Педагогикалық іс-әрекеттегі кәсіби және тұлғалық деструкциялар

Негізгі түсініктер:педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық қабілет, психологиялық статус, кәсіби деструкция, тұлғалық деструкция, кәсіби деформация.

 

Педагогикалық іс-әрекет адамзат іс-әрекетінің кез-келген түріне тән сипаттамаларға ие. Бұл ең алдымен, мақсаттылық, түрткілік, пәнділік. Педагогикалық іс-әрекеттің өзгеше сипаттамасы, Н.В. Кузьмина бойынша, оның өнімділігі болып табылады. Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділігінің бес дәрежесін ажыратады:

І – (минималды) репродуктивті; педагог өзі білгенін өзгелерге айтып бере алады; продуктивті емес.

ІІ – (төмен)бейімделуші; педагог өз хабарламасын аудитория ерекшелігіне бейімдей алады; аз продуктивті.

ІІІ – (орташа) локалды модельдеуші; педагог оқушыларды курстың әр бөлімдері бойынша білімге, дағдыларға, іскерліктерге үйрету стратегияларына ие (яғни, педагогикалық мақсат қою, іздестіру нәтижесі бойынша өзіне жауап беру және оқушыларды оқу-танымдық іс-әрекетке біртіндепен енгізу; орташа продуктивтілік.

IV – (жоғары) оқушылардың жүйелі модельдеуші білімдері; педагог жалпы пән бойынша оқушылардың дағдылар, іскерліктер ізденістегі білімдер жүйесін қалыптастыру стратегиясын меңгерген; продуктивті.

V – (ең жоғарғы) оқушылардың жүйелі модельдеуші іс-әрекеттері мен мінез-құлықтары; педагог өз пәнін оқушы тұлғасын қалыптастыру, оның өзін- өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі оқытуға, өзін-өзі дамытуға қажеттіліктерін қалыптастыру құралына айналдыру стратегиясын меңгерген; жоғарғы продуктивтілік.

Психология дәстүрлі түрде арнайы бөлім – «мұғалім психологиясын» қамтиды, мұнда мұғалімнің кәсіби рөлінің маңыздылығы атап көрсетіледі, оның функциялары, қабілеттері, ептіліктері қарастырылады, оған қойылған талаптар мен қоғамда оған қатысты қалыптасқан әлеуметтік күтулер талданады. А.К. Маркованың айтуынша: «мамандықтар - бұл қоғамға қажетті, тарихи қалыптасқан іс-әрекет формалары, оны орындау үшін адам білімдер мен дағдылар қосындысына сәйкес, қабілеттер мен кәсіби маңызды сапаларға ие болуы керек».

Мұғалім, Педагог мамандығы, дәрігер мамандығы сияқты, – ең көне мамандықтардың бірі. Онда ұрпақтар сабақтастығының мыңжылдық тәжірибесі жинақталған. Шын мәнінде, педагог – бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық-тарихи тәжірибені тасушы. Халықтың қоғамдық-мәдени тұтастығы, жалпы өркениет, ұрпақтардың мираскерлігі көп жағынан Мектеп - Мұғалім рөлімен шартталған. Жалпы саны бірнеше он мыңдап саналатын, Мұғалім (Педагог) мамандығы, оның мазмұны, еңбек жағдайлары, сандық және сапалық құрамы өзгергенмен де, кәсіптердің өзгермелі дүниесінде айнымас болып қалады. Мысалы, әлеуметтік зерттеулердің көрсетуінше, мұғалімдердің сандық құрамы 1980 жылдан 1994 жыл аралығындағы жылдар бойынша тең емес мөлшерде қалады да және ауылдық жерлерде де өзгере отырып, 1993 жылға дейін өсу беталысына ие болған. Педагог мамандығының бүкіл дүние жүзінде феминизациялану фактісі өзіне назар аудартады.

