Тақырыбы:Бейін бойынша пән мұғалімінің тәжірибесіндегі инновациялық үдерістер. 4 страница

– ХХ ғасырдағы Отан тарихындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестердің себеп-салдарлық байланысын;

– ХХ ғасырдағы Отан тарихындағы қоғамдық, саяси және мәдени қайраткерлерді;

– Қазақстандағы «әскери коммунизм», ЖЭС, «Кіші Қазан», индустрияландыру, ұжымдастыру және мәдени төңкеріске сипаттама жасай алуы;

– Қазақстанда ХХ ғасырдағы қоғамдық-саяси процестер: азамат соғысының негізгі оқиғаларын, «Алаш» ұлттық автономиясын құру, Қазақ кеңестік мемлекеттілігін құру, Ұлы Отан соғысы жылдары, соғыстан кейінгі кезең, тың эпопеясы, «тоқырау» кезеңі және «қайта құру», Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу жағдайларын сараптай алуы;

– кеңес дәуіріндегі қазақстандық қоғамның түрлі салаларындағы дағдарыс құбылыстарын анықтай білуі;

– Қазақстанның ХХ ғасырда халыққа білім беру, ғылым, әдебиет және өнер салаларындағы мәдени жетістіктерді, дінді сараптай алуы білуі тиіс.

Сонымен қатар:

- Отандык тарихтағы негізгі маңызды оқиғалар мен көрнекті қайраткерлер туралы әңгімелеп айтуды;

- жыл мен ғасыр ара қатынасын, оқиғаның реті мен ұзақтығын анықтауды;

- тарихтағы жыл санауды қолдана білуді;

- тарихи картадан мемлекеттердің шекараларын, аумағын, астанасын, аса маңызды оқиға болған жерлерді дұрыс көрсету және оларды суреттеуді;

- түрлі кезеңдегі адамдардың өмірі мен тұрмысына сипаттама беруді;

- түрлі кезеңдегі оқиғаларды, мәдени ескерткіштерді өзара салыстыру жөне жалпы айырмашылықтарын анықтай білу;

- оқыған мәтіннің жоспарын жасауды;

- тарихтан алған білімін басқа пәндерді оқығанда, күнделікті өмірде қолдану біліуін меңгеруі қажет;

– ежелгі Қазақстан тарихы пәніндегі аса маңызды оқиғалар мен бұрынғы өткен тарихи тұлғалар туралы әңгімелей білуі;

– тарихи деректерді талдауды және салыстыруды, тарихи үрдістердің мәнді белгілерін бөліп көрсете алуы;

– жылдар мен ғасырлардың ара қатынасын, оқиғалардың реті мен өту мерзімін, себептері мен салдарын баяндай білуі;

– тарихи картадан тайпалар мен тайпа бірлестіктерінің, мемлекеттердің шекаралары орналасқан аумағын, аса маңызды тарихи оқиға болған жерлерді көрсетуі және оны мазмұндай білуі;

– ежелгі адамдардың еңбек құралдарын, киімдерін, баспанасын, сыртқы келбетін сипаттай білуі;

– тарихты оқу барысында қосымша материалдарды пайдалана білуі;

– оқыған мәтініне жоспар құра білуі;

– өзге пәндерден және қосымша материалдардан алған білімді тарихи үрдістер мен оқиғаларға қатысты тәжірибелік тапсырмаларды орындау барысында пайдалануды;

– орта ғасырлардағы маңызды тарихи оқиғалар мен тарихи қайраткерлер туралы логикалық бірізділікпен суреттеп әңгімелеуді;

– тарихи оқиғалар мен фактілерді талдау және салыстыруды, тарихи үрдістің маңызды белгілерін анықтауды;

– тарихи оқиғалар желісінің тарихи уақыт пен тарихи кеңістікте жүйелі дамуын көрсете алуы және оның себеп-салдарын анықтауды;

– тарихи картадан орта ғасырлық мемлекеттердің шекараларын, аумағын, астанасын және қазақ даласындағы Шыңғысхан және Әмір Темір жорықтарының барысын, Ұлы Жібек жолының негізгі тораптарын көрсетуді;

– тарихты оқып үйренуде қосымша деректерді пайдалануды;

– орта ғасырлардағы маңызды тарихи оқиғалар туралы қысқаша эсселер мен тарихи шығармалар жазуды;

– тарих сабағынан алған білімін басқа пәндерді оқығанда және күнделікті өмірде қолдануды;

– жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихының тарихи даму заңдылықтарын және тарихи оқиғалардың себеп – салдарын ашуды;

– әр түрлі деректерден тарихи ақпараттарды тауып алуды;

– тарихи фактілерді жинақтап қорыту, оқиға желісін сараптауды;

– өз көзқарасын қорғай білуді;

– басқа оқушылардың жауаптарын сараптауды;

– Қазақстан тарихында орын алған тарихи тұлғалардың қызметін бағалай білуді;

– тарихи карталармен және хронологиялық кестелермен жұмыс істеуді;

- жаңа замандағы тарихи оқиғалардың даму заңдылықтарын және себеп – салдарын анықтауды;

- ХХ ғасырдағы Қазақстанның экономикалық және қоғамдық-саяси реформаларна баға беруді;

- әртүрлі дереккөздерінен тарихи ақпараттар алуды;

- тарихи деректерді жинақтап қорытындылауды және талдауды;

- Қазақстан тарихында орын алған тарихи тұлғалардың қызметін бағалауды және сипаттай білуді;

- тарихи карталармен және хронологиялық кестелермен жұмыс істеуді;

- өз көзқарасын құрастыруды;

- өзге де оқушылардың жауаптарын сараптауды меңгерулері тиіс.

 

Бейіндік оқытуда жаратылыстану- математикалық бағытындағы білім мазмұнын «Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесінде сабақтастыру

І. «Жаратылыстану» және «География» пәндерінің мақсаты мен міндеттері.

Оқытудың мақсаты: оқушылардың бойында жаратылыстану ғылыми білімін, табиғат, қоғам және экономиканың жүйелі байланысы жайлы түсінік пен көзқарасты дамыту. Қазақстан Республикасының әсем табиғаты және экономикасының ерекшеліктері туралы білім қалыптастыру, функционалдық сауаттылықты және жүйелі-кешенді немесе «географиялық» сананы дамыту.

 

Оқытудың міндеттері:

– табиғатқа, оның дамуына, табиғаттың, қоғамның және экономиканың байланысына диалектикалық-материалистік көзқарасты қалыптастыру;

– табиғат ресурстарын үнемді де тиімді пайдалануға және қоршаған ортаны қорғауға, табиғи және экологиялық жағдайды бағалау мен болжауға қажетті білім мен біліктілікті меңгерту;

– оқу еңбегіне қажетті біліктілік пен дағдыларды қалыптастыру, зерттеушілікке құштарлықты, зейін және байқағыштықты, логикалық ойлауды, есте сақтау қабілетін, сөз шеберлігін және көптілділікті, қиялдау, аумақтық бейнені қалыптастыра білу шеберлігін, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шығармашылық көзқарасын және өз білімін арттыруға, дамытуға талпынушылықты қалыптастыру.

ІІ. «Жаратылыстану» және «География» пәндерінің базалық мазмұны.

География – табиғат, халық және оның шаруашылығы туралы ғылым.

Жердің Күн жүйесіндегі орны. Жердің пішіні мен мөлшері. Жергілікті жердің планы. Масштаб, абсолют және салыстырма биіктіктер. Глобус және карта. Жер қабықтары: жердің сыртқы құрылысы. Литосфера, атмосфера, гидросфера, биосфера. Географиялық қабық – жердің ерекше кешенді қабығы.Зоналылық. Жылу белдеулер. Климаттық белдеулер. Азоналылық (секторлық, биіктік, белдеулік).

Материктер мен мұхиттар географиясы қарастыратын нысандар.

Жалпы географиялық заңдылықтар: литосфера және Жер бедері. Атмосфера және климат. Жердің даму тарихының жалпы географиялық заңдылықтары.

Материктер мен мұхиттар табиғатының алуан түрлілігі. Африка, Аустралия және Мұхит аралдары, Антарктида, Оңтүстік Америка, Солтүстік Америка, Еуразия. Физикалық-географиялық орны. Материк жағалауындағы мұхиттар. Зерттелу тарихы. Жер бедері және пайдалы қазбалары. Климаты. Ішкі сулары. Табиғат зоналары. Халқы.

Планетадағы уақыт есебі және даталардың алмасу сызығы. Қазақстан Республикасының дүниежүзі және Еуразия картасындағы географиялық орны. Қазақстанның шекаралары.

