Тақырыбы:Бейін бойынша пән мұғалімінің тәжірибесіндегі инновациялық үдерістер. 2 страница

Оқу орындарында жоғары білім алуға болатын оқу формаларының алуантүрлілігін қарастырып көрейік.

Жалпы орта білім мен бастапқы кәсіби білімнен кейін жоғары білім алу әдепкі ретпен жүргізіледі, яғни оқу мерзімі – бакалавриат үшін 4 жыл және маман үшін 4-5-6 жыл.

Орта кәсіби білім негізінде егерде жоғарғы білімді туыстас мамандық (мысалы колледжде де ЖОО-да да заң білімі) бойынша және жоғары білімнен (бір жоғарғы білім бар болғандықтан, кез келген басқаға түсуге болады) соң алатын болса, жоғарғы білімнің оқу мерзімі қысқартылады (ережеге сәйкес колледжден кейін -3 жыл,жоғарғы білімі бар болса – 2 жыл ). Бұл орта кәсіби білімнен (медициналық колледжде оқып, экономикалық мамандыққа түссе) кейін туыстас емес мамандықтарға түсетіндерге және екінші жоғарғы білім (бірінші техникалық мамандықтан соң медициналық ЖОО-на түссе) алуда мерзімді қысқатру қарастырылмаған мамандықтарға қатысты емес.

Күндізгі оқу түрі – бірінші жоғарғы білім үшін ең кең таралған және дәстүрлі болып табылады. «Күндізгі» термині көрсетіп тұрғандай студент оқытушылар мен деканның 4/5 жыл көз алдында жүреді, яғни оқу процесі –оқу кезінде студенттің айналысатын бірден бір әрекеті болып табылады.

Сырттай оқу түрінде студент жылына 2 рет ұзақтығы 1 айға созылатын интенсивті оқуға келеді және аяқталысымен емтихан тапсырады.

Орта кәсіптік жіне жоғарғы білім негізінде ғана сырттай оқуға болады
(2 немесе 3 жыл).

Оқудың кешкі түрін күндізгі-сырттай деп те атайды, яғни оқу процесі кешке қалдырылған, яғни студент күндіз жұмыс жасап, ал 18.00 сағаттан соң университетте дәріске қатыса алады.

Қашықтан оқыту – оқушыға негізгі оқу материалдарын жеткізіп беру, оқу процесі кезінде оқушы мен оқытушылардың интерактивті іс-әрекет етуіне, оқу материалдарын игеру кезінде сонымен қатар оқу процесінде оқушыларға жеке жұмыс жасау мүмкіндігін беретін технологиялар жиынтығы.

Экстернат оқу түрі ретінде жоғарғы білімнің (сонымен қатар жалпы орта білімге де қолданылады) жалпы білім беретін бағдарламаларын аралық және мемлекеттік (қорытынды) аттестация арқылы өзіндік игеру түрі болып табылады.

Экстернат мәні орта немесе жоғары білімді мектепке, университетке күнде бармай жеке білім жолы арқылы оқу немесе жұмыспен, екі оқу орнында білім алуды үйлестіру арқылалуға болады. Екі жылдық (немесе одан да көп) бағдаламаны аралық және мемлекеттік (қорытынды) аттестация тапсыру арқылы бір жылда өтуге болады.

Осы тұрғыдан келгенде қоғам дамуының қазіргі кезеңінде білім беру жүйесі жаңаша ойлайтын, ой өрісі кең, тұлғалық, әлеуметтік және кәсіби тұрғыдан өзіне баға бере алатын, тек қана өзінің емес, қоғамдық мәселелерді шеше алатын адамды қалыптастыру керек. Ол үшін едәуір уақыт керек екені сөзсіз.

Үздіксіз білім беру жағдайында тұлға қалыптастыру оның барлық кезеңдерінде өтеді. Бұл қағида оның негізгі мәнісі болып табылады. Олай болса, үздіксіз білім беру жағдайында сабақтастық мәселесі жаңа мәнге ие болады.

Сабақтастықтың әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық мазмұндық сипатта болатыны анықталды.

Өзге де философиялық категориялар сияқты, сабақтастықтың объективті және жалпы сипаты бар болғандықтан ол қоғамдағы, танымдағы және табиғаттағы өзгерістердің барлығын қамтиды. Осындай себеппен ғылымның бар саласында сабақтастықтың әдіснамалық мәні бар.

