Бап. Дәрігерлік құпия

1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, аза­маттың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.

2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгі­ленген жағдайлардан басқа, оқыту, кәсіптік, қыз­мет­тік және өзге де міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді.

3. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімі­мен пациентті зерттеп-қарау және емдеу мүддесіне орай, ғылыми-зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де мақсаттарға пайда­лану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлға­ларға беруге жол беріледі.

4. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді азаматтың немесе оның заңды өкілінің келісімінсіз беруге мынадай жағдайларда:

1) өзінің жай-күйіне байланысты өз еркін білдіруге қабілетсіз азаматты зерттеп-қарау және емдеу мақсатында;

2) айналасындағыларға қауіп төндіретін ауру­лар­дың таралу қатері болған кезде;

3) тергеу немесе сот талқылауын жүргізуге байланысты анықтау және алдын ала тергеу органдарының, прокурордың, адвокаттың және (немесе) соттың сұратуы бойынша;

4) кәмелетке толмаған адамға немесе әрекетке қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілдерін хабардар ету үшін;

5) азаматтың денсаулығына зақым құқыққа қарсы әрекеттер салдарынан келтірілді деп есеп­теуге негіздер болған кезде жол беріледі.

5. Пациенттің рұқсатынсыз оның жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты автоматтан­дырылған деректер базаларына енгізуге және пайдалануға жол берілмейді.

Жеке сипаттағы автоматтандырылған деректер базаларын пациенттердің жеке өміріне қатысты жеке сипаттағы ақпаратты пайдалану кезінде пациенттердің рұқсатынсыз, оларды басқа деректер базаларымен байланыстыратын желілерге қосуға жол берілмейді.

Этиканың медицина саласында маңызы зор. Өйткені дәрігер мен науқас, дәрігер мен дәрігер, дәрігер мен медбикелер, дәрігер мен кіші қызметкерлер, дәрігер мен науқастың туыстары арасында қарым-қатынас жасау үшін этикалық және адамгершілік қағидаларын сақтау . Дәрігер мен науқас арасындағы қарым-қатынас ережелері және модельдерін, командамен жұмыс жасауды, команда құруды, осы команда құру арқылы

көптеген жетістікке жетуді, командада көшбасшы болуды үйрету. Дәрігерлік қарым-қатынастың белсенді немесе одақтас түрі, емдеу процесіне науқастың белсенді түрде қатынасуын мүмкін етіп, оның ем таңдауда дербестігін және жауапкершілігін дамытады. Бұл ынтымақтастық қатынас, ауруға қарсы күрес жүргізген науқастарда нәтижелі болады. Дәрігердің іс-әрекеті пікірлесуге, соңғы шешімді өзі қабылдауға даярлыққа бағытталған. Бастапқы кезде дәрігер, қатынас құруға оның басқару түрін қолданып, кейін ол серіктес қатынасқа көшуі мүмкін. Біртұтас ұжым - ортақ мақсат, мәселе, адамдардың жандүниелік жақындығын туғызатын түсінушілік орнаған жағдай негізінде құрылады. Аталған жағдайда ұжым басшысының, яғни көшбасының рөлі ерекше.
Ұжымда көшбасшының беделі жоғары болуы керек, себебі ұжымдағы адамның адамгершілік қасиеттерін бейнелейтін қоғамның бір бөлігі болып саналады. Көшбасшының беделділігі мен шынайы адамгершілігі коршаған адамдардың, ұжымның ортақ ойына негізделеді. Сенім және беделге дәрігер өзінің білімімен, қабілетімен, жүмысқа деген шынайы ниетімен, түрлі мәселелерді шешу жолдарын іздестірумен, ұжым мүшелеріне жақсы қарым-қатынасымен ие болады. Осыған байланысты, қалыптасқан ұжым басшысының беделділігі әрбір администраторға ауадай керек екені сөзсіз.
Ұжымға жалған достық қажеттілік емес. Айта кететін бір жайт, ұжымдағы тиісті моральды климат болғанда, қаталдылық, ұжым мүшелеріне ауырлық әкелмейді.

Медицина саласында көптеген жағдайда этикалық- құқықтық мәселелер туындайды, соның ішінде: Адам өмірі басталуының әлеуметтік, құқықтық және этикалық аспекттері, аборт, стерилизация, жаңа репродуктивті технологиялар , ЖИТС-ң этикалық-құқықтық проблемалары, эксперименталді медицинаның этикалық және құқықтық проблемалары, клиникалық трансплантология мен трансфузиологияның этикалық-құқықтық проблемалары, медициналық генетика және гендік инженерияның этикалық-құқықтық проблемалары.

