Мәдениеті. Үй кәсібі мен қолөнеріндегі ерекшеліктер, халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүрі. 3 страница

40.ХІХ ғ. екінші жартысында Қазақстандағы Ресей империясы саясатының жер мәселесіндегі отаршылдық сипаты.

Қазақстанның көп ұлтты құрамы өлкені үнемі әрі жүйелі түрде отарлау саясаты нәтижесінде қалыптасты. Қазақстанға басқа ұлт өкілдерінің келіп қоныстануы патшалық билік тұсында басталып, кейіннен кеңестік жүйе тұсында жалғасын тапты. Қоныстану түрлі жағдайларға байланысты мемлекет тарапынан қолдау арқылы ұйымдасқан түрде немесе шашыранды, өз күштерімен жүйесіз түрде, қоныс аударушылардың өз еркімен немесе оларды зорлап жер аудару арқылы жүргізді. Қазақстанның көп ұлтты құрамы жер аударылған кулактармен, сталиндік қуғын-сүргінге ұшыраған және тарихи мекенінен қуылған халықтармен, тың және тыңайған жерлерді игеруге келгендермен, одақтық ведомствоаралық биліктің ұйғаруымен және басқа келушілермен толығып отырды.

Қазақстан жеріне басқа этникалық топтардың алғаш келіп қоныстануы XVI ғасырдан бастау алды. Бұған дейін де Алтын Орда мен Орыс мемлекетінің арасында болып тұрған екі жақты барыс-келістердің болғаны белгілі. Ал орыс-казактық отарлау Украинадан, Ресейдегі басыбайлылық қанаудан қашқан шаруалардың казак еркін жұртына қосылып, Жайық пен Ертіс өңіріне келуінен басталады. Бұл басыбайлылық құлдықтан қашқан «еркін адамдар» (казактар мен татарлар) жаңа жерлерді игеру мақсатында келіп, біртіндеп дербес қауым ретінде қалыптаса бастайды.

Славяндық және түркілік тегі аралас казактар I Петр тұсында XVIII ғасырдан бастап орыс мемлекетіне түпкілікті бағынды. Осы кезден бастап казактар Ресейдің геосаяси стратегиясын жүзеге асыруға белсене қатысады.

Жергілікті халықтардан тартып алынған ұлан-байтақ жер иеліктерін, балық аулайтын сулы-нулы өңірді, тұз және басқа кәсіпшілікті уысында ұстай отырып, әр түрлі артықшылықтарға ие болған казактар империя шебіндегі патшалық тәртіптің сенімді тірегі болды. Тарихтың қатал шындығы казактардың қаналған халықтың ұлт-азаттық қозғалыстарын аяусыз басып-жаншитын патшалықтың екпінді күшіне айналғандығын айғақтайды.

Қазақстан аумағында құрылған Орал, Орынбор, Сібір және Жетісу шептерінің казактарына Оралдың, Солтүстік Қазақстанның, Ертістің және Жетісудың ең құнарлы, шұрайлы жерлері бөлініп берілді. Қазақтар осы аймақтағы қыстауларынан, жайылымдық, шабындық алқаптарынан айырылды.

Ермақтың Сібір хандығын жаулап алуы қазақ жеріне шаруа, саудагер, кәсіпкерлердің ағылуына жол ашты. Қазақстанға жалпы саны 200 мыңдай казактар келіп қоныстанды.

Казактық отарлаудан кейінгі әскери-әкімшілік отарлау кезінде тірек пункттері есебінде әскери қоныстар бой көтерді. Бұл қоныстар әскери шептерге ұласты. Бастапқы кезде әскери қоныстар Орал, Ертіс сияқты өзен арналарын қамтыды. Осындай қозғалыстың үдере жүргізілгендіғін қала бекіністерінің тез өскендігі дәлелдейді. Мәселен, бекініс есебінде 1640 жылы Гурьев қалашығы, 1613 жылы Орал бекінісінің, 1716 жылы Омбы қаласының, 1718 жылы Семей, 1720 жылы Өскемен, 1752 жылы Петропавл қалаларының, 1735 жылы Орынбордың негізі салынды. Осылайша XVIII ғасырдың орта тұсына қарай әскери бекіністердің ұзын дәлізі қалыптасты. Содан кейін де өлкенің ішкі аудандарында тұрақты әскери бекініс құрылыстары жүргізілді. Орта және Ұлы жүз аумағындағы XIX ғасырдың бірінші жартысында ашылған округтік приказдардың орталығы есебіндегі бекіністерге әскери адамдармен қатар қоныс аударушы казактар мен шаруалардың келуі үздіксіз жүріп жатты. XIX ғасырдың ортасына дейін әскери әкімшілік отарлау кезінде 100 мыңдай адам қоныс аударып келді.

