Тақырыбы:Бейін бойынша пән мұғалімінің тәжірибесіндегі инновациялық үдерістер. 1 страница

Мақсаты:12 жылдық мектептегі бейіндік білім стратегиялары туралы түсінік беру.

Студентте қалыптасатын ББД-ББҚ:Әлемдік тәжірибедегі бейіндік оқытуды саралау туралы салыстырмалы білім қалыптастыру.

Жоспары:

1.Бейіндік оқытуды қалыптастыру модельдерінің сипаттамасы. Заманауи білім беру мотивтері мен оқушылардың қажеттіліктері.

2.Бейіндік оқытуды ұйымдастыру нәтижелілігіне көбірек әсер ететін педагогикалық жүйелер мен стратегиялар.

3.Әлемдік тәжірибедегі бейіндік оқытуды саралау мәні.

 

Өркениетті елдерде ұлттық білім жүйесін дүниежүзілік тенденциялармен байланысты жетілдіру процесі жүріп жатыр. Ол сапаны көтеруге, өз бетінше шығармашылық құзірет­тілікті дамытудың іргелі білім жүйесінің тұтастығын жасауға негіз болуда.

Негізгі тенденциялар қатарына: үздіксіз білім беруге көшу, білім берудің ашықтығы, актуальдандырылуы, іргелі білім беру, білімді ізгілендіру және білім берудегі инновация жатқызылады.

Білім беру жүйесін дамытудың бұл бағыттарының бәрі жеке тұлғаға бағдарланған білім беруге көшуге ықпал етуде. Жеке тұлғаға бағдарланған білім жеке тұлғаның өзінің өсіп келе жатқан рухани, әлеуметтік мәдени, білімдік сұраныстарын қанағаттандырады, сол арқылы мемлекет қажеттілігі де қамтамасыз етеді. Бүгінгі таңда жеке тұлға өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы өзгерістерге тиімді бейімделуге көмектесетін интеллектуалдық, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып отыруы қажет.

Кез – келген маман иесінің кәсіби қасиеттерін қалыптастыру, жетілдіру жұмысына сапалық серпіліс жасауға, оған шын мәнінде үздіксіз, біртұтастық сипат беруге, мектептен бастап, білім беру мекемелерінің, арнаулы, жо­ға­ры білім беретін оқу орындарының бірігіп, ғылыми-практикалық және әдісте­мелік тұрғыда жұмыс жасауын қолға алуға, яғни үздіксіз педа­гогикалық білім беру жүйесінің біртұтастық, бірізділік, икемді, динамикалық, т.б. қасиеттерге ие интегра­тивті сапасын өмірде пайдалануға баса назар аудару бүгінгі күн талабы болып отыр.

Бірінші саты – жоғары оқу орнына дейінгі кәсіби бағдар беретін бейінді оқу, яғни бұл болашақ мамандығына кәсіби бағдар беру сатысы.

Болашақ барлық маман өз бастауын мек­тептен алады. Бірақ солай бола тұра, сол мың­даған жеткіншектерді өз икеміне қарай дұрыс кәсіпке бағыттаса, болашақта сапалы маманмен әр кәсіби саланы қамтамасыз етуге мүмкіндіктер туындайды. Ал кәсіби бағдарлауға мән бермесе, кәсіби маман иесіне қалыптасуы тиіс сапаларды оқуға түсіп қойғаннан кейін қалыптастыру мүмкіндігі аз болады.

Еліміздің бәсекеге қабілеттілігі білімді, білікті мамандарға байланысты десек, үздіксіз білім беру жүйесінің бірінші сатысын қалыптастырып, дамытудың бағдарламасын жасау, оны жүзеге асыру басты келелі мәселе болуы қажет.

Бірінші саты нәтижесі бойынша мектеп түлегі 12 жылдық білім жүйесі құрылымына сай икемі мен қызығушылығына қарай 10-сыныптан кейін колледжге немесе әрі қарай 11-12 сыныптарда бейінді оқу арқылы жоғары оқу орнына түсуге дайындалады. Міне, бағдарлама жасауда осы екі сатының бірінен-біріне өту кезеңіндегі бірізділік, біртұтастық қағидалары ескерілуі керек.