Мысалы: Оборттағы этикалық мәселе моральдық жіберілген қателіктердің нәтижесінде адам өмірінің дамуына қол сұғушылық болып табылады. Бұл мәселе адам өміріндегі ойландыратын сұрақ, бұл сұрақтың шешімі басқа көптеген мәселелердің биоэтикалық шешімі –адам өмірі қашан басталды? Адамның өмір сүру, сүрмеуін кім шешуге құқылы?

«Медбике-емделуші» арасындағы қарым-қатынастар:

· Медициналық бике емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.

· Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.

· Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медбике осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.

«Медбике – емделушінің туысқандары (және жақындары)» арасындағы қарым-қатынастар:

· Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы қажет;

· Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс орындау тәртібін түсіндіруі тиіс;

· Тек өз құзыреті шеңберінде сұхбаттасуы (науқастың сырқаты, болжамы жөнінде әңгімелемей, дәрігерге жолдау) тиіс;

· Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.

«Медбике-дәрігер» арасындағы қарым-қатынастар:

· Сұхбаттасу кезінде дөрекі сөйлесуге тыйым салынады;

· Дәрігерлік тағайындаулар уақытында нақты, нақты және кәсіби орындалуы тиіс;

· Науқастың денсаулық жағдайындағы кенеттен болған өзгерістер туралы дәрігерге жедел хабар берілуі тис;

· Тағайындалған дәрігерлік емді қолдану барысында күмән туындаған жағдайда , науқас жоқ уақытта, сыпайы түрде, осы жөнінде дәрігермен мән-жайды талқылауы қажет.

«Медбике-медбике» арасындағы қарым-қатынастар:

· өз ұжымдастарымен жұмыс істеу барысында дөрекілікке, тұрпайылыққа жол берілмеуі тиіс;

· Қандай да бір ескертулер, науқас болмаған уақытта, әдепті түрде айтылуы тиіс;

· Тәжірибиелері мол медбикелер жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетулері қажет;

· Қиын жағдайларда бірі біріне көмектесулері тиіс.

«Медбике-кіші медицина қызметкері» арасындағы қарым-қатынастар:

· өзара сыйластықты сақтаулары тиіс;

· кіші медицина қызметкерінің жұмысын сыпайы түрде бақылауы қажет;

· Әдепсіздікке, дөрекілікке, тәкаппарлыққа жол беруге болмайды;

· Науқастар мен келушілердің көзінше ескертулер жасауға болмайды.

 

 

Адам өмірі басталуының әлеуметтік, құқықтық және этикалық аспекттері. Аборт, стерилизация, жаңа репродуктивті технологиялар.

Аборт (лат. abortus — түсік) медицинада — құрсақтағы ұрықтың 28 апталық мерзімге жетпей тіршілігі үзілуі немесе түсік түсуі. Жүктіліктің 14-15 аптасына жетпейұрық тіршілігінің үзілуін ерте, ал 14-15 аптадан кейін үзілуін кеш түсік дейді.

Аборт өздігінен түсік тастау және жасанды түсік жасату болып бөлінеді. Қолдан жасалатын аборт медициналық мамандардың әйел адамның өмірін және денсаулығын сақтап қалу мақсатында, зорлау немесе инцест салдарынан болатын еріксіз жүктілік кезінде, сәби ауыр науқасқа шалдыққан кезде немесе әйелдің жатырындағы сәбиді асырай алмайтын жағдайы болған кезде жасалады. Ру-486 препаратын жүктіліктің алғашқы бірнеше аптасында қабылдаса, қолдан түсіктің болуына мүмкіндік жасайды. Жүктіліктің 19 аптасына дейін жатырды қысқарту мен іштегі нәрестені түсіру үшін тұз ерітінділерін немесе гормондарды шашуға болады. Жатырдағы сәбиді хирургиялық жолмен алдыру жүктіліктің екінші немесе үшінші айында ғана жүзеге асыруға болады. Жатыр мойыншығын кеңейту мен ұрықты экстракациялауды жүктіліктің үшінші айында жасауға болады. Бұл "Жартылай босану арқылы аборт жасау» деп те аталады. Түсік жасаудың басқа түрлері: қол шприці көмегімен қолмен жасалатын вакуумдық экстракция және кеңейткіш пен механикалық сорып алғыш құрылғысы арқылы жүзеге асатын вакуум-түсік; бұл екі түрлі емдеу шарасы жүктіліктің ерте кезеңінде жасалады.

