Діснамасы мен әдістері

Дәрістің мақсаты:Жоғары мектептегі психологиялық тренингтің маңызын, міндеттерін, шарттарын, ықпалын қарастыру.

Дәріс жоспары:

Тренингтің психологиялық ықпалы

Жоғары мектептегі психологиялық тренингтің әдіснамалық қағидалары

Жоғары мектептегі тренингтің психологиялық техникалары

Негізгі түсініктер:психологиялық тренинг, ойын, жаттығу, тренинг сатылары, тренинг қағидалары, тренингтік ықпал.

 

Психологиялық қызметтің бес бағыты жүргізілетіні белгілі: психодиагностика; психокоррекция; психоконсультация; психопрофилактика және психологиялық ағарту жұмыстары. Клиенттің психикалық даму деңгейі анықталған соң (бұл шара психодиагностика арқылы жүргізіледі) оның бойындағы қандай да бір психикалық, психологиялық ахуалды түзету, дамыту жұмыстары жүргізіледі. Бұл-психокоррекциялық бағыттың міндеті.

Тренинг – психокоррекцияның негізгі әдістерінің бірі болып табылады. Оның мағынасы, кәдімгі спорт саласында жиі қолданылатын «тренировка» (жаттығу) дегенді білдіреді. Айырмашылығы дене қимылдарының жаттығуы емес, психологиялық жаттығулар деген ұғым, «психотренинг» деп аталуы сондықтан.

Тәжірибе саласындағы психолог көбінесе нақты ұжыммен жұмыс істейді. Сол ұжымдағы психологиялық ахуал ұжым мүшелерінің өзара қарым-қатынасының сипатымен өлшенеді. Осыдан келіп, психологтың топтық қызметі пайда болады. Ұжымның еңбек көрсеткіші жоғары нәтиже беруі үшін ұжымда он психологиялық ахуал тудыру шарт. Психолог осы мақсатта ұжым мүддесі үшін топпен және жеке клиентпен (ұжым мүшесі) жұмыс істейді.

Тренинг, әлеуметтік ортада өзара қарым-қатынасты жетілдіру мақсатында қолданылатын топтық жұмыс формасы болып табылады. Оны жүргізуші психолог уақытша «тренер» (жаттықтырушы) ролін атқарады. Құрамдық ерекшелігіне қарай тренинг «психологиялық тренинг», «топтық тенинг», «әлеуметтік-психологиялық тренинг» деп те атала береді.

Психотренингтік топ, ұжымның ішкі өмірін бейнелейтін және қолдан жасалатын қарым-қатынастарға шынайылық сипат беретін шағын қоғам болып табылады.

Отбасында, қызмет орнында немесе мүдделері ортақ топтарда адамдарға күнделікті серіктестіктердің ықпалы, әлеуметтік ықпал сияқты әр түрлі факторлар әсер етіп отырады. Осы факторлардың сипаты психокоррекциялық топтарда анықталып, оның барысында жеке тұлғаның көзқарастары мен мінез-құлқына сәйкес жасанды қатынастар орнатылады. Нәтижесінде, арнайы қабылданған қатынастар мен жиналған тәжірибе ішкі өмірге айнала бастайды.

Топта жұмыс істеудің келесі артықшылығы – жеке адамның топтың басқа мүшелерімен кері байланыс орнықтыра алуы және өзін басқалардың қолдау мүмкіндігіне ие бола алуы. Топтағы өзара әрекеттер барысында топ мүшелерінің жеке бастық құндылықтары және оларға қажеттіліктер сезіледі. Топта жеке тұлға өзін басқаларды қабылдаушы, оларға сенім артушы, көмек көрсетуші және өзі де басқалармен қабылданушы ретінде сезіне алады.

Клиент, тренингтік топта тек оқиғаға қатысушы ғана емес, көрермен болуға да мүмкіндігі бар. Оқиғаның өрбуін бақылай отырып, клиент өзін белсенді қатысушымен салыстырып, оның құндылықтарын көріп-білуі арқылы өз бойындағы құндылықтарды ашып, бағалай алады.

Әлеуметтік – психологиялық тренинг-топтық жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген, арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы болып табылады. Тренинг барысында жеке тұлғаның дамуы мәселесі барынша табысты шешіледі, коммуникативті (ауызша хабар алмасу-сөйлеу) дағдылары жетіледі, сондай-ақ топ мүшелері жеке басында бұрыннан қалыптасқан таптаурындарды (стереотип) қайта қарау, жөндеу мүмкіндіктеріне ие болады.

