Мәдениеті. Үй кәсібі мен қолөнеріндегі ерекшеліктер, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі. 4 страница

Территориясы: Жайық пен Тобылдан бастап, Сырдарияның төменгі ағысына дейін.

Көтерілістің себептері:Ақшалай салықтың өсуі.Күз сайын әр шаңырақтың хан сарайының мұқтажына құны 70 сомдық жылқы беруге міндеттенуі.Көшіп-қонғаны, шөп жинағаны, орыс помещиктерінің шабындығын басып өткені үшін салық төлеу.Жәңгір ханның әділетсіздігі мен рақымсыздығы. Қазақтардың жер үшін күресін әлсірету.

Мақсаты: Хан озбырлығына шек қою. Шаруалар жағдайын жақсарту. Жер мәселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту.

Әскери бекіністердің салынуын тоқтату.

Көтеріліс барысы.1836 жылы Жәңгір хан Қарауылқожаға котеріліс басшыларын тұтқындауды тапсырды.Қарауылқожаның Исатайга беріліп ханға бас июді талап етуі , көтерілістін өршуін тездетті. 1836 жылы Исатай маңына косымша 20 ауыл көшіп келді.1836 жылы 13 желтоксанда Жәнгір маңындағы старшындар Махамбет ауылына шабуылдап, малдарын талап әкетті.

 

1837 ылы30 наурыз - Шекаралык комиссия Исатай мен Махамбетті сотқа тартуды талап етті.1837 жылы 15 қараша –Тастөбе шайқасы . 1837 жылы 13 желтоқсан- батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылар торын бұзып, Жайықтан шығыска қарай өтіп кетті1838 ж. 12 шілде – Ақбұлақ шайқасы. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді.1838 ж. 23 шілде – Махамбет тобы хан ауылына шабуылдады. Басты қозғаушы күш –қарапайым көшпенділер Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да қатысты .

Көтеріліс басшысы.Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) мен Исатай Тайманұлы (1791-1838). 1836 ж. ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болып, Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.

Нәтижесі:Салық мөлшеріне шек қойылды.Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын боды.Ішкі Ордадағы хандық биліктің әлсірегендігін дәлелдеді.Қазақ феодалдарының отаршылдық басқарумен байланыста екенін көрсетті.Әртүрлі халықтардың қанаушыларға қарсы бірігіп күресуінің негізі қаланды.

Тарихи маңызы: XIX ғ. 30 жж. ірі әлеуметтік ұлт-азаттық қозғалыс.Отаршылдыққа қарсы бағытталды.Ресейдегі азаттық қозғалыстың құрамдас бөлігі.

Жеңілу себептері: Үстем тап өкілдерінің опасыздығы.Көтеріліс басш-ның Кіші жүздегі және Ішкі ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы.Қару-жарақтың теңсіздігі.Стихиялығы, ұйымшылдықтың жеткіліксіздігі.Көтерілісшілердің бір бөлігінің өз ісіне сенімсіз болуы.

И.Тайманұлы мен М.Өтемісұлы бастаған көтерілісті үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші кезең - 1833-1836 жылдар аралығы қарулы көтеріліске даярлық ретінде сипатталса, екінші кезең - 1837 жылдың басында көтерілісшілердің ханға қарсы аттануынан бастап, олардың осы жылдың күз айларына жеңіліске ұшырауына дейінгі аралық. Үшінші кезең - 1837 жылдың желтоқсанында Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын тобының Жайықтың сол жағалауына өтіп, күш жинап көтеріліске қайта шығуынан бастап, 1838 жылдың шілде айының ортасында Ақбұлақ өзенінің маңында болған шайқаста біржола жеңіліске ұшырауына дейінгі уақытты қамтиды. Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс - қоғамдағы әлеуметтік теңдік үшін болған, қазақ халқының Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы халықтың азаттық рухын жігерлендірген көтеріліс. Сондықтан да, бұл көтеріліс халқымыздың тарихында өзіндік орны бар, маңызы зор көтерілістердің бірі.

46.Қазақ халқының Кенесары Қасымұлы бастаған отаршылдыққа қарсы күресі.

