Дәрігер - науқас арақатынасының құралдары.

Қатынас құрудың негізінде, ақпарат алмасу жатады. Бұл қарым-қатынастың ең маңызды жағы. Нәтижелі арақатынас құруүшін вербальды және вербальды емес құралдар қолданылады.

Топпен жұмыс жасау

Медицина маманының маңызды дағдысының бірі – ол науқасқа көмегі тиетіндей, белгілі бір топпен жұмыс жасау,солармен бірге жетістіктерге жету,көздеген мақсаттарды орындау, болып табылады.

Топпен жұмыс жасаудың дәрежесінің өсуі төмендегі доктриналарға байланысты:

Топтың менеджментінің доктринасы - тіл табысу, стандартқа сай емес есептерді шешуде творчестволық активтілікке топтық көзқарас таныту. Оңай тіл табысу жұмыскерлердің әлеуметтік және мәдениетті творчествосын көтеруге мүмкіншілік береді,олардың өзін-өзі ұйымдастыруда және өзін-өзі басқарудағы көзқарасы, оларға ортақ мақсаттар мен табыстарды, түсінісумен, бірін бірі алмастыра алуында, ортақ мақсаттарда, әр топ мүшесінің жұмысын, табысын, ұтымды жемісін көруге мүмкіншілік береді.

Индивидуалды жауапкершіліктің доктринасы- тіл табысу, мамандықтың жеке қызығушылығындағы және персоналды жауапкершілігіндегі индивидуалды профессионалды реттелуі болып табылады.

Ғылыми басқару доктринасы- тіл табысу, тәжірибие жүзінде өткізілетін, жұмыс барысын үлкен ауқымда өтетін өндірушілердегі жүйелермен жүргізіледі.

«Х» доктринасы – механизм бірлігіндегі аналогия бойынша ұйымдастыру шараларының адами тұрғыдан көзқарасы.

«У» доктринасы – адамды жеке тұлға ретінде қарастыратын, жеке өзіндік мотивациялары бар, өнімге бағытталған, түсініп шешім қабылдайтын ұйым.

Адами қарым-қатынас доктринасы- гуманнитарлы тіл табысу, еңбек істеріне гумманитарлы түрде бағытталған, жұмыскерлердің, жұмысқа қатысты сұрақтарды елейтін ұйым.

Питер Сенге өзінің « Бесінші тәртіп» еңбегінде, 1990 жылы білім беретін ұйымға былай сипаттама берген: «ол жер адамдар үшін үнемі өзінің мүмкіншіліктерін жасай алатын, жетістіктерге қол жеткізетін, терең ойлап, ауқымды түрде ақылдасатын орын және ылғида бірге топпен әрекет етеді» деген.

Питер Сенге анықтаған, бір бірінен айырмашылығы бар бес тәртіп үлгілері мыналар:

Жеке шеберлік.Бұл тәртіп адамдарды шабыттындыра отырып оларға өмірде не маңызды екенін және қазіргі өміріне ненің қатысы бар екенін түсінуге мүмкіндік береді.

Ортақ көзқарас құру. Бұл тәртіп бір мақсаттағы адамдарды біріктіруді, ғылыми ұғынуға , болашақтағы армандарына жетуге мүмкіншілік береді.Ортақ көзқарастарымен шабыттандырады.

Топпен білім алу. Топта бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ортақ әңгімелермен ,ойталастар арқасында топ бірігеді.Бірлік болмай- тірлік болмас дегендей.

Когнитивті модельдер.Барлығымызда жасырын ойлар бар, олар біздің санамызды улайды, өкінішке орай, біздің ары қарай білім алуымызға кедергі келтіреді. Егер сол жасырын ойларымызды өзгертсек, біздің санамыз кеңейе түсер еді.3

Жүйелі ойлау. Бұл дегеніміз бесінші тәртіп, алдыңғы тәртіптердің барлығын біріктіретін,адамдарға қиындықтан шығуға ортақ жол беретін тәртіп үлгісі болып табылады.

