ЕЛ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

ДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

 

Қарағанды 2015

Тақырып Мемлекет әлеуметтік-географиялық орны, ерекшелігі. Жай сөйлем. Интонация. Екпін.

МЕМЛЕКЕТ ӘЛЕУМЕТТІК-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ

ОРНЫ, ЕРЕКШЕЛІГІ

Қазақстан Республикасының жер көлемі 2,7 млн. шаршы шақырым. Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің қатарына жатады. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үндістан және Аргентинадан кейін 9-шы орында тұр.

Республика Еуразия құрлығының орталығында барлық мұхиттардан бірдей қашықтықта орналасқан. Республика батысында Еділ өзені алабынан шығысында Алтай тауы шыңдарына дейін 3 мың км дейін, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан (Солтүстік Қазақстан жазығы) оңтүстігінде Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1600 км-ге дейін созылып жатыр. Қиыр солтүстік нүктесі (55 26 с.е.) Шыңыс Еуропа жазығының орталық бөлігі мен Британия аралдарының оңтүстүгіне, ал оңтүстік нүктесі (40 56 с.е.) Кавказ сырты мен Оңтүстік Еуропаның Жерорта теңізі өңіріндегі елдердің ендігіне сәйкес келеді. Қазақстан қоңыржай белдеудің орта және оңтүстік ендіктерінде орналасқан. Географиялық орнына қарай орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары қлыптасқан. Елдің батыс шеті (46 27 ш.б.) Эльтон және Басқұншақ көлдері маңына, ал шығыс нүктесі (87 20 ш.б.) Бұқтырма өзенінің бастауына сай келеді.

Аумағының 10%-ы биік таулы өңірлер, қалған бөлігі ойпат, жазық, үстірт, қырат жерлер. Қазақстанның ең биік жері –Хантәңірі шыңы (6995 м). Ол Тянь-Шань тау жүйесінде орналасқан. Каспий теңізінің шығыс жағалауында елдің ең төмен жері Қарақия ойысы теңіз деңгейінен 132 м төмен орналасқан.

Қазақстан Республикасы — унитарлы мемлекет. Әкішілік құрылымы бойынша құрамына 14 облыс, 86 қала, соның ішінде 3 республикалық маңызы бар қалалар (Астана, Алматы, Байқоныр), 168 аудан, 174 ауылдық округ кіреді.

 

Тапсырма. Жаңа сөздерді аударыңыз.

Тапсырма. Мәтін бойынша мына сұрақтарға жауап беріңіз.

а) Қазақстан Республикасының жер көлемі қанша?

ә) Жерінің ауданы жағынан дүние жүзіндегі ең ірі мемлекеттердің ішінде нешінші орында?

б) Қазақстан қандай ендіктерде орналасқан?

в) Аумағының қанша пайызы биік таулы өңірлер?

г) Хантәңірі шыңының биіктігі қанша?

д) Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

Тапсырма. Мына сөз тіркестермен жай сөйлем құрастырыңыз.

Қазақстан Республикасы, Жер көлемі, көрсеткіш бойынша, Қызылқұм шөлі, орманды дала, қырат жерлер, таулы өңірлер, ең биік.

Тапсырма. Мәтіннен тәуелдік жалғаулы сөздерді теріп жазып, жасалу жолын түсіндіріңіз. Әр сөзбен бірнеше сөз тіркесін құрастырыңыз.

Үлгі:көлемі – көлем+і (-і тәуелдік жалғауы, 3 жақ)

Тақырып. Ел басқару жүйесі. Президент. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.

 

ЕЛ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Біздің ел Президенттік Республика, яғни басқару нысанына жатады. Басқару нысаны екіге бөлінеді: монархия және республика. Біздің елді бір адам басқарады. Ол –Президент. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкілді органы – Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады.

Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және республикалық маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады.

Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын республика Президенті тағайындайды.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Ол заңмен құрылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты және республиканың жергілікті соттары болып табылады. Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы істің жай-күйіне жауапты жергілікті өкілдік (мәслихат) және атқарушы органдар (әкімдік) жүзеге асырады.