сұрыптау" деп аталатын Халықаралық аудит стандарты іріктеудің жиынтығы бойынша қорытынды жасау мақсатында тандап алынған баптардың кейбіреулеріне қатысты аудиторға дәлелдеулер алуға және оларды бағалауға мүмкіндік беретін шоттың қалдығы немесе операцияның тобы шеңберінде 100 %-дан төмен баптарғақ атысты аудиторлық процедураларды қолдану ретінде іріктеуді анықтайды.

Іріктеу тәуекелдігі. Іріктеу кезінде мәліметтер жиынтығының барлық баптарын аудитор тексермейтін болғандықтан, ол мәліметтердің барлық. жиынтығын зерттеу нәтижесшде жасалуы мүмкін қорытындыдан айырмашылығы бар қорытынды жасау тәуекелдігі болады. Бүл - іріктеу тәуекелдігі болып табылады.

Аудитор жоспарлау, таңдау (іріктеу), үлгілерді тестілеу және мәліметтердің өз жиынтығына тән көрсеткіш болып табылатындығына және іріктеу тәуекелдігі қолайлы деңгейге дейін төмендейтіндігіне тиісті дәрежеде сенімді болу үшін нәтижелерді бағалау кезінде ұтымды негізді пайдалануға тиісті.

Статистикалық және статистикалық емес іріктеу. Статистикалық' іріктеу кезінде мәліметтер жиынтығы бойынша таңдау жасау үшін ықтималдық теориясы сияқгы математикалық процедуралар қолданылады. Статистикалық емес іріктеу кезінде негізгі әдіс аудитордың пікірі болып табылады. Фирманың тәжірибесінде статистикалық және статистикалық емес іріктеулер құрамдастырыла пайдаланылады. Бірақ, аудиторлар ой-пікірді статистикалық іріктеу кезінде қолдануды шектемейтіндігін байқап қарау керек. Себебі ой-пікір маңыздылық деңгейін анықтау үшін қажет.

Іріктеп (ішінара) тексеру жүргізудің негізгі кезеңдері:

• іріктеуді жоспарлау;

• іріктеу үлгілерін тандап алу;

• іріктеу үлгілерін бағалау.

Аудиторлық іріктеудің көлемі мен кұрылымын жоспарлау кезінде аудиторлар аудиттің ерекше мақсатын, үлгілер алынатын мэліметтер. жиынтығын, олардың көлемі мен алу әдістерін назарға алуға тиісті.

Іріктеудің әрбір бабы бойынша аудиторлық процедура өткізгеннен кейін аудитор:

• үлгіден табылған кателерді таддауға тиісті;

• іріктеу тәуекелдігіне кайта бағалау жасауға тиісті. Статистикалық іріктеуеркін таңдауды қолдануды және іріктеу көлемін анықтау, оның нәтижелерін сандық бағалау мен тәуекелдікті өлшеу үшін ықтималдық теориясын пайдалануды талап етеді.

Статистикалық іріктеуді пайдалану үшін қажетті шарттар:

а) тексерілетін мәліметтер жиынтығы біртекті болуға тиісті, яғни, ол бір деңгейдегі аудиторлық тәуекелдікке тап болған бір түрдегі баптардан тұруға тиісті. Бүл статистика теориясын дұрыс пайдалану үшін кажет.

ә) мәліметтер жиынтығы мейлінше үлкен болуға тиісті, олай болмаса бүл әдісті пайдаланудан ешқандай пайда алу мүмкін болмайды.

б) ұсынылатын қателердің деңгейі төмен болуы керек, басқаша айтқанда, бақылаушы тәуекелдікті бәрінен бүрын аудитор жоғары емес төмен деп бағалауға тиісті.

в) мәліметгер жиынтығының баптары тандалып алынғаннан кейін. анықтауға бірден берілуге тиісті, себебі ол сол баптарға тексеру жүргізуді жеңілдетеді.

