Гипертониялық іш қату 3 страница

1. жалпы белок және фракциялары

2. Серомукоид

3. Сиал сынамасы

+4. Антистрептолизин-О және ЭХОКГ

5. жалпы қан анализі

 

74. Бруцеллез кезіндегі буындардың зақымдануына тән:

1. Кіші буындардың полиартриті

2. Аяқтың үлкен саусағының артриті

3. Иық-жауырындық периартрит

+4. Екі жақтық сакроилеит

5. Ірі буындардың моноартриті

 

75. 54 жастағы әйел тізе буындарының домбыққандығына және олардың ауыруына шағымданады. Қарап тексергенде: дене бетімі толық, тізе буындары көлемі жағынан ұлғайған, оң жақтағы қуыста – кішкентай ойыс. Буындардың пальпациясы кезінде қимыл жасағанда – дөрекі түрдегі қытырлау, қимыл жасауы ауырсынулы. Жалпы қан анализі - эритроциттер – 4,2×1012/л, HB – 133 г/л, түсті көрсеткіш – 0,9, лейкоциттер – 5,3×109/л, ЭТЖ – 14 мм/сағ. С-реактивті ақуыз +. Буындардың рентгенографиясы: буын тесігі тарылған, субхондралды остеосклероз анықталады.

Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды болып табылады?

+1. Остеоартрит

2. Подагралық артрит

3. Ревматоидты артрит

4. Реактивті артрит

5. Бруцеллезді артрит

 

76. 30 жастағы ер адам оң жақ тізе, табан, толарсақ буындарының домбығуына және олардың ауыруына, оң жақтағы ахилді сіңірдегі созылмалы ауыруға, көздің шырышты қабығының қызаруына, жиі болатын зәр шығаруға шағымданады. Науқас жалғыз тұрады, маскүнемдікке салынған. Қанның жалпы талдауында: эритроциттер – 4,5×1012/л, HB – 143 г/л, түсті көрсеткіш – 0,9, лейкоциттер – 11,3×109/л, ЭТЖ – 34 мм/сағ. Зәрдің жалпы анализі: меншікті салмағы -1024, ақуыз – 0,4 г/л, лейкоциттер – 15-17 көз алаңында, эритроциттер – 0-1 көз алаңында.

Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау ең лайықты ем болып табылады?

1. Цефазолин

2. Гентамицин

+3. Тетрациклин

4. Метронидазол

5. Амоксициллин

 

77. 39 жастағы әйел, музыкант, қол мен аяқтың дисталды саусақ аралығы, алақан сүйегі және табанның саусақ аралығы буындарының домбығуына, терідегі бөртпелер мен білектің жазылатын беткі қабатында қышудың болуына шағымданады. «саусақ-сосиска» симптомы, тырнақ «оймағы» симптомы, табақшалы бөртпелер бар. Рентгенограммада: остеопороз, буындардың остеолизисі, буын тесіктерінің тарылуы, сакроилеит.

Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ ықтималды диагноз болып табылады?

1. Остеоартрит

2. Ревматоидты артрит

3. Подагралық артрит

+4. Псориатикалық артрит

5. Анкилозирлеуші спондилит

 

78. 34 жастағы ер адам, электрик, шынтақ, балтыр-табан, тізе, кәрі жілік-білезік, саусақ аралығы буындарының домбығуы мен ауыруына шағымданады. Саусақ аралығы буындары жуандаған, қимылдары шектелген, оң жақтағы балтыр-табан буындары қимылсыз. Жіліншік пен білезіктің бұлшық еттерінің айтарлықтай семгендігі байқалады. Қанның жалпы анализі: эритроциттер – 3,2 ×1012/л, HB – 92 г/л, түсті көрсеткіш – 0,8, лейкоциттер – 4,3×109/л, ЭТЖ – 58 мм/сағ. Рентгенографияда – узурация, шығулар, оң жақтағы балтыр-табан буындарының анкилозы анықталады.

Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы ең ықтималды диагноз болып табылады?