Қазақстан Республикасы табиғатын зерттеу тарихы. Қазақстан табиғаты. Жер бедері. Геологиялық жыл санау. Негізгі тектоникалық құрылымдар және олардың жер бедеріндегі көрінісі. Пайдалы қазбалар кен орындарының орналасу заңдылықтары.

Климат құрушы факторлар: географиялық орын және күн радиациясы, жер жамылғысы, атмосфера циркуляциясы. Ішкі сулары. Қазақстанның өзендері. Қазақстан көлдері. Жер асты сулары, мұздықтар, жасанды су қоймалары. Топырақтың пайда болуы. Топырақтың негізгі типтері, олардың Қазақстан территориясы бойынша таралуы.

Табиғат зоналары. Ендік зоналары мен биіктік белдеулердің көрінісі. Қазақстанның ірі табиғи-аумақ кешендері. Жазықтар. Аласа таулы аудандар. Биік таулы аудандар. Қорғалатын аумақтар.

Геосаясат және Қазақстанның геосаяси орны. Табиғат ресурстары. Қазақстанның халқы. Елді мекендердің типтері, кенттену процесі. Еңбек ресурстары.

Қазақстан шаруашылығына жалпы сипаттама. Өндірістің мамандануы, шоғырлануы, кооперативтендіруі, құрамдастырылуы. Ауыр өнеркәсіп және құрылыс материалдар өндірісі. Отын – энергетикалық кешен. Электр энергетикасы. Металлургия кешені. Машина жасау кешені. Химия өнеркәсібі. Құрылыс материалдар өндірісі және ағаш өңдеу өнеркәсібі. АӨК құрамы және маңызы. Қазақстанның жер қоры. Мал шаруашылығы. Ауылшаруашылық шикізаттарын қайта өңдеу салалары. Халық кәсіпшілігі. Жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Инфрақұрылым, көлік кешені.

Қазақстанды экономикалық-географиялық аудандастыру. Орталық Қазақстан. Шығыс Қазақстан. Батыс Қазақстан. Солтүстік Қазақстан. Оңтүстік Қазақстан. Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстары.

Дүниежүзінің экономикалық және әлеуметтік географиясы. Дүниежүзіне жалпы шолу. Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері. Дүниежүзінің халқы. Дүниежүзінің табиғат ресурстары, жалпы сипаттама, минералдық, агроклиматтық, жер, су, биологиялық ресурстар.

Ғылыми-техникалық революция (ҒТР) және дүниежүзілік шаруашылық.

Дүниежүзілік шаруашылық салаларының сипаттамасы және орналасу географиясы. Отын-энергетика кешені. Электр энергетикасы. Машина жасау кешені. Дүниежүзінің химия және ағаш өңдеу өнеркәсіптері. Дүниежүзінің жеңіл және тамақ өнеркәсіптері. Ауыл шаруашылығының жалпы сипаттамасы. Өсімдік, мал, балық шаруашылығы. Көлік және инфрақұрылым. Халықаралық экономикалық байланыстар.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдері. Азия елдері.

Үндістан, Сингапур, Корей Республикасы, Жапония және Қытай. Еуропа елдері. Германия, Ұлыбритания, Франция және Италия. Солтүстік Америка елдері. Америка Құрама Штаттары (АҚШ) аймағы елдері және Канада. Латын Америкасы. Африка. Оңтүстік-Африка Республикасының (ОАР). Аустралия және Мұхиттық аралдар. Жаңа Зеландияның.

Адамзаттың ғаламдық проблемалары. Энергетикалық, шикізаттық, демографиялық, азық-түлік, экологиялық, Дүниежүзілік мұхит проблемалары және ғарышты игеру.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

– Жердің Күн жүйесіндегі орнын; пішіні мен мөлшерін;

– глобустағы және географиялық картадағы градус торын;

– экватор, меридиандар, параллельдер және географиялық координаталарды;

– ірі, орта, ұсақ масштабты карталарды, олардың шартты белгілерін;

– тауларды, жанартауларды, жазықтарды, ойпаттарды, мұхиттарды, теңіздерді, шығанақтарды, бұғаздарды, аралдарды, түбектерді, ағыстарды, өзендерді, көлдерді, мұз басу аймақтарын, сарқырамаларды,

– жер халқының санын, ірі халықтарды;

– негізгі нәсілдерді, негізгі үш нәсіл өкілдерінің сыртқы белгілерін атауы және көрсетуі тиіс;

– жергілікті жерде күннің көкжиектен биіктігін; жергілікті жерде көкжиек тұстарын; бағыттарды, қашықтықтарды;

