Түркі өркениетіндегі Оғыз мемлекетінің орны мен ролі. 2 страница

2) Отырар(Фараб)ойшылдарының ең атақтысы,топ жарғаны-«Шығыстың Аристотелі»атанған ұлы ғұлама Әбунасыр әл-Фараби(870-950жж.). Араб,парсы шежірелерінің деректеріне қарағанда,әл-Фараби 870жылы Арыс өзенінің Сырға құяр тұсындағы Фараб (Отырар)қаласында,отырарлық әскербасының отбасында дүниеге келген.Әл-Фараби алғашқы білімді Отырар медреселерінің бірінде алған.Әл-Фараби логика,әуез,астрономия және басқа ғылымдар бойынша көптеген еңбектер жазған. сонымен қатар педагогика, психология, эстетика мен акустика, астрономия мәселелерін де терең зерттеп,мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан.Әбунасыр метофизика,тіл білімі, логика, география, этика,т.б.ғылым салаларын қамтитын жүз елуге тарта трактаттар жазып қалдырыпты. Махмұд Қашқари-түркі халқының XIғасырда өмір сүрген аса дарынды перзенттерінің бірі.Ол Жүсіптің замандасы. Махмұд Талас-Шу алқабындағы Барысхан қаласында туған. Бүгінге дейін ғалымның туған жылы белгісіз,ғалымдар оның атақты шығармасы «Диуани лұғат ат-түрік»(«Түркі сөздерінің жинағы»)1072немесе 1078жылдары жазылған деп шамалап жүр. Бұл «жинақ» «орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы» деп атауға тұратын шығарма,сол кездегі тайпалар туралы нақты материалдардан құрастырылған үш томдық әйгілі еңбек.Қожа Ахмет Йасауи Халқымыздың руханиятына үлкен әсер еткен ортағасырлық ақын,философ,дін уағыздаушы.Ортағасырлық Орталық Азия мұсылмандары үшін аса жауапты кезең болатын.Ахмет Йасауидің туған жылы белгісіз,1166жылы өлген,XII ғасырдың өкілі.Жасаған жасын өлген жылынан шегеріп тастап,зерттеушілер оны 1093жылы дүниеге келген деп жобалайды.Түркістан маңында туып,ер жеткен соң,Түркістан қаласында өзінің шығармашылық,діни қызметін бастаған. Қожа Ахмет Яссауи ата-анасынан ерте айырылған,бірақ өте талапты,дарынды жас түркі елінің атақты шейхтары Арыстанбаб және Жүсіп Хамаданидан тәлім,білім алады.Кейін білімін Бұхарадағы діни орталықтарда жалғастырып,діндар адам болып Йасы қаласына оралады.Ахмет Йасауидің қаламынан туған көлемді шығарманың бірі-«Диуани хикмет»-«Даналық кітабы».Ол оғыз-қыпшақ тілінде жазылған.Сонымен Қожа Ахмет Йасауи-XIIғасырда өмір сүрген үлкен философ,ғұлама ойшыл,ақын,мейірімге,кішіпейілділікке уағыздаушы діндар бүгінде халқымыздың қасиетті әулиесіне айналып отыр.Жүсіп Баласағұни(1015-1075жж.).-XIғасырдағы аса көрнекті ғалымдардың бірі.Толық аты-Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни.Ғалым өзінің атақты дастаны «Құтадғұ білік»еңбегімен белгілі.Ғалым еңбегінде түркі тілдес халықтардың тарихы мен қоғамдық-саяси өмірі,әдет-ғұрпы,наным-сенімдері туралы мағлұматтар береді. Жүсіптің басты көңіл бөлген мәселесі-мемлекеттің саяси- қоғамдық және мәдени мәселелері болған.Ол өзінің еңбегінде: «Арабша,тәжікше кітаптар көп,ал бұл-біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы»,-деп,түркі тіліндегі кітаптардың жоқтығын айтады.Бұл кітап ел арасында тез тарап,авторы тірі кезінде-ақ абыройлы атаққа ие болған.

 

Источник: http://reftrend.ru/802196.html

16.Қазақстан аумағында түрік кезеңінде ислам дінінің таралуы.