Ор­та жүз қазақта­рының отар­шылдыққа қар­сы бағыт­талған бас көте­рулері 1822 жы­лы «Сібір қырғыз­да­ры ту­ралы жарғыдан» бас­та­лады. Осы күрес 1837 жы­лы жаз­да Абы­лай хан­ның не­мересі, Қасым­ның ба­ласы Ке­неса­ры бас­таған жаңа, қуат­ты бас көте­руге ұлас­ты.Ке­неса­ры күресті екі май­дан­да – пат­ша­лық Ре­сей мен Ор­та­азиялық хан­дықтарға қар­сы, әсіре­се қазақ халқының бір бөлігін құлдықта ұстап отырған Қоқанға қар­сы жүргізу­ге шешім қабыл­дай­ды. Қару­лы көтерілістің ал­дында Қасым мен Ке­неса­ры та­рапы­нан Ор­та жүз жер­леріндегі бекіністер жүйесін алып тас­та­уды та­лап етіп, Сібір бас­шы­лары­ның аты­на хат­тар жа­зылған еді, бірақ олар жа­уап­сыз қал­ды.1837жыл­дың көктемінде Ке­неса­ры азғана жа­сағымен Ақмо­ла ок­ругінің ше­кара­сына келіп жетті. Қазақтар оның ту­ының ас­ты­на жап­пай ағыла бас­та­ды. Же­келен­ген жа­сақтар­дың ба­сын­да Ке­неса­рының жақын ту­ыс­та­ры На­урыз­бай, Әбілғазы, Бо­пай ха­ным­дармен бірге ха­лық ба­тыр­ла­ры – Ағыбай, Жа­най­дар, Иман, Жо­ламан, Бұқар­бай тұрды. Көтерілістің алғашқы са­тысын­да өздерінің мүдде­лерін көзде­ген, Ке­неса­рыдан қорыққан орыс қыз­метіндегі сұлтан­дар мен би­лердің бір бөлігі де қосыл­ды.Ке­неса­ры 1837 жы­лы жаз­да Чи­риков­тың жа­зала­ушы от­ря­дын талқан­да­ды, сөйтіп қол ас­ты­на Ақмо­ла, Көкше­тау, Қарқара­лы және Ба­янауыл ок­ругтерінің аумақта­рын қарат­ты. 1838 жыл­дың ба­сын­да бы­тыраған қазақ жа­сақта­ры Ке­неса­рының қол ас­ты­на бірігеді. Көктем­де ол Ба­тыс Сібірдің гу­бер­на­торы Гор­ча­ковқа Ре­сей өкіметінің са­яса­тына қар­сы ар­найы қар­сы­лық ха­тымен елшілік жібе­реді, қазақ жеріндегі бекініс пунк­ттерін жо­юды, тар­тып алынған жайылым­дарды қай­та­руды та­лап етеді. Сұлтан­ның жібер­ген өкілдерін жа­зала­ушы­лар ор­та жол­да ұстап ала­ды, бұдан кейін Ке­неса­ры Ре­сей­ге қар­сы бел­сенді қимыл­да­рын қай­та жалғас­ты­рады.1838 жыл­дың жа­зын­да көтерілісшілер әскер стар­ши­насы Си­монов­тың от­ря­дын талқан­дай­ды. Ке­неса­рының жа­сағы Ақмо­ла бекінісінің түбінде шоғыр­ла­нады. 7 та­мыз­да бекініске қиян-кескі тіке ша­бу­ыл бас­та­лады, бар­лық құры­лыс­тар өртеліп жіберіледі. Бұдан кейін күз бойы қазақтар пар­ти­зан күресін жалғас­ты­рады, Ре­сей­ге жақтас сұлтан­дардың ауыл­да­рын то­нап және бай­ла­ныс то­рап­та­рын үзіп при­каз­дарға, пи­кет­терге және разъез­дерге жүйелі ша­бу­ыл жа­сай­ды. Күзде Ке­неса­рының ауыл­да­ры Жо­ламан ба­тыр бас­таған Кіші жүздің жа­сақта­рымен бірігу мақса­тын­да Торғай мен Ырғыз өзен­дерінің бойына өте бас­тай­ды.1841 жы­лы қазақ мем­ле­кеттігінің қай­та жаңғыру­ына бай­ла­ныс­ты азат­тық күрестің жаңа са­тысы бас­та­лады. Ұлы­та­удағы қазақ ру­лары өкілдерінің кеңесі 1841 жы­лы жаз­да Ке­неса­рыны хан етіп сай­ла­ды. Ке­неса­ры хан ор­та­лық үкіметті нығай­туға және күресті жалғас­ты­ру үшін мықты тыл­ды құруға бағыт­талған бірқатар әкімшілік пен сот ре­фор­ма­ларын жүргізді. Хан маңын­да оның жақтас­та­ры кірген кеңесші ор­ган – Хан кеңесі құры­лады. Са­лық жи­науға, әске­ри дайын­дыққа, мәміле­герлік істер­ге жа­уап бе­ретін қыз­меттер ұйым­дасты­рыла­ды. Да­ладағы әске­ри қимыл­дар 1843 жы­лы қай­та жан­данды. Пол­ковник Би­занов­тың бас­шы­лығымен 5000 адам­нан тұра­тын от­ряд Са­хар­ная бекінісінен, басқа от­рядтар Ом­бы­дан, Қызыл­жардан (Пет­ро­пав­ловск) және Қарқара­лыдан шықты. То­был өзені жағынан пат­ша үкіметіне берілген сұлтан Ах­мет Жантөриннің қазақ жа­сағы да шықты. Ке­неса­ры шайқас­тарда Би­занов­тың от­ря­дын әбден ти­тықта­тып ба­рып, 1843 жыл­дың қыркүйегінде оны Орскіге шегіну­ге мәжбүр етті. 1847 жы­лы Ке­неса­ры жа­сақта­ры қырғыз ше­кара­сына жақын­да­ды. Мұнда олар ора­сан зор қиын­дықтарға кез­десті. Жергілікті жерді білмеу, қырғыз­дармен ара­дағы жа­угершілік, қырғыз, қоқан және орыс от­рядта­рының біріккен әре­кет­тері жеңіліске се­беп бол­ды. Ке­неса­рының соңғы шайқасы Пішпек­ке та­яу жер­дегі Кекілі та­уын­да өтті. Тау ішінде қазақтар­ды қоқан және қырғыз әскері қор­шап ала­ды. Ке­неса­ры тұтқынға түседі. Өлім ал­дында ол тағы бір рет қырғыз ма­нап­та­рына жа­улықты тоқта­тып, ор­тақ жауға қар­сы бірігіп күре­су үшін күштерді біріктіруді ұсы­нады, алай­да бұл жо­лы да қырғыз ма­нап­та­ры оның ұсы­нысын қабыл­да­май­ды.