Сібір әскерінің қолбасшысы, генерал Шпрингер 1763 жылы казактардың тұз шығару, отын тасу, пошта жүргізу, баржаларға жүк тиеп-түсіру, мал бағу, жер жырту, қол диірмен тарту, қамалдар құрылысын жүргізу және оны жөндеу сияқты барлық жұмыстарды атқаратындығын айта келіп, Сібір казактарының санын және төлемақысын көбейтуді ұсынады. Олар кейбір жағдайда орыс шаруаларынан, яғни қолдан жасалған казактармен толықтырылып отырды («Выписные казаки»). Казактар мен шаруалардың көші-қон саясаты алғашында басып алынған мол аумақта берік табан тіреу мақсатын көздеді. Ал бұл міндетті тек казак қоныстары арқылы ғана толық орындау мүмкін емес еді. Сондықтан Ресей империясының әкімшілік билігін нығайту мақсатында шаруалардың қоныс аударуына кең жол ашылды.

41.ХІХ ғ. екінші жартысындағы Ресей мен Қытайдың

халықаралық қатынастары. Ұйғырлар мен дүнгендердің Қытайдан Жетісуға қоныс аударуы.

XIX ғасырдың 70—80-жылдары патша үкіметінің бастамасы бойынша ұйғырлар мен дүнгендер Жетісу жеріне қоныс аудара бастады. Бұған дейін олар Қытайдың Іле өлкесінің аумағында тұрып келген еді.Онда тұрған ұйғырлар мен дүнгендер XVIII ғасырда және XIX ғасырдың бірінші жартысында Қытай үкіметіне қарсы бірнеше рет көтеріліс жасады. Олар өздерінің ұлттық тәуелсіздігі жолында күресті. Алайда Қытай әскерлері ол көтерілістерді аяусыз басып-жаныштады. Ұйғырлар мен дүнгендердің күресі барысында Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылған болатын. Бұл мемлекеттік бірлестіктің құрылуы ондағы ішкі қарама-қайшылықтарды асқындырып жіберді. 1871 жылы Ресей әскерлері ол аймақты жаулап алды. Патша үкіметі өлке тұрғындарының отбасылық істеріне және мүліктің қарым-қатынастарына араласпау саясатын ұстанды. Олардың жергілікті өкімет органдары құрылды. Бірақ оларды патша әкімшілігі өз бақылауында ұстады. Жалпы жағдай едәуір тұрақтандырылғандай болды.Алайда дүние жүзі жұртшылығының қысым жасауымен ол өлкені Қытайға қайтару жөнінде келіссөздер жүргізіле бастады. Міне, осы кезде ұйғырлар мен дүнгендердің бұдан былайғы тағдыры туралы мәселе көтерілді. 1881 жылы екі империя арасында Санкт-Петербург бейбіт келісімшарты жасалды.

 

