Негізгі ұғымдар:Оңайлатылған декларация,салық режимі, арнаулы салық режим, патент

1.Салық режимі – СК-нде белгіленген салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі барлық салық міндеттемелерін есептеу кезінде салық төлеуші қолданатын салық заңдары нормаларының жиынтығы. Салық режимдері екі топқа бөлінеді: 1) жалпы режим; 2) арнаулы салық режимі.

Жалпы салық режимі – салық төлеушілердің барлық санаттары үшін белгіленген және барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндеттердің түрлерін есептеу мен төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің жалпы тәртібін қолдануды көздейтін тәртіп.

Арнаулы салық режимі – салық төлеушілердің жекелеген санаттары үшін белгіленетін және жекеленген салық түрлерін есептеу мен төлеудің және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін ақы төлеудің, сондай-ақ олар бойынша салық есептілігін берудің оңайлатылған тәртібін қолдануды көздейтін бюджетпен есеп айырысудың ерекше тәртібі.

Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегiнен тыс жерлерде алынған (алынуға жататын) табыстардың барлық түрлерiнен тұратын салық кезеңi iшiндегi табыс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.

2.Шағын бизнес субъектілері – арнаулы салық режимі қолданатындар, оның ішінде бір жолғы талон, және оңайлатылған декларация негізіндегі талаптарға сай келетін жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар.

Арнаулы салық режимi шағын бизнес субъектiлерi үшiн, төлем көзiнен ұсталатын салықтарды қоспағанда, әлеуметтiк салықты және корпорациялық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлейдi. Осы тармақта аталмаған салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша есептеу, төлеу және салық есептiлiгiн табыс ету жалпыға бiрдей белгiленген тәртіппен жүргiзiледi.

Шағын бизнес субъектiлерi салықтарды есептеу мен төлеудiң, сондай-ақ олар бойынша салық есептiлiгiн табыс етудің төменде санамаланған тәртiптерiнің бiреуiн ғана дербес таңдауға құқылы:

1) жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп;

2) патент негiзiндегi арнаулы салық режимi;

3) оңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимi.

Жалпыға бiрдей белгiленген тәртiпке ауысқан кезде жалпыға бiрдей белгiленген тәртiп күнтізбелік екі жыл қолданылғаннан кейiн ғана арнаулы салық режимiне қайта ауысуға болады.

Патент – төлем көздерінен ұсталатын жеке табыс салығы мен әлеуметтік салықты қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу фактісін растайтын құжат.

Патент нысанын уәкiлеттi орган белгiлейдi. Патент жоғалған жағдайда салық төлеушiнің өтiнiшi бойынша телнұсқа берiледi.

Патент негiзiндегi арнаулы салық режимiн мынадай талаптарға сай келетiн:

1) қызметкерлердiң еңбегiн пайдаланбайтын;

2) жеке кәсiпкерлiк нысанындағы қызметтi жүзеге асыратын;

3) салық кезеңіндегі табысы Республикалық Бюджет туралы Заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақының 200 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсiпкерлер қолданады.

Күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.

Дара кәсiпкер патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн оны қолдана бастағанға дейiн орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етедi.

Қайтадан құрылған дара кәсіпкерлер аталған өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірмей табыс етеді.

Дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күн аталған дара кәсіпкерлер үшін арнаулы салық режимін қолдану басталатын күн болып табылады.

Дара кәсіпкерлердің салықтық өтінішті осы тармақта аталған мерзімдерде табыс етпеуі, олардың жалпыға бірдей белгіленген тәртіпте бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға келісімі деп саналады. Патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтінішпен бір мезгілде уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша патент алуға арналған есеп-қисап (осы тарауды қолдану мақсатында бұдан әрі – есеп-қисап) табыс етіледі.

Бюджетке төленген патент құнын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, міндетті зейнетақы жарналарын аударуды растайтын құжаттар есеп-қисапқа қоса беріледі.

Есеп-қисапты электронды түрде табыс ететін салық төлеушілер аталған құжаттарды табыс етпейді.

Кезекті патентті алуға арналған есеп-қисап патент негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға салықтық өтінішті табыс етпестен осының алдындағы патенттің қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін табыс етіледі.

Оңайлатылған декларация – арнаулы салық режимінде белгіленген талаптарға сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын шағын бизнес субъектілерінің жері бойынша салық органына уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нысандаөтінішбереді.

Мынадай шарттарға сай келетiн шағын бизнес субъектiлерiоңайлатылған декларация негiзiндегi арнаулы салық режимiн қолданады:

1) дара кәсіпкерлер үшiн:

дара кәсiпкердің өзiн қоса алғанда, қызметкерлердің шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде жиырма бec адам болса;

салық кезеңi iшiнде шектi табысы 10 000,0 мың теңгені құраса;

2) заңды тұлғалар үшiн:

қызметкерлердiң шектi орташа тiзiмдiк саны салық кезеңi iшiнде елу адам болса;

салық кезеңi iшiнде шектi табысы 25 000,0 мың теңгені құраса,

Салық кезеңi күнтізбелік тоқсан болып табылады.

Оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдану үшiн салық төлеуші, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңі басталғанға дейін салықтық өтінішті табыс етеді.Бұл ретте аталған салықтық өтініш табыс етілген күннен кейінгі салық кезеңінің бірінші күні арнаулы салық режимін қолдануды бастау күні болып табылады.

Жаңадан құрылған заңды тұлғалар оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға арналған салықтық өтінішті салық органына заңды тұлға әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді.

Жаңадан құрылған дара кәсіпкерлер оңайлатылған декларация негiзiнде арнаулы салық режимiн қолдануға арналған салықтық өтінішті дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей табыс етеді.

Заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелген күні аталған салық төлеушілер үшін арнаулы салық режимiн қолдануды бастау күні болып табылады.

Салық төлеушiнiң осы тармақта аталған мерзiмде салықтық өтiнiшті табыс етпеуі, оның бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бiрдей белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға келiсiмi деп есептеледi.

3.Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiруші заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері осы бапта белгіленген арнаулы салық режимін немесе жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті дербес таңдауға құқылы.

Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар мен селолық тұтыну кооперативтері үшін арнаулы салық режимi (бұдан әрі – арнаулы салық режимі) корпорациялық табыс салығын, қосылған құн салығын, әлеуметтiк салықты, жер салығын, жер учаскелерiн пайдаланғаны үшiн төлемдерді, мүлiк салығын, көлiк құралдары салығын есептеудің ерекше тәртiбiн көздейдi.

Арнаулы салық режимi:

1) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші заңды тұлғалардың:

жердi пайдалана отырып ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, өзi өндiрген осы өнiмдi қайта өңдеу және өткiзу;

толық кезеңдi (төлдi өсiруден бастап) мал шаруашылығы мен құс шаруашылығының (оның iшiнде, асыл тұқымды), ара шаруашылығының өнiмдерiн өндiру, сондай-ақ өзi өндiрген осы өнiмдердi қайта өңдеу және өткiзу жөнiндегi қызметiнеқолданылады.

Салық төлеуші арнаулы салық режимін қолдану үшін орналасқан жері бойынша салық органына салықтық өтінішті табыс етеді.

Салықтық өтініш арнаулы салық режимін қолдануға арналған өтініште көрсетілген жылдың алдындағы жылдың 10 желтоқсанынан кешіктірілмей табыс етіледі. Аталған мерзімде салықтық өтінішті табыс етпеуі, салық төлеушінің бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асыруға келісімі болып есептеледі.