Педагогикалық іс-әрекеттің даралық субъекті ретінде бола отырып, педагог сонымен бірге, қоғамдық субъект – қоғамдық білімдер мен құныдылықтарды тасушы да болып табылады. Осыған орай, педагогтың субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді. Бұл жерде екіншісі, сонымен қатар жалпы мәдениеттік және пәндік–кәсіби білімдерді қамтиды. Даралық субъект бола отырып, педагог әр қа­шан, даралық-психологиялық, мінез-құлықтық және коммуникативтік сапалардың алуан түрлігі тұсында да тұлға болып табылады.

Е.А. Климовтың зерттеулерінде мамандықтардың бүкіл саналуандығы адамның айналасындағы табиғат, адамдар, техника әлеміне және т.б. қатынасының схемаларымен көрсетілген. Е.А. Климов ұсынған әдіс оларды еңбек пәні, оның мақсаттары, әрекеттер сипаты, еңбек қаруы және оның шарттары бойынша бөлуге мүмкіндік береді. Еңбек құралдары бойынша барлық мамандықтар – бионо­микалық (табиғат), техномикалық (техника), сигноникалық (белгілер), артономикалық (көркем бейнелер) және социономика­лық (адамдардың өзара әрекеттесуі) болып бөлінеді. Е.А. Климов кәсіби іс-әрекеттің бес схемасын анықтайды: «Адам – табиғат», «Адам – Техника», «Адам –Белгі», «Адам – Бейне», «Адам – Адам».

Педагогикалық мамандық «Адам - Адам» деген типке жатады. Е.А. Климов бойынша мамандықтың бұл типі адамның келесі сапаларымен анықталады: адамдармен жұмыста тұрақты жақсы көңіл күй, қарым-қатынасқа деген қажеттілік, өзін ойша басқа адамның орнына қоя білу қабілеті, басқалардың ниеттерін, пиғылдарын, көңіл-күйлерін жылдам түсіне қою, адамдармен өзара қатынасты тез талғау, көптеген және әр түрлі адамдардың жеке қасиеттерін есте сақтап, ойда ұстау т.б.

Бұл жерде, «Адам - Адам» схемасы типтік қалаулардың, қызығушылықтардың, адамның тұлғалық ерекшеліктерінің Дж. Холланд, Е.А. Климов) жинағымен сипатталатынын есепке алсақ, онда оның кәсіби сипаттамасы терең даралық түрлендірілген болып шығады.

«Адам-Адам» схемасымен жұмыс істейтін адамның кәсіби жарамдылығын талдау үшін, кәсіби қол бос болмаушылықтың осы типіне қарсы нәрселер тізімі орынды. Бұл «Адам - Адам» типіндегі кәсіп субъектісінің жалпыланған портреті. Осы типке жататын педагогикалық мамандық тағы да бірқатар өзгеше талаптарды қояды, олардың ішінде негізгілері – кәсіби құзырлылық және дидактикалық мәдениет.

Педагогикалық іс-әрекетті еңбек қаруы позициясынан қарастырғанда өзіне назар аудартатын жағдай – онда басқа да қатынастар схемаларының шоғырлануы, ең алдымен «Адам – Белгі» схемасы. Белгілік, соның ішінде, тілдік жүйелер педагогикалық іс-әрекетте қоғамдық-тарихи тәжірибені тасымалдаушы негізгі құрал болып табылады, сонымен бірге таңбалық жүйелер өз тарапынан меңгеру пәні болып келеді. Бүгінгі күнгі білім беру процесінде компьютерлік техника да аз рөл атқармайды. Педагог оны білімдерді беру құралы ретінде де, зерттеу, сонымен қатар, оқыту пәні ретінде де қолданады

Мамандықтың әр типі үшін әрекеттер құрамын талдай отырып, Е.А. Климов олардың төрт тобын ұйғарады:

1. Қозғалыстық әрекеттер (орын алмастыру, орналасу, бұрылу және т.б.).

2. Танымдық (гностикалық) әрекеттер, оған қабылдау, қиял және логикалық әрекеттер жатады.

3. Тұлғааралық қарым-қатынас әрекеттері, оған диагностикалаушы, әрекет-талап, серіктесті ақпаратпен басқару әрекеті.

4. Жігерді келісімдеу әрекеті.