47.Қазақтардың Орал мен Торғай облыстарындағы (1868-1869) және Маңғыстаудағы (1870) көтерілістері. «Уақыт­ша ере­женің» енгізілуі Ор­та жүзде қар­сы­лыққа кез­деспеді, сөйтіп көтеріліс негізінен Кіші жүзді қам­ты­ды. Зерт­те­уші Н. А. Се­реда Орал об­лы­сын­дағы ашу-ыза­ның се­бебі «ха­лық пен ре­фор­ма­лар­да» емес, қазақтар­ды сұлтан­дар арқылы басқару әдісінде деп білді. Көшпелі ха­лықтың ашу-ыза­сын туғызған фак­торлар­дың бірі үкіметтің фис­калдық са­яса­тының қатай­ты­луы еді. Оның үстіне қатар­дағы көшпелілер мен ауқат­ты от­ба­сылар бірдей міндет­керлік атқар­ды. Мұның өзі пат­ша өкіметінің қазақ қоғамы­ның ар­тықшы­лықта­ры, топ­та­ры жөніндегі қамқор­шы­лық са­яса­тының көрінісі бол­ды; са­лықтар мен басқа да міндет­керліктердің күрт көбейтілуі Орал, Торғай об­лыста­рын­да ха­лықтық бой көрсе­тулердің бас­та­лу­ына түрткі бол­ды.Пат­ша «Уақыт­ша ере­жені» мақұлдаған­нан кейін үкіметтің бірден дерлік жүзе­ге асы­рыла бас­таған са­лық са­яса­тына қазақтар­дың на­разы­лығы 1868 жылғы қара­шаның аяғына қарай қару­лы қар­сы­лыққа ұлас­ты. На­шар қару­ланған, бірақ жер жағдайын та­маша білген көтерілісшілер­ге қар­сы қимыл­даған шағын ка­зак шолғын­шы­лары олар­дың те­ге­урінін әлсіре­те ал­ма­ды.Қару­лы бой көрсе­тулер шек­тес екі об­лыстың бірқатар аудан­да­рын­да бір мезгілде дерлік бо­луы се­бепті тұрақты бөлімдер аз болған кез­де қазақтар­дың нақты күштерін ұтым­ды бөлу қиын бол­ды. Оның үстіне көтерілісшілер өздерінің бы­тыраңқы жа­сақта­рын үкіметтің өзін-өзі қорғай­тын күштерімен жеткілікті қам­та­масыз етілген ірі әске­ри-тірек бе­кет­теріне қар­сы емес, қай­та қазақ ауыл­да­рына ка­зак от­рядта­рының қорғауымен жа­сыры­нып жүрген жеккөрінішті стар­шындарға, бо­лыс­тарға қар­сы бағыт­та­ды.Көтеріліс Орал об­лы­сының солтүстік-ба­тыс аудан­да­рын, атап айтқан­да, бұрынғы ха­лық көтерілістері бойын­ша да отар­шылдыққа қар­сы қозғалыс­тарға бел­се­не қатысқаны аңғарылған жа­уын­гер та­бын, шекті ру­лары­ның қоныс­та­рын кең қам­тыған. Бұл жо­лы да та­бын­дар ре­фор­ма­дан кейінгі ке­зеңдегі отар­шылдыққа қар­сы күрес­ке еле­улі үлес қос­ты. Отар­шылдық өкімет орын­да­ры көтерілістің шек­тес екі да­лалық об­лыс аумағына қанат жа­юының шын мәніне бой­лап жат­пай, мұның се­бебін бар­лық уақыт­та хи­уалықтар­дың ықпа­лы деп білді.

