Стоматологиядағы деонтология қағидалары

Стоматолог әр уақытта аурудың түрін емес, науқас адамды емдеп отырғанын ұмытпауы қажет. Өйткені ауыз қуысы бүтін организмнің бір бөлігі, яғни ол қоршаған ортамен тығыз байланыста және оған тәуелді де.

Науқастың психикасын қорғау емхананың барлық сатысында да жүргізілуі тиіс. Бұл дәрігердің науқастың сеніміне ие болуы деген сөз. Дәрігердің науқасқа селқос қарауы, асығыстығы, тітіркенгіштігі, науқасты тексеріп жатып бөтен затқа алаңдауы, ұмытшақтығы, орынсыз және абайсыз жасалған ескертулері, ойланбай айтылған қорытындылары, оның науқаспен арасындағы қарым-қатынасын бұзады. Яғни дәрігер жағынан ешқандай айқай, науқастармен, қызметкерлермен ұрысу деген мүлде болмау керек.

Емхананың емдеу бөлмелерінің санитарлық тазалығы жоғары деңгейде болуы тиіс. Науқастар кезек күтетін бөлмеде дұрыс жағдай жасалып, тыныштық бұзу, қатты сөйлеу, әртүрлі дыбысты тітіркеніштер болмауын қарағылау қажет. Әсіресе жұбату сөздің тіс жұлу, іріңді қабынған жерлерді кесіп-тілу алдыңда маңызы зор. Науқас, дәрігерге өзіне қарағанда өз ісін жақсы білетіндігіне сенуі керек.

Дәрігерге тәжірибе мен білім әр уақытта аз, онымен бірге онда сезім мен өз мамандығына деген үлкен махаббат болуы қажет. Көптеген дәрілерге қарағанда дәрігердің жылы сөзі мен сыпайы күлкісі ем екені ертеден белгілі. Сондықтан, мұндай қасиеттерді студентгік жылдардан жинақтау қажет, өйткені кейін оны бойға сіңдіру өте қиын болады.

Тұжырым: дәрігерге келген әрбір науқасқа медициналық көмек көрсету үшін, ол науқасты мұқият, тиянақты заман талабына сай тексеру және зерттеу қажет. Ол үшін дәрігер науқастың шағымынан бастау керек. Ең басты да маңызды рөл ойнатыны аурудың келіп шығу тарихы яғни анамнезі, жасы, әлеуметтік жағдайы, қоршаған ортасы болып есептелінеді. Сондықтан әрбір науқаспен жеке сөйлесу ауруға қатысты барлық мәліметтерді алу дәрігердің міндеті және аса жауапты қызмет болып саналады. Науқасқа жүргізілетін әрбір емдеу және зерттеу амалдарын дәрігер жоспарлы түрде науқасқа мәлімет түрінде айтып жеткізіп тұру қажет. Нақтама қою үшін, дәрігер барлық әдістерден пайдалануы және оны дәрігер жоғары деңгейде білуі керек. Бет-жақ аймағы хирургіне келген науқастардың 90-95% –на ота жасалады. Сол себепті дәрігер субординация мен деонтологияға бағынуы шарт.

Тапсырманы қайталауға арналған естемелік жаттығу сұрақтары:

1. Медицина ғылымының адам денесіндегі ауруларды айырып білу саласын ....... деп атайды .

А) нақтама-диагностика

Б)Пункциялық биопсия

В)Томография

Г)Сипап қарау

Д) миография

2) Бет-жақ аймағын зерттеуде ...... қосымша тексеру тәсіліне жатады.

А)Сипап қарау (пальпация)

Б) тыңдап көру

В) сүйекті кесу

Г) сүйекті бекіту

Д) құрсау салу

3) Ауыз қуысындағы шырышты қабықта кездесетін өзгерістерді анықтау үшін .......... әдісін қолданады.

А) стоматоскопия

Б) рентгеноскопия

В) телескопия

Г) томография

Д) миография

4) Бет-жақ аймағындағы ақауларын зерттеу үшін контрасты зат ...... енгізу арқылы жүргізіледі.