В.Я.Ельмеев, Г.Н.Исаенко, К.Мороз және басқалары мынадай философиялық ойларға көп көңіл аударады: терістеуді терістеу заңдылығы кезеңдерінен жаңада тек қана жақсы жақтары сақталып қалмай, көңілге қонымсыз жақтары қалып қоятындығында. Дамудың прогрессивті өсуі жақсының тез жетіліп, біліктене түсуімен және ескінің дамымай қалып қоюымен айқындала түседі.

Э.А.Баллер, М.М.Гуренко өздерінің еңбектерінде мәдениетті дамытудағы сабақтастықтың мәнін ашып көрсетті.

Э.А.Баллердің сабақтастыққа тікелей анықтама беруіне қарасақ, ол дамудың сатылары мен буындары арасындағы байланыс бар екендігін көрсетеді. Даму үдерісі өткенде қажетті жақтары бүтін болып қалыптасады. Сонымен қатар мәдениеттің өсуіндегі сабақтастықтың көрінуі оның шексіз екенін айтады. Өлі табиғат пен тірі табиғат өсуінің арасындағы және дүниетаным мен материалдық өмірдегі сабақтастық арасындағы ерекшеліктің бар екенін дәлелдейді.

Педагогика саласындағы сабақтастықтың да атқаратын ролі ерекше. Ол педагогикалық жұмыста тәрбиелік, психологиялық және басқа деңгейде кездеседі. Білім жүйесіндегі сабақтастықтың негізін қалау үшін жалпы сабақтастық деген ұғымға талдау жасалды.

XVII ғ. Европа педагогикасының негізін салушы чех педагогы Ян Амос Коменский сабақтастықты адам дамуының жас ерекшелігінен, оның танымдық әрекетінен туындайтын оқыту ұстанымы ретінде қарастырады.

XIX ғ. неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервег оқыту дидак-тикасын баяндады. Оқыту үдерісінде әртүрлі ережелерді қолдана білуді атап көрсетті: көрнекілік, еліктіргіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерек-шеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделілікке көшу және т.б.

Орыс ғалымдарының педагогикалық ойларында оқытудағы сабақтастық мәселелері жан-жақты қарастырылады. Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский сабақтастық мәселесін шешуге үлкен үлес қосты.

1930 жылдары П.Н.Груздевтің редакциялық басшылығымен жарық көрген «Педагогика» оқу құралында сабақтастық «бірізділік пен жүйеліліктің мағынасы ұқсас ұғымы» ретінде сипатталады. Ал 40-жылдары білім алу процесінде жаңа меңгерілген материалдың бұрын оқылған материалмен өз-ара байланысы бар екенін анықтауға арналған ғылыми еңбектер де пайда бола бастады. Мысалы, Б.Е.Райковтың қарастырған бірнеше ғылыми еңбегі осы мәселеге арналады. Оның пікірінше, «...білім бұрын алған біліммен байланыста болады, үнемі оны толықтырып, дамытып отырады, өз кезегінде келесі сабақтарда берілетін білім үшін негіз бола алады».

Кеңес педагогикасында сабақтастық мәселесінің белгілі бір тарихы бар. Бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар арасында көптеген, кейбір жағдайда қарама-қарсы, пікір қалыптасты. Кейбір ғалымдар оны дидактикалық ұстаным ретінде, кейбіреулері жалпы педагогикалық заңдылық ретінде, кейбіреулері әдіснамалық ұстаным ретінде қарастырады.

Мәселен А.А.Кыверялг, Ю.К.Бабанский сабақтастықты оқыту-тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың әдіснамалық ұстанымы деп атап көрсетті.

Жалпы педагогикалық ұстаным оқытудың әртүрлі жақтарының, бөліктерінің, кезеңдерінің, сатыларының арасында үзілмес байланыстың болуын талап етеді, сонымен қатар оқыту үдерісі жұмыс мазмұнына, формаларына және әдістеріне қарай шиыршық бағытымен ұлғайюы керек. Мұндай көзқарасты қолдайтындар арасында С.М.Годник, Ю.А.Кустов және басқалар бар.

