Кәсіби даму және акмеология

 

Негізгі түсініктер:кәсіби білім беру, профессиограмма, психограмма, акмеология.

Жоғары білім беру психологиясы проблемаларының жетекші зерттеушілерінің бірі А.А. Вербицкий білім беруде келесі беталыстарды ажыратады, олар қазіргі уақытта әртүрлі дәрежеде да өз көрінісін табуда және бұл көріністер ХХ ғасырдың аяғына дейін орын алмақшы.

Бірінші беталыс – білім берудің әрбір деңгейін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде ұғыну. Бұл беталыс тек қана мектеп пен жоғары оқу орнының арасындағы сабақтастық проблемасын шешуді ұйғарады, сонымен қатар ол студенттердің кәсіптік дайындығын көтеру міндетін шешуді ескере отырып, жоғары оқу орны мен студенттердің болашақ өндірістік қызметінің арасындағы сабақтастық проблемасын шешуді ұйғарады. Бұл, өз кезегінде студенттердің оқу іс-әрекеттерінде өндірістік жағдайларды модельдеу міндетін қойды, ол барып оқытудың жаңа түрі – белгілік-контекстік оқытуды (А.А. Вербицкий бойынша) қалыптастырудың негізіне салынды.

Екінші беталыс – оқытуды индустрализациялау, яғни оны компьютерлендіру және онымен бірге жүретін оқытуды технологизациялау, ол қазіргі замандағы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс жүзінде күшейтуге мүмкіндік береді.

Үшінші беталыс – басымды ақпараттық формалардан проблемалық элементтерді, ғылыми ізденісті, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен пайдалануды енгізу арқылы оқытудың белсенді әдістері мен түрлеріне көшу. Басқа сөзбен айтқанда, бұл А.А. Вербицкийдің салыстырамалы түрде айтқаны бойынша, «ұдайы өндіру мектебінен» «түсіну мектебіне», «ойлау мектебіне» көшу беталысы.

Төртінші беталыс А.А. Вербицкий бойынша, «оқу-тәрбие беру процесін ұйымдастырудың қатаң тәртіппен бақыланушы алгоритм-делген әдістерінен және осы процесті дамытушы, белсендендіруші, жылдамдатушы, ойындық әдістеріне ауысудың психологиялық-дидактикалық шарттарын шарттарын қарастырумен...» байланыс-тырылады.

Бесінші және алтыншы беталыс оқушы мен оқытушының өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымдық, оқушылардың бірлескен әрекеті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап өтеді, бұл жерде ерекше назар «оқытушының оқыту әрекетінен студенттің танымдық әрекетіне» ауысады.

ХХ жүзжылдықтың аяғында білім берудің жалпы жағдайындағы өзгерістердің беталыстары оны әлемде реформалаудың жалпы принциптерімен дәлме-дәл келді. Бұл принциптердің орта білім беруге сәйкес тұжырымдалғанына қарамастан, білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне, барлық білім беруге таратылады. Бұл келесі негізгі принциптер:

- қоғамның барлық тәрбиелеуші күштері, өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатында мектеп пен басқа арнайы институттардың бірлігі;

- адамгершіліктендіру - қоғамның ең жоғары әлеуметтік құндылығы ретіндегі әрбір бала тұлғасына көңіл аударуды күшейту, жоғары интеллектуалдық, адамгершіліктік және физикалық қасиеттері бар азаматты қалыптастыруға бағдар беру;

- жіктеу және жекелеу, әрбір оқушының қабілеттілігін толық анықтау және дамытуға дейін жағдайлар жасау;

- демократтандыру, оқушылар мен педагогтардың белсенділігі, бастамашылығы мен шығармашылығын дамыту үшін алғышарттар құру, оқушылар мен мұғалімдердің қызығушылықтарынан туған өзара әрекеттесуі, жұртшылықтың білім беруді басқаруға кеңінен қатысуы.

Осы принциптерді жүзеге асыру білім беру жүесінің өзінің бет бейнесінің, оның мазмұны мен ұйымдастырушылық формасының өзгеруін ұйғарады, ол ұлттық мектепті дамытуда аса толық көрініс тапты. «Жалпы және орта білім беру тұжырымдамасына» негізделген осы жобаға сәйкес, білім беруді реформалаудың негізінде келесі базалық принциптер жатыр: білім беруді демократтандыру, оның көп вариативтілігі, аймақтандырылуы, мектептің ұлттық өзін-өзі анықтауы, білім берудің айқындылығы, білім беруді адамгершіліктендіру, оның жіктелінуі және мобильділігі, оның әрекеттік сипаты, білім берудің үздіксіздігі.

Білім беруді реформалаудың осы принциптері ЮНЕСКО материалдары бойынша шолу жасасақ, әлемдік қауымдастықтағы білім беру жүйелерін реформалаудың негізгі бағыттарына жатады. Бұл бағыттарға: білім беруді жалпы планеталық жаһандандыру және адамгершіліктендіру; оқыту мазмұнын мәденитанушылық әлеуметтендіру және экологтандыру; білім беру технологиясында пәнаралық интеграциялау; білім берудің үздіксіздігіне бағдарлану; оның дамытушы және азаматтық міндеттері.

Білім берудің қарастырылған принциптері мен бағыттары демократияландыру, жаһандандыру, аймақтандыру, полярландыру, маргиналдандыру және көріністік процестерінде қазіргі замандағы әлемнің ғаламдық беталыстарын айқындайды. Білім беру кеңістігінде өзгеріп отыратын беталыстар әлемдегі өзгерістердің жалпы бағыттарын айқындайтыны мәлім және, керісінше, бұл бағыттар білім беруде қалыптасып жатқан беталыстардың бейнесінің мәні. Әрине, білім беруде болып жатқан өзгерістер ғылыми қабылдау, жалпылауда және жалпы тұрғыдан – оқыту теориялары мен оның негізгі бағыттарында көрінісін тапты және әлі де тауып жатыр. Бұл өзгерістер қоғам тарапынан да адамның психикалық дамуының негізгі психологиялық принциптерін түсінуін көрсетеді, олар «білім беруді құру» барысында ескерілуі қажет. Осындай принциптердің жүйесіне В.П. Зинченко дамудың шығармашылық сипатын, дамудың әлеуметтік мәдени контексінің жетекші рөлін; дамудың сенситивтік кезеңдерін; бірлесіп әрекеттесу және қарым-қатынас жасау; жетекші қызмет пен оны ауыстыру заңдылықтары; жақын арада даму зоналарын анықтау; бала дамуның үдетуі; балалық дамудың барлық сатыларының құндылығының мәңгілігі; аффект пен интеллекттің бірлігі (белсенді қызметкер принципі); белгілік-символикалық құрылымдардың әсер ету рөлі; интериоризация мен экстериоризация және дамудың бірқалыпсыздығы.