А) йодолипол

Б) новокаин ерітіндісі

В) дикаин ерітіндісі

Г) хлорлы кальций ерітіндісі

Д) тұз ерітіндісі

5) Ауызды ашып-жауып, жан-жаққа қимылдату арқылы ...... анықтайды.

А) төменгі жақ буыны қызметінің бұзылу дәрежесін

Б) самай сүйегінің қызметінің бұзылу дәрежесін

В) төменгі жақ сүйегі денесінің қызметінің бұзылу дәрежесін

Г) жоғарғы жақ сүйегі денесінің қызметінің бұзылу дәрежесін

Д) бет-әлпеті сүйегінің қызметінің бұзылу дәрежесін

6) Бет-жақ аймағында ........ арқылы бұрыштық және сызықтык өлшемдер жүргізіледі.

А) Телерентгенограмма

Б) миография

В) Сипап қарау

Г) телескопия

Д) стоматоскопия

7) Тілді тексерудің негізгі әдісі ....... атаңыз.

А) сипап көру

Б) тыңдап көру

В) қарап-байқау

Г) ине шаншу

Д) сүйекті бекіту

8) Ауыз қуысын ......... көмегімен тексереді.

А) стоматологиялық айнаның, қалақшаның, шымшуырдың, сүңгі құралдың

Б) стоматологиялық айнаның, шымшуырдың, балғашаның

В) қалақшаның, шымшуырдың, балғашаның

Г) стоматологиялық айнаның, шымшуырдың, қайшының

Д) қалақшаның, шымшуырдың, қайшының

9) Периодонттың жағдайын тісті ........ жайлап соғып тексереді.

А) аспаппен

Б) қайшымен

В) балғашамен

Г) қысқышпен

Д) инемен

10)Томография - арқылы...... түрлі тереңдікте «кесіп» көрсетуге болады.

А) әртүрлі тереңдікте жатқан бөгде заттардың орнын, ісіктердің кеңістікте орналасқан шегін, шықшыттығы өзгерістерді

Б) әртүрлі жазықтықта жатқан бөгде заттардың орнын, ісіктердің кеңістікте орналасқан шегін, шықшыттығы өзгерістерді

В) әртүрлі биіктікте жатқан бөгде заттардың орнын, ісіктердің кеңістікте орналасқан шегін, шықшыттығы өзгерістерді

Г) әртүрлі көлденең жатқан бөгде заттардың орнын, ісіктердің кеңістікте орналасқан шегін, шықшыттығы өзгерістерді

Д) әртүрлі тігінен жатқан бөгде заттардың орнын, ісіктердің кеңістікте орналасқан шегін, шықшыттығы өзгерістерді

11) Панорамды рентген суреті арқылы ...... көруге мүмкіншілік береді.

А) бүкіл тіс қатарын, жоғарғы, төменгі жақ сүйектерінің шоқтықтарын

Б) бүкіл тіс қатарын, дененің жоғарғы бөлігін

В) төменгі жақ сүйектерінің шоқтықтарын, дененің төменгі бөлігін

Г) бүкіл тіс қатарын, дененің төменгі бөлігін

Д) төменгі жақ сүйектерінің шоқтықтарын, дененің жоғарғы бөлігін

12) Контрасты рентгенография әдісі ..... анықтау үшін қолданылады.

А) Сілекей бездеріндегі, қуысты денелердегі патологиялық өзгерістерді

Б) сүйек сынықтарында

В) бұлшықеттер жарақаттанған кезде

Г) шырышты қабаттың қабынуында

Д) дененің төменгі, жоғарғы бөлігін

13) Цитология ....... зерттеу арқылы жүргізілетін әдісі .

А) жасуша бөлшектерін-клетка элементерін, олардың құрылысының ерекшелігін, шоғыр жинақ-конгломераттарын

Б) жақтың дене құрылысын

В) адам денесінің сүйектерін

Г) түтікше сүйектер құрылысын

Д) сопақша ми құрылысын

14)Биопсия .... тексеру және дұрыс нақтама қоюға бағытталған әдіс болып саналады.