Педагог субъект ретінде осы әрекеттердің барлығын орындайтынын айта кетейік (аз мөлшерде бірінші топ әрекеттерін, және егер олар тек механикалық болған жағдайда. Аталған әрекеттер тобының барлығының педагогтың кәсіби іс-әрекетіне енуі оның интеллектуалдық және мінез-құлықтық мәдениетінің жан-жақтылығын анықтайды.

Кәсіби іс-әрекет субъект қойған мақсатқа байланысты жіктелуі мүмкін: гностикалық (танымдық), қайта құру немесе іздеу мақсаттары. Бұл жерде екіншісі мен үшіншісі міндет қоюмен және оларды орныдаудың жаңа тәсілдері мен құралдарын табуына байланысты. Қайта құрушы іс-әрекет заттардың, құбылыстардың, процестердің кез-келген класымен ара қатынаста. Педагогикалық іс-әрекет ең алдымен, субъектте қайта құру (өзгерту, дамыту) міндеттерін қою мен орындау іскерлігін және осы міндеттерді орындаудың жаңа құрал-тәсілдерін іздеу іскерлігін ұйғарады.

Еңбектің функционалды қаруларын белгілеген кезде – Е.А. Климов санаға қатысты сыртқы және ішкі кәсіби іс-әрекет құралдары мен тәсілдерін ойға алады, және де ең алдымен, «ауызша және жазбаша сөз, бейнелеуді» алады. Педагог сөзі оның іс-әрекетінің маңызды сипаттамаларының бірі екені белгілі.

Педагогтың педагогикалық іс-әрекет субъектісі ретіндегі жалпы сипаттамасын, оның мақсаттарын, пәнін, құралдарын, әрекет тәсілдерін анықтау негізінде келтіру осы мамандықтың жалпы күрделілігі мен көпжақтығын көрсетеді.

Мамандық таңдауды не анықтайды деген сұраққа жауап бере отырып, Е.А. Климов негізгі сегіз факторды ұйғарады: 1) үлкендер, отбасы позициясы; 2) құрдастар позициясы; 3) мектептегі педагогикалық ұжым позициясы (мұғалімдер, сынып жетекшілері және т.б.); 4) жеке өмірлік және кәсіби жоспарлар; 5) қабілеттер және олардың көрінулері; 6) қоғамдық танушылыққа ұмтылу; 7) қандай да бір кәсіби іс-әрекет жайлы ақпаратты болу; 8) бейімділік. Бұл факторлар, сөзсіз, педагогикалық іс-әрекетті мамандық ретінде таңдау үшін де маңызды. Алайда, келесі тарауда көрсетілетіндей, дәл осы мамандықты таңдауды анықтайтын ерекшелік факторлардың бірі, балаларға деген сүйіспеншілік, оларға тәжірибені игеруге көмектескенге бейімділік. Бұл фактор, Н.В. Кузьминаның мәліметтері бойынша неғұрлым типті. Басқаша айтқанда, педагогикалық іс-әрекет мазмұнының өзі – балаларды оқыту мүмкіндігі – педагогикалық мамандықты таңдауға неғұрлым көп әсер етеді. Н.В. Кузьминаның зерттеулерінің нәтижесі бойынша оны кездейсоқ таңдау 9% аспайды.

Олар педагогикалық іс-әрекеттің өзі үшін де мәнді болып табылады. Олардың ішінде аса маңыздысы: 1) мұғалім мен сүйікті пәннің әсері; 2) отбасы, отбасылық дәстүр әсері; 3) алдыңғы жұмыс тәжірибесінің әсері.

Н.В. Кузьминаның мәліметтері бойынша, «педагогтарда маман-дыққа және іс-әрекет процесіне қанағаттану индексі жалпы жоғары».

Осылайша, педагог мамандығы кәсіби іс-әрекеттің жалпы сипаттамасы позициясынан «Адам - Адам» қатынастар схемасында оның ерекшелік түрі болып табылады, ол ең алдымен, шәкірттерді оқу пәнінің құралдарымен және өзінің педагогикалық іс-әрекетінің тәсілдерінің көмегі арқылы дамыту мақсатымен анықталады.

 

Ақпарат көздеріне сілтеме. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі арнайы бетте болады.