Екінші саты – колледж. 12 жылдық білім жүйесінде 11-12 сыныпта оқитындар саны күрт азаюы мүмкін деген болжам бар. Бұл биылғы жылдың өзінде-ақ шындыққа айналып отыр. Оған «Келесі жыл­ғы бірыңғай ұлттық тестілеу талабы қиында­тыл­а түседі» деген ақпарат бірден-бір себеп болып, бұл құбылыстың басталуын жақындата түсті. Оған колледждің мамандығын қалаған талапкерлердің санының жылдағыдан әлдеқайда көп болып отырғандығы мысал бола алады. Бұл – құптарлық жағдай.

Сонымен қатар, 2 сатыдан 3 сатыға өткен колледждің кейбір түлектерінің жоғары білім алуы үшін жоғары оқу орнына түскенде, базалық білімдерінің жетіспей жатуы да ойлан­дыратын мәселе. Сондықтан үздіксіз білім беру жүйесіндегі колледж бен ЖОО-ның байла­нысын түрлі аспектіде қарастыру арқылы сапалық серпіліс жасау екінші келелі мәселеге жатады. Соның бірі –колледжді ЖОО-ның бір құрылымы етіп қайта құру (Мұндай құрылым тәжірибеде бар). Бұл арнаулы орта білімді маманмен мен жоғары білімді бакалавр мамандарының бірізді, біртұтастықта, сапалы даярлану­ларына жол ашар еді.

Бұл сабақтастықты жүзеге асыру үшін техникалық және кәсіби білім беру жүйесін талдайық:

12 жылдық білім беру жүйесінің бейіндік оқу деңгейінен кейінгі 2 саты. Колледжде, оқыту ұзақтығы – 2 немесе 3 жыл. Техникалық және кәсіптік білім беру орта білім берудің қоғамдық-пайдалы кәсіптік қызметтің негізгі бағыттары бойынша білікті техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандарын даярлауға бағытталған құрамдық бөлігі болып табылады.

Техникалық және кәсіптік білім беру студенттерді даярлаудың біліктілік деңгейі мен бағдарлама мазмұнына байланысты келесі оқу бағдарламаларына бөлінеді:

1) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің жалпы мамандықтары бойынша кадрлар даярлауды көздейтін және оқушыға деңгейді аяқтағанда нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктілік (разряд, класс, категория) беретін техникалық және кәсіптік білім беру;

2) техникалық және қызмет көрсету еңбегінің қиын (ұйқас) мамандықтарын, жоғарғы технология мен кәсіптік қызметпен байланысты экономиканың барлық салаларындағы мамандықтар мен тәжірибелік жұмыстарды атқаруды көздейтін және оқушыға жоғарғы деңгейді ақтағанда нақты кәсіп бойынша кәсіптік біліктілік беретін техникалық және кәсіптік білім беру;

3) техникалық еңбектің жоғарғы білікті мамандарын даярлауға, оларды қайта даярлау мен біліктілігін көтеруге бағытталған техникалық және кәсіптік білім беру;

Орта білімнен кейін (арнайы медицинадан басқа) кәсіптік оқу бағдарламаларын игеру мерзімі келесіні құрайды:

1) жалпы орта білімі барларға – 2 жылдан кем емес;

2) техникалық және кәсіптік білімі барларға – 1 жылдан кем емес.

Орта білімнен кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларының мазмұны жоғарғы оқу орындарының 1-2 курс кәсіптік оқу бағдарламаларымен сәйкес келетін кәсіптік, әлеуметтік-гуманитарлық және жаратыластану ғылымдарының пәндерін оқытуды қамтиды және оқуды аяқтаған соң қызмет көрсету мен басқару еңбегінің кіші маманы біліктілігін береді.

Орта білімнен кейінгі кәсіптік және техникалық білімді мемлекеттік немесе жеке меншік болуы мүмкін кәсіптік лицейлерде, кәсіптік мектептер, колледждерде алуға болады.

Кәсіптік және техникалық білім беру жүйесі келесі деңгейлерден

1) бастапқы кәсіптік білім;

2) орта кәсіптік білімнен тұрады.