– жер бетінің планы және географиялық карта бойынша картографиялық нысандарды, бағыттарды, қашықтықтарды, нүктелердің биіктігін, карта және глобус бойынша географиялық координаталарды;

– туған өлкенің географиялық орнын және табиғатының ерекшеліктерін анықтауды және өлшеуді білуі тиіс;

– Жердің пішіні мен мөлшері жайлы алғашқы түсініктерді;

– климатқа байланысты қауіпті табиғи құбылыстарды, климаттың адам өмірі мен тұрмысына әсерін;

– «Жер планетасы» ұғымының мәнін; жергілікті жердің планын жасау тәсілдерін;

– картаның градус торын және глобуспен салыстырғанда картаның өлшеу мүмкіндіктерін; климат түзуші факторларды; мұхит суының қасиеттерін, қозғалысын және оның себептерін;

– геологиялық жыл санауды; ірі литосфералық тақталар мен олардың қозғалыстарын; платформалар мен қатпарлы аймақтарды; ірі сейсмикалық және жанартаулы белдеулерді;

– құрлық және мұхит түбі жер бедерінің ірі формаларын; климат құрушы факторларды; ішкі сулар және олардың негізгі түрлерін; табиғат зоналарын;

– материктер халқының ерекшеліктерін атап және көрсете білуі тиіс;

– Қазақстанның географиялық орны мен жер көлемінің ел табиғатына әсері;

– Қазақстан Республикасында қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар, табиғат ескерткіштерін ұйымдастыру қажеттігі; экологиялық проблемалардың себептері;

– Қазақстанның аумағы, республика орналасқан дүние бөліктері, шекаралары;

– климат құрушы факторларды; ішкі суларын; табиғат зоналарын, таулардағы биіктік белдеулерді;

– елдің физикалық-экономикалық-географиялық жағдайы және оның Қазақстан экономикасының дамуына әсерін; Қазақстаннның саяси-әкімшілік картасын;

– халықтың санын, халықтың табиғи өсімін, Қазақстан халқы санының өзгерісіне әсер ететін факторларды;

– географиялық еңбек бөлінісі және аумақтың шаруашылық мамандануын;

– экономикалық аудандардың экономикалық-географиялық салыстырмалы сипаттамаларын;

– дүние жүзінің саяси картасының қалыптасу кезеңдері, елдің саяси және геосаяси жағдайы; дүние жүзі елдерінің басқару түрлері, әкімшілік-аумақтық құрылысы;

– елдердің типологиясы; дүниежүзі халқы: қозғалыс динамикасы; ұдайы өсуі, аумақ бойынша орналасуы, құрылымы, урбандалу үрдісі;

– дүниежүзі табиғат ресурстарының түрлері;

– дүниежүзілік шаруашылықтың қалыптасуы;

– ҒТР түсінігі және оның құрамдас бөліктері, ерекшеліктері;

– дүниежүзілік шаруашылықтың салалары және орналасу географиясы;

– дүниежүзінің жекелеген елдерінің және дүние жүзі аймақтарының экономикалық-географиялық сипаттамасы;

– Қазақстанның қазіргі дүниежүзіндегі рөлі, орны және маңызы жайлы түсінігі болу керек;

– дүниежүзі аймақтары мен елдерінің географиялық және геосаяси жағдайын;

– басқару формасы мен әкімшілік-аумақтық құрылысы алуан түрлі елдерді;

– халық санының ұдайы өсу типтерін; дүниежүзінің және аса ірі елдер халқының саны, олардың өзгеру үрдістерін; елдердің даму деңгейі бойынша типологиясын;

– географиялық еңбек бөлінісін; халықаралық ынтымақтастықтарды;

– өндірістің жекелеген салаларының орналастырылу факторларын;

– аймақтар бойынша жекелеген елдердің сипаттамасын білуі тиіс.

 

«Физика» пәні

І «Физика» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері

Пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру, танымдық қызығушылықтарын, физикадан игерген білімдері негізінде олардың практикалық біліктері мен дағдыларын дамыту.

Пәнді оқыту міндеттері:

– оқушылардың қазіргі заманғы әлемнің физикалық бейнесінің негізінде жатқан іргелі заңдар мен принциптер туралы; табиғаттың ғылыми таным әдістері туралы білімді игеруіне;

– оқу пәні және ғылыми таным әдістері арқылы оқушылардың танымдық және шығармашылық қабiлеттерiн, игерген білімдерін оқу және өмірлік жағдаяттарда шығармашылықпен пайдалана алу дағдыларын дамытуға ықпал ету жатады.