Тиісті әдебиеттерде тренингтік топтар шартты түрде «Т-топ» ретінде белгіленеді. Болашақ психологтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру мақсатында оқу жосапарында бекітілген теориялық пәндер («практикалық психология», «психодиагностика негіздері», «дифференциалды диагностика» т.б.) білімгерлердің өндірістік практикаларында міндеттелетін пәндік тапсырмалар арқылы пысықталады.

Берілген оқу пәндерінде тренингтің міндеті, атқаратын қызметі, мақсатқа байланысты түрлері, тренинг өтетін орын, тренингтік залдың жабдықталуы, тренингтердің өту уақыты, ерекшелігі, тренерге қойылатын талаптар, типтік оқу бағдарламасына сәйкес беріледі. Бірақ, шығыстың ұлы ойшылы М.Сағади айтқандай «Сен теорияда қанша мықты болғанынымен, оны қолданбайынша, бәрібір надансың». Сондықтан да институт қабырғасында берілетін теориялық білімдер мен өндірістік тәжірибе процесінде үйретілетін дағдылар мен іскерліктер білімгерге кәсіби біліктіліті қалыптастыру жолындағы алғашқы баспалдақ қана. Осы жолда үлкен жетістіктерге жету үшін маңызды шарт – үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға қажеттілікті сезіну. Бұл қажеттіліктің мазмұны-клиенттердің кез-келген психологиялық мәселелерін шешуге көмектесу үшін олардан ақыл-парасатының, дүниетанымының барынша жоғары болуы, асқан сезімталдық, ұстамдылық, өз-өзіне деген берік нық сенім. Тренер уақытты өте нәзік сезіне білуі шарт, бұдан шығатын қортынды-күнделікті өмірде болып жатқан өзгерістердің барлығын алдын-ала, тіпті болмаса дер кезінде байқап, біліп отыру. Сондай-ақ, клиентке нақты көмек көрсету үшін, оның өзіне сенімін тудыру қажет: клиент тренерді, тренер клиентті жатырқамай, бір-бірін бар болмысымен қабылдай алуы тиіс. Ол үшін тренен ашық, мейрімді, жанашыр әрі күнделікті күйбен тірліктің ұсақ-түйектерінен биік тұруы керек. Міне, осы шарттардың барлығы психологтың жеке басының тәртібіне, мәдениетіне, біліміне қойылатын талаптар. Адам бойындағы мұндай жоғары адамгершілік қасиеттер мен кәсіби шеберлік институт оқытушылары мен оқу пәндерінің мазмұны арқылы қалыптаспайды. Үнемі және әрдайым өзін-өзі жетілдіру нәтижесінде тәжірибе барысында біртіндеп қалыптасатын процесс бұл!

Әйтсе де, ұстаз өзін оқулық пен білімгер арасындағы білімді тасымалдаушы тұлға ретінде ғана сезінсе, ол сыртқы қалыпты ғана ұстанатын ішкі мазмұнды жете түсінбейтін шалажансар оқытушы. Болашақ психолог бойында жоғарыда айтылған кәсіби сапалардың қалыптасуына оны баулушы, психологиялық қызметтің қыр-сырымен таныстырушы оқытушының жеке басы үлгі болуы шарт. Сонда ғана ол толық мәнінде ұстаз атана алады; сонда ғана ол білімгер алдында бүгін ғана емес, мәңгілікке сыйлы, әрі құрметті; сонда ғана ол шын мәнінде шебер!

Білімгер психологтың клиентті рецептімен емес, өзінің жеке басымен емдейтінін түсінуі керек.

Ең соңында білімгер психологиялық тренингтің принциптерін жете білгені абзал деп, оны жіктеп көрсету ұйғарылды.

 

Тренингтік орта құру принциптері Тренингке қатысушылар тәртібінің пинциптері Ұйымдастырушылық принциптері Эстетикалық принциптер
Жүйелік детерминация Белсенділік, зерттеушілік және шығармашылық. Ашық жарқын болу,топты құру жабдықтау Жарияламау. Тренинг мақсатының мазмұнына сәйкес келуі.
Нақтылық Өзара қарым -қатынас Кеңіст.ік-уақыттық ұйымдастыру Зиян келтірмеу
Жеткілікті Шынайлылық «қазір. және осында»    

Әлеуметтік психологиялық тренинг – практикалық психология аймағы. Ол топтық психологиялық жұмыстың белсенді әдістерін адамның қарым-қатынасының құзіреттілігін дамыту мақсатында қолданады. Әлеуметтік психологиялық тренингтің базалық әдістемелері бұл – топтық дискуссия және түрлі модификациядағы және үйлестірілген рөлдік ойындар болып табылады.