Ұйғырлар мен дүнгендер бір жылдың ішінде Жетісу облысының аумағына қоныс аударуы жөнінде өздері нақты шешім қабылдауға құқықты болды. Бұл мәселе бойынша жергілікті халықтың арасында пікірі сұрастырылды. Сөйтіп 100 мыңға жуық ұйғыр мен дүнген Қазақстан аумағына өтуге тілек білдірді. Дүнгендердің Қазақстан аумағына алғашқы қоныс аударуы 1877 жылдың желтоқсан айында басталды. Сол жылы Қытай жазалаушыларынан құтылу үшін қашқан 4 мыңға жуық дүнген Жетісу жеріне жетіп жығылды. Қоныс аударушы дүнгендердің алғашқы толқынын Бый Янь Ху басқарды. Екінші толқын 1884 жылы өтті. Ал ұйғырлардың Жетісу жеріне қоныс аударуы 1881 жылғы күзде басталып, 1884 жылға дейін жалғасты. Олардың бір бөлігі көршілес Қырғызстанға барып жайғасты.Ұйғырлар мен дүнгендерді Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандыру арқылы патша үкіметі екі түрлі мақсат көздеді: біріншіден, Қытайдың Құлжа өңіріндегі экономикалық базасын осалдата түспек болды; екіншіден, әскери-саяси жағдай шиеленісіп кете қалған жағдайда оларды Қытайға қарсы әскери күш ретінде пайдалануды мақсат етті. Алайда патша үкіметі бұл жөнінде жергілікті қазақ халқының пікірімен санаспады. Бұл кезде Жетісу жері мемлекеттік меншік деп жарияланып койған болатын.Ұйғырлар мен дүнгендер белгілі бір аумақта өз алдарына жеке қоныстануды қалады.

Дүнген­дер мен ұйғыр­лар өздерімен бірге Жетісуға жа­сан­ды жол­мен су­лан­ды­рыла­тын егіншіліктің қалып­тасқан дәстүрлерін әкелді. Дәнді дақыл­дар ішінде би­дай ба­сым бо­лып, жердің жар­ты­сынан ас­та­мына би­дай егілді.

Ұйғыр­лар сон­дай-ақ мақта өсіру­мен және ішіна­ра жібек құртын өсіру­мен де ай­на­лыс­ты. Дүнген­дер мен ұйғыр­лар май дайын­дау үшін зығыр мен күнжіт, қыша екті. Кейіннен те­мекі өсіріп, оны жергілікті ры­нок­та тиімді етіп өткізе бас­та­ды.

Жетісу­да қоныс ауда­ру қоныс­танды­рушы­ларға да әсер ет­пей қойған жоқ. Егер бұрын ұйғыр­лар мен дүнген­дер ша­ру­ашы­лығын­да ағаш са­бан­дар мен басқа да до­бал құрал-сай­ман­дар қол­да­нылып кел­се, енді олар темір соқалар­ды, тыр­ма­лар­ды, се­ял­ка­лар­ды, т. б. пай­да­лана­тын бол­ды, жаңа ауыл ша­ру­ашы­лық дақыл­да­рын: сұлы, те­мекі, кар­топ, по­мидор және басқала­рын егуді игерді. Байырғы ха­лықтар – қазақтар мен қырғыз­дардың әсерімен дүнген­дер мал ша­ру­ашы­лығымен ай­на­лыса бас­та­ды.

Ұйғыр­лар мен дүнген­дердің та­рихи тағдыр­ла­ры Ре­сейдің бір бөлігі ретіндегі Қазақ өлкесі ха­лықта­рының тағды­рымен тығыз ас­та­сып кетті.