XIX ғасыр­дың 60-жыл­да­рына дейін Хи­уа үкіметі Ре­сей­ге ба­рын­ша адал­дық көрсетіп, оны­мен ең ал­ды­мен өза­ра тиімді са­уда қаты­нас­та­рын жа­сап отыр­ды.

Маңғыс­та­удағы көтеріліс (1870 ж.)«Уақыт­ша ере­же» Маңғыс­та­уда 1870 жы­лы енгізілді. Пат­ша әкімшілігі Маңғыс­та­удың негізгі халқы – адай руы «Уақыт­ша ере­жені» күрессіз қабыл­да­май­ды деп қауіптенді және оны жүзе­ге асы­ру үшін неғұрлым қолай­лы жағдай­лар­ды күтті.Маңғыс­тау прис­та­вы под­полков­ник Ру­кин да­ла тұрғын­да­рының қиын жағдайымен са­нас­пай, адай­лар­дан 1869–1870 жыл­дар үшін шаңырақ алы­мын жаңа та­риф­ке сәй­кес де­реу енгізуді та­лап етті; көпте­ген жергілікті тұрғын­дар, со­ның ішінде Бо­зашы түбегінің ба­лықшы жа­тақта­ры Ру­киннің та­лабын орын­да­удан бас тарт­ты. Адай­лар­дың жай­лауға көшуін күштеп тоқта­туға ты­рысқан Ру­киннің ой­лан­бай жа­саған әре­кет­тері жер-жер­де көтерілістің бас­та­лу­ына се­беп бол­ды. Көтерілісшілердің же­текшісі Иса Тілен­ба­ев қалың бұқараға бас­шы­лық ету­де ше­берлік және жа­зала­ушы­лар­мен келіссөздер­де дип­ло­мати­ялық әдептілік та­ныт­ты. Көтерілісшілер сәуір айының ба­сын­да Ни­кола­ев ста­ница­сына, Алек­санд­ровск фор­ты­на ша­бу­ыл жа­сады, алай­да олар сәтсіздікке ұшы­рады. Пат­ша­лық өкімет орын­да­рын көшпелілердің ба­тыл­дығы қорқыт­ты, мұның өзі олар­ды қосым­ша әске­ри көмек сұрауға мәжбүр етті; Кав­каздан тың күштердің ке­луі күштердің арақаты­насын өзгертті. Қозғалыс­ты ба­суға бас­шы­лық жа­сау қолы­на шоғыр­ланды­рылған граф Ку­та­исов «ең жа­байы, дөрекі және жа­уын­гер қазақтар­ды» ты­ныш­танды­рудың өз жос­па­рын ұсын­ды. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ ша­ру­ала­ры өз қатар­ла­рын берік біріктіру­ге қол жеткізе ал­ма­ды, мұның өзі са­ны жөнінен бол­ма­шы жа­зала­ушы от­рядтар­дың ха­лық қар­сы­лығының негізгі ошақта­рын тұншықты­ру­ына мүмкіндік берді; қазақ ша­ру­ала­рының ру­лық тар өрістері мүдде­лері отар­шыл им­пе­ри­яның әске­ри құра­мала­рының өзінің ұйым­да­суы жағынан едәуір кем түскен көтерілісшілер жа­сақта­рын­дағы тұрақта­ма­ушы­лықты туғыз­ды. Көтеріліс шағын си­пат­та болғаны­мен, оның ге­ог­ра­фи­ялық шеңбері тым ауқым­ды бол­ды – бүкіл дерлік Ба­тыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан­ның бір бөлігі қазақ ша­ру­ала­рының бой көрсе­тулерімен қам­ты­лып, «Уақыт­ша ере­женің» жүзе­ге асы­рылу­ын қиын­датты