Сабақтастықты жалпы педагогикалық заңдылық ретінде қарастыратын ғалымдар өз позициясын түсіндергенде мынаған назар аударады: бұл заңдылық оқыту-тәрбиелеу үдерісінің біртұтастығында білінеді, ал табысты оқыту мен тәрбиелеудің маңызды шарты - сабақтастық сипаттағы байланыс болып табылады, бұл байланыс оқыту кезеңдері, жұмыс әдістері арасында болатындығы дәлелденді.

И.А.Кайровтың ғылыми зерттеулерінде және оның редакциясымен шыққан оқу құралында сабақтастықты «білім негіздерін белгілі бір логикалық байланыста, оқыту материалдарын бірізділік жүйемен оқыту» деп сипаттайды. М.А.Данилов пен Б.П.Есипов сабақтастықты зерттей келіп, «сабақтастық - оқыту сатысының мәні, оның алға қарай қозғалысы, жүйелілік, білім сабақтастығының шарты» деген қорытынды жасады.

Сабақтастықтың күрделі мәселелеріне арналған педагогикалық құбылыстар мен үдерістерді зерттеу жұмыстары жалпы философиялық көзқарастан да бұрынырақ туындауы да тегін емес. Бұл тұрғыдан қарасақ, сабақтастықтың категориясын оқу ұстанымдарына жатқызудың негізгі екендігін көруге болады. Бұған дәлел ретінде 1960 – жылдардың басында шыққан Б.Г.Ананьев, А.К.Бушля, Ш.И.Ганелин сынды педагогтардың және психологтардың оқытудағы сабақтастықтың мәселелеріне арналған еңбектерін атап айтуға болады. Ш.И.Ганелин сабақтастықты дидактикалық ұстанымдар қатарына жатқызып, оны жүйелелік пен бірізділік ұстанымдарымен байланыстырады. Көптеген педагогтар сабақтастық ұстанымдарының мәнін оқыту үдерісін ұйымдастырудағы үздіксіздікке әкеліп тірейді. Сабақтастық мәселесінің дамуындағы елеулі кезең – оны Ш.И.Ганелиннің жалпы педагогикалық тұрғыда зерттеуі болып табылады. Оның пікірінше, «Білім беру жүйесіндегі сабақтастық оқушының ойлау әрекетінің дамуындағы ең маңызды шартының бірі ретінде қарастырылады. Сонымен бірге қарапайым ұғымдар мен түсініктердің күрделі ұғымдар жүйесіне бірігуін қамтамасыз етеді».

Сабақтастық түсінігі – дедукцияның өнімі деп ұғынып, педагогика біліміне жақын психология, философия, мәдениеттану, әлеуметтану ғылымдарының интеграциясы деп білуге болады.

Бастауыш сыныптағы оқу әрекетінің мазмұны мен формаларындағы сабақтастық мәселесін психолог ғалым И.Я.Лернер зерттеді. Ол оқытудағы сабақтастықты жүйелілік пен көзқарас тұрғысынан талдай келіп, кез келген жүйедегі ұстанымдардың бірі – оның жекелеген сатылары арасындағы сабақтастық байланысы болып табылады деген қорытындыға келеді. Зерттеу нәтижесінде И.Я.Лернер сабақтастыққа төмендегідей анықтама береді: «Сабақтастық дегеніміз - оқу тәрбие үдерісіндегі әрбір келесі жаңа буында өткен сатыда алынған білім мазмұнын бекітіп, кеңейтіп, күрделендіріп және тереңдетіп отырудағы жүйелілік».

Оқытудағы сабақтастық мәселесі көптеген еңбектерде талданса да, бүгінгі таңда дидактикада аталмыш мәселе бойынша бірегей көзқарас жоқ. Бұл ең алдымен сабақтастықтың аса маңызды педагогикалық категория ретіндегі статусына байланысты.

М.И.Махмутов сабақтастықты оқытудағы ғылыми ұстанымдардың бірі ретінде қарастыра отырып, оны таным теориясының ұстанымы деп есептейді.

В.В.Давыдов сабақтастықты психологиялық - педагогикалық ұстаным ретінде қарастыра отырып, әр нәрседе байланыс және сабақтастық сақталуы керектігін атап көрсетеді.