Бастапқы кәсіптік білімді кәсіптік лицейлер мен кәсіптік мектептерде негізгі жалпы білімнен соң (9 сынып) алуға болады және ол еңбек қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша білікті жұмысшыларды (жұмыскерлерді, қызметкерледі) даярлауға бағытталған. Бастапқы кәсіптік білім алу жалпы орташа білім алумен ұқсас болып келеді.

Бастапқы кәсіптік білімді жеке мамандықтар бойынша оқу мерзімінің қысқартылған түрі бойынша жалпы орта білімнен (11 сынып) соң да алынады.

Бастапқы кәсіптік білім мекемелері Қазақстан Республикасының барлық азаматтарына кәсіп, мамандық және біліктілік алуда олардың қызығушылықтары, мүмкіндіктері мен денсаулықтарына байланысты тең мүмкіндіктер қарастырған.

Кәсіптік білім беру білім беру қызметін іске асыру құқығын беретін лицензия болған жағдайда өндірісте, оқу-өндірістік комбинаттарында, оқу орталықтарында, курстарда және тағы басқа жұмысшыларды даярлайтын оқу-өндірістік құрылымдарда жүргізуге болады.

Кәсіптер бойынша оқу бағдарламаларының мазмұны, оларды игерудің нормативтік мерзімдері білім берудің жалпыға міндетті стандарттарымен анықталады және бастапқы кәсіптік білім мекемелерімен жасалған жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Бастапқы білім беру мекемелерінде техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрларын даярлау, оларды қайта даялау мен біліктілігін жоғарылату оқу орындары мен жұмыс берушілер, жұмыспен қамту қызметтері және жеке азаматтармен бірігіп анықтаған кәсіптер (мамандықтар) және кәсіптер топтары бойынша жүргізіледі.

Бастапқы кәсіптік білім мекемелерінде күндізгі, кешкі және қашықтықтан оқыту түрлері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде білім алуға болады.

Филиалдар, біліктілікті көтеру мен кадрларды қайта даярлау курстары, кәсіптер топтары бойынша кешкі (ауысымдық) бөлімдер (топтар), оқу шаруашылықтары, полигондар және басқа да құрылымдар құрылуы мүмкін.

Өндірістік оқытулар оқу-өндірістік шеберханаларда, лабораторияларда, полигондарда, оқу орындарының оқу шаруашылықтарында, құрылыс нысандырының оқу орындарында, алаң, ферма, тапсырыс беруші-өндіріс өнеркәсіптерде, яғни жұмыс берушілерде жүргізілуі мүмкін.

Өндірістік оқыту процестерінде, сонымен қатар оқудан тыс уақыттарда өндірістік және ауылшаруашылық, халық тұтынатын тауарларын өндіру көзделеді.

Өндірістік тәжірибе кәсіп бойынша бейімдік ұйымдарда (өнеркәсіпте, мекемелерде) өткізіледі.

Орта кәсіптік білім негізгі жалпы, орташа жалпы және бастапқы кәсіптік білім негізінде орташа кәсіптік білім беру мекемелерінде (колледж, оқу орындары) конкурстық негізде беріледі және ол орташа кәсіптік білімді мамандарды даярлауға бағытталған.

Жалпы орта, туыстас мамандықтар бойынша бастапқы кәсіптік білімі бар азаматтар орта кәсіптік білімді қасқартылған, жеделдетілген бағдарламалар бойынша алуға болады.

Орта кәсіптік білім беру мекемелерінде оқу күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтықтан оқыту түрлері бойынша және экстернат бойынша жүргізіледі.

Орта кәсіптік білім беру мекемелеріне қабылдау тәртібі техникалық және кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің № 587 2007 жылғы 29 қарашадағы бұйрығымен бекітілген білім мекелеріне оқуға қабылдау ережелеріне сәйкес жүргізіледі.

Өндірістік тәжірибе кәсіп бойынша профильдік ұйымдарда (өнеркәсіпте, мекемелерде) өткізіледі.