1)Қазақстанның тарихы мен мәдениеті жүздеген жылдар бойы исламмен байланысты. Орталық Азия аймағына мұсылмандық идеяларының келуі VII-VIII ғасырлардан басталады. Бірінші араб миссионерлері сонау VII ғасырдан бастап аймағымызға келе бастаған. Ислам жеңісінің соңы VIII ғасырда болды. 751 жылы Тараздың жанындағы Атлах қаласында араб армиясы қытай әскерлерін жеңіп, қытай әскерлері Жетісуді тастап қашқан. Осы жеңістен кейін бүкіл Орталық Азияда исламның бекуі мен мұсылман мәдениетінің күшеюі басталды.Қазіргі Қазақстан аумағында исламның дамуы бірнеше жүз жылдарға дейін созылды. Жаңа дін бірінші оңтүстік аудандарда дамыды. Х ғасырда ислам Жетісу мен Сырдария өңірлерінде кең тарады. Алдымен Х ғасырда мұсылмандықты қабылдаған Қарахандықтар әулетінен Сатық, ал оның баласы Боғра хан Харун Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады.Аймақтың исламдануы басқа да діндердің болуына қарамастан бейбіт мақсатта жүрді. Ұлы Жібек жолы көптеген дін үйретушілердің даңқты жолы болды, оларға христиандықты, буддизмді, зороастризмді жатқызуға болады. Алқаптағы түркі жұртшылығына кең тараған теңгірлікті де айтуға болады. Жұртшылық арасында исламның таралуы ешқандай қанаушылықсыз-ақ таратылып жатты.
Ислам мәдениеттің дамуына елеулі ықпалын тигізді. Бұл дінге бейімделу Таяу және Орта Шығыс елдерімен рухани, ғылыми, мәдени байланысуға септігін тигізді. Әртүрлі ұлт өкілдерінің қарым-қатынасы білім мен өнер саласының өркендеп, мұсылмандықтың Ренессанс дәуіріне негіз салды. Жалпы, IХ-ХII ғасырлардағы араб-ислам әлеміндегі мәдениеттің дамуын осылай атайды.

2)Ислам VIII-IX ғ-да Оңт.Қаз.да кең тарады.Ислам діні алғаш рет қарлұқтар арасында таралған(760ж).Қарахандықтар 960 жылы исламды мемлекеттік дін ретінде жариялады.XI-XII ғ.да бұл дін қыпшақтар арасында кең тараған.Ең алғашқы мұсылман бейіттері Отырардан (9-10ғ) боран қала жұртынан (10ғ)табылды.Ең алғашқы мешіттер Кедер мен Күлтөбеде салынған.Ежелгі кесенелер:Бабаджа хатун,(X-XI)Айша бибі.(XI-XII) Қарахан кесенелері.XV-XVII ғ-да ислам дінінің таралуына суфистік миссионерлер елеулі үлес қосты. Суфизмнің түркі дәстүрін Қожа Ахмет Йассауи таратты: «Диуани хикмет» еңбегінде исламның негізгі қағыйдалары қарастырылды. Көшпелілер арасында тәңірге, табиғатқа, ата баба аруағына табыну сақталды. Отқа табыну ерекше болып, От-Ана үйдің қамқоршысы деп саналды. Ата-баба аруағын құрметтеп көптеген әулиелер атымен қоғамның топтарын байланыстырды: Мұхаммед пайғамбардың қызы Фатима ана- әйелдер мен балалар қамқоршысы. Қорқыт ата- қазақ бақсыларының, әнші күйшілердің қамқоршысы. Түкті Шәшті Әзиз Баба –қазақ батырларының қамқоршысы. Диқан баба –егіншілер қамқоршысы. Қыдыр ата-игілік, молшылық, бақыт әкелуші

17.Ұлы Жібек жолы және оның орта ғасырдағы түркі халықтарының экономикалық және мәдени өміріндегі маңызы.

VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар».
VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның қандай рөлі болғаны туралы жазба деректер аз емес. Қазақстанның Сырдарияның орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас кезінде арабтар Фадл-Ибн Сахлдың басқаруымен Отырар аймағын басып алуға тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдар қайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін сақталған

18.Монғолдардың Қазақстан жерін басып алуы және ұлыстардың құрылуы.