С.Л.Рубинштейн сабақтастықтың психологиялық негізін анықтауға зор үлес қосты. Ол сабақтастықтың мәнін, үдерістің әрбір келесі кезеңі алдыңғысының ішкі шарты болып табылатындықтан содан дамитындығын, сондықтан барлық сатылар өзара тығыз байланысты екендігін көре білді.

Сабақтастық мәселесін зерттеуде Л.С.Выготскийдің еңбектері үлкен қызығушылық туғызады. Ол «қарым-қатынас дамуының кез келген жаңа сатысы өткен сатыларды жинақтай түсуге негізделген. Жинақтап қорытудың жаңа сатысы алдыңғы сатылар негізінде пайда болатындығы рас» деп санайды. Ол алдыңғы ойлау қызметі «босқа» кетпей, жаңа тұрғыдағы қызметтің жұмысына қосылатындығын сараптау арқылы анықтады.

Е.Н.Илиянов сабақтастық жоғарыда көрсетілген ерекшеліктерімен қатар оқушының оқып жатқан материалды зерделеуінде сабақтастық байланыстарды есепке алу қажеттігін де ашып көрсетті. Ол зерделеуді ұғымдар арсеналында оқу материалдарының элементтерін мағыналы оймен толықтыру деп және оның нәтижесі ұғымдар арасында байланыс орнатуға қажетті түсініктердің жеткілікті болуына байланысты деп нақтылайды.

М.М.Гуренко еңбектерінен жоғары және орта оқу орындары арасындағы сабақтастық үдерісінің мәнін анықтау мысалын келтірейік. Біздің пайымдауымызша, сабақтастық ұғымында орта буын оқу орындарының түлектерін жоғары оқу орындарының жүйесі бойынша диалектикалық байланысты сақтай отырып, студентті білім алушы нысан етіп қалыптастыру болып табылады.

А.А.Кыверялгтың анықтамасына байланысты айтар болсақ, онда ол сабақтастықты жанама түрде емес, тікелей орта және жоғары кәсіби дайындыққа қолдануға тиімді екенін көрсетеді. Орта және жоғары кәсіби дайындықтағы сабақтастықты оқып білім алудағы біліктілікті арттырудағы, білімді кеңейтудегі, машықтанудағы жоғары деңгейдегі ғылыми, жалпытехникалық және ескі мен жаңаның өзара байланысы деп түсінуге болады.

Сабақтастық мәселесін зерттеуде А.Д.Ботвинников үлкен үлес қосты. Графикалық ұғымдардың дамуын зерттей отырып, ол пайда болған ұғымдар тек бұрын оқылған ұғым негізінде ғана игерілуі мүмкін екендігінің өзі олардың арасында міндетті түрде байланыс болуы қажеттігін көрсететінін атап өтті.

Сабақтастықтың танымдық сипатының қырларын ашып, тереңірек зерттеу жүргізіп, оның білім сапасын жақсарту жолында ролі орасан зор екендгіне көптеген дәлелдер келтірген отандық ғалымдарды атап айтуға болады. Ж.А.Караев, С.Смаилов, С.М.Жакупов, Ю.К.Аманбаева, Н.А.Дарханов, А.С.Мамбеталина және басқа ғалымдар педагогика саласындағы сабақтастыққа ерекше мән беріп, оған жаңаша бір серпін берді.

Графикалық білім берудегі сабақтастық мәселесінің жекелеген аспектілерінің дамуына С.Смаилов, К.Өстеміров, Ә.Ә.Төлбаев елеулі үлес қосты. С.Смаилов өзінің ғылыми зерттеу жұмысында сабақтастық мәселесіне көп көңіл бөлді. Сабақтастықты философиялық категория тұрғысынан қарастырып, сабақтастықтың даму заңдылығы диалектиканың заңдылығымен сәйкес келетіндігін дәлел ретінде келтірді.

Жоғарыда айтылған ғылыми еңбектер авторларының көбісі оқу тәрбие үдерісіндегі әрбір келесі жаңа буында, өткен сатыда алынған білім мазмұнын бекітіп, кеңейтіп, күрделендіріп және тереңдетіп отырудағы жүйелілік деп түсінеді.

Сонымен білім берудің дамуын, оның сапалық өзгерістерін болжау мақсатында және болашаққа бағытталған кәсіби сабақтастық негізінде білім беруді жоспарлау технолгиясын жасу үшін зерттеу моделі ұсынылады.