1. Остеоартрит

2. Бруцеллездік артрит

3. Подагралық артрит

+4. Ревматоидты артрит

5. Ревматикалық артрит

 

79. 36 жастағы ер адам, жүргізуші болып жұмыс істейді, қимылдың бөгелгіштігі мен омыртқа қимылының шектелуі, омыртқаның бел және төменгі кеуде бөлігіндегі түннің екінші жартысында және таңға жуық күшейетін біркелкі дәрежедегі ауыру шағымдарымен клиникаға жатқызылды. 20 жасынан бері «радикулиттен» зардап шегеді. Невропатологтың емі нәтижесіз болған. Тері жамылғылары бозарған. Физиологиялық бел лордозының тегістігі, арқа және бөксе бұлшық еттерінің гипотрофиясы анықталған. Шобер (2 см), Томайер (20 см), Кушелевсий симптомдары оң.

Емдеуді көрсетілген препараттардың қайсысынан бастау ЕҢ тиімді болып табылады? 1. Метотрексат

+2. Диклофенак

3. Преднизолон

4. Азатиоприн

5. Аллопуринол

 

80. ЖҚЖ диагностикалық критерийлері болып табылады:

1. буындардың үдемелі зақымдалуы
+2. деформациясыз артрит
3. буын шеміршегінің дегенеративті-дистрофиялық өзгерістері
4. терінің және ішкі органдардың стромасының фиброзды-склеротикалық өзгерістері
5. микроциркуляторлық жүйедегі қантамырлардың зақымдалуы

 

81. Қабылдауда 15 жастағы қыз, қызуы 37,6 С, ірі буындарындағы ұшпалы ауыру сезіміне шағымданады. Ауру 3 апта бұрын басталған, бірақ шағымдарының өзгеруіне байланысты дәрігерге қаралмаған. Анамнезінде: бір жыл бойы 3 рет баспамен және бірнеше рет жедел респираторлық аурумен ауырған, мектепке үнемі бара алмады. Қазірге кезде оң тізесінде және сол аяғының басының буынында ауыру сезімі, терісі аздап қызарған, ісінген; ұстағанда қызуы бар, буынды қозғалтқанда ауырады. Кеуде клеткасының терісінде қызғылт таңба, ортасы ашық.

Сіздің болжама диагнозыңыз?

1. Инфекциялық-аллергиялық полиартрит
+2. Ревматикалық артрит
3. Лайма ауруы
4. Ревматоидты артрит
5. Склеродемия

 

82. 42 жастағы науқастың стационардағы шағымдары: қолының басының буындарының, табан саусақтарының, тізе, шынтақ буындарының ауыру сезімі, таңертеңгі құрысу, әлсіздік. Анамнезінде: 2 жылдан бері ауырады, дәрігерге қаралмаған. Қарап тексергенде: қол басының ульнарлы девиациясы, шынтақ, тізе буындары деформациясыз, табаны halux valgus түрінде.

Сіздің БОЛЖАМА диагнозыңыз?

1. Бехтерев ауруы

+2. Ревматоидты артрит

3. Ревматикалық артрит

4. Буын хондроматозы

5. Подагра

 

83. 28 жастағы әйелде тізе буыны ауырады, оның қозғалысының шектелу. Объективті: тізе буындарының дефургациясы, осы буындарының қозғалысының шектелуі. Қан анализінде: эрит. 4,0х1012/л, лейкоц. 9,0х109/л, жалпы белок 75г/л, ЭТЖ 27мм/ч. СРБ – (++). Буын R-графиясында – буын айналасының остеопорозы, буын саңылауының тарылуы.

Осы аурудың НЕГІЗГІ базисті еміне жататын препараттар:

1. Азатиоприн

2. Азатиоприн, метотрексат
+3. Азатиоприн, метотрексат, кризанол
4. Азатиоприн, метотрексат, циклоспорин
5. Азатиоприн, метотрексат, циклоспорин, преднизолон

 

84. 32 жастағы әйел адам дәрігерге келді. Шағымдары: әлсіздік, тез шаршағыштық, арықтау, қол басының майда буындарының ауыру сезімі, осы буындарының ісінуі, олардың қозғалысының шектелуі. Таңертең сағат 11-ге дейін осы буындардың құрысуы байқалады. Қарап тексергенде: майда буындарының деформациясы. Қан анализі: эрит. 3х1012/л, гемогл. 95г/л, лейкоц. 12х109/л, ЭТЖ 36мм/ч., СРБ – (++), α1-глобулины 11,6%. Қол басының R-графиясында – буын айналасында остеопороз, буын қуысының тарылуы, көптеген узурациялар.

Сіздің БОЛЖАМА диагнозыңыз?

