Мәдениеті. Үй кәсібі мен қолөнеріндегі ерекшеліктер, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі. 5 страница

Кенесары өлгеннен кейін орыс әскерлері Жетісуды, кейін 60-шы жылдары оңтүстік қалаларды басып алды (Ташкент, Шымкент, Түркістан, т.б.). Ресей үкіметі өзінің әкімшілік-саяси реформалары арқыяы Қазақсуандағы дәстүрлі басқару жүйесін бұзып, көпшелілерді құнарсыз жерлерге ығыстырып, Ресейден келген қара шекпендерге үлкен жеңілдік берді. 1867-1868 жж «Уақытша Ережеден» кейін шексіз билікті алған отаршылдық саясаты кең етек жайды. Сонымен қатар Қазақстаның Ресейге қосылуының нәтижесінде қазақ көшпелілері айырбас және сауда қатынасын жасайтын мүмкіндікке ие болды, қазақ ауылдарында сауданың даму барысында капиталистік, өндірістік қатынастар пайда бола бастады.

Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан басталып, 1,5 ғасырға созылған қазақ елінің Россия құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Россия империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері түгелдей Россия отарына айналды.

50.ХІХ ғ. 60-жж. Қазақстандағы патша үкіметінің әкімшілік және сот реформаларының мазмұны және құрылымы.1865 жы­лы үкімет Қазақ да­ласын басқару ту­ралы «Ере­женің» жо­басын да­яр­лау үшін Да­лалық ко­мис­сия құрды. Оның құра­мына Ішкі істер ми­нистрліктің және жергілікті ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтар­дың өкілдері кірді. Ре­сей Қазақстан­ды басқару­дың бұрынғы жүйесін түбірімен қай­та құру міндетін алға қой­ды. Ре­фор­ма­ны да­яр­лау кезінде қалың бұқара­ның көңіл күйі на­зарға алын­ба­ды. Ш. Уали­ханов Қазақстан­да ха­лықтың өзін-өзі басқару­ына негіздел­ген әкімшілік билік жүйесін енгізуді ұсын­ды. «Сот ре­фор­ма­сы жөніндегі жаз­ба­ларын­да» ол қазақ халқы үшін әле­уметтік-эко­номи­калық жаңашыл­дықтар­ды аса маңыз­ды деп есеп­теді.1867 жы­лы на­урыз­да Қазақ жерін, Ор­та Азия өлкесін әкімшілік басқару ре­фор­ма­сының жо­басын түпкілікті құрас­ты­ру үшін әске­ри ми­нистр Д. А. Ми­лютин бас­таған ерек­ше ко­митет құрыл­ды. Нәти­жесінде II Алек­сандр пат­ша 1867 жы­лы 11 шілде­де «Сыр­да­рия мен Жетісу об­лыста­рын басқару ту­ралы уақыт­ша Ере­жені», 1868 жылғы 21 қазан­да «Орын­бор және Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықта­рының Да­ла об­лыста­рын басқару ту­ралы уақыт­ша Ере­жені» бекітті.1867–1868 жыл­да­ры ре­фор­ма­ның негізгі мақса­ты «Қазақ да­ласы­ның XIX ғасыр­дағы Ре­сейдің басқа да бөліктерімен то­лық қосы­лу­ына қол жеткізу, Ре­сейдің қол ас­тындағы ха­лықтар­ды бір басқар­ма­ның ас­ты­на біріктіру, жергілікті ақсүйек­терді биліктен шет­те­ту, ру­лық бас­та­малар­ды әлсіре­ту» бол­ды. Ре­фор­ма­ның негізінде Қазақстан аумағы үш ге­нерал-гу­бер­на­тор­лыққа: Түркістан, Орын­бор және Ба­тыс Сібір, әрбір ге­нерал-гу­бер­на­тор­лық об­лыстарға бөлінді. Қазақстан­ның бүкіл аумағын­да 6 об­лыс құрыл­ды, олар­дың екеуі – Жетісу мен Сыр­да­рия об­лыста­ры Түркістан, Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­ры Ба­тыс Сібір, ал Орын­бор мен Торғай об­лыста­ры Орын­бор ге­нерал– гу­бер­на­тор­лықта­рының құра­мына кірді. Әрбір об­лыс белгілі бір ша­мадағы уез­дерден тұрды.Әкімшілік басқар­ма әске­ри си­пат­та бол­ды. Об­лыстар­дың ба­сын­да бар­лық әске­ри және аза­мат­тық билікті то­лығымен өз қол­да­рын­да шоғыр­ландырған әске­ри гу­бер­на­тор­лар тұрды.1868 жылғы «Да­лалық об­лыстар­ды басқару» бойын­ша және 1867 жылғы Сыр­да­рия мен Жетісу об­лыста­рын басқару жөніндегі «Уақыт­ша Ере­же» бойын­ша бо­лыс­тық басқар­ма­ның қолы­на по­лици­ялық және нұсқау та­рату­шылық биліктер берілді. Ол «ты­ныш­тық пен тәртіпті» сақта­уды, са­лық төле­уді және ха­лықтың бар­лық міндет­керліктерін өтеуін бақыла­ды. Оның міндетіне би­лер со­тының шешімін орын­да­ту кірді. Ауыл стар­шында­ры өзінің құзы­рын­да бо­лыс­тық басқар­ма­лар­дың міндет­терін орын­да­ды.Ескі эко­номи­калық және иде­оло­ги­ялық жағынан тұтас, ту­ыс­тыққа негізде­ле біріккен әкімшілік-ру­лық ұжым­дардың ор­ны­на «Уақыт­ша Ере­жені» енгізудің нәти­жесінде жа­сан­ды бірліктер пай­да бол­ды. Осы­ның бәрі қоғам­дық билік жүйесінің дәстүрлі ба­засы­на әсер етті. Сон­дықтан тоқырауға ұшы­рады, оның маңызы, бе­делі және қажеттілігі төмен­деді.