Дәлелдемелерді алу үшін аудитор келесі процедураларды қолдану қажет:

a) Тексеру;

b) Бақылау;

c) Сұрау мен растау;

d) Есептеу;

e) Аналитикалық процедуралар

Тексеру– бұл материалдық активтер,жазбаларды,құжаттарды тексеру. Жазбаларды мен құжаттарды тексеру дәлелдемелердің әр түрлі сенім деңгейін қамтамасыз етеді, сондай-ақ олардың сипаттамасы, көздері және ішкі бақылау тиімділігіне тәуелді болып келеді. Құжаттық дәлелдемелердің 3 түрі болады және ол аудиторға әр түрлі сенім деңгейін қамтамасыз етеді:

1. үшінші тараппен құрылған және бар құжаттық дәлелдемелер;

2. үшінші тараппен құрылған, бірақ клиентте бар құжаттық дәлелдемелер;

3. клиентпен құрылған және бар құжаттық дәлелдемелер.

Активтерді тексеру активтерді растайтын сенімді дәлелдемелерді қамтамасыз етеді, бірақ оларды меншікке алу мен құнына құқығы қажет емес.

Бақылау – бұл аудитордың басқа тараптардың жұмыстарын атқару процестері мен процедураларын бақылау қабілеттілігі(аудитор клиенттің өз қызметкерлерінің тауарлы материалдық құндылықтар есебін қалай жүргізіп отырғанын бақылай алады )

Сұрау - бұл ақпаратты мағлұматты тұлғалардан клиенттiң шегінде iздестiру болып табылады. Сұраулар ішіне мыналарды кірістіреді: үшінші тарапқа бағытталған ресми,жазба сұраулар; клиенттің өз тараптарына бағытталған бейресми ауызша сұраулар. Сұрауларға жауаптар аудиторда болмаған дәлелдемелерді растайтын ақпараттарды қамтамасыз етілуі мүмкін.

Растау – есептік жазбаларда бар ақпараттарды растау үшін қойылған сұрақтардың жауаптарын көрсетеді(мысалы, дебиторлардан дебиторлық берешектері туралы жауаптарды растау)

Есептеу – бұл бастапқы құжаттардың және есепті жазбалардың арифметикалық дұрыстығын тексеру немесе тәуелсіз есептемелерді жүргізу болып табылады.

Аналитикалық процедуралар – бұл қажетті коэфициенттер мен тенденциялардың талдауы.

530-ХАС мақсаты – аудиторлық таңдамалы процедураларын орындау және тестік дәлелдеулерді жинау мақсаты үшін баптарды іріктеудің басқа да әдістері бойынша стандарттарды орналастыру және аудит басқармасына ұсыну.

Аудитор процедураларды жасағанда баптарды іріктеу әдістерін анықтау қажет, ол бойынша дәлелдеулерді алу мақсатында тест өткізіледі.

Аудиторлық іріктеме – 100% бап сальда шоты шегінде немесе шаруашылық операцияға қарағанда бұл процедуралар қатынасы аз, себебі іріктеменің барлық бірліктерінің іріктец процесіне қатысуы үшін. Бұл аудиторда қорытынды жасау мақсатында іріктелген кейбір баптар дәлелдеулерін бағалауға және алуға мүмкіндік береді.

Аудиторлық іріктеме не статистикалық не статистикалық емес іріктеме тәсілін қолдана алады.

Жиынтық – бұл балық берілгендер жиыны, осылардан аудитор қорытынды жасау үшін іріктеме жүргізеді. Жиынтық страта және подсовокупность деп бөлінеді мұнда әр страта бөлек тексеріледі “Жиынтық” термині өзіне “страта” түсінігін қосады.

Іріктеу тәуекелі пайда болады аудитор қорытындысында айырмашылығында мүмкін, қорытындысынды жиынтық іріктемесінің барлығына аудиторлық процедураларды қолданудағы қорытындыда.

Іріктеме тәуекелінің 2 түрі бар:

1) тәуекел құрылымы – негізгі бақылау тәуекелінен төмен немесе баршаға белгілі қателіктің жоқтығында, негізінде бұл қателіктің бар болуы. Берілген тәуекел түрі аудит әсері бар және аудиторлыөқ есептілікті құруда сәйкессіздікті жоғарлатады;

2) аудитор қорытынды тәуекелінің құрылымы – бақылау тәуекелінің негізгісінен жоғары және біршама қателіктің бар болуы, бірақ негізінде ол жоқ. Берілген тәуекел түрі аудит рациналдығына және бастапқы түрелерінің дұрыс еместігін анықтау үшін қосымша жұмыстарды орындау әсері бар.