Егер ұйымда топ болса, онда топ мүшелері:

1.Топпен бірлесіп жұмыс жасауға мотивациясы бар;

2.Топтың бірлігін сақтап, бірге жұмыс жасауға;

3.Әр түрлі дәрежеде топ бойынша жұмыстарға араласуға;

4.Келісім беруге немесе қарсыласуға толықтай құқығы бар болып табылады.

Топ дегеніміз не?

Топ - бұл бір қатар адамдардан құралған, бірлесіп жұмыс жасайтын, мақсаты бір адамдар тобы. Команда мен топтың негізгі айырмашылығы: Команданың адамдары ортақ мақсатқа жету үшін бірлесіп жұмыс жасайды.

Іс барысында сұрақтар мен жауаптар айтылып, бірлесіп шешім қабылдайды.

Команда дегеніміз – шағын адамдар тобынан құралған ( көбіне 5-7, кейде 15-20 ға дейін жетеді) топ:

- Мақсаты ортақ, қадір тұтатын ұстанымдары бір адамдар

- Бір бірін толықтырып отыратын дағдылары бар

- Функционалды-рөльді бірлесіп жұмыс істейді

- Топта өзіндік орны бар топ мүшелерінен құралған

Топ не үшін қажет:

Медициналық көмек көрсетудің мақсаты әр түрлі мамандық иелерінің бірлесіп жұмыс жасауында.

Топпен бірлесе жұмыс мыналарды талап етеді,сондай-ақ қамтамасыздандырады:

· Жетік түсіністік, әр адамнаң жеке жұмыс барысыда,сонымен қатар биліктері мен тәжрибелерін бір араға біріктіру.

· Болып жатқан оқиғада еркіндік танытып, бөгдені айыптау.

· Көп деген туындылар дауды шешу мақсатына бағытталған.

· Аса жоғарғы дәрежені енгізу үлкен көлемді пайданы көздейді.

Сонымен қатар, топпен жұмыс әр топ мүшелеріне оңтайлы және көптеген мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді.

· Жұмыс барысында шешімі табылмай жатқан сұрақ немесе жұмысқа әсері тиетін түйінді мәселелерді түсініп, шешімін табу.

· Творчествалық түрде жұмыс жүргізіп,туындылармен бөлісу.

· Әріптестермен берік қарым-қатынас орнату.

· Жаңа білім мен дағдыларды игеру.

· Осы мәселені шешуге қосқан үлесі үшін әріптестердің сенімі мен құрметіне ие болу.

Команда ішілік мәдениетті контекстінің индикаторы:

-бүкіл топ мүшелерімен бірге қабылданған тәртіптер тізімі.

-билік құру жолдары.

-команда мүшелерінің бір бірімен байланысы.

-ұйымның жетістіктері , топ мүшелерінің мінездемелері.

-билікті ұйымдастыруды реттеу.

Топтың ұйымдастырылу сатылары мен, топ өсімін анықтауға болады:

-топ жетістіктерінің шынайы дәрежесін анықтау үшін.

-топ та болып жатқан мәселелерді шешу үшін топ мүшелерінің өзіндік санасын өсіруге көмектесу үшін.

Әдеттегідей, топтың мақсатына жету барысында олар бұрынғыны елемейді;топ қиындыққа тап болғанда оның өсуі бұзылады,топ,әдеттегідей, бұрынғы даму сатысына оралады.Топтың өсуі бірқалыпты болуы үшін, топ мүшелері әртүрлі эмоцияларға төтеп беріп жеңе білуі тиіс. Оларға көмек беру үшін жаттықтырушылары оларға қазір қай сатыда екенін түсіндіріп,алуға қандай сатылар кездесетінін айтып түсіндіруі қажет.Жаттықтырушы ретінде басқарушы немесе медициналық жоғарғы оқу орнының ұстазы сайлана алады.Топтың негізгі жетістігі болып,олардың сауатты түрде мемлекеттік медициналық білім алуы және мемлекеттік стандартқа сай білімді болы болып табылады.

Топты ұйымдастыру тәртібі:

1-саты.Ұйдастыру топ ұйымдасқан кезде, топ мүшелері, олар үшін бірлесіп жұмыс жасаудың қай жолы тиімді болатынын ойластырады.Олар «жеке тұлға» рөльін «топ мүшесі» рольіне ауыстырады.