 

6-дәріс. Оқытушының ғылыми-зерттеу іс-әрекеті

Дәрістің мақсаты: Оқытушының ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің психологиялық негіздерін қарастыру.

Дәріс жоспары:

Оқытушының ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің мәні мен психологиялық мазмұны

Ғалымның әдіснамалық мәдениеті

Жоғары оқу орнында жас ғалым дамуының психологиялық жақтары

Негізгі түсініктер:ғылыми-зерттеу іс-әрекеті, ғылыми-зерттеу іс-әрекеті.

 

Ғылыми жұмыс, зерттеу дегеніміз -адамның еңбектену іс-әрекетінің ерекше түрі. Бұл іс-әрекеттің адамның еңбекқорлық, мақсаттану, уақытша туындаған сәтсіздікті жеңе білу қабілетін, оның интеллектуальды мүмкіндіктерін барынша пайдалануды қажет етеді. Ғылыми еңбектің мақсаты адамзатқа осы уақытқа дейін беймәлім ақиқатты ашу, табиғат жұмбақтарына тереңірек үңілу, адамзат игілігіне пайдаланатын табиғи күштерді қолданудың жаңа жолдарын адамды, оның ішкі, яғни дене күштерін және рухани қайратын зерттеу. Ғылым аясында еңбек ету әрқашанда құрметті және мәртебелі болып саналған. Өздерін ғылымға арнаған адамзат баласының ең жақсы өкілдерінің есімдері халық жүрегінде мәңгі сақталуда.

Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді. Теория- таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен оны құру тәсілі болып табылады. Бұл - теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мен құрастырудың негізгі мен тәсілдер жүйесі, бұл-осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекеті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тісілдерін іздестіру.

Әдіснама-грек сөзінен алынған зерттеу деген мағына білдіреді.

1. Теориялық және практикалық,системалық принциптерінің жолдары, практикалық теориялық қызмет, әрекеттері.

2. Ғылыми әдіснамалық оқыту.

3. Ғылыми әдіснамалық қолдану.

Әдіснама оқу принципінің әдісі, формасы педагогикалық қызметтермен байланысады. Әдіснама төрт бөлімге бөлінеді.

1. Философиялық теңдік (экзистенционализм, неотолизм, позивитизм, неопозивитизм, прагматизм, диалектикалық материализм).

2. Жалпы ғылыми оқу тендігі.

3. Нақты ғылыми оқу тендігі.Теориялық концепциясы.

4. Технологиялық теңдік әдіснамасы,зерттеу техникасы.

Әдіснама, ғылыми зерттеу әдісі және әдіс.

“Әдіснама”-термині грек сөзінен алынған. Ол оқу немесе теория әдісі ұғымды білдіреді. Әдіснама теориялық проблемалардың жолдарымен, ғылыми және творчестволық әдістерімен айналысады.

Осымен қатар әдіснама жаңа ғылыми қызмет әрекеттері шындайды. Әдіснама әр қашанда бір ұғымды білдірмей өзгертіп отырады.

Бұл жағдайда әдіс философиялық ғылыми түсінік бойынша жалпы тәрбиеленеді.

Әдіснама ұғымы қысқаша оймен сөзбен түсіндіргенде теория бойынша танып нақты ғылым бойынша тәрбиеленеді. В.А. Штоффтың пікірі бойынша былай анықтайды: ”Әдіснама кең философиялық ұғым, әдіснама назар анализде әдіснамалық ролінде және эвристикалық мағынасы негізгі антологикалық принциптері, тәртіптері мен категориялары методология ғылыми шағын көлемінде гносеология бөлімі пайда болады; ал білдіреді өзімен ғылыми теориялық тану және жүйелі тәрбиелеу заң бойынша қате жобаны тану олардың жалпы (кесін, мүсін) және бір-біріне байланысты формасын және ғылыми жағына тиісті”.