1886–1891 жж. әкімшілік ре­фор­ма­лар.1886 жыл­дың 2-ма­усы­мын­дағы Түркістан өлкесін басқару ту­ралы ере­же.III Алек­сандр пат­ша­ның Түркістан өлкесін басқару ту­ралы 1886 жылғы 2 ма­усым­да қол қойған Жар­лығы кең-бай­тақ өлкені басқару­дың бүкіл құры­лымы­на ре­фор­ма жа­са­уды бас­тап берді. Жаңа ере­жеге сәй­кес Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығына үш об­лыс: Сыр­да­рия, Ферғана, Са­марқанд кіргізілді. Кейінірек­те, 1897 жы­лы, Жетісу об­лы­сы да жаңа ге­нерал-гу­бер­на­тор­лықтың құра­мына берілді. Об­лыстар­дың билігі әске­ри гу­бер­на­тор­ларға берілді. Ха­лық са­ны 800 230 адам, жер көлемі 353 430 шар­шы шақырым бо­латын, көршілес Жетісу об­лы­сы 6 уез­ден: Вер­ный, Қапал, Лепсі, Пішпек, Прже­валь­ский және Жар­кент уез­дерінен тұрды.1886 жылғы Ере­женің негізгі өзегі бүкіл жер қорын мем­ле­кеттің меншігіне бе­ру бол­ды, ол қазақтар­дың эко­номи­калық әл-ауқаты­ның негізгі ны­саны – мал ша­ру­ашы­лығына ора­сан нұқсан келтірді. Жерді мем­ле­кеттік меншік деп жа­ри­ялап, жергілікті ха­лықты жерін бей­мерзім жалға бе­рушілер деп қараған үкімет, соңғыла­рына «мал жаюға, то­пырақ және тас, бал­шық жи­науға» құқық бе­ре оты­рып (253-бап), но­мад­тардан құнар­лы алап­тардың алып қойылу­ын тез­детті, ол XX ғасыр­дың ба­сын­да сто­лыпиндік аг­рарлық ре­фор­ма­лар­дың жүргізілуімен аяқтал­ды. 1886 жылғы Ере­женің отар­шылдық бағыты са­лық жүйесінен де өз көрінісін тап­ты. Ол 1867 жылғы Уақыт­ша ере­женің бап­та­рын қай­та­лады; әр түрлі міндет­керліктердің көлемін көбей­тті. Мы­салы, шаңырақ алы­мы 4 сомға дейін көбейтілді. Сот құры­лымын­дағы өзгерістер Ере­жеде көрсетілген жаңалықтар­дың іске асы­рылу­ын заң тәртібімен қам­та­масыз ету­ге тиіс бол­ды және ол ры­нок­тық қаты­нас­тарға тар­тылған әле­уметтік жіктердің мүдде­лерін қорғауды көздеді. Негізгі үш сот инс­тан­ци­ясы – бітістіруші судья, об­лыстық сот және үкіметтік Се­нат отар­шылдық тәртіптер енді ғана ор­ныға бас­таған жағдай­лар­да қоғам­ның тіршілігін құқықтық жағынан қам­та­масыз етуді рет­те­ген бұрынғы заң ере­желерін жоққа шығар­ды