Іріктеме бірлігі – бұл жиынтықты құрайтын бөлек баптар (чектер банктік есептен шығару бойынша кредиттік проводкалар счетфактуралар дебиторлық, берек сальдосы және ақшалай бірлік)

Статистикалық іріктіме – бұл іріктеме жүргізуге тәсіл болып табылады. Ол келесідей қасиеттерге ие:

А) іріктеу үшін кездей соқ баптарды таңдау;

Б) қорытынды баға іріктемесі үшін ықтималдылық теориясы қолданылады. Іріктемені өткізуде жоғары да аталған қасиеттке ие емес тәсіл, статистикалық емес іріктеме ретінде қаралады.

Статификация – бұл іріктемені бөлек іріктеме топтарына бөлу процесі, олардың әр қайсысы ұқсас қасиеттері бар бірлік топтар іріктемесін құрайды.

Жіберілетін қатерлік – бұл аудитор қабылдауға келісім беретін жинақтық іріктемедегі максималдық қателіқ.

 

№14. Жұмыс құжаттарын дайындау мақсаты. 230 АХС «Аудиторлық құжаттама»

Аудиторлық жұмыс құжаттарының негізгі мақсаты – ұйыммен алынған ақпараттарды аудиторлық іс-құжаттарына түсіріп, дәлел ретінде пайдалану. Аудит құжаттарын дайындау стилі әр түрлі,бірақ оған қойылатын талаптар бірдей.

1. Аудиторлық дәлелдеулерді қамтамасыз ету және аудиттің халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізілгендігін көрсету.

2. Халықаралық аудит стандарттары бойынша құжаттар деп, аудитордың өзінің осы аудит үшін жасайтын және белгіленген мерзіге сақтауға тиісті құжаттарды айтады. Бұл құжаттар қағазда электронды түрде,фотопленкада немесе басқа түрде болуы мүмкін.

3. Аудит жұмысын жоспарлау үшін жоспарға байланысты жүргізілгендігін дәлелдеу үшін және аудит жұмысының қорытындысын дайындаудың негізі болуы үшін дайындалады.

4. Кейінгі аудиторлық тексерулерге, қайта аудиторлық тексерулерге,үшінші жақтың түбегейлі шолу жасауға қажеттілігі

Аудит дәлелдеулерін, егер құжат болмаған жағдайда аудитор өзіне жауапкершілік алады. Себебі келтірілген қорытынды дәлелдеулермен қамтамасыз етілуі керек. Аудиторлық құжаттар пайдаланған әдістемелер бойынша толық ойластырылған дәйекті және ұқыпты толтырылған құжаттардың тұруы қажет.

Дұрыс жасалған аудиторлық құжаттар аудит жұмысын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ол үшін аудит құжаттары аудиторлық ұйымға бір типке кетріліп, әрбір тексеру бағытында жасалып қою керек. Мұндай жасалынған құжаттар аудит пікірін және қорытынды қалыптастыруға көмек береді. Аудит құжаттарының бірінші деңгейінде аудиторлық жоспарлау және аудит бағдарламасы жасалынады. Аудит құжаттары екіге бөлінеді: 1. Тұрақты аудит құжаттары, 2 Ағымдағы аудит құжаттары

Тұрақты аудит құжаттарына ұзақ уақытқа сақталатын және жиі өзгеріп тұратын құжаттар жатады. Олар:1)құрылтай құжаттары;2) мекеменің есеп саясаты.

2.Аудит құжаттарына қойылатын талаптар халықаралық стандартта көрсетілген. Халықаралық аудит өркениетті мемлекеттерде әр елдің қойған мақсат мүддесін және ол елдерде аудиттің дамуы тарихы мол болғанды,ынан, бір жүйеге келтірілген.

230 АХС талаптар және өзге байланысты ерекше талаптарына сәйкес келетін аудиторлық құжаттар:

(a) Aудитордың жалпы сипаттағы мақсаттарына жету бойынша тұжырымдаманың аудиторлық негіздемесі туралы дәлелдеме;[1] және

(b) Аудит АХС-қа жəне бекітілген заңдық жəне құқықтық, реттеуші талаптарға сəйкес жүргізілген деген дəлелдемелер.