Модельдеу педагогика ғылымының көп тараған зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Модельдеу деп біз нысанды зерттеушіге қойылған мақсатқа сәйкес келетін ғана сипаттамаларын есепке алып зерттеу үдерісі деп түсіндік.

Модельдеу деп құбылысты, үдерісті немесе нысандар жүйесінің модельдерін құрып, сол модельді зерттеу үдерісі деп есептеледі. Ғылыми әдіс ретінде модельдеу нысан дамуының соңғы нәтижесін алдын ала білуге мүмкіндік береді, себебі модель нысаның аналогы ретінде құрылады. Модель ғылыми ұғым ретінде математикалық, техникалық, жаратылыстану, әлеуметтік ғылымдарда, өнерде, бионикада, кибернетикада және т.т. қолданылады. Педагогтар зерттеулерін талдай отырып, сабақтастық – дидактика категориясы деп тұжырымдағанбыз. Бұл категория кәсіби білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұны заңдылықтарын бейнелейді; мұнда бір кезеңнің белгілі бір сипаттамалары (әдістер, формалар, тәсілдер және т.т.) басқа кезеңге ауыстырылады да, сол кезеңде жаңа сапалық деңгейде дамиды. Осы айтылғанның негізінде «Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесінің сабақтастықтың құрылымы түзілді.

 

Сонымен түрлі 12 жылдық білім беру жүйесіне бағытталған әдебиеттерді ғылыми педагогикалық-психологиялық теориялық талдауларымыз бен оның практикадағы жүзеге асырылу жағдайларын саралау нәтижесінде «кәсіптік бейіндеу» ұғымына жаңаша тұрғыда анықтама беруге мүмкіндік берді. «Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесінің сабақтасындағы кәсіптік бейіндеу» дегеніміз – оқушыларадың танымдық қызығушылық бағдары мен әртүрлі интеллектуалдық, жекетұлғалық іс-әрекет сапаларынан көрінетін қабілеттеріне мотивациялық тұрғыда басшылық жасай отырып, бағытты сабақтастыққа негізделген оқыту әдістері негізінде жоғары кәсіби нәтижелерге жетуге бағытталған «Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесінде оқытуды ұйымдастыру.

Ғылыми-педагогикалық, оқу-әдістемелік әдебиеттерді талдау деңгейлерін анықтауға мүмкіндік берді.

Зерттеу нәтижелері: «Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесінде кәсіби-бейіндеп оқыту сабақтастығында 3 деңгейін көрсетті: Шығармашылық деңгей, интегративті деңгей, когнитивті деңгей.

Шығармашылық деңгей - өзін-өзі дамытуға, жаңаны ашуға, іс-әрекетке тұрақты кәсіби бейіндеу танымдық ынтасы болуымен сипатталады.

Жалпы білім, білік, дағдыларының жоғары деңгейін көрсете біледі. Ұжымдық зерттеушілік қызметке даяр, түрлі байқауларға, олимпиадаларға ұмтылыс тән. Рефлексия арқылы жаңа идеялар мен нәтижелерді көрсете біледі.

Интегративті деңгей – шығармашылық қызығушылықтың жеткілікті деңгейі, белгілі кәсіби бейіндік оқытуда кәсіби бағыт бойынша шығармашылық, зерттеушілік іс-әрекетке, сондай-ақ көрегендік жасау, жаңашылдыққа құмар. Кез келген оқу жұмысын жоғары нәтижеге жеткізуге ұмтылады, ой-өрісінің ұшқырлығын көрсете алады. Құндылықтар жүйесінде негізінен өзінің жеке мүдделері басымдыққа ие (жоғары баға, жеке жетістіктер т.б.)

Когнитивті деңгей немесе танымдық – кәсіби бейіндік оқытуда танымдық қызығушылықтары басым болғанмен, өзін-өзі үнемі дамытуға ұмтылмайды, бейіндік оқытуда іс-әрекетке қабілеттілік танытқанымен, оны үнемі қадағалауды, бағыт-бағдар беруді қажетсінеді. Ынталандырушы себептер болған жағдайда ғана бәсекелестік танытады. Танымдық процестерді жүзеге асыра отырып, өзін-өзі дамытуға бағдарланғанымен, нәтиже мен қабылданған шешімнің дұрыстығына сенімсіз. Бейіндік оқытуда белсенділігі эпизодтық сипатқа ие.