42.1905-1907 жж. революцияның Қазақстандағы қоғамдық-саяси дамуға ықпалы.Қазақстан еңбекшілерінің 1905–1907 жыл­дардағы ереуілдері орыс халқының ре­волю­ци­ялық күресімен тығыз бай­ла­ныс­ты еді.1905 жы­лы ақпан­да Орал, Пе­ровск, Түркістан, Шалқар теміржол­шы­лары өздерінің эко­номи­калық жағдай­ла­рын жақсар­ту та­лабын қойған ереуіл жа­сады. 1904 жы­лы пай­да болған Сібір со­ци­ал-де­мок­ра­ти­ялық одағы, оның Ом­бы, Орын­бор, Са­ратов ко­митет­тері Қазақстан жерінде ре­волю­ци­ялық жұмыс­ты күшей­те түсті.1905 жыл Қазан айын­дағы Бүкілре­сейлік ереуілдің әсерімен Қазақстан­ның бар­лық қала­ларын­да ше­рулер, ми­тингілер мен жи­налыс­тар бо­лып өтті. Пе­ровскідегі, Орал­дағы, Қарқара­лыдағы, Пав­ло­дар­дағы ма­нифес­та­ци­ялар неғұрлым ірі бол­ды. Олар­ды орыс­тар ара­сынан және қазақтар­дан шыққан жергілікті зи­ялы­лар ұйым­дастыр­ды. Қарқара­лыдағы 1905 жылғы 15 қара­шадағы үлкен са­яси ми­тинг­ке қазақтар­дан, та­тар­лардан, орыс­тардан және басқала­рынан тұра­тын 400-дей адам қатыс­ты. Олар пат­ша өкіметіне қар­сы бірқатар та­лап­тар қой­ды, отар­шы­лық әкімшілікке қар­сы күре­суге шақыр­ды. Кейіннен Қарқара­лы оқиғасы­ның бас­шы­лары қуғынға ұшы­рады. А. Байтұрсы­нов Орын­борға, Ж. Ақба­ев Яку­тияға жер ауда­рыл­ды. Пат­ша өкіметі 1905 жы­лы 17 қазан­да ел­дегі ре­волю­ци­ялық қозғалыс­ты ба­су мақса­тын­да ар­найы ма­нифест қабыл­да­ды. Бірақ бұл жоғары мәрте­белі ма­нифест жұмыс­шы қозғалы­сын бәсеңдет­кен жоқ, қай­та кейбір жер­лерде күшей­те түсті. Қазақ жұмыс­шы­лары мен ша­ру­ала­ры пат­ша өкіметіне орыс жұмыс­шы­лары­мен және қоныс­танған ша­ру­алар­мен қол ұста­са оты­рып қар­сы шықты. Қазақ ша­ру­ала­ры ең ал­ды­мен жер, су үшін, теңдік, бос­тандық пен тәуелсіздік үшін күресті. 1905 жы­лы жаз­да Се­мей, Торғай және Орал об­лыста­рын­да жер үшін толқулар бол­ды. 1906 жы­лы 6 қаңтар­да пат­ша­ның ар­на­улы жар­лығымен Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­рының бүкіл аумағына соғыс жағдайы енгізілді. Солтүстік Қазақстанға Мел­лер-За­комель­скийдің жа­залау экс­пе­дици­ясы әкелінді. 1905–1907 жж. болған ре­волю­ци­ялық қозғалыс­тармен бай­ла­ныс­ты Қазақстан жұмыс­шы­лары­ның кәсіпо­дақ ұйым­да­ры бой көтерді. Алғашқылар­дың бірі бо­лып Орал­дағы теміржол­шы­лар­дың кәсіпо­дағы (1905 ж. қара­ша) құрыл­ды, оған Н. Сму­ров, Н. А. По­кати­лов және Н. И. Ульянов бас­шы­лық жа­сады. 1905–1906 жж. Орын­бор-Таш­кент теміржол­шы­лары­ның кәсіпо­дағы ең ірі ұйым бо­лып са­нал­ды. Оның 6 мың мүшесі болған. 1905 жы­лы жел­тоқсан айын­да I Мем­ле­кеттік Ду­маны шақыру ту­ралы пат­ша үкіметінің жар­лығы шығып, оған Қазақстан­нан 9 де­путат, оның ішінде 4 қазақ сай­лан­ды.

 

43.ХХ ғ. басындағы патша үкіметінің Қазақстанға қоныстандыру саясаты: қажеттілігі, даму барысы және нәтижелері.

XIX ғасыр­дың 70-жыл­да­ры орыс және ук­ра­ин ша­ру­ала­рын қоныс­танды­ру бас­талса, 80-жыл­да­ры қарқын­ды жалғас­ты. Алғашқы қара­шек­пен қоныс­та­ры 1879 жы­лы Көкше­тау уезінде пай­да бол­ды.

Жетісу об­лы­сының әске­ри гу­бер­на­торы Кол­па­ковс­кийдің ұсы­нысы бойын­ша 1868 жылғы «Ша­ру­алар­дың Жетісуға көшуі ту­ралы Уақыт­ша ере­желер» қабыл­да­нып, ол 1883 жылға дейін қол­да­ныл­ды.

1886 жы­лы Түркістан ге­нерал-гу­бер­на­тор­лығының көші-қон­ды басқару ере­жесі қабыл­данды. Бұл құжат бойын­ша әрбір ер адамға 10 де­сяти­на жер берілді, қоныс­та­нушы­лар 5 жылға дейін са­лықтан бо­сатыл­ды, кейін 5 жыл­да са­лықтың жар­ты­сын ғана төледі.

