Дәріс. Жоғары мектептегі оқыту психологиясы

Дәрістің мақсаты: Жоғары мектепте оқытудың психологиялық құрылымы, тұжырымдамалары туралы түсінік беру.

Дәріс жоспары:

Оқыту процесі және оның сипаттамасы

Оқытудың түрлері мен психологиялық тұжырымдамалары

Оқыту стильдері

Негізгі түсініктер:оқыту, танымдық процесс, оқыту стильдері.

 

Оқытудың қазіргі замандағы бағыттарының барлығы кейбір жалпы негіздемелер тұрғысынан қарастырылына алынады.

1. Оқытушы мен оқушының өзара байланысының өзінділік негіздемесі бойынша контактті және қашықтан оқыту түрлерін бөлуге болады. Бірінші түріне оқытудың дәсүрлі игеріліп жатқан бағыттары, екіншісіне - қазіргі уақытта құрылып жатқан, арнайы өзара әрекеттесетін техникалық құралдардың көмегі арқылы жүзеге асырылатын «қашықтықтан» оқыту.

2. Саналылық (интуитивизм) принципінің негіздемесі бойынша оқыту тәжірибені игеру сипатына қатысты бөлінеді. Бұл, мысалы баланың туған тілін ішкі түйсікпен меңгеруі, оған Л.С. Выготский «төменнен-жоғары» жол деп анықтама берген (оған 60-шы жылдардың ортасында Г.К. Лозановтың пайда болған суггестопедиялық бағыты да жатады) және саналылық принципіне негізделген оқыту да жатады.

3. Оқытудың саналылық принципіне негізделетін теориясын қарастырғанда сұраққа жауап беру өте маңызды, себебі ол оқушының оқыту процесінде аңғару объекті болып табылады. Егер оқушылар тек ережелер мен құралдарды аңғарса, онда бұл оқытудың Н.Ф. Талызина бойынша, былайша айтқанда дәстүрлі, «мәлімет беруші, догматикалық» формасы. Егер бұл белгілі бір ережелерге бағынатын әрекеттердің өзін аңғару болса, онда бұл ой-еңбегі іс-әрекеттерінің қалыптастыру теориясы (П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина). Егер бұл іс-әрекеттің бағдарламасын, алгоритмін аңғару болса, онда бағдарламаланған оқыту, алгоритмизациалау теориясы (Н.Ф. Талызина, Л.Н. Ланда). Егер бұл проблеманы, міндеттерді шешу үшін қажетті құралдар, тәсілдер, әдістерді талап ететін оқыту болса, онда бұл проблемалық оқыту. (В. Оконь, М.И. Махмутов, А.М. Матюшкин, И.Я. Лернер).

4. Білім беру процесінде басқарудың орын алуы негіздемесі бойынша оқыту а) оған негізделетін (мысалы, дәстүрлі оқыту) және б) басқаруды меңгерудің негізгі механизмі ретінде қарастыратын (ой-еңбегі әрекеттерін сатылап қалыптастыру теориясы, бағдарламалан-дырылған, алгоритмизацияланған оқыту) болып екіге бөлінеді.

5. Оқытудың болашақ қызметпен байланысы негізі бойынша белгілік-контекстік, немесе контекстік оқыту (А.А. Вербицкий) және дәстүрлі контекстен тыс оқыту.

6. Оқытуды ұйымдастыру тәсілі негізі бойынша оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қамтитын түрі мен дәстүрлі (ақпараттық, мәлімет берушілік) оқыту түрі бөлініп шығады.

Аталған негіздерге сәйкес дәстүрлі оқыту контактілік (қашықтан оқыту да мүмкін), саналылық принципіне негізделген (пәнді меңгерудіің өзін аңғару, яғни, білім алу) мәлімет беруші, пәндік принципке құрылған мақсатты бағытта басқаруға көнбейтін оқыту, контекстен тыс (жоғары білім жүйесінде – оқу процесінде болашақ кәсіби қызметті мақсатты үлгілеусіз) оқыту ретінде сипатталына алынады. Н.Ф. Талызинаның дәстүрлі оқытуға ақпараттық-мәлімет берушілік, догматикалық, пассивті деген анықтамалар беруі жоғарыда аталған сипаттамаларды бейнелейді. Бұл жерде оның «жақсы» - «жаман» деп баға беретін емес, фактіні белгілеуші анықтама екенін атап өткен жөн. Дәстүрлі оқытуда білімді меңгерудің барлық негізгі алдын алу жағдайлары мен шарттары орын алады, оларды тиімді жүзеге асырылуы көптеген факторлармен анықталады, атап айтқанда оқушылардың жеке психологиялық ерекшеліктері. М.К. Кабардовтың зерттеулері көрсеткендей, ой-еңбегі қызметінде аналитикалық типке жататын «ойлаушылар» мысалы, шет тіліне оқытудың ойын сияқты белсенді түрлеріне қарағанда дәстүрлі түрлерінде қабілеттірек болады екен.

Білім беруде дәстүрлі оқытумен қатар басқа бағыттар да қалыптасты: проблемалық оқыту; бағдарламаланған оқыту; ой-еңбегі іс-әрекеттерін сатылы қалыптастыру теориясына негізделген оқыту (П.Я. Гальперин, Н.Ф. Талызина); алгоритмизацияланған оқыту (Л.Н. Ланда); белгілік-контекстік тип бойынша дамыта оқыту (А.А. Вербицкий), жобалық оқыту және т.б. Қазіргі уақытта В. Оконь атап өткендей, оқыту көпжақты процесс, ол оның бағыттарының әртүрлі элементтерін қамтиды. Оқытудың көпжақтылығы білім беру жүйесінің әрбір сатысы үшін, оқытудың әрбір нақты жағдайы үшін бағыттың қайсысының болмасын басымды жақтарын қолдануға мүмкіндік береді, ол оқушы мен педагогтың жеке-психологиялық ерекшеліктерінің мүмкіндіктеріне сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы түрінде оқытудың көпжақтылығын В.Оконь оны құрастырушылардың әртүрлерінің жиынтығы ретінде ұсынған: оқыту тәсілдері, сабақ беру әдістері және т.б. Осындай әрбір жинақ оқытудың бағытын анықтайды.