Әлеуметік психологиялық тренинге қатысушылардың негізгі контингенті интенсивті қарым-қатынастағы мамандар және адами қатынаста қиындықтар бар адамдардан құралады.

Әлеуметтік психологиялық тренинг мақсаты:

- психологиялық білімді игеру;

- қарым-қатынас аясында іс-әрекет, дағдыларын қалыптастару

- сәтті қарым-қатынасқа түсу үшін нұсқауларды қалыптастыру және дамыту

- тұлғалық қатынастыр жүйесін дамыту және қалыптастыру

Әлеуметті кпсихологиялық тренинг принциптер яғни қағидалары - әлеуметтік психологиялық тренинг сабақтарын ұйымдастыру принцитері:

- қатысушар беслсенділігі принципі

- зерттеу позициясы принципі

- іс әрекет объективтілігі принципі

- серіктес қарым-қатынасы принципі

Психология ғылымының докторы, профессор, РАО корреспондетінің мүшесі, Мәскеу университетінің профессоры, М.В. Ломоносов атындағы МГУ университетінің психология факультетінің әлеуметтік психология кафедрасының профессоры – Лариса Андреевна Петровская 2006 жылдың 19 наурыз жұлдызында ауыр дерттен кейін көз жұмды.

Л.А. Петровская 1937 жылы 13 қазанда Воронежде ұшқыштар отбасында дүниеге келді. 1955 жылы күміс медальмен Бузулка қаласының орта мектебін бітіреді де, М.В. Ломоносов атындағы МГУ университетінің философия факультетіне түседі, оны 1960 жылы тәмәмдайды. М.В. Ломоносов атындағы МГУ университетінің философия асперантурасында оқып жүріп, Новосибир консерваториясында және Киев политехникалық институтында философиядан ұстаздық етеді. 1969 жылы әлемдік қақтығыстар проблемасына арнылған кондидаттық диссертациясын қорғайды. Аспирантурасын аяқтағаннан кейін М.В. Ломоносов атындағы МГУ университетінің бірінші әлеуметтік кафедрасында философия факультетінің нақты әлеуметтік зерттеулер әдістемелік кафедрасында жұмыс істейді.

М.В. Ломоносов атындағы МГУ университетінің психология факультетінің психология кафедрасында Л.А. Петровская 1972 жылдан оның қаланған күнінен бастап жұмыс істейді. Лариса Андреевна психология факультетінде әлеуметтік психология мамандығының қалануына елеулі үлес қосқан. Әлеуметтік психология кафедрасында жұмыс істеп жүрген кезінде 36 ғылым кондидаттарын дайындап, оның қол астынан 200-ден астам курстық және дипломдық жұмыстар қорғалып шықты.

Әлеуметтік психология кафедрасында 33 жыл жұмыс барысында Л.А. Петровская «Әлеуметтік психология» жалпы курсын, «Әлеуметтік психология тарихы», «XX ғасыр шетел әлеуметтік психологиясы», «Әлеуметтік психологиялық тренингтің теориялық және әдістемелік негізі», «Педагогикалық қарым-қатынас психологиясы», «Денсаулық әлеуметтік психологиясы» және «Күнделікті өмір әлеуметтік психологиясы» деп аталатын арнайы курстарын оқыды.

Көп жылдар бойы ол «Топтық дискуссия» және «Әлеуметтік психологиялық тренинг» тақырыптарында спецпрактикум сабақтарын өткізді.

Ресей еліндегі өткен белсенді оқыту әдістерінің өңделуі мен қолданылуына алғаш қатысушы ретінде, Л.А. Петровская әлеуметтік психология кафедрасында студенттерді оқыту жұмыстары барысында интерактивті әдістерді қолданды. Оның сабақтары қызықты, әрі тірі өтетін, ал ол жүргізген сабақтар ешқашан абстрактілі болған емес. Л.А. Петровская сабақтарыоқушылар жүрегінде өшпес із қалдырған.

Л.А. Петровская Ресей елінде 1970 жылдардың ортасында әлеуметтік психологиялық тренингтің теориясының өңделуіне және практикасының қалыптасуына негіз болды. Оның докторлық диссертациясы (1986), «Әлеуметтік психологиялық тренингтің теориялық және әдістемелік проблемасы» (1982) және «Қарым-қатынастағы құзіреттілік: әлеуметтік психологиялық тренинг» (1989) монографиялары, «Қарым-қатынастағы құзіреттіліктің дамуы мен диагностикасы» (1990 жылы әріптестерімен бірге) атты оқу құралдары практикалық әлеуметтік психологияның дамуында маңызды орын алды.

 

Ақпарат көздеріне сілтеме. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі арнайы бетте болады.