«Ауыл тұрғын­да­рын өз еріктерімен жаңа жер­ге көшіру және бұрынғы көшірілген топ­тар ту­ралы ар­найы ере­жесі» 1889 жыл­дың 13 шілдесінде қабыл­да­нып, қоныс­танды­ру тек ал­дын ала Ішкі істер ми­нистрлігінің және мем­ле­кеттік жер иеліктері ми­нистрлігінің рұқса­ты арқылы іске асы­рыл­ды. Бірақ пат­ша жап­пай қоныс­танды­ру үрдісін бақылай ал­ма­ды. Ша­ру­алар­дың өздігінен көшуі жалғаса берді. 1891–1892 жыл­да­ры егіннің шықпа­уынан орыс ша­ру­ала­ры еуро­палық Ре­сей­ден шығысқа қашып, қазақ жер­леріне қоныс­та­нып ал­ды.

Ере­жеде қоныс­та­нушы­лар­дың аудан­да­ры нақты Томск және То­был гу­бер­ни­яла­ры, Жетісу, Ақмо­ла және Се­мей об­лыста­ры деп көрсетілді. 1891–1892 жыл­да­ры заң Торғай және Орал об­лыста­рына да та­рады. Ша­ру­алар­дың қоныс ауда­руы қазақ көшпелілерінің жер­лерін тар­тып алу есебінен жүрді. Қоныс ауда­рушы ша­ру­алар арқылы отар­лау Сыр­да­рия об­лы­сына да та­рады.

Қазақ жерінің Сібірмен және При­волжьемен темір жол арқылы жалғас­ты­рылуы, Қазақстанға орыс қоныс ауда­рушы­лары­на қолай­лы жол аш­ты. Нәти­жесінде орыс ша­ру­ала­ры құнар­лы жер­лерге қоныс­танса, қазақтар су­сыз, на­шар жер­лерге көшірілді. Қазақ өлкесінің де­мог­ра­фи­ялық жағдайы да өзгерді. 1897 жылғы жал­пы са­нақ бойын­ша өз жерінде қазақтар­дың жал­пы мөлшері 87,1%-ға кеміді. Қоныс ауда­рушы­лар көбіне­се стра­теги­ялық маңыз­ды аудан­дарға көшіріліп, мыл­тықпен қару­лан­ды­рыл­ды.

Патша үкіметінің ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанда жүзеге асырған əкімшілік реформалары қазақ елінің саяситəуелсіздігін біржола жойғанымен, бұл реформалар көп ұзамай-ақпатшалық əкімшіліктің қазақ қоғамының ішкі өміріне тереңдепеніп, оны игеріп алып кетуге əлі де болса əлсіз екендігін көрсетіп берді. Мұны жақсы түсінген патшалық əкімшілік ХІХ ғасырдың 60-жылдарының орта тұсынан бастап Қазақстанды отарлаудың «ең сенімді» жолына түсті. Ол Орталық Ресейден орыс шаруаларын қазақ жеріне қоныс аударту еді. Патшалық Ресейдің қоныс аудару саясаты бірнеше кезең арқылы жүзеге асырылды. Қазақстан тарихнамасында бұл қоныс аудару саясаты үш кезең бойынша бөліп қарастырылады.І кезең ХІХ ғасырдың 70—80 жылдар аралығын қамтиды, ол 1889 жылғы 13 шілдедегі жарлық шыққанға дейін созылды.ІІ кезең ХІХ ғасырдың 90-жылдарынан 1905 жылға дейінгі уақытаралығын қамтиды.ІІІ кезең 1906 жылдан 1916 жылдар аралығын қамтиды. Қазақстанға орыс жəне украин шаруаларын қоныстандыру ХІХ ғасырдың 70-жылдарының соңы 80-жылдардан бастап қарқынды жүргізілді. Қоныс аударудың алғашқы кезеңі өз еркімен қоныс аударған шаруалар қозғалысымен анықталып, патша үкіметі өз еркімен қоныс аударғандар жағдайын реттеу мақсатына бірқатар жеке заң-актілермен, нұсқаулар қабылдады. Онда көзделген мақсат — қоныс аударуды үкімет өз қадағалауына алып, оған көмек көрсету болды. Оған алдын ала дайындық шаралары жасалды. Мəселен, Жетісу облысы əскери губернаторы Колпаковский бастамасы бойынша Жетісуға шаруалардың қоныс аударуы туралы «Уақытша ереже» əзірленді. Бұл құжат 1868 жылдан бастап 1883 жылға дейін күшін сақтады. «Уақытша ереже» бойынша орыс қоныс аударушыларына (ерлерге) 30 десятина жер беру, 15 жылға алым-салық жəне түрлі міндеткерліктерден босату, 100 сом мөлшерінде көмек беру жəне басқа жеңілдіктер анықталып, көрсетілді. Қоныс аударған шаруалар жағдайына қатысты оларға жасалатын жеңілдіктер туралы жаңа ережелер ХІХ ғасырдың 80-жылдарынан дайындалды. Оларда да жаңа келіп қоныс тебушілер үшін берілетін жеңілдіктер сақталды, тек жер мөлшері аздап төмендеді. Айталық, 1886 жылғы дайындалған: «Түркістан генерал-губернаторын басқару туралы Ереже» бойынша 10 десятина (ерлерге) жер беру, қоныс аударушыларды алым-салық жəне міндеткерліктен 5 жылға дейін босату, кейінгі жылдары алымды тек жартылай төлеу жеңілдіктері сақталды.Сонымен, қорыта айтқанда, орыс шаруаларын қазақ өлкесіне қоныстандыра отырып, қазақ халқын шаруашылыққа жарамды жерінен айыру процесімен бір мезгілде отарлаушы əкімшілік жүйесінің жаңа жағдайға байланысты одан əрі жетіліп, нығая түскендігін, сондай-ақ отарлау ісінің құрамды бөлігі қазақтарды орыстандыру, шоқындыру шараларының да жүйелік, мақсаттылық сипат алғандығын байқаймыз.