48.Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Қоқан және Хиуа феодалдарына қарсы күресі.

Жанқожа Нұрмұхамедұлы өзінің бүкіл өмірін Арал маңы қазақтарының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнады. Жанқожа Кішкене шекті руының басшысы еді. Рулас туыстары оны жеке басының батылдығы, ерлігі және қаһармандығы үшін құрмет тұтты. Оның дүлей қара күші де, ат құлағында ойнайтын шебер шабандоздығы да бар еді. Сыр бойының қазақтары оны ақылды әрі әділетті би ретінде таныды. Батырдың өзгелерден бір ерекшелігі ол дінге берілген иманды кісі еді. Белгілі ғалым әрі қоғам қайраткері М. Тынышбаев ол туралы былай деп жазды: «Барлық үш жүзге ортақ батыр әрі би, қазақтардың бостандығы жолындағы атақты күрескер Жанқожа батыр орыстарды да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да мойындамады».

Атап айтқанда, батыр хиуалықтарға бағынбады. Көп шайқастардың бірінде ол өзінің соңына түсіп, қуып келе жатқан хиуа жасақтарын жалғыз өзі тас-талқан етіп жеңіп шығады. Сол жолы өзі де 8 жерінен жаралы болады. Осы бір жүрек жұтқан ерлігі үшін халық оны қадір тұтып, сый-құрметке бөледі. 1835 жылы ол Хиуаның Бабажан бекінісін шауып алды. Жанқожа қол астындағы адамдарға әділ басшылық етті, оларға қатаң талаптар қоя білді. Парақорлар мен ұрыларды өлім жазасына кесті. Ол қарапайым дене еңбегінен ешқашан бас тартып көрген емес. Жанқожа батыр егін даласында, тоған құрылысында, арық-атыз, канал қазуда да өз руластарымен бірге аянбай еңбек етті. Оның атақ-даңқы бүкіл қазақ даласына жайылды. Жанқожа Кенесары Қасымұлымен туыстық қарым-қатынас орнатты. Хан оның қызына үйленді. Атақты батыр XIX ғасырдың бірінші жартысында Хиуаның қатаң тепкісіне қарсы күрескен хан Арынғазы Әбілғазыұлының ісін жалғастырып, алға алып барушы болды.

1836 жылы Жанқожа жауынгерлерімен бірге Хиуа әскерлеріне қарсы күреске шығып, олардың ірі бекініс-қамалы Бесқаланы тас-талқан етіп қиратты. 1843 жылы Жанқожаның жасағы Хиуаның Қуаңдариядағы бекінісінің де тас-талқанын шығарды, ал 1845 жылы Хиуаның құрамында екі мың сарбазы бар ірі жасағын ойсырата жеңді.

Жанқожа Қоқан хандығының Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңақорған, Күмісқорған, Шымқорған және Қосқорған сияқты әскери бекіністеріне де шабуыл жасады. Ол Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарымен белсенді байланыс жасап тұрды. 1845 жылы Жанқожа батыр Кенесары ханның өтініші бойынша Созақ әскери бекінісін басып алуға қатысты.

1847 жылы көтерілісшілер Сырдарияның сол жақ бетіне өтіп, Хиуаның және бір бекінісін — Жаңақаланы басып алып қиратты. Батыр мен оның жақын серіктері хиуалықтар бұрын қазақтардан тартып алып кеткен 3 мың түйені, 500 жылқыны, 2 мың мүйізді ірі қараны және 52 мың қойды қайтарып алды.

Кейінірек Жанқожа батырдың Қоқан хандығымен көп жылға созылған тартысты оқиғалары басталды. Қоқандықтар 1851 жылы қазақтардың көп малын күшпен айдап алып кетті. Жанқожа батыр Ақмешітке дейін жорық жасады, қоқандықтардың әскери жасағын талқандады, Қосқорған бекініс-қамалын басып алды. Жергілікті қазақтар Қоқан езгісінен азат етілді.