Кәсіптік және техникалық білім сандық көрсеткіштері

2013 жылғы 1 қаңтарға қарағанда Қазақстанда 894 кәсіптік және техникалық білім беретін оқу орындары жұмыс жасайды, 185 мамандық және 495 біліктілік бойынша кадрларды даярлау жүзеге асырылады.

Қаржыландыру көлемі 52,9 млрд. теңгені (республикадағы барлық білімді қаржыландырудың 6,6 % ) құрайды. Сонымен қатар кәсіптік және техникалық білім оқу орындарында барлық оқушылардың 13,7% білім алады.

Жыл сайын кәсіптік және техникалық мамандықтарға кадрлар даярлауға мамлекеттік тапсырыс (білім гранттары) өсуде. Оқу ақысы 2013 жылы республика бойынша мемлекеттік тапсырыс бойынша 1 оқушыға: кәсіптік лицейлерде - 203,3 мың теңге, колледждерде – 191,1 мың теңгені құрады.

2013 жылы кәсіптік және техникалық оқу орындарына 216,8 мың адам, соның ішіндемемлекеттік тапсырыс бойынша (республикалық және жергілікті бюджеттен ) 90,6 мың адам қабылданған.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде 45 мың инженерлік-педагогикалық қызметкерлер, соның ішінде 5,7 мың өндірістік білім беру шеберлері жұмыс істейді.

Техникалық және кәсіптік білім берудің даму болашағы

Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық мекемелерде оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың алуандануына, мектеппен байланысқа аса көңіл аударып отыр.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1211 2009 жылғы 11 тамыздағы қаулысымен Қазақстан Үкіметі жанындағы Кадрлар даярлау мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту жөніндегі Ұлттық кеңес құрылған болатын. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 1118 жарлығымен Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бекітілген, онда техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың көрсеткіштері мен жолдары көрсетілген.

2009 жылдың қараша айында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері мен «Атамекен» Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасы арасында техникалық және кәсіптік білім беруді қолдау Қорын құру туралы Меморандумға қол қойылған болатын.

Әлемдік тәжірибенің прогрессивті дамуын зерттеу мақсатында келесідей халықаралық ұйымдармен маңызды жобалар іске асырылуда:

Герман техникалық жәрдем ұйымымен – куррикуллум, модульдік бағдарламалар жасау;

Европалық комиссиямен - әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша;

Білім және біліктілікті көтеру орталығымен (RKK, Норвегия) – мұнай-газ саласында кадрларды даярлау және қайта даярлауға ықпал ету бойынша;

ИнВентпен (Германия) – оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін көтеру бойынша;

Британдық кеңеспен – бітірушілердің жұмысқа орналасуы мен дайындалу сапасын қамтамасыз ету бойынша;

Европа білім беру Қорымен – Қазақстанда кәсіптік білім беру өкілеттілігін жоғарылату негізінде бағдарламаны жаусауды әдіснамасын енгізуді дамыту, туризм секторында кәсіби стандарттарды құру, Европалық біліктілік аясын енгізуді зерттеу бойынша.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің 24 алдыңғы қатарлы оқу орындары Ұлыбританияның әлемге белгілі колледждерімен, соның ішінде
14 колледж Кембридж аймақтық колледжімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен техникалық және кәсіптік білім беру сферасында ынтымақтастық туралы «UCPMI» Конкорд Консалтинтік тобы (Франция) мен GEMCO INTERNATIONAL BV арасында, FONTYS қолданбалы ғылымдар университеті (Голландия) арасында 2 хаттамаға қол қойды.

2010 жылы Қазақстанның техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі Европаның 29 елімен бірге Турин процесінің қатысушысы болды, яғни Европалық білім қорымен (Турин, Италия) өткізілетін халықаралық салыстырмалы зерттеулерлер жүргізуге қатысты.

2010-2014 жылға арналған жеделдетілген индустриялық-инновациялық мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік органдармен кадрлардың қажеттілігі бойынша талдау жасалынған. Жалпы қажеттілік
287 мың адамды құрайды, оның ішінде жеделдетілген индустриялық-инновациялық даму үшін 108 мың адам. Техникалық және кәсіптік білім мамандықтарына қажеттілік 58,2 мың адамды құрайды, оларды дайындауды 543 техникалық және кәсіптік білім мекемелері қамтамасыз етеді.