44.ХІХ-ХХ ғғ. басында орыс зиялыларының қазақтардың тарихы, мәдениеті мен тұрмысын зерттеуге қосқан үлесі.Қазақстанды игеру барысында үлкен роль атқарған орыс ғалымдары Семен- Тяньшанский Алтай, Жетісу, Орта Азия жерлеріне В.В. Родлов Іле алқабын Жетісу алқабына саяхаттар жасады. Шоқан Уәлихановтың әлемге әйгілі еткен еңбегі «Қашқарияға сапары». Бүкіл қазақ халқының этнографиясын зерттей отырып қазақтарды әлемге әйгілі етті.

Қазақстнадағы халық ағарту ісі өте нашар дамыды. Троицк қаласында, Қазалы форд орыс- қазақ мектептері ашылды. Білім берудің басты аудандары Орал, Семей, Торғай, Ақмола, Сырдария, Жетісу өңірлері болды.

Ыбырай Алтынсаринның қазақ халқына сіңірген еңбегі мектептер ашу. Ең алғаш Ырғызда қыздар мектебі, мұғалімдер даярлау мектебі, орыс қазақ мектептерін ашты.

Ресейдегі азаттық күресінің Қазақстандағы өкілдері Тросс, Мурашкин, Шварц т.б. Қазақстанның этнографиясымен, салт- дәстүрі, әдет ғұрпымен таныса отырып өз еңбектерін жазды.

Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов, В.В.Родлов, Іле, Жетісуды зерттеушілері М. Красовский «Сібір қырғыздарының облысы». Л. Мейердің «Орынбор ведомствасындағы қырғыз даласы», А. Добрамысловтың «Торғай облысы» тарихи очерк, Ш. Крафт, В.Н.Витевский, Н.А. Макшеев, Л.Ф. Костенко, Украин халқының ақыны Т.Г. Шевченко шығармалары.

 

ХІХ ғ ІІ жартысы орыс демократиялық мәдениетінің көтерілген кезеңі. Қазақстанды игерудің барысы және орыс-қазақ қатынастарының тереңдеуі өлкені зерттеуді кеңейту қажеттігін туғызды. Өлке тарихын зерттеуді ғылыми жолға қоюда 1845 ж ашылған орыс географиялық қоғамын Орынбор, Омбы, Семей және басқа ірі қоныстардағы бөлімдер мен бөлімшелері рөл атқарды.