ІІ. «Физика» пәнінің базалық мазмұны.

Табиғатты танып-білудің ғылыми әдісі. Физика – табиғат туралы ғылым. Физика құбылысы. Табиғатты зерттеудің ғылыми әдістері: бақылау, тәжірибе. Физикалық шама. Физикалық шамаларды өлшеу. Қателікті анықтау.

Механика. Механикалық қозғалыс. Механикалық қозғалыстың салыстырмалылығы. Жылдамдық. Үдеу. Түзусызықты бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс. Денелердің еркін түсуі.

Қисық сызықты қозғалыс кезіндегі орын ауыстыру мен жылдамдық. Материялық нүктенiң шеңбер бойымен қозғалысы.

Инерция. Денелердің әрекеттесуі. Масса. Заттың тығыздығы. Күш. Күштерді қосу. Ауырлық күші. Серпімділік күші. Гук заңы. Үйкеліс күші. Ньютон заңдары. Денелердің ауырлық күші әрекетінен қозғалысы. Бүкiләлемдiк тартылыс заңы. Дененің салмағы. Салмақсыздық.

Қысым. Паскаль заңы. Гидравликалық пресс. Қатынас ыдыстар. Манометрлер. Атмосфералық қысым. Сорғылар. Барометрлер. Архимед күші. Денелердің жүзу шарттары. Ауада ұшу.

Механикалық жұмыс. Қуат. Механикалық энергия (потенциялық және кинетикалық). Механикалық энергияның сақталу заңы.

Тепе-теңдiк шарттары. Жай механизмдер. Механизмдердің пайдалы әрекет коэффициенті.

Дене импульсі. Импульстiң сақталу заңы. Реактивтi қозғалыс.

Идеал сұйықтың қозғалысы. Бернулли теңдеуі. Тұтқыр сұйықтың қозғалысы. Сұйықтағы дененің қозғалысы. Ұшақ қанатының көтеруші күші.

Механикалық тербеліс және оның сипаттамалары. Математикалық маятник. Серіппедегі жүктің тербелісі. Резонанс.

Көлденең және қума толқындар. Толқынның сипаттамалары. Дыбыс толқындары. Дыбыс жылдамдығы. Дыбыстың қаттылығы, үннің биіктігі. Дыбыстың қаттылығы, тон биіктігі. Жаңғырық.

Молекулалық физика. Жылу құбылыстары. Заттың құрылысы. Атомдар және молекулалар. Молекулалардың қозғалысы. Диффузия. Температура. Дене температурасының оның молекулаларының жылдамдығына тәуелділігі. Ішкі энергия және оны өзгертудің тәсілі.

Iшкi энергия және оны өзгерту тәсiлдерi. Жұмыс және жылу берілу. Жылу берілу түрлері – жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару. Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Отынның меншікті жану жылуы.

Заттың агрегаттық күйлері. Балқу және қатаю. Булану және конденсация. Қайнау. Жылулық процестердегі энергияның сақталу және айналу заңы.

Термодинамиканың бiрiншi заңы. Газдың және будың жұмысы.

Қатты денелер мен материалдардың механикалық қасиеттері. Жылу қозғалтқыштары. Жылу машиналары және табиғатты қорғау.

Электродинамика. Денелердің электрленуі. Электр заряды. Зарядтардың өзара әрекеттесуi. Электр зарядының сақталу заңы. Кулон заңы. Электр өрiсi. Электр өрісінің элекрт зарядына әсері. Электр өрiсiндегі өткізгіштер және диэлектриктер.

Тұрақты электр тогы. Ток көздері. Ток күшi. Кернеу. Электр кедергiсi.. Тiзбек бөлiгi үшiн Ом заңы. Өткiзгiштердi тiзбектей және параллель қосу. Джоуль-Ленц заңы. Шала өткізгіштер. Конденсаторлар. Конденсаторларды қосу.

Магниттік өзара әрекеттесу. Магнит өрісі. Жердің магнит өрісі. Эрстед тәжірибесі. Токтың магнит өрісі. Электромагнит. Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әрекеті. Электроқозғалтқыш. Электромагниттiк индукция. Фарадей тәжірибелері. Трансформатор. Электр энергиясының алыс қашықтыққа жеткізілуі.