Шығ Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін моңғолдарға Оңт Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Қазақстанға басып кіруге «Отырар опаты» деп аталатын жағдай себеп болды. 1218 ж Шыңғыс хан Орта Азияға Омар -Қожа Отрари, Жамал Марағи және басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберді, 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуені 1218 ж жаз айында Отырар қаласына келіп жетеді. Отырар әміршісі Қайыр-хан Иналшық саудагерлерді жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді тонап алды. Шыңғыс хан Қайыр ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ Хорезмшах II Мухаммед бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге Шыңғыс-хан жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етеді. Осының өзі Шыңғыс-ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуына себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу соғыстарының негізіне алған себептер болатын. 1219 ж қыркүйекте 150 мыңға жуық Шыңғыс-ханның қалың қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды. Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алады. Жошы бастаған әскерлер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Үшінші бөлік Сырд-ң жоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ – кенттерді алуға, ал Шыңғыс-хан өзі кіші баласы Төлеймен Бұхараға қарай бет алады. Отырар қаласы алты ай бойы берілмей қарсыласады. Тек Хорезмшах II Мұхаммед көмекке жіберген Қараджа – Хаджибтің Суфи хан қақпасын ашып шығып, өз отрядымен моңғолдарға берілгенде ғана моңғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа – Хаджиб өлтіріледі. Алайда, моңғолдарға қаланы алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар тегіс қырылғаннан кейін барып, қала 1220 жылы ақпанда алынды. Қайыр-хан қолға түсіп, Шыңғыс-ханның алдында әкелген жерде қатал жазаланып өлтірілді. Сөйтіп, Отырар қамалын жермен – жексен етіп, Шағатай мен Үгедей бастаған моңғол отрядтары Шыңғыс-ханға келіп қосылды.Сырдария бойындағы басқа қалалардың тұрғындары да ерлікпен қорғанды.1219-1220 жылдар арасында бүкіл Сырдарияның бойындағы қалалар мен қыстақ кенттер моңғолдардың қол астына түседі. Сыр бойындағы қалалардың қарсылығын жеңгеннен кейін Шыңғыс-ханның әскерлері Орта Азияның ішіне баса көктем еніп, 1219 ж-дан 1221 ж-ға дейін моңғолдар бүкіл Орта Азияға ойран салып өтті. Хорезмшах II Мухаммед Иранға қашып, кейін Атырау теңізі аралдарының бірінде өлді.Сонымен, 1219 – 1224 жж-ғы моңғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс-хан империясының құрамына кірді.

Ұлыстардың құрылуы. Ұлан – ғайыр көп жерлерді жаулап алған Шыңғыс-хан өз көзінің тірісінде осы жерлерді төрт ұлына енші етіп үлестірді. Шыңғыс-ханның үлкен Ұлы Жошыға- Ертіс өзенінен Орал тауларына дейінгі жерлер, одан ары батысқа қарай «моңғол атының» тұяғы жеткен жерлерге дейінгі аймақтар, Оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейiнгі жерлер берілді. Амударияның төменгі жағындағы аймақтар мен Сырдария өңірі де Жошы ұлысына кірді. Бұл жерлер «Жошы ұлысы» деп аталады. Шыңғыс-ханның екінші ұлына Шағатай, Қашқария, Жетісу, Мауараннахр тиді. Үшінші ұлы Үгедейге Батыс Моңғолия мен Тарбағатай аймағы берілді. Кенже ұлы Төлей әкесінің қара шаңырағы Моңғолияны мұраға алды. Сонымен бірге моңғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды, ал қалғаны үш баласының әрқайсысына 4 мың адамнан бөлініп берілді.

Бұл ұлыстардың барлығы Қарақорымдағы (Монголиядағы) ұлы хан Шыңғыс-ханға бағынатын болды.

19.Алтын Орданың құрамындағы және оның құлауы кезіндегі Қазақстан.