Осы мақсаттарға толықтыру ретінде аудиторлық құжаттар құрамына төмендегілер кіретін кейбір өзге мақсаттарға қол жеткізудің құралы болып табылады:

· Аудиторлық команданың аудитті жоспарлауы мен орындауына ықпалын тигізу;

· Қадағалау үшін жауапты болып табылатын аудиторлық команданың мүшелеріне аудиторлық жұмыстарды бағыттап отыру мен бақылап отыруға, сондай-ақ олардың шолу бойынша жауапкершілігін 220 АХС сəйкес орындауына ықпал ету;

· Аудиторлық команданың өз жұмысына деген жауапкершілігін қамтамасыз ету;

· Келешектегі аудиттер үшін өзінің мағыналығын сақтайтын мəселелер жөніндегі жазбаларды сақтап қою;

· 1 СБХС-ы және кем дегенде қатаң болып келетін ұлттық талаптарға сəйкес сапаны бақылауға шолу мен тексеру жүргізілуін қамтамасыз ету;

· Заңдық, құқықтық, реттеуші жəне өзге талаптарға сəйкес сыртқы инспекциялауды жүргізуін қамтамасыз ету.

Мақсаты

· Аудитор аудиторлық құжаттарды дер кезінде əзірлеп қоюға тиіс, оларда төмендегідей ақпарат ұсынылады:

· (а) Аудиторлық есепке негіздеме беру үшін жеткілікті жəне соған сəйкес болатындай жазбалар; жəне

· (b) Аудит АХС-қа жəне бекітілген заңдық жəне құқықтық, реттеуші талаптарға сəйкес жүргізілген деген дəлелдемелер.

«Аудиторлық құжаттар» – жүргізілген аудиторлық рəсімдердің, аудитордың қол жетерлік аудиторлық дəлелдемелерінің, қорытындылардың жазбалары (кейде жұмыстық құжаттар термині қолданылады).

Аудиторлық файл — Құжатты және электронды түрде аудиторлық жазбалардың папкалары немесе басқа ақпараттық сақтаушылары.

«Тəжірибелі аудитор» төмендегі мәселелерді жеткілікті дəрежеде түсініп білетін тұлға:

(і) аудит процесін,

(іі) АХС пен қолданылатын заңнамалық талаптар,

(ііі) бизнес-ортаны, жəне

(іv) субъектінің саласымен қатысты аудиторлық жəне қаржылық есеп мəселелерін.

Аудиторлық құжаттардың нысаны, мазмұны

Аудиторлық құжаттардың нысаны, мазмұны мен ауқымы төмендегі факторларға байланысты болып келеді:

· (a) өздерін орындау қажет болатын аудиторлық рəсімдердің сипаты;

· (b) аудитті кім орындады және сондай жұмыс аяқталған күні; және

· (c) аудитке қатысы бар орындалған жұмысты және сондай шолу күні мен деңгейін кім тексерген.

Аудиторлық құжаттардың нысаны, мазмұны мен ауқымы төмендегі факторларға байланысты болып келеді:

· Субъекттің мөлшері мен күрделілігі.

· Өздерін орындау қажет болатын аудиторлық рəсімдердің сипаты.

· Елеулі дəрежедегі бұрмаланулардың анықталған тəуекелдері.

· Алынған аудиторлық дəлелдемелердің елеулігі.

· Анықталған айрықшалардың сипаты мен ауқымы.

· Өзін орындалған жұмыс құжаттамасының немесе алынған аудиторлық дəлелдемелердің негізінде əлі құрастыру мүмкін болмайтын қорытындыны немесе қорытындыға арналған негізді құжат түрінде ресімдеудің қажеттігі.

· Қолданылатын аудиторлық əдіснама мен əдістер.

Аудиторлық құжаттар қағаз, электронды немесе өзге түрдегі тасымалдауыштарда берілген деректер түрінде ұсынылуы мүмкін. Мәселен: Аудиторлық бағдарламалар, Талдаулар, Мəселелердің меморандумдары, Елеулі мəселелерге қатысты шолулар, Растау құжаттары мен ұсынымдар, Бақылау парақтары, Елеулі мəселелер бойынша корреспонденция (e-mail қоса алғанда).

Аудитор аудиторлық құжаттама бөлігі ретінде субъекттің жазулардың көшірмесін (мәселен, елеулі және айрықша келісімдер мен келісім-хаттарды қоса алғанда) қамтуы мүмкін. Алайда, аудиторлық құжаттама субъекттің бухгалтерлік жазуларды негіздмесін бола алмайды.