Электромагниттiк тербелістер. Электромагниттiк өріс. Электромагниттiк толқындар. Радиотелефон және теледидар байланыс принципі.

Жарық – электромагниттік толқын. Жарықтың шағылу және сыну заңы. Жазық айна. Линзалар. Оптикалық аспаптар. Жарықтың дисперсиясы. Электромагниттi сәулелердің түрі және оның тірі ағзаға әсері.

Радиактивтік. Радиактивті ыдырау заңы. Ядролық реакциялар. Радиактивтi изотоптар. Ауыр ядролардың бөлінуі. Тізбекті реакция. Ядролық реактор. Ядролық энергетиканың экологиялық проблемалары және оларды шешу жолдары. Термоядролық реакциялар. Радиактивті сәулеленуден қорғану. Адамзаттың энергетикалық проблемалары. Қазақстанның энергетикалық әлеуеті және оның болашағы.

Кванттық физиканың элементтерi. Квант туралы түсініктің дамуы. Планк гипотезасы. Фотоэффект. Столетов тәжірибелері. Фотоэффект үшін Эйнштейн формуласы. Фотоэффектіні техникада пайдалану. Фотондар. Рентген сәулелері. Резерфорд тәжірибесі. Атомның планетарлық моделі.

Атом ядросының құрамы. Ядролық өзара әрекеттесу. Ядролық күштер. Ядроның байланыс энергиясы. Радиактивтiк. Радиактивтi ыдырау заңы. Ядролық реакциялар. Радиоактивтi изотоптар. Ауыр ядролардың бөлiнуi. Тiзбектi ядролық реакциялар. Атаом энергиясы. Ядролық реактор. Радиоактивтi сәулелерден қорғану.

Жасанды радиоактивтiк.. Ядролық энергетика. Термоядролық реакциялар. Адамзаттың энергетикалық мәселелерi.

ІІІ. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар.

- фактілер мен құбылыстар, ұғымдар, түсініктер, заңдар, теориялық қорытындылар - ғылыми білім санатын білуі қажет;

- бақылау, эксперимент, модельдер және болжамдарды құру, нәтижелерден қорытындысы және оларды тексеру - ғылыми таным әдістерін білуі қажет;

- физикалық құбылыстар, физикалық заң, заттар, материялық нүкте, траектория, жол, орын ауыстыру, лездік жылдамдық, үдеу, инерциялық санақ жүйесі, инерциялық емес санақ жүйесі, инерция, масса, күш, дененің салмағы, салмақсыздық, тұйық жүйе, дене импульсі және импульс күші, реактивті қозғалыс; заттың дискреттік құрылысы; жылулық қозғалыс; молекулалар қозғалысының жылдамдығы; температура; ішкі энергия; жұмыс ішкі энергияны өзгертудің тәсілі ретінде; жылу өткізгіштік; конвекция; сәуле шығару; жылу мөлшері, заттың меншікті жылу сыйымдылығы; калориметр; отынның меншікті жану жылуы; заттың агрегаттық күйлері; қатты денелер; кристалл және аморф денелер; деформация; жылулық ұлғаю; балқу және қатаю; меншікті балқу жылуы; сұйық; булану; конденсация; қайнау; қайнау температурасы; меншікті булану жылуы және конденсацияның меншікті жылуы; газ; газдың көлемі және қысымы; газ және бу ұлғайғандағы жасалынатын жұмыс; іштен жану двигателі; жылу двигателінің пайдалы әсер коэффициенті; денелердің электрленуі, электр заряды, электр зарядтарының екі тегі, электр өрісі, электр өрісінің күш сызықтары, кернеулік, потенциал, электр өрісінің жұмысы, электроскоп, конденсатор, электрсыйымдылығы; электр тогы: токтың бағыты, тоқ күші, электр тізбегі, электр кернеуі, электр кедергісі, меншікті кедергі, өткізгіш, диэлектрик, жартылай өткізгіш, тұрақты ток, амперметр, вольтметр, омметр, реостат, ток көздері, тоқтың жұмысы мен қуаты; газ разряды, электролиз, плазма, анод, катод; гармониялық тербеліс, көлденең және қума толқын, фотон, фотоэффект, фотоэффектінің қызыл шекарасы, ядролық реакция; байланыс энергиясы, жартылай ыдырау периоды, бөлінудің тізбекті ядролық реакциясы, радиоактивтілік, радиоактивтік ыдырау, ядролардың бөлінуі – ұғымдарын білуі қажет;