Сонымен, ұсынылып отырған «Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесінде кәсіби-бейіндеп оқыту сабақтастығының құрылымдық-мазмұндық моделі оқушылардың танымдық және тұлғалық дамуы мен олардың бейіндік ерекшеліктерін, айқын қабілеттерін, шығармашылығын арттырып, кәсіби-бейіні бар оқыту сабақтастығында тұлғасының қалыптасуына негіз болады деп есептейміз.

«Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесінде кәсіби-бейіндеп оқыту сабақтастығының мәселесі бойынша жасалған теориялық талдаулар негізінде мына тұжырымға келдік:

1. ХХІ ғасырдың әлеуметтік-экономикалық көзқарасы кәсіби-бейіні бар тұлғаны қалыптастыру мәселелерін қоғамдық басымдылыққа айналдыру. Кәсіби – бейін бағытында өрелік сипатта әрекет ететін жас адамдардың тәрбиеленуі, оқуы және ой-өрісінің дамуы мемлекеттік сипат және әлеуметтік мән-мазмұнға ие болуда.

2. «Мектеп–колледж–ЖОО» жүйесінде кәсіби бейіні қалыптасқан тұлғаны қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін оқу еңбегінің бейінді, вариативті құрылымын талап етеді.

3. 12–жылдық білім беру жүйесінде кәсіби- бейінді оқытуды зерттейтін ғылыми ойдың дамуына өткенді шолу көзқарасы оны әлеуметтік мәселе ретінде оқыту қоғам дамуындағы постиндустриалды фазаның басталуымен ерекшеленетінін, бүгінгі күні бүкіл әлемдік білім мен ғылым саласында осы бейіндік оқыту жөнінде терең білімнің қажеттігін көрсетеді.

4. 12–жылдық білім беру жүйесінде кәсіби- бейінді оқыту мәселелері жөніндегі ғылыми ақпарат көздерін зерделеу берілген анықтамаларды салыстырғанда бірізділіктің жоқтығы, әртүрлі пікірлердің көп екендігі байқалады.

5. Кәсіби–бейінді оқыту – ақыл-ой және мотивациялық факторлар ықпалдастығында осы құбылыстың түсінігін тұтастай ашып көрсететін жаңа бағдар ретінде қарастырылады.

Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, күннен - күнге үдеп келе жатқан ақпараттар ағымдары, еңбек нарығындағы бәсекелестіктің артуы жоғары оқу орнын бітірушілерге қойылатын талаптарды күшейтуде.

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында жаңа қоғам сұранысына сай келетін жаңа 12 жылдық білім беру реформасы жүріп жатыр. Ал, елімізде жалпылай көшу 2015 жылдан жоспарлануда.

Еліміздегі 12 жылдық білім беру мазмұнының дамуына қатысты мәселелер ең алдымен нақтылы–тарихи келістер позициясы мәселенің шынайы жағдайына толыққанды талдау жасалып, осы саладағы жинақталған жағымды тәжірибені сақтап қалуды және әрі қарай даму жолдарын анықтауды талап етеді.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында 104 мектеп экспериментальды түрде 12 жылдық оқытуға көшіп, нәтижелер алынуда: 12 жылдық оқытуға көшу эксперименті 2003-2004 оқу жылы басталды.

Алғашқы жылы эксперименттік алаң ретінде Республикамыздың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан 51 мектеп белгіленді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылғы
1 шілдедегі № 524 бұйрығын іске асыру аясында 2004-2005 оқу жылында эксперимент көрсеткіші кеңейтіліп, 104 эксперименттік мектепте қазақ және орыс тілінде 12 жылдық білім берілуде.

Білім берудің бейіндік оқыту деңгейінің 11-12 сыныбында оқытуда қандай оқыту технологияларын қолдануға болады?

Жаңа технологиялар бойынша оқыту оқушының бастамашылдығын оятып және білім құзіреттіліктерін қалыптастырып, әртүрлі жағдайдағы мәселелерді сараптай алатын, соны дербес түрде шешу жолдарын айқындау қабілетіне ие оқушы тұлғасын қалыптастыруы шарт.

Педагогикалық процесте білім беру нәтижелеріне табысты қол жеткізуге мүмкіндік беріп жүрген оқыту технологиялары жеткілікті.