Әдіснама педагогика ұсынады өзімен жобаны білу ерекше және педагогикалық теориялық және педагогикалық жолдарын, олардың алған білімін, нақты шындықты қамтып көрсету әр қашанда алмастыру педагогикалық нақты жалпы (жетілдіру, дамыту).
Қазірге теңдікте даму педагогикалық ғылым керекті нәрсені шешу жеке әдіснамалық қажетті сұрақтар, және де әдіснаманы педагогикада мамандық бойынша жұмысын білу. Бұл жолы педагогикалық теориялық білім. Керісінше жоба жатқа тәжірибе әдіснаманы жеке ғылым қызмет ету дамыту жалпы ғылыми әдіснамасы.

Әдіс термині гректің Methodos деген сөзінен алынған, ол “Білімге жол ашу”, -дегенді білдіреді. Түсінік ғылым әдіс болатын мінездеме мақсат бойынша қандай жоба, жол көмек арқылы жеткізу анықтайтын мақсатына, шешеді немесе дәлелдейді. Әдіс ұсынады өзімен әр түрлі тану жолдарын және практикалықоперацияны, жан-жақтығылыми білімдерде көрсетеді. Педагогикада түсінік бойынша ғылыми әдістер барлық негізгі жағына және ғылыми ізденістер, жауапты пәнге және педагогикалық есеп.
Әдіс ұғымы білдіреді тәжірибелер, жаттығуларды ғылым ұғымдарды. Мысалы: педагогикада әдіс ғылыми көзқарас тәжірибелі әдіс, әдіс бойынша сұрақтар, әдіс жолдары. Әр кезде әдіс ұғымы кең көлемде ұғымды мысалы әдіс теориялық тәжірибе. Бұл жағдайда ол қызмет етеді анықтайды танып-білу процесі, шешуші анализдер басқа да логикалық ойлар (синтез, абстракт, жалпы қорытынды).

Бірнеше әдістер эмпирикалық ізденістер, нақты әдіс, сұрақтары және әдіс пікірлері, кейде “техника” терминімен дәлелдейді. Біз жалпы терминінін қолданамыз.

Әдіснама термині-түрлі нақты формаларды және қолданылатын әдіс түрлері, оларға көмектесетінімен ерекшеленеді ең бағалы тереңдік түсінік педагогикалық процестермен және анализдері дегенді білдіреді. Педагогикалық ғылыми жағының түсінік, ”ізденіс талаптары”, социологиялық білім алу. Ол нақты жоба танымдық ұсыныстармен қабылдаулар және де ғылыми қызмет жұмыстарын ұйымдастыру, (нақты мерзім, іздестіру жолдары, мүшелер саны, қаржы шығындары).

 

Оқытушылардың оқу іс-әрекетіндегі даралық айырмашылықтары

(Г. Клаус бойынша)

Салыстыру параметрі Позитивті тип Негативті тип
Жылдамдық Шапшаң Қиындықсыз, оңай Нық, уақытта тұрақты Жеңіл қайта оқылады Иілгіштікке ие Баяу Қинала, қысылып, ауыр Үстірт, қас қағымда, тез ұмытылады Ауыр қайта оқылады Ригидтілікпен, қатып қалғандықпен сипатталады
Мұқияттылық Адал ниетті Ұқыпты Түбегейлі Немқұрайлы Ұқыпсыз, салақ Үстірт
Мотивация Қуана Өз еркімен Өз ниетімен Белсенді, қатысты, әуестене Тырыса, жігермен, бар күшімен Селқос Міндетті болғаннан соң Қысым көрсетілгеннен соң Енжар, әлсіз, қатыссыз Қуанышсыз, еріне
Әрекеттерді реттеу Өз бетінше Автономды, тәуелсіз Біртіндеп, мақсатты Табанды, үнемі Өз бетінше емес Еліктей Мақсатсыз, жүйесіз, жоспарсыз Ауық-ауық, тұрақсыз
Когнитивті ұйымдасу Саналы, түсіністікпен Бағытты, салдарларын алдын ала көре отырып Ұтымды , үнемді Механикалық, түсінбей, байқап көру және қателесу әдісімен Кездейсоқ, әдейілеп емес Ұтымсыз, тиімсіз
Жалпы бағасы Жақсы Жаман

 

 

Ақпарат көздеріне сілтеме. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі арнайы бетте болады.