Қоғамның жасанды түсікке деген, бала тууды бақылау құралы ретінде тарихи қатынасы әртүрлі елде әр кезеңде түрліше өзгеріп отырған. Антикалық дәуірде жасанды түсік бала тууды шектеу әдісі ретінде пайдаланылса, ал христиан діни қызметкерлері жасанда түсік жасауды Құдай ісіне қарсылық деп бағалаған. Орта ғасырларда Еуропада мұндай жолды айыптаушылардың пікірі қоғамдық өріс алып, ауқымы кеңейген. 19 ғасырда жасанды түсік жасатқандарға қатал жаза қолданылған. Алайда 20 ғасырда бұл тыйымдар жұмсартылып, біртіндеп өзгертілді. 1973 жылы АҚШ-та Роу Уэйдқа қарсы ісінің шешімі бойынша жүктіліктің алғашқы үш ай мерзіміндегі жасалатын жасанды түсік заңдастырылды, алайда штаттар алғашқы үш ай мерзімінде түсік жасатуға өзіндік заңды шектеулер енгізуге құқылы болды. Осы сот шешімінен кейін қарқынды түрде абортқа қатысты саясатты ырықтандыруда қарсыластар мен жақтастар арасында қарқынды пікірталас басталды.

Әйелдің өздігінен түсік тастауы әртүрлі жағдайларға (жығылу, ренжу, шошыну, ауыр жүк көтеру т.б.) байланысты болады. Алдын-алу шаралары: қыз балаларының денсаулығына жас кезінен көңіл бөлу, науқас әйелдерді диспансерлік бақылауға алып, емдеу. Жасанды түсік (медициналық Аборт) жасату арқылы екіқабат әйел өз еркімен ұрық тіршілігін үзеді, мұндай Аборт тек дәрігерлік мекемелерде ғана жасалады. Одан тыс жерлерде жасалған Аборт қылмыстық әрекет болып саналады. Көп мемлекеттерде жасанды түсік жасатуға рұқсат берілмейді. Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарға сәйкес жасанды түсік жасатуды 12 апталық мерзімге толғанға дейін әйелдің өзі шешеді. Егер жүктілік мерзімі көрсетілген уақыттан асып кетсе, жасанды түсік дәрігерлік кеңестің шешімімен ғана жасалады. Аборт әйел денсаулығына зиян тигізеді, әсіресе алғаш рет көтерген баласын жасанды түсік жасату арқылы алдырып тастаған әйелдер болашақта бедеулік зардабын тартуы мүмкін.ауруларға (бруцеллез, туберкулез, сүзек, жыныс мүшелерінің аурулары т.б.), кездейсоқ шалдығуы мүмкін.

Жасанды түсік – бұл ана құрсағынан тыс жағдайда өмір сүре алмайтын, өсіп жетілмеген нəрестені «түсік» ретінде тастату жəне жатырдағы нəресте жұмырт-қасын немесе нəрестені алып тастау, басқаша айтқанда — тірі жанды өлтіру деген сөз. Дегенмен, əйелдің өз ер-кімен түсікті жасауына біздің елде еш кедергі жоқ. Баласынан безінген əйелдер медициналық тəсілмен шарананы алдыртып құтыл-ғанымен, айықпас дерт жамайды. Тіпті өміріне қауіпті.

Жасанды түсіру – хирургиялық әдіс болғандықтан, жыныс мүшесінің зақымдануы мүмкін. Соның салдарынан жатыр тесілуі, оның мойнының жыртылуы және тарылуы мүмкін. Жасанды түсіктен кейінгі жүктілік қалыпты, қиындықсыз өткеннің өзінде босанатынуақытта асқынулар көбейіп кетеді. Әйелдердің емшек безі қатерлі ісігіне ұшырауының ең басты себебі – жасанды түсік.

Жасанды түсік әдетте 12 аптаға дейін жасалады. Ал әйелдердің денсаулығы бала көтеруге жарамаған жағдайда 22 аптаға дейін жасалады. Операция неғұрлым кеш жасалса, соғұрлым зардабы көп. Жасанды түсік жасатқаннан кейінгі жүктілік ана жатырындағы баланың өсуін 3,7 есеге дейін азайтып жібереді. Ондай балалардың әрбір үшіншісі жеңіл салмақпен дүниеге келіп, нәрестелердің 77 пайызы қан аздық және экссудативтік диатез дертіне шалдығады. Әрбір әйелге контрацептивтік дәрі-дәрмектерді пайдалану туралы кеңес берілуі керек.