51.Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің, А.Құнанбаевтың ағартушылық қызметі.

Білім алуға де­ген жап­пай ұмты­лыс пен ықылас жағдайын­да Шоқан Уәли­ханов, Абай Құнан­ба­ев, Ыбы­рай Ал­тынса­рин бас­таған қазақ ағар­ту­шыла­рының то­бы қалып­тасты.

Шоқан Уәли­ханов(1835–1865). Аса көрнекті ағар­ту­шы, ғалым және зерт­те­уші Ш. Уәли­ханов Құсмұрын бекінісінде туған. 12 жа­сына дейін Шоқан Құсмұрын­дағы же­ке меншік мек­тепте оқып, мұсыл­ман діні ілімімен та­ныс­ты. 1847 жыл­дың күзінде Шоқан Ом­бы ка­дет кор­пу­сына оқуға түсті. Ка­дет кор­пу­сын­да Шоқан Уәли­ханов белгілі ғалым, ге­ог­раф және Ази­яны зерт­те­уші Г. Н. По­танин­мен бірге оқып, дос­та­сып кетті. Ол орыс тілін та­маша меңгерді. Дос­то­евс­кий мен Ш. Уәли­ханов­тың дос­тық қарым-қаты­нас­та­рын олар­дың түрлі уақыт­та жа­зысқан хат­та­ры дәлел­дейді. Ф. М. Дос­то­евс­кий өзінің хат­та­рын­да дос ретінде Шоқанға пай­да­лы кеңес­тер беріп, ру­хын көтеріп, оның ал­ды­на аса зор игі міндет­тер қояды. 1853 жы­лы Шоқан ка­дет кор­пу­сын бітірген­нен кейін Сібір ка­зак әскеріне қыз­метке жіберіледі. Көп ұза­май Ба­тыс Сібір ге­нерал-гу­бер­на­торы Гас­форт оның қабілеттілігіне на­зар ауда­рып, 1854 жы­лы Шоқан оған адъютант бо­лып тағайын­далды. 1855 жы­лы Ш. Уәли­ханов Гас­форт­тың Ом­бы­дан Іле Ала­та­уына дейінгі са­пары­на қаты­сады.