Батыр Хиуа мен Қоқанға қарсы күресіп жүрген кезде Орынбор жақтан Маңғыстауды басып өтіп, Сырдарияны бойлап, Ресей империясының әскери жасақтары ілгері жылжып келе жатты.

49.Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы. Әдістері және нәтижелері.

Қазақстанның оңтүстігін басып алу. Қазақстанның Ресейге қосылуына көптеген саяси-экономикалық алғышарттар болды. Орыс үкіметі өзінің шекарасын Шығыста ұлғайтқысы келді. Ресейде мемлекеттік биліктің күшейуімен қатар Шығыс мемлекеттерімен, көрші жатқан халықтармен сауда айырбас жасауға және өзге де қарым-қатынастарды дамытуға мүмкіндік туды. Қазақстанның Ресейге бодандығы ХVIII ғ. 30-шы жылдары басталып, ұзақ және күрделі үрдістен кейін ғана XIX ғасырдың 60 жж. аяқталды. Қазақ жүздерінің қосылуы әртүрлі ішкі саяси жағдайда іске асты. Кіші жүздің көп және Орта жүздің кейбір аудаңдары Ресейге XVIII - XIX ғғ. басында қосылды. Патшалық империя Орта Азияға байланысты алға қойған стратегиялық мақсаттарына жету үшін Орта жүздің үлкен бөлігін және Оңтүстік Қазақстанның қалалық белігін еш аяушылық көрсетпей, қатаң әскери күшпен бағындырды. Ресей Оңтүстік Қазақстанды және Орта Азияны жаулап саясатын Ұлы Британия империясымен болған бәсекелестікпен түсіндіреді. Қазақстанның Ресейге қосылуы үш кезеңнен тұрады: -Бірінші кезең XVIII ғ. 30-шы жылдарынан басталып 19 ғ. 20-шы жылдарына дейін. Бұл жүзжылдықтың ішінде Ресей мен Қазақ хандығының арасында протекторат қарым-қатынасы орнады. Ресей бекіністері мен шептері қазақ жерінің солтүстік шекарасын жан-жақтан қоршады. Қазақ хандарының сыртқы шаруаларына орыс билігі тығыз араласты және бекітіп отырды. -Екінші кезең - вассалитет кезеңі, XVIII г. 60-шы жылдары аяқтадаы. Оның негізгі керінісі 1822 жылы қабылданган «Сібір қазақтары туралы Жарғы» мен 1824 жылы қабылданған «Орынбор қазақгары туралы Жарғы» осы жарғылардың нәтижесінде хандық билік күшіи жойып, Ресей бодандығындағы қазақ өлкесіңде округтер мен бөлімдер ашылды. 0 круг басшылары - аға сұлтандар мен сұлтан-правительдер генерал-губернаторлыктарға бағынды. Өз кезегінде округтерде болыстықтар мен дистанциялар ашылды. Үшінші кезеңі таза бодандық, 1860-шы жылдары басталады. Оның негізгі белгісі Қазақ жерінің тұтастай Ресей империясының құрамына енуі, облыстарға бөліну, олардың ез кезегінде уездерге т.б. бнлінуі. Қазақтың саяси элитасы сұлтандар мен билер биліктен біржолата шеттетілді. Қазақ шаруашылығы Ресейдің тауарлы-сауда қарым - қатнастарының орбитасына ене бастады. 130 жылға созылған қазақ - орыс жаугершілігі ақырьі Қазақстанның онтүстігіндегі қалаларды жаулап алумен аяқталды. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтың ұлт-азаттық қозғалыстары жеңіліспен аяқталып, Қазақстанның бүкіл территориясының Ресей билігіне өтуіне алғы - шарт болды. Отаршылдарға қарсы көтерілістер кейде партизандық, кейде ашық ұрыс түрінде болып отырды. Қазақтардың жеңілуінің бірнеше себептерін көрсетуге болады: ол алдымен Ресей империясының экономикалық ресурстары қамтамасыз еткен орыс әскерінің техникалық қуатталығы, көптеген сұлтандар мен билердің сатқындығы, үшіншіден Кенесары қозғалысы кезінде Ресейге көмектескен Қазақстанның онтүстік көршілерінің - Хиуа, Қоқан және қырғыз манаптарының саясаты.