Олар өзімен қатар топтың да, топ басшысының да абройын ойлау қажет.

Ұйымдастыру кезінде топ және оның мүшелері әдетте келесі эмоцияларда сезінеді:

-таң қалу,күту,оптимизм,

-осы топқа сайланғаны үшін көкіректілік

-топқа алғашқы жақындық

-қобалжу,қорқыныш және тіпті күмән да келтіруі мүмкін.

Және келесі әрекеттерді жасайды:

-спайылық, топ мүшелерімен жақсы қарым-қатынас орнату.

-мәселенің шешімін табу немесе шешімді іздестіру

-болып жататын ұрыс,қақтығыстардың алдын алу, топ үшін қолайлы тәртіптің стреотиптерін анықтау.

-ақпарат жинауда алғашқы шешім шығару

-концепциялармен мәселелердің шешімін табу.

-сұрақтарды қайта толықтау,шешім шықпаған жағдайда; шешім таппаған жағдайдаға қиындықтар;

-шешімін табудағы кемшіліктерге арыздану.

Топ үшін пайдалы ұйыдастыруға көзқарастардың келесі түрлері жатады;таныстыруды ұйымдастыру түрлі, жобаның дәл уақытын анықтау, топ тәртібін белгілеу, қажет білімді беру.

2-саты.Дауыл сатысы топтың өсуі үшін өте маңызды,әдеттегідей,ол топ мүшелері үшін өте қиын болып табылады. Бұл міндет олар айланғананда қиын болады.Топ мүшелері ұрысуға дайын тұрады,шыдамсыз болады,кейбіреулері топ болып жұмыс істеуге қарсы болады. Сол уақытта әр топ мүшелері бір-бірін силап,түсініп,бірін-бірінің ойын тыңдайтын болады.Егер топ осы сатыда тұрақтап қалса, онда олар ешқашан оңтайлы жұмыс сатысына көше алмайды. «Дауыл» сатысында топ мүшелері көбіне мынадай сезімдерді басынан өткізеді:

-жұмысын орындағысы келмей, сапасын жақсартуға қарсыласу,

-топқа көзқарасын өзгерту, оның мүшелеріне,жобаны жүзеге асыруға көзқарасын өзгерту,және келесі әрекеттерді жасайды:

-негізгі мәселе бойынша топ мүшелерімен сөзге келу.

-бақталастық, топтан кету т.с.с.

-жобаның орындалу мақсатында, күмән келтіру.

-ақылға қонымсыз үлгелерді ұсыну, қосымша жұмыстан бастарту.

Бұл сатының пайдасы;даудың алдын алатын техниканы пайдалану, сапаландыру барысын үйрету,жобаға дағдыландыру болып табылады.

3-саты:Орталықтандыру.Бұл сатыда барлық топ мүшелері топты қабылдай бастайды, өзінің топтағы орынын түсіне бастайды. Өзара қақтығыстар азайып, жұмысқа деген ында көбейе түседі.Егер топ осы сатыда, қалып қойса,онда топ мүшелерінің бірін-бірі силап, жақсы сөйлеуі көбейіп, жұмысқа қызығушылығы азаяды.Ол кезде топ басшысы топқа барлығын түсіндіріп тиісті шаралар қолдануы тиіс.

Бұл сатыда көбіне топ мүшелері мынадай күйде болады:

-топқа мүшелікке қабылдану,

-барлығы жақсарғанына жеңілдену және келесі әрекеттерді жасайды:

-жұмыс істеуге ынталы болуы,топтағы айырмашылықтарды бақылау

-шешім қабылдауға дайын болуы

-өз пікірін айтудағы еркін сезім

-топ мүшелерімен ойнақы түрде араласу

Бұл этаптың пайдасы мынада:топта жақсы қарым-қатынасты жалғастыру,жалпы жауапкершілікті сезіну,жұмыстың барысын,топпен жұмыс жасауды сезіну.