Абай Құнан­ба­ев(1845–1904). Абай Құнан­ба­ев 1845 жы­лы 10 та­мыз­да Се­мей об­лы­сының Шыңғыс та­уын­да туған. Абай­дың әкесі Құнан­бай то­бықты ру­ының стар­шы­ны бол­ды. Алғашын­да ауыл мол­да­сынан са­бақ алған Абай­ды әкесі Се­мей­дегі имам Ах­мет-Ри­за мед­ре­сесіне оқуға жіберді. Алай­да­Абай­дың қала­дағы оқуын бітіртпей, әкесі оны қай­та­дан ауылға шақыр­тып алып, бірте-бірте дау-шар­ды тек­серіп төрелік ай­туға, ке­лешек­тегі ру­басы­ның әкімшілік қыз­метіне үй­ре­те бас­та­ды. Абай ше­шендік өнерінің түрлі тәсілдерін ше­бер меңгерді. Сот ісі қазақтар­дың ғасыр­лар бойы қалып­тасқан дағды­лы құқығы негізінде жүргізілді. Ру тар­ты­сына еріксіз ара­ласқан Абай да­улы мәсе­лелерді ше­шу ба­рысын­да жөнсіздікке, әділетсіздікке және қаты­гездікке, би­ле­уші топ пай­да­сын көзде­ген та­лап, мүдде­ге қар­сы­лық білдіріп отыр­ды. 1886 жыл Абай­дың өміріне үлкен өзгеріс әкел­ген жыл бол­ды. Ол алғаш рет өлеңіне («Жаз») өз атын жа­зып, көркем шығар­ма­шылыққа то­лығымен ден қояды. Абай қала­мынан өлеңдер­мен қатар, қара сөзбен жа­зылған ғиб­раттар, «Ес­кендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дас­танда­ры дүни­еге келді. Абай­дың мол әде­би мұра­сын­да аудар­ма­лары еле­улі орын ала­ды.

Ыбы­рай Ал­тынса­рин (1841–1889). Аса көрнекті ағар­ту­шы Ыбы­рай Ал­тынса­рин 1841 жы­лы 20 қазан­да Қос­та­най об­лы­сын­да туған. Әкесі ер­те­рек қай­тыс бо­лып, ата­сы – Орын­бор ше­кара­лық ко­мис­си­ясы­ның әске­ри стар­ши­насы Балғожа (Жаңбыр­шин) бидің қолын­да тәрби­еленді. Ал­тынса­рин көзінің тірі кезінде төрт екі сы­нып­тық ор­та­лық «орыс-қазақ» учи­лищесін, бір қыз­дар учи­лищесін, бес бо­лыс­тық учи­лище, орыс ша­ру­ала­рының ба­лала­рына ар­налған екі учи­лище аш­тырды. Ол орыс-қазақ мек­тептерінің оқушы­лары­на ар­нап «Қырғыз (қазақ) хрес­то­мати­ясы» және «Қырғыз­дарға (қазақтарға) орыс тілін үй­ре­туге алғашқы бас­шы­лық» ат­ты екі оқу құра­лын жаз­ды, олар­ды Торғай об­лы­сы мек­тептерінің инс­пек­то­ры қыз­метіне тағайын­далған­нан көп бұрын бас­тап, 1869 жы­лы аяқта­ды

52.ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының ағартушылық қызметі.

XIX ғасыр Қазақстанның мәдени өміріндегі ағартушылық ғасыр деп аталады. Білім мен мәдениеттің дамуына алдыңғы қатарлы орыс зиялылары үлкен ықпал жасады. 1847–1857 жылдарда украин ақыны Т. Г. Шевченко Қазақстанда айдауда болды. Қазақстан Орыс географиялық қоғамы бөлімшелерінің зерттеу обьектісіне айналды, мұнда мәдени-ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді; өлкетану мұражайлары ашылып, ертедегі ескерткіштер, халықтың ауызша шығарма­шылығы және құқықтық заңдар, соның ішінде қазақтардың дағдылы құқығы зерделенді; орыс-қазақ мектептері мен кітапханалар ашылды. Қазақтар өз балаларына білім беруге ұмтылыс жасап, балаларын кадет корпустары бар Омбы мен Орынборға жіберу үшін мүмкіндік іздестірді. Білім алуға деген жаппай ұмтылыс пен ықылас жағдайын­да Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин бастаған қазақ ағартушыларының тобы қалыптасты.