Қазақстан аумағы үш монгол ұлысының кұрамына енді: үлкен (далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік жөне Оңтүстік-Шығыс Казакстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысына карады. Жошы ұлысы Ертістен батысқа қарайғы ұлан-ғайыр жерді, Жетісудың солтүстік бөлігі мен бүкіл Дешті-Қыпшақты, Еділдің төменгі бойын қоса алып жатты. Шағатай ұлысы жоғарыда аталған жерге қоса, Шығыс Түркістан мен Мәуереннахрды қамтыды. Үгедей Батыс Монғолияны, Жоғарғы Ертіс пен тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысты. 1227 ж. Шыңғыс хан өлгеннен кейін бұл ұмтылыс күшейе түсіп, империя бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті.1227 ж. Жошы өлген соң орнына ұлы Батый отырды.Жеті жылға созылған жорықтарынан кейін Батыйдың қол астына Қырымды қоса, Еділден Дунайға дейінгі жер, Солтүстік Кавказ, Батыс қыпшак (половецтер) даласы қосылды. Осыдан кейін Батый Еділдің төменгі аясында Алтын Орда атты жаңа монғол мемлекетін құрды. Оған Жошы ұлысының жері — Шығыс Дешті-Қыпшақ, Хорезм мен Батыс Сібірдің бір бөлігі және батыстағы жаңадан жаулап алынған жерлер карады.Алтын Ордада жаулап алынған жер мен халықтарды басқару үшін үлыс жүйесі енгізілді. Батый хан тұсында Жошы ұлысында екіге — оң және сол қанатка, негізінен екі мемлекетке бөліну процесі жүргізілді. Оң қанат (үлыстың) басында Батый ханның өзі мен ізбасарлары тұрды. Ал сол қанатты Жошының үлкен ұлы Орда Ежен биледі. Қазакстан жерінің көп бөлігі сол канат құрамына кірді. Алғашында Алтын Орда Монғолиядағы үлы ханға тәуелді болды. Алайда 1260 ж. Монғол империясы бірнеше тәуелсіз ұлыстарға ыдырап кетті.Алтын Орда Батыйдың інісі Берке ханның (1256 — 1266 жж.) түсында-ақ тәуелсіздікке кол жеткізген. Одан кейінгі Мөңке хан (1266 — 1280 жж.) өз атынан теңге шығара бастады.Алтын Орданың тарихы ішкі қайшылыктарына коса, орыс князьдіктерімен, Ирандағы Күлағу ханның әулетімен, Ак Орданын және Хорезмнін билеушілерімен үздіксіз соғыстарға толы болды. Алтын Орданың XIV ғ. алғашқы жартысында, әсіресе Өзбекхан (1312 — 1342 жж.) мен одан кейінгі Жәнібек ханнын (1342 — 1357 жж.) тұсында кұдіреттілігі арта түсті. Ханның дара үстемдігі орнап, құрылтай шакыру аяқсыз калды, билік бір адамның колына жинакталды.1312 ж. Өзбек хан исламды Алтын Ордадағы мемлекеттік дін деп жариялады. 1380 ж. Алтын Орданың билеушісі, түменбасы Мамай Дмитрий Донской бастаған орыс әскерінен Куликово даласында тас-талкан боп женілді. Жошы ұрпағы Токтамыс хан осы жағдайды пайдаланып, Алтын Орданың билігін тартып алды. Өз билігін соғыс жеңістерімен бекіте түспек болған ол 1382 ж. Мәскеуді өртеп жіберді.Тоқтамыстың соңына түскен Әмір Темір Алтын Ордаға кайта-қайта шабуыл жасап, халқын қырып, байлығын тонап, енді кайта көтеріле алмастай етіп тұралатты.XV ғ. ортасына карай бірнеше үлкен үлыстар өз алдына хан сайлап, Алтын Орда біржола құлады.

20.Ортағасырлық Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттері.Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде 13 – 15 ғ басында Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Алғашқыда мемлекет Алтын Орданың құрамында болды. Ақ Орданың негізін қалаушы Орда Ежен (Жошы ханның үлкен баласы). 14 ғ 2 жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғарғы сатысына жетті. Ақ Орданың территориясы: Сырдария алқабы, Арал теңізінің солт. шығысынан Есіл, Сарысу өзендеріне дейінгі жерлер. Ірі қалалары: Сығанақ, Йассы, Сауран, Жаркент. Астанасы Сығанақ. Халқы өзбек қазақ. Алғашқы ханы: Сасы Бұға ( 1309- 1315). Мұрагері Ерзен хан. 1315 – 1320 жж қала өсіп, қолөнер өркендеді, сауда дамыды, ұлыстардың шекараларын белгілеп, басқаруға өз сұлтандарын қойды, ислам дінін нығайтып, мешіт медреселер ашты. Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы XIVғ. Екінші ширегінде Ерзен мен Мүбәрәкқожа тұсында басталды.

Мүбәрәкқожа хан (1320-1344) Алтын Ордаға бағынбай, дербес саясат жүргізуді ойлады.

1354-1364 жылдар аралығы билік үшін тартыста он екі хан қаза тапты.Орыс ханның (1364-1375) кезінде Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ол 14 ғ 70 ж Астраханьды,(Қажы – Тарханды), 1374 – 1375 жж Сарай – Беркені алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Ақ Ордаға Мәуреннахр билеушісі Әмір Темір қауіп төндірді. Орыс хан өлтірген Маңғыстау билеушісінің баласы Тоқтамыс Әмір Темірді паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жіберді. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы Темір Мәлікті жеңіп, Ақ Орда билеушісі болады. XІVғ. 80жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Темірге тәуелсіздігін жариялады. 1395 ж. Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Сарай Беркені қиратты. 14ғ. аяғы 15ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. 1423-1428 жылдар Ақ Орда Орыс ханның немересі Барақ билік етті.

1428 ж. билікке Шайбан ұрпағы Әбілхайыр хан келді.