13 сала бойынша индустриалдық жобалар және барлық аймақтар бойынша кадрмен қатамасыз ету карталары жасалынған, әкімдіктермен бірге жобаларға базалық оқу орындары анықталған және қазіргі уақытта қайта ашылған өнеркәсіптермен кадрларды даярлауға 61 келісім шарттаға қол қойылған. (Мысалы: «Тараз металлургия заводы», «Электролиз заводы», «Тері өндеу өндірісі» және т.б.,нәтижесінде 831 адам оқытылған және жұмысқа орналастырылған).

Кәсіптік және техникалық білім беру оқу орындарына қабылдау

Оқу ұйымдарына келесілер қабылданады

Негізгі орта (негізгі жалпы), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіби (бастапқы кәсіби және орта кәсіби), жоғарғы (жоғарғы кәсіби) білімі бар Қазақстан Республикасы азаматтары,

Қазақстан Республикасы азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар.

Шетел азаматтары және Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген тәртіпте азаматтығы жоқ адамдар.

Тегін техникалық және кәсіби білім мемлекеттік білім грантына сәйкес конкурстық негізде бұл деңгейдегі білімді лоар бірінші рет алып тұрған болса Қазақстан Республикасының азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға беріледі.

Тегін техникалық және кәсіби білім мемлекеттік білім грантына сәйкес конкурстық негізде азаматтығы жок тұлғалардың алуы Қазақстан республикасының халықаралық келісім шарттарынмен айқындалады.

Техникалық және кәсіптік білім оқу бағдарламалары бойынша жалпы кәсіптер мен қиын (ұйқас) кәсіптер бойынша мамандарды даярлауды көздейтін білім мекемелеріне оқуға түсушілер үшін түсу емтихандары әңгімелесу түрінде жүргізіледі.

Үшінші саты – бакалавриат дайындай­тын педагогикалық институт.

Біздің институт биыл екінші жыл несиелік оқыту жүйесіне көшіп, бакалавриат даярлайтын стандарттармен жұмыс жасауда. Өткен оқу жы­лы арнайы бағдарлама жасалып, студенттердің жалпы және педа­гогикалық мәдени тұлғасын қалыптастыру мақсатында зерттеулер жүргізіл­ді, кадр дайындаудағы сапалық бетбұрыстың өзекті мәселелері анықталды. Басты мәселе
2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағ­дарламада белгіленгендей, білім беру жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайту, білім беру мазмұнын білім берудің білім үстемдігі үлгісінен “құзыретті” үлгісіне көшу арқылы өзгерту, білім беру деңгейлерінің құрылымын ЮНЕСКО-ның білім беру халықаралық стан­дарттық жіктеуішіне сәйкестендіру талаптарына сай жұмыс жасау болып отыр.

Мектептен, колледжден кейінгі саты-жоғары оқу орны (1-4 курстар).

Оқыту ұзақтығы – 3 жыл колледжден кейін немесе 4 жыл мектептен кейін. Білім әлемнің барлық дамыған мемлекеттерінде негізгі басымдықты бағыты және дамудың негізгі индикаторы болып табылады. Жоғарғы білім алу адам өмірінде ең маңызды межелердің бірі болған және болып қала береді, әсіресе қазіргі кездегі еңбек нарығындағы өте жоғары бәсеке кезінде. Бұған ересек халықтың 35% -ы жоғарғы білімді болып табылатын біздің мемлекетіміз де мысал бола алады- бұл көрсеткіш (30-35% деңгейінде) экономикасы дамыған мемлекеттерге де тән болып табылады.

Жоғарғы білім білім деңгейінің көрсеткіші ретінде кәсіптік білімнің үш деңгейлі жүйесінде (жалпы орта және кәсіптік білімнен соң) жоғарғы деңгей болып табылады және кәсіптік қапталдан теориялық және тәжірибелік мақсаттарды шешуге мүмкіндік беретін жүйелендірілген білім мен тәжірибелік дағдылардың жиынтығынан тұрады.