. Ахмет Байтұрсынов (1873–1938) – XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күрес идеясымен байытқан ақын. Ол қазақ тілінің реформаторы. Ол араб графикасы негізінде әліпби жасады. 1912 жылы басталған бұл жұмыс 1924 жылы «Жаңа емле» ретінде ресми қабылданды. А. Байтұрсынов «Оқу құралы» (1912) және «Тіл құралы» оқулықтарын жазды, олар үш бөлімнен: фонетика, морфология, синтаксис бөлімдерінен тұрады. А. Байтұрсыновтың оқулықтары қазақтар үшін ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі тілдес дүние үшін де жаңалық болды. Кейініректе ол әдістемелік сипаттағы «Баяншы» (1926), «Тіл жұмсарту» (1928) де­ген кітаптар шығарды. Әдебиеттану жөніндегі тұңғыш еңбек — «Әдебиет танытқыш» (1926) та Байтұрсыновтың туындысы.

53.Қазақстан бірінші дүние жүзілік соғыс жылдарында. 1916 ж. көтеріліс және оның тарихи маңызы.Бірінші дүние жүзілік соғыс. Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 жылғы 19 шілдеде (1 тамызда) басталды.Оған 38 мемлекет тартылды. Соғысқа қатысушы басты елдер (одақтар): Үштік одақ(Германия, Австрия-Венгрия, Италия). Антанта(Англия, Франция, Россия). Соғыстың сипаты-басқыншылық, агрессиялық, империалистік соғыс болды.

Соғыстың себептері: Империализмнің барлық қайшылықтарының күрт шиеленісуі. Капиталистік өндіріс тәсілінің әркелкі және секірмелі болуы. Империалистік державалардың бөлініп қойған дүние жүзінің шекараларын қайтадан бөлуге тырысуы. Бірінші дүниежүзілік соғысқа Россия дайындықсыз, әскери - өнеркәсіптік әлеуеті (потенциал) төмен, көлігі нашар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қамтамасыз етілген еді. Бұл соғыс (империалистік) барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Қазақстан майданды шикізатпен қамтамасыз ететін ірі өңірлердің біріне айналды. Соғыс қажетіне жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді. Россияның дүниежүзілік империалистік соғысқа кірісуі Қазақстанды тонауды күшейтті. Жетісудан 34 млн. сом мөлшерінде мал және мал өнімдері 1917 жылы шаңырақ салығы 100209 сом болды. Осының бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басының азаюына әкеп соқты. Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Сонымен қатар Қазақстан жеріне Үштік Одақтың әскери тұтқындары орналастырылды. Олар, негізінен, Павлодар, Семей, Ақмола қаларына орналастырылды. Мысалы, Омбыда- 20000 әскери тұтқын, Ақмолада 8612 тұтқын, ал Түркістан өлкесінде 200 мың-ға жуық әскери тұтқын болған. Соғыс жылдары Австрия-Венгрия, Германия тұтқындарының қазақ жеріне әкелінуі өлкенің қоғамдық – саяси жағдайына әсер етті. Қазақ өлкесінде ерлердің майданға шақырылуы шаруашылық жағдайы дағдарысқа үшыратты. Мысалы, Семей, Ақмола облыстарында жұмысшылардың 50%-ы, Орынборда 40%-ы, Жетісуда-үштен бірі шақырылды. Сондықтан патша үкіметі әскери тұтқындарды жұмысқа пайдалана бастады. Қазақстан жерінде болған әскери тұтқындардың жағдайы қиын болды. 1915 жылы Риддерде ауыр тұрмыстық жағдайға байланысты әскери тұтқындардың ереуілі болды. Соғыс жылдарында әскери тұтқындарға арналған Челябі мен Қостанай аралығында орналасқан Троицк лагері «Өлілер лагері» деп атанды. Сөйтіп, соғыс елдегі жалпы ұлттық дағдарысты тереңдетіп, 1916 жылғы көтеріліске алып келді.