Азақстанда аудитті пайда болуы және қалыптасуы
ҚАЗАҚСТАНДАаудиттің дамуы 1990 жылдың 15 ақпанында Қазак ССР Министрлер Кеңесінің қабылдаған № 60 Қаулысының негізінде қаржы Министрлігінің жанында шаруашылық есептегі өзінің территориялық бөлімшелері бар "Қазақстанаудит" аудиторлық орталығының құрылуынан басталады.Ал 1992 жылдан бұл орталықтың негізінде ірі акционерлік компания құрылыған болатын. Осы аудиторлық орталық қазақстан аудиторлық қызметінің негізін құрып, оның өркендеуіне басты себепкер болды. Қазақстандағы аудиттің дамуына басты әсерін тигізген 1993 ж.18 қазанында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Советімен Қазақстан Республикасының " Қазақстан Республикасында аудиторлық қызмет туралы" заңының қабылдануы. Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтерді реттеу және жүргізу мәсеслерімен қатар оның ұйымдастырылу жүйесін, аудиторларды аттестациялау талаптары мен шарттарын, аудитті жүргізу және басқа да аудиторлық қызметтер көрсету,аудиторлардың құқықтары мен міндеттері, аудиторлық жауапкершілік және оның қоғамдық ұйымдарын анықтады. Аудиторлық қызметтің әрі қарай дамуына әсер еткен 1998 ж. 20 қарашада қабылданған № 304-I ҚРЗ "Аудиторлық кызмет туралы" заңы.Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық кызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдар, заңды және жеке тұлғалар , аудиторлар мен аудиторлық ұйымдар арасындағы туындайтын қатынастарды реттесе 15 қаңтар 2001 ж. қабылданған "Аудиторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Заңы оның әрі қарай дамуына жол ашып, көптеген түсініктер нақтыланып, негізгі халықаралық аудит талаптарына сәйекстендірілді.
Қазақстан Республикасында аудиторларды (жеке және заңды тұлғаларды) Казақстанның аудиторлар Палатасы біріктіреді. Казақстанның аудиторлар Палатасы 1993 ж.қазанынан бастап комерциялық емес, тәуелсіз, кәсіби, өзін өзі басқаратын және қаржыландыратын ұйым ретінде құрылған. Ол заңды тұлға және өз жұмысын оның мүшелерінің жалпы жиналысында қабылданған жарғының негізіңде жүргізеді. Казақстанның аудиторлар Палатасы 2000 ж.май айында СНГ мемлекетттерінің ішінде бірінші болып Халықаралық бухгалтерлер федерациясына (IFAC) мүше болып қабылданды. IFAC -тың құрамына тек кәсіпкерлер ұйымы ғана қабылданады.
IFAC -тың алдында тұрған негізгі мақсат -ол бухгалтерлердің ұйымына олардың мамандық біліктілік деңгейін ұдайы жетілдіріп отыруға жан жақты көмек көрсету. IFAC-тың құрамына кіру, біріншіден, халықаралық бухгалтерлер мен аудиторлар қауымдастығына мүше болып, бухгалтерлік есепті халықаралық талаптарға сәйкес жүргізу болса, екіншіден Казақстанның аудиторлар Палатасының халықаралық деңгейін бағалау және осы уақыт ішіндегі жүргізілген жұмыстардың нәтижесі болып табылады.
Біздің елімізде аудит дамуы 1987 жылы «Инаудит» акционерлік қоғамы пайда болуынан басталады. Ол КСРО Министрлер Кеңесінің арнайы қаулысына сай құрылған. Оның құрылуы елімізде аудитты арықарай дамытуға зор ықпал етті. Шаруашылық есептегі ревизиялық топтармен салыстырғанда жоғары ұйымдық-құқықтық нысанаға ие болғанымен фирма мемлекеттік бақылау органы базасында құрылды, ал құрылтайшылары одақ министрліктері болды.
Бірегей құрылым ретінде «Инаудит» сақталмады, ол бірнеше жеке аудиторлық фирмаларын құруға және басқаруға мүмкіндік туған кәсіпқой мамандар мен нағыз көш бастаушылардың көп істеуінде болды.
1989-1993 жылдары КСРО-дағы аудиторлық қызмет туралы заң актілерін қабылдауға ұмтылыс жасалды. Бұл кезеңде елде көптеген коммерциялық ұйымдар, оның ішінде аудиторлық фирмалар пайда болды. Соңғылары жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер ретінде тіркелді. 1989 жылы ҚазССР-ының Қаржы министрлігінің бақылауревизиялық басқармасы жанында шаруашылық есептегі ревизиялық топ құрылды. Содан соң оның базасында 1990 жылы үкімет шешімімен алғашқы «Шаруашылық есептегі аудиторлық орталық» аудиторлық фирмасы мен оның аумақтық бөлімшелері ұйымдастырылды. Жинақталған тәжірибе, тұрақты түрде өскен аудиторлық қызмет көрсету, қандай да бір дәрежеде әлемдік аудиторлық практика ұсынымы 1992 жылы шаруашылық есептегі орталықты «Қазақстан-аудит» тәуелсіз акционелік аудиторлық компаниясына айналдыруға мүмкіндік берді. Ол республикадағы аудиторлық қызымет көрсету жөніндегі, меншіктің жеке нысанына негізделген және аудитты үкімет атынан жүргізу құқығы бар лицензияға ие бірінші тәуелсіз кәсіби компания болып табылды.
Қазақстанда аудиттың қалыптасуы мен оның кең танымал болуына «Қазақстан-аудиттың» сіңірген еңбегі зор. Ол республикамызда аудиторлық қызымет туралы заң жобасын жасаудың негізгі дайындаушысы және оның минстрліктерде, үкімет деңгейінде және парламент комитеттерінде талқылануында бас кеңесші, сонымен қатар Қазақстан аудиторлары Палатасы жарғысының жобасының авторы болды.
1990 жылдан бастап рынокта «Эрнест энд Янг Сыртқы аудит» БК пайда болды. Ол орналасқан жері және иелігіне қарамастан олардың өтініштері бірлескен кәсіпорындарға аудиторлық тексерулер жүргізді. Бұл сол кезде «Үлкен алтылыққа» енген ірі континент аралық аудиторлық фирма еді.
Қазір Қазақстанда аудиторлық қызмет көрсететін ірі халықаралық аудиторлық ұйымдар мен жергілікті аудиторлық фирмалар өз қызметтерін дамытуда. Қазақстанда аудиторлық қызметтіне басшылық жасайтын қоғамдық ұйым -ҚР аудитолар Палатасы болып табылады. Казақстанның аудиторлар палатасы аудиторлар мен аудиторлар ұйымының өз еркімен бірігуінің негізінде құрылады.Палата өзінің жұмысын мемлекеттік үкімет және басқару органдарымен қатынаста жүргізеді. Палата өз еркімен халықаралық одақтарға, Палаталарға, қоғамдық бірлестіктерге кіруге және келісімдер жасауға құқылы.