4-саты.Көзқарас.Бұл этапта топ мүшелерінде шешім шығаруға және мәселені шешуге қабілет пайда болады.Таңдау жасай алады,өзгерістер енгізе алады.Топ мүшелері өздерінің кемшіліктерімен қабілеттерін біледі.Топ басшысы оларға бұл мәселеде көмегін береді.Бұл сатыда топ мүшелері;мынадай сезімдерді бастан өткізеді:

-топқа сенімділік,көңіл тоқ болады

-бір-біріне сену.

Және мынадай әрекеттер жасайды:

-мәселелерді шешуде қатысу.

-тәуекелге бас тігу

-мақсаттарға жетуге қызуғышылық

Бұл сатының пайдасы мынада:

Қажетінше білім алуды жалғастыру мүмкіншілігі.

Ерекше сатысы:көзқарастың аяқталуы.Жауапкершілік пен сапаның жұмысы аяқталып,мәселелер шешіліп барлығы аяқталады.Топ жетістікке жетіп немесе жеңіліске ұшырайды.Бір-бірімен қарым-қатынастарын үзбей жалғастырады.

Бұл сатыда топ мүшелерінде мынадай эмоциялары болады:

-жұмыс сәтті аяқталғанда:қуаныш,аброй,көтеріңкі көңіл күй,мүшелермен айрылысқысы келмейді.

-жұмыс сәтсіз аяқталса:ашу,таңырқау және мынадай әрекеттер жасайды:

-жұмыс сәтті аяқталса:алғыс білдіріп,қоштасуға қимай жүру.

-жұмыс сәтсіз аяқталса:жеңілгенін мойындамау,жеңілгеніне біреуді айыптау;

Бұл этаптың пайдалы жағы:алдағы болатын істерді талқылау,өз істеріне баға беру,қортынды жұмысты бағалау.

Осы топтармен салыстыра келгенде,бұл этаптарға медицина студенттерінің 4 жылдық оқу жылын қойсақ та болады.Ең бастапқы кезден бастап,студент болғаннан диплом алып оқуды аяқтағанға дейін,этаптардан өтеді.

 

Топтағы қағидалар, әрекеттер мен нормалар.

Топтағы табысты жұмыс жасау үшін төмендегі әрекеттер мен қағидаларды білу керек

· Команда құрамының мүшелерінің тәжірибесі мен қабілетіне қарай іріктер алынуы

· Команда мүшелерінің ортақ мақсаттағы, (қатаң ережелерін сақтай білуі) бірігіп жасаған жұмыстарында белгілі бір ережелерді сақтай білуі.

· Команда мүшелерінің барлығының өз құқықтарымен таныс болуы

· Команда мүшлерінің қарым – қатынаста болуы, жаңа ақпараттармен алмасу үшін арнайы уақыт бөлуі

· әріптестердің арасындағы жақсы қарым – қатынас орнауын қамутамасыз ету. Марапаттау, құттықтау шараларын жүргізу.

 

Топтық әрекет түрлері (Л. Ушинский)

1. Бірігіп және өз бетінше жұмыс. Әр адам өзіне тиесілі жұмыс жасайды және ол қалғандарынан тәуелсіз болады.

2. Ортақ және өрбу түрінде жүреді. Ортақ тапсырма бірігіп үрдісімен жүреді.

3. Бірігіп ықпал жасау әрекет ету. Бір уақытта барлық мүшелердің тапсырманы орындау.

4. Бірігіп әрекет етудің ерекше түрі.

Бірігіп шығармашылық тұрғысында жұмыс жасау.

Командалық – топтық нормалар бұл ережелер мен шарттардың

жиынтығы топ мүшелеріне тікелей қатысты және айналасында болып жатқан іс - әрекеттер және қағидалар жинағы. Топтық нормалар командада рұқсат етілген және тиым салынған дұрыс немесе бұрыс жәйттерлі анықтайды. Нормалар топтың дамуы барысында өзгерістерге ұшырауы мүмкін, әсіресе қиындықтар туған кездерде бірақө топ мүшелерінің тіл табусынсыз олар ұйымдасқан түрде белсенді бола алмайды. Этикалық топтық аспектілер психотерапевттік нормаларға ұқсас келеді.