Шоқанның жас шағынан ғылымға ден қоюына әкесінің алдыңғы қатарлы орыс зиялылары, өкілдерімен тығыз байлнысты болуы үлкен әсер етті. Академик А.И.Шренк, С.М.Семенов, А.И.Штейнгель, Н.В.Басаргин және Сотников, Н.Ф. Костыленский, Сейфулин сияқты білімді адамдар Шыңғыстың ауылында талай рет болып қайтқан.

Ыбырай жас кезінен білімге құштарлығын байқатты. Мектепте орыс, араб, татар, парсы тілдерінен және басқа да пәндерден үздік нәтиже көрсеткен болашақ ағартушы Орынборда айдауда жүргенде текті зиялы қауым өкілдерімен танысты. Шығыстану ғылымының көрнекті өкілі Б.В. Григорев, орыс демократиялық оқу жүйесінің тәжірибесін белгілі педагог ғалым Ушинскийдің, Психомировтың,Булаковтың, Фармаковскийдің, ұлы жазушы Л.Н.Толстойдың т.б ойшылдардың педагогикалық мұрасын пайдаланды.

Семейде кездескен, кейінгі жылдары байланысы үзілмеген орыс зиялы қауымының өкілдері де Абайға жан- жақты ықпал етті. Ресей азаттық қозғалысының Семейде айдауда болған белгілі өкілдері Михаэлис, Монтьев, Гросс, Долгопосов т.б оның ақындық шығармашылық демократиялық бағытта қалыптасуына себепші болды.

45.Бөкей хандығының құрылуы. И.Тайманов пен М.Өтемісов бастаған қазақтар көтерілісі.

XIX ғас. басында Орал мен Волга аралығында Россия империясының вассалы — Бөкей хандығы құрылды (1801-76). Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды. Егер құрылған шағында хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың семья болса, XIX ғ. 50-жылдарында Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың семья). Бөкей хандығында хан билігі институты, екі ханның — Бөкей хан мен оның баласы Жәңгір ханның басқару кезеңін қосқанда, 45 жылға созылды. Соңғысы өлгеннен кейін хан билігі қысқартылып, басқару патша үкіметінің қолшоқпары— уақытша Кеңеске өтті. Ішкі Орданы қадағалауды Орынбор әскери губернаторы және Россия империясының Сыртқы істер министрлігі іске асырды. Бөкей хандығы Россия үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар қатынасының дамуы, олардың қазақ ауылдарына сіңісуі қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне және рулық-қауымдық шаруашылықтың калдықтарын жоюға ықпал етті. Тауарды жергілікті халыққа малға ауыстыру және сатудың баламалы емес формасы Ордада халықты қанаудың күшеюіне және әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуіне әкеліп соқты.Бөкей хандығының "Россияның ішкі жағына" орналасуына байланысты дамуы Россияның экономикасы және мәдениетінің ықпал етуінің артуымен қатысты болды. Бұл процесс, Казақстанның басқа жерлерінен гөрі, осы аймақта белсенді жүрді. Россияның ықпалы хандықтың саяси ұйымдастырылуынан да көрінді: Ордада басқару формасы "ағартушылық" монархия тұрғысында бекітілді. Арнайы билік аппараты құрылды (уақытша Кеңес), орталықта және жергілікті жерлерде жазбаша іс жүргізу енгізілді. Сонымен бірге, хан қазынасының пайдасына халыққа салық салудың қатал жүйесі іске асырылды. Бөкей хандығының тарихында Жәңгір ханның билік еткен уақыт кезеңі анағұрлым елеулі із қалдырды (1824-45). 1841 ж. Казақстан тарихында алғаш рет Нарынқұмда балаларды екі тілде — қазақ және орыс тілінде оқытатын ұлттық азаматтық мектеп құрылды. 1844 ж. қазақ жастарының Россияның жоғары оқу орындарында оқуы үшін вакансиялық орындар алынды. Осы уақытта көшпелі және жартылай көшпелі қазақ халқына қызмет ететін дәріхана жөне емдеу орны, өте сирек кездесетін экспонаттары бар қару-жарақ музейі ашылды. Бекей хандығынан шыққан көрнекті композиторлар Қүрманғазы мен Дәулеткерей Қазақстанның мәдениеті мен қоғамдық ойының тарихында орасан зор рөл атқарды.