 

Стерилизация
Әйел денсаулығын сақтауға, түсік және өлім санын азайту үшін 1990 ж. біздің елде ерлерге және әйелдерге арналған хирургиялық стерилизация бар. Хирургиялық стерилизацияны науқас қалауымен, сонымен қоса осы жағдайға арналған себеп болған жағдайда қолданады. Хирургиялық стерилизацияға байланысты бірнеше көптеген медициналық қарсы көрсеткіштер бар. Әлеуметтік жағдайға байланысты тек үш көрсеткіш бар ол - жасы 40 тан жоғары болуы; үш және одан көп балалы болуы және 30 жыл бойы екі балалы болса.
Стерилизацияны тиімді жүктіліктен сақтану ретінде қарастыруға болмайды, және бұл әдіс халық арасында кең тарамаған әдіс

Контрацепция
Экономикасы дамыған елдерде, әсіресе батыста 70%-ға дейін ерлі-зйыптылар контрацепт қолданады. Дамыған елдердің 400 млн-ға жуық әйелдер орынсыз жүкті болып қалудың алдын алу үшін әртүрлі әдістегі контрацепт қолданады. 30 жылдың ішінде жанұяны жоспарлау ұйымы 400 млн-ға жуық бала туудың алдын алуда.
Қазақстанда ерлі-зайыптыларды орташа есеппен, экономикасы дамыған елдермен салыстырғанда контрацепция қолдануы төмендеу, бірақ статистика бойынша бұған себеп жоқ. Статистикалық қажеттілік бойынша бізде жатыр ішілік спираль және гормональды контрацепция қолданады.
2000 жылдан бұлшықетішілік спираль бар 17% фертильді жастағы әйел адамдар және 7,5% гармональды контрацепцияны қолданады. 1990 жылмен салыстырғанда бұлшықетішілік контрацепі бар әйел адамдар саны өзгермесе, гармональды контрацептер қолданатындар 4,5 есе жиілегенін ескерген жөн. Арнайы зерттеу көрсеткіші бойынша Қазақстандағы жүкті болудан сақтанатын некедегілер 50-55 % ды құрайды.

Қазақстанда экстрокорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) орталығы алғаш рет 1995 жылы ашылды, қазір үш мемлекеттік, он жеке ЭКҰ орталығы жұмыс жасайды. Он біріншісі жақында Ақтөбеде ашылды.Сол 1995 жылы алғашқы орталық ашылғаннан бері республика бойынша 20 000 отбасы оның көмегіне сүйеніп, нәтижесінде алты мыңнан астам «түтікшелік нәресте» дүние есігін ашты.

Қосалқы репродуктивтік технология бойынша емделіп, бала көтеру өте қымбат қызмет болып есептеледі. Яғни, еліміздегі жеке клиникалардағы баға бойынша ол — 850-900 мың теңге көлемінде. Ал әйелдердің барлығының бірдей жасанды ұрықтандыру әдісі арқылы әп дегеннен бала көтеріп кете алмайтындығын, кейбірінің ЭКҰ орталықтарының көмегіне кемінде 4-5 рет жүгінуге мәжбүр болатындығын ескерсек, үйінде «базары жоқ» отбасылардың бала сүюі үшін қаншалықты қаржы қажет екенін бағамдай беріңіз…2010 жылдан бастап экстрокорпоральды ұрықтандыру жаңа Денсаулық Кодексінің тегін медициналық кепілді көмегінің тізіміне енді. Соған сәйкес былтыр елімізде сәби сүйе алмай жүрген отбасылар үшін республикалық бюджеттің қаржыландыруымен 100, биыл 300-ден астам квота бөлінді.2012 жылы бөлінетін квота 600-ге, ал 2015 жылы 750-ге жетеді.Қазақстанда қосалқы репродуктивті технологиялар 1995 жылдан бастап пайдаланылып келеді. Елде эмбриондарды криоконсервациялау (пайдаланылмаған ұрықты болашақта пайдалану үшін мұздатып қою), жыныстық клеткалардың донорлығы және суррогат ана бағдарламалары іске асырылып жатыр.