 

Моғолстан

ХІҮ ғ. ортасы – ХҮІ ғ. басында Оңтүстік – Шығыс Қазақстан аумағы Моғолстан мемлекетіне кірді. Бұл мемлекет ХІҮ ғасырдың ортасында Орта Азияның солтүстік-шығыс бөлігі, Жетісу мен Шығыс Түркістан жерінде Шағатай ұлысы ыдырағаннан кейін құрылды. Моғолстанның негізін салушы – дулат тайпасының басшысы Әмір Болатшы.Билеушісі – Тоғылық Темір хан(1348-1362жж). Астанасы- Алмалық(Іле алқабында). Территориясы- Оңтүстік-Шығыс Қазақстан, Қырғызстан, Шығыс Түркістан. Моғолстанның шекарасы туралы Мұхаммед Хайдар Дулати “Тарихи-рашиди” еңбнгінде жазған:”Шекарасының ұзындығы мен ені 7-8 айлық жол. Баркөл, Ертіс – Көкше теңіз – Түркістан- Ташкент, Ферғана, Қашғар, Ақсу аралығы”.Орталық аймағы- Жетісу. Моғолстан атауы монгол сөзінен шыққан. Өйткені түрік және парсы деректерінде монголдардыосылай атаган. Халқы: дулат, қаңлы, керей, арғын, үйсін, т.б. тайпалар. Дулаттар- ең қуатты тайпа. Бұл тайпалардың көпшілігі кейін қазақ халқының құрамына енді, ал Тянь- Шань атегі мен Шығыс Түркістанды мекендеген тайпалар қырғыз және ұйғыр халықтарын құрады. Билеуші титулы-хан.Дулат тайпасы әмірлерінен ұлысбектер (ханның көмекшілері) тағайындалды.Хандық кеңес мемлекеттің ішкі және сыртқы істері, әскери жорық және жайылымдық жерлерді бөлумен айналысты.Ақсүйектер жерді шартты түрде иеленді.Салықтың бірнеше түрі жиналды.Әскери, көліктік, еңбек ету, байланыс міндеткерліктері болды. Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өз билігн нығайту үшін ислам дінін тірек етті. Соғыс жорықтары:1361 жыл- Мәуереннахрды түгел басып алып, баласы Ілияс Қожаны билеуші етіп қойды. Кейін ол әкесінің орнына Моғолстанның билеушісі болды(1362-1365).1365 жыл- Ілияс Қожа Мәуереннахрға жорыққа аттанып, Сырдария бойында, Ташкент түбінде Темір әскерін жеңеді. Бірақ Самарқанды ала алмай, кейін шегінеді. Оның тұсында өзара қырқысу соғыстары басталып, Моғолстан бірнеше бөлікке бөлінді: - Дулат әмірі Камар-ад-дин- Жетісуды;- Енге төре – Іле мен Тарбағатайды биледі.

Осыны пайдаланған Әмір Темір Моғолстан мен Ақ Ордаға шабуылдап, оған қарсы екі хандық одақ құрды.Қыдыр қожа хан (1385-1399 жж) Темірді жеңе алмай, өзін оның вассалы деп мойындайды.Мұхаммед хан(1408-1418 жж) Темір Ықпалынан құтылып, Шу-Талас бойын қайтарып алды. ХҮ ғасырдың бірінші жартысында Моғолстанға ойраттар шапқыншылығы жиіледі.Уайс хан(1418-1429) астананы Ілебалық қаласына көшіріп, ойраттарға батыл қарсылық көрсетті. Оның мүрагерлері арасында талас басталды.Есен-Бұға(Уайстың баласы) хан ХҮ ғасырдың 30 жылдарының ортасында өкімет билігін иеленді(1429-1462)ХҮ ғ. 50ж аяғында Батыс Моғолстанға Жәнібек пен Керей бастаған халық көшіп келді.Моғолстан ханы Есен-Бұға оларға жер берді. Есен-Бұғаның мақсаты:қазақтарды ойраттарға және Темір әулетіне қарсы әскери күш ретінде пайдалану;қарсыласы Әбілхайыр мен Жүніске (інісіне) қарсы қою.Моғолстанның ыдырауының себептері:Феодалдық өзара қырқыстарАқсүйектердің елді үлестік жерге бөлшектеуі Халық наразылығының жиілеуі және қазақ хандығына барып қосылуы.ХҮІ ғ басында Моғолстан хандығы жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатты.Жетісудағы қазақ рулары мен тайпалары Қазақ хандығының құрамына еніп, қазақтың Ұлы жүзін қалыптастырды.Моғолстан Қазақ хандығының құрылуына және қазақтың жеке халық болып қалыптасу барысына негіз болды.