Кіріспе. Пән бойынша аударма ісінің тарихы, теориялық негіздерін танытатын бөліктерден тұратынбазалық пән

 

Пән бойынша аударма ісінің тарихы, теориялық негіздерін танытатын бөліктерден тұратынбазалық пән. Аударма теориясының негіздерін ғылым ретінде дамуына қысқаша тарихи шолу жасалынады және отандық, шетелдік тіл білімінің дамуының негізгі бағыттары қарастырылады, ғылымдардың аталған ғылымға қосөан үлесіне баса назар аударылады. шетел тілінің даму кезеңі мен танысу, санғасырлық даму тарихы бар тілді біртұтас жүйе ретінде тану, қазіргі шет тілінің фонетикалық, грамматикалық, лексикалық заңдылықтарымен және ерекшіліктерімен болашақ аудармашыларды таныстыру.

Пәнінің міндеті – оқу үрдісінде студентерге мынандай мәселелерді меңгертуді көздейді:

- Пәннің құрамы мен мазмұнын, ондағы теориялық және практикалық мәселелерді;

- Аударма теориясының негізін оқытудың жалпы маңызы мен оның негізгі принциптерін;

- Аударма түрлеріне байланысты жаңа технологияларды, интерактивті оқыту жүйелерін меңгеруді нысанаға алады.

- Арнаулы семинарды оқыту барысында студент мынандай білік дағдыларды қалыптастыруы қажет:

- байқау, талдау оны қорытып жинақтау дағдыларын;

- аударма ісінің қалыптасу кезеңдеріне орай тарихи - әдістемелік жүйемен қарастыру жолдарын;

- студенттерге өздігінен жұмыс жүргізуі, ғылыми ізденістер жасау, дағдыларын меңгерту;

- зерттеу жұмысына қажетті әдістемелік, әдебиеттанымдық, биобиблиографиялық тағы басқа метериалдарды қарастыру жолдарын пайдаландыруға дағдыландыру;

- аударма байланысты жаңашыл әдістемелерді, оқытудың жаңа технологияларын, соңғы стратегияларды, интерактивті әдістерді қолдана білуді үйрету.

 

Пәннің мазмұны

 

Пәннің міндеттері мен мақсаттары, даму, қалыптасу тарихы.

ХХ ғасырдың отызыншы жылдарының өзінде М.М.Морозов, Я.И.Рецкер, А.В.Федоров сынды осы саланың білгір мамандары аударма бойынша маңызды жұмыстар атқарды. Қазақ тіл білімінде аударматану мәселесі – ХХ ғасырдың соңғы жылдары ғана қолға алынған жаңа салалардың бірі. Қазақ тіл білімінде Ө.Айтбайұлының, А.Алдашеваның аударматанудың лингвистикалық және лингвомәдени негіздерін айқындауға арналған ғылыми зерттеулері аударма теориясы мәселелеріне арналды. Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды.

Аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында жазылған ғылыми жұмыстарға шолу.

 

Соңғы жылдары аударма және оның тарихы, теориясы мен тәжірибесі жайында көптеген ғылыми жұмыстар қорғалды.

Г. Түсіпованың кандидаттық диссертациясында М. Твен, О. Генри, С. Моэм, Дж. Лондон секілді авторлардың стильдік ерекшеліктері түпнұсқадан талданып, Е. Солтанаеваның «ХХ ғасырдың соңғы ширегіндегі қазақ-орыс әдеби байланыстары» атты диссертациялық жұмысында қазақ-орыс әдеби байланыстарының жекелеген факторлары қарастырылды.