А) кесіп алынған тірі тінді

Б) кесіп алынған өлеттенген тінді

В) тілінген өлеттенген тінді

Г) шабылған сүйек тінді

Д) ойылған өлеттенген тінді

15) Биопсияның ......... түрлерін атаңыз:

А) инцизиялық, пункциялық, аспирациялық,

Б) пункциялық, аспирациялық, мекен-жайлық

В) аспирациялық, инцизиялық, мекен-жайлық

Г) пункциялық, инцизиялық, қақпақты

Д) аспирациялық, пункциялық, қақпақты

16) Инцизиялық биопсияда тіндер аумағы .......... кесіліп алынады.

А) ауруға ұшыраған тіндер аумағы түгел кесіліп алынады.

Б) ауруға ұшыраған тіндер аумағы жартылай кесіліп алынады.

В) ауруға ұшыраған тіндер аумағы 2/3 бөлігі кесіліп алынады.

Г) ауруға ұшыраған тіндер аумағы 4/5 бөлігі кесіліп алынады.

Д) ауруға ұшыраған тіндер аумағы мүлдем кесіп алынбайды.

17)Пункциялық биопсияда ..... қалыңдықтағы тіндер алынады.

А) әртүрлі диаметрдегі торакарлармен бірнеше миллиметр

Б) бірнеше торакарлармен әртүрлі диаметрдегі

В) торакарлармен әртүрлі диаметрдегі бірнеше

Г) бірнеше миллиметр әртүрлі диаметрдегі

Д) торакарлармен әртүрлі диаметрдегі бірнеше

18)Аспирациялық биопсияда....... материал алып тексереді.

А) жіңішке иненің көмегімен аз ғана мөлшерде

Б) жуан иненің көмегімен көп мөлшерде

В) жіңішке иненің көмегімен көп мөлшерде

Г) жуан иненің көмегімен аз ғана мөлшерде

Д) түтікшенің көмегімен, көп мөлшерде

19) Функционалдық диагностикалық әдістерінің түрлерін атаңыз.

А) мастикоциография, миотонография, электромиография

Б) миотонография, электромиография, томография

В) электромиография, рентгенография, сиалоскопия

Г) мастикоциография, томография, электрокардиография

Д) электромиография, рентгеноскопия, сиалография

20) Мастикоциография әдісі дегеніміз ..............

А) шайнау бұлшықеттерінің қимылын жазу

Б) сүйек тіні құрамындағы жасушаларының талшықтарын зерттеу

В) бұлшықеттердің жасушаларының талшықтарын зерттеу

Г) ми жасушаларының талшықтарын зерттеу

Д) адам денесіндегі жасушаларының талшықтарын зерттеу

21) Миотонография әдісі дегеніміз ..............

А) шайнау еттерінің тонусын анықтау

Б) адам денесіндегі жасушаларының талшықтарын зерттеу

В) бұлшықеттердің жасушаларының талшықтарын зерттеу

Г) ми жасушаларының талшықтарын зерттеу

Д) сүйек тіні құрамындағы жасушаларының талшықтарын зерттеу

22) Электромиография әдісі дегеніміз ..............

А) бұлшықеттердің электрофизиологиялық жағдайын білу үшін биопотенциалдарды тіркеу

Б) шайнау еттерінің тонусын анықтау

В) бұлшықеттердің жасушаларының талшықтарын зерттеу

Г) ми жасушаларының талшықтарын зерттеу

Д) адам денесіндегі жасушаларының талшықтарын зерттеу

23) ........... электроодонтодиагностика әдісін қолданамыз

А) тістердің ток күшіне сезімталдылығын тексеру үшін

Б) тістердің жәй төзімділігін тексеру үшін

В) тістердің ток күшіне қимылын тексеру үшін

Г) тістердің жәй қимылын тексеру үшін

Д) тістердің ток күшіне төзімділігін тексеру үшін

24) Сау тістердің ток күшіне сезімталдылығы ...... тең болады.

А) 2—6 мкА

Б) 25-30 мкА

В) 15-20 мкА

Г) 45-50 мкА

Д) 10-15 мкА

25) Реография әдісінде қанның толуын ....... негізінде тіркейді.

А) электрометриялық

Б) оптикалық

В) сығымдау

Г) тығыздығына байланысты

Д) сәулелік

 

 

VІ ТАРАУ