2010 жылдың наурыз айында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылып, Европалық жоғарғы білім аймағының 47-нші толыққұқықты мүшесі атанды. Осылай мамандарды даярлаудың Болондық декларация ұстанымдарына негізделген (сонымен қатар Ұлы университеттер Хартиясы ретінде де танымал, 1999 жыл 19 маусым) үш деңгейлі моделіне өту жүзеге асырылды: бакалавр - магистр - Ph.D докторы.

Болондық декларация 7 негізгі бағыттан тұрады:

1. Сәйкес дәрежелердің жүйесін қабылдау, сонымен қатар, дипломға қосымша енгізу арқылы европалық азаматтардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету арқылы және жоғарғы білімнің европалық жүйесінің халықаралық бәсекелестігін жоғарылату.

2. Екі циклды оқуды енгізу: алдын ала (pregraduate) және бітіруші (graduate). Бірінші цикл үш жылдан кем емес жалғасады. Екіншісі магистр немесе доктор дәрежесін алуға әкелуі тиіс.

3. Жоғарғы масштабты студенттік мобильділікті қолдау үшін еңбек ауқымының сынақ бірліктерінің европалық қайтадан сынақталу жүйесін енгізу (кредиттер жүйесі, немесе оқудың кредиттік технологиясы). Ол сонымен қатар студенттерге оқитын пәндерді таңдау құқығын береді. «Өмір бойы оқу».

4 тұжырымдамасының шегінде жұмыс істейтін, жинақтау жүйесіне айналған ECTS (European Credit Transfer System) жүйесі негізге алынған. Оқушылардың мобильділігін дамыту мүмкін (жоғарыдағы екеуін орындау арқылы). Оқытушылар мен басқа да персоналдың мобильділігін олардың европалық аймақта жұмысқа кеткен уақытын есептеу жолымен кеңейту. Трансұлттық білім беру стандарттарын енгізу.

5. Сапаны қамтамасыз ету үшін сәйкес келетін өлшемдер мен әдістерді ойлап табу мақсатына бағытталған европалық ынтымақтастыққа ықпал ету.

6. ЖОО ішіндегі білім сапасын бақылауды енгізу мен ЖОО-нын қызметін ішкі бағалауға студенттер мен жұмыс берушілерді тарту.

7. Жоғарғы білімде қажетті европалық көзқарасқа, әсіресе оқу жоспарларын дамыту облысында, институционаларалық ынтымақтастық, мобильділік сызбасы және біріккен бағдарламалар,тәжірибелік дайындық пен ғылыми зерттеулер өткізуге ықпал жасау.

Болондық декларация аясында бірыңғай европалық жоғарғы білім кеңістігін қалыптастыру мақсатында Европа мемлекеттерінің білім жүйелерін жақындату мен үйлестіру үрдісі қазіргі уақытта Қазақстан да белсенді қатысатын Болондық үрдіс атағын алды.

Қазақстандық университеттердің қазіргі таңда әлемнің 650 университеті қол қойған Ұлы университеттер хартиясына қосылуы отандық білім беруді европалық стандарттарға жақындатуға мүмкіндк береді.

ЖОО-ның оқу үрдістеріне үдемелі технологиялар және оқу жүйелері енгізілген: 135 ЖОО-да оқудың кредиттік технологиясы енгізілген, 38 – екі дипломдық білім беру жүзеге асырылады, ал 42 – қашықтықтан оқыту.

16 ЖОО-да шетелдік алдыңғы ЖОО-мен әріптестік жолымен PhD докторларын дайындау жүргізілуде.

Дегенмен Қазақстан медициналық, ветеринарлық, әскери мамандықтар бойынша кеңестік (дәстүрлі) жоғарғы білім алу жүйесін сақтап қалған, яғни бітірушілер бакалавр емес, маман біліктілігін алады.

Жоғары білім алудың формалары

Қазақстанда жоғарғы білімді жалпы орта білім (11-сынып), бастапқы және орта кәсіптік білім (орта білімнен соң) және жоғары білім негізінде алуға болады; күндізгі, сырттай, кешкі, қашықтықтан оқыту және экстернат; ақылы және ақысыз және т.б.