ІІІ кезең. Тұлға өзінің қалай жауап беретіндігін шешеді.

Коммуникация үдеріс, өте қиын, сол секілді мәселені шешудегі өзара қатынастағы мәселеде өте маңызды. Ол айқын көзқарасты, білімді, түрлі – тәсілдерді коммуникацияны жақсартудағы ықылас пен ақылды талып етеді. Бұл әрдайым жетілдіруді тоқтаусыз қажет ете алатын үдеріс.

Кері байланыс. Топтың жұмыс істеуді үйрену әдісінің бірі – бұл тәжірибесін сараптау. Егерде өз тәжірибеңді талдап тұрмасаң жұмысты жақсартуға ешқандай шара қолданылмайды. Кері байланыс – бұл қабылдаушыгың жіберушіге жұмыс барысын жақсарту үшін ақпаратты өңдеп жіберудің бір түрі. Кері байланыстың көмегімен команда мүшелері өз жұмыстарының әлсіз және жақсы жақтарын талдайды, ашық түрде өз - өзіне баға береді, сынды жағымды қабылдайды. Бұл процесс топ мүшесінің өзін басқа команда мүшелерінің қабылдағанын сезінгенле ғана мүмкін болады. Мұнсыз жоба нәтижесіз және қауіпті болуы да мүмкін. Жиі кездесетін жағдайларда команда бір тапсырмадан екінші тапсырмаға өздерінің істеген жұмысын талдамай – ақ өтіп кетеді. Командалардың көшбасшылары мұның артық екеніне және кері байланыстың керек еместігіне сенеді, бұған уақытты да жеткізе алмайды сондықтан команда бұл жіберген қателігін қайтадан, бірнеше рет қайталауы мүмкін және бұл команда мүмкіндігін толық жүзеге асыруға кедергі болады.

Кері байланыс нәтижелі болуы үшін және жетістікке жету үшін команда айқын өлшемдер орнатуы керек. Талдау барысы, команда мүшелерінің алға қойған мақсаттарын, жеткен жетістіктерін айқындап алуынан басталады. Олар өз жұмыстарын ең нәтижелі немесе ең нашары деп баға береді.

Келесі маңызды қадам: жұмысты жақсартудың себептерін, ол үшін не істеу керектігін алдағы жоспарын айқындап алуы қажет. өз жұмыстарын талдау барысында, команда келесі сұрақтарға жауап беруге міндетті:

· Алға қойған барлық мақсаттарға қол жеткіздік пе?

· Жетпеген болсақ, неліктен?

· Сәтсіздікке ұшырауымыздың себебі біз болдық па әлде біздің болмауымыздан тыс нәрсе ме?

· Жетістіктердің барлық өлшемдеріне қол жеткіздік пе?

· Барлық табысқа жетудің көздері, алға қойған тапсырмаларға қатысты болды ма, олар қол жетімді болды ма?

· Олай болмаса, ол неліктен?

· Қажетті қордың ең азын пайдаланудық па?

· Қажетті қор тепе – тең жұмсалды ма?

· Басқа топтардан осындай тапсырманы алып қойып, оны орынлай, бізден жақсы орындай білді ме?

· Олай болса біздің жұмысымыздың кемшілігі неде?

· Жұмысты сараптау кезінде біз не байқадық?

· Алдағы кезде біздің не істеуміз керек?

Кері байланыстың екі түрі бар: жақтаушы жағы және түзету жағы. Жақтаушы жақ кері байланыстың жақсы жағы ретінде қарастырылады. Ал түзетуші түрі жақсы болып саналмайды. Себебі жұмыс барысын тапсырманы ойдағылай орындау үшін өзгертеді. Кері байланыс тек көп нәрсе орындалмай жатқан кезде қажет деген басшының қате пікірінен олар ешқашан жақтаушы жақтағы кері байланысты қолданбайды. Негізінде ол түзетуші байланыстан гөрі маңызды болып анық саналады, себебі жұмыстағы тәртіптің қандай болу керектігін анық көрсетеді. Кері байланыстың түзетуші жағы көбінесе ескерту ретінде, тәртіптің қандай болу керектігін түзету ретінде қолданылады. Ол көбінесе сенімділіктің барысда, жылы ниеттің бар кезінде тепе – теңдік ретінде қабылданады. Жағымсыз жағдайларда команда мүшесі ескерту алған болса ол адам ұялу сезімін сезінеді немесе қорғаныш әрекетін түзеді.

Кері байланыстың жақсы немесе жаман жағын абайлап қолданған жөн. Шамадан тыс дәріптеулер жұмысты орындаудағы жауапкершіліксіздікке, ал сын көзімен қаралған ескерту жанжалға әкеп соқтырады.

Әрқашан есте сақтау қажет, сын айтылғаннан кейін жақсы көзқарастар айтылуы керек, олай болмаған жағдайда команда жұмысын жақсарту үшін ынталана алмайды. Анық сынға алу команданың тәжірибелі мүшесіне кері әсерін тигізуі мүмкін, себебі ол болып жатқан жәйттерге көбірек жауап береді.

Кері байланыс үшін уақыт пен орамды дұрыс таңдаған абзал. Нәтижелі кері байланыс кейінге қалдырылмаған кезінде ғана бола алады. Себебі оны ұзақ күткен сайын ол маңызды жоғалта береді. Байланыс үздіксіз әрі тоқтамайтын процесс болып саналмайды, ол кезекпен болатын жүйелі түрдегі жоспарланған болуы керек. Жақтаушы және түзетуші байланысты кері байланыстың қажеттілігін кезінде қиыстырып отыру қажет. Алғашында қандай байланыс қолданылса да, соңында бәрібір жақсы нәрсе есте қалатынын ескерген пайдалы.

Тұтас алғанда команда – бұл әр түрлі маман иелерінен құралған. әр қайсысының белгілі бір міндеттері бар, ортақ бір мақсатқа жету үшін атсалысып жүрген адамдардан тұратын қауымдастық. әр командада ішкі үйлесімділік болады, бұл дегеніміз әр адамның тұтас топқа қосатын үлесі, әр қатысушының өз рөльдері болады, олар әртүрлі және ауыспалы.

Команда көшбасшысы – көшбасшы қалған мүшелер секілді қызмет атқарады, сонымен қатар ұйымдастыру шараларын орындайды.

- жиналыстарды даярлау (не туралы, қашан, қайда және т.б.)

- жиналыстарлы өткізу

- жұмысты бүтіндей алып бағыттау

- тапсырмалардың орындалуын қадағалау

- құжаттарды ұйымдастыру, яғни жазбаларды енгізу

Көшбасшының рөлі командаға қажетті шешімді қабылдау емес, оны қиын мәселелерден алып шығу. Соның өзі шешім қабылдау барысын анықтайды және түсіндіреді. Топтың көшбасшысы міндетті түрде сайланған адам емес, еркін түрде таңдалған немесе сол орынға келген адам болуы да мүмкін.