1. Ревматоидный полиартрит II дәрежелі белсенді, тез үдемелі ағымы, РС II, БФБ II
+2. Ревматоидты полиартрит II дәрежелі белсенді, жәй үдемелі ағымды, РС III, БФБ III
3. Ревматоидты полиартрит III дәрежелі белсенді, тез үдемелі ағымы, РС II, БФБ III
4. Ревматоидты артрит, олигоартрит II дәрежелі белсенді, үдемелілігі жоқ, РС I, БФБ I
5. Ревматоидты артрит, моноартрит II дәрежелі белсенді, жәй үдемелі ағымды, РС II, БФБ II

 

85. Бүйрек жетіспеушілігі кезінде диагностика үшін қандай сынама ЕҢ маңызды болып табылады?

1. Амбурже сынамасы

2. Зимницкий сынамасы

3. Нечипоренко сынамасы

+4. Реберг-Тареев сынамасы

E5.Аддис-Каковский сынамасы

 

86. 17 жасар бозбала, бетінің, денесінің ісінуіне, зәрінің түсінің өзгеруіне шағымданады. 2 жылдан бері ауырады. Қарап тексергенде: тері жабындылары боз, бүкіл денесінде ісінулер. Артериалды қан қысымы – 160/100 мм.с.б.б. Жалпы қан талдауында: эритроциттер – 3,0×1012/л, HB – 93 г/л, лейкоциттер – 6,7×109/л, ЭТЖ – 38 мм/сағ. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1004, белок – 3,8 г/л, лейкоциттер – 3-4 көру алаңында, эритроциттер – 8-9 көру алаңында, цилиндрлер – 10-12 көру алаңында, креатинин – 280 мкмоль/л, холестерин – 7,8 ммоль/л.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды синдром қайсысы?

1. Аралас

+2. Нефротикалық

3. Нефриттік

4. Гематуриялық

5. Гипертониялық

 

87. 45 жастағы әйел, бүкіл денесіндегі ісікке, әлсіздікке шағымданады. 5 жылдан бері оң жақ балтыр аймағында жыланкөз бар. Бір айдың ішінде бетінде, аяқтарында ісінулер, әлсіздік пайда болды. Қарап тексергенде: терісі боз, бүкіл денесінде ісіну бар. Жалпы қан талдауында: эритроциттер – 3,2×1012/л, HB – 90 г/л, лейкоциттер – 9,3×109/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1004, белок – 5,4 г/л, лейкоциттер – 6-8 көру алаңында, эритроциттер – 1-2 көру алаңында, цилиндрлер – 12-14 көру алаңында, жалпы ақуыз - 55 г/л.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал болжамалы диагноз қайсысы?

1. Пиелонефрит

+2. Бүйрек амилоидозы

3. Гломерулонефрит

4. Бүйрек гидронефрозы

5. Миеломды ауру

 

88. 35 жасар әйел, жүктілік мерзімі 31-32 апта, аяқтарындағы ісінуге, бетінің ісінуіне, бас ауруына шағымданады. Қарап тексергенде: Аяқтарында ісіктер, бетінде ісіну бар. Жүректің соғу жиілігі минутына 100 рет. Артериалды қан қысымы – 160/100 мм с.б.б. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1005, лейкоциттер 3-4 көру алаңында, белок 1,33 г/л, гиалинді және дәнді цилиндрлер - 3.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтимал болжамалы диагноз қайсысы?

+1. Преэкламсия

2. HELLP-синдромы

3. Гломерулонефрит

4. Жүктілер ісінуі

5. Жүктілер пиелонефриті

 

89. 30 жасар әйел, бас ауруына, әлсіздікке шағымданады. Баспамен ауырғаннан 15 күннен кейін әлсіздік пен қабағының ісінуі пайда болған. Қарап тексергенде: қабағы мен өкшесінің ісінуі бар. Терісі боз. Артериалды қан қысымы – 150/100 мм.рт.ст. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1021, белок – 1,4 %о, лейкоциттер – 5-7 көру алаңында, эритроциттер – 10-12 көру алаңында, цилиндрлер – 7-8 көру алаңында, креатинин – 70 мкмоль/л.

Көрсетілген дәрілік заттардың ішіндегі қайсысы ЕҢ тиімді болып табылады?

1. Курантил

2. Фуросемид

3. Каптоприл

4. Преднизолон

+4. Азитромицин

 

90. Ер адам 48 жаста, бас ауруына, әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: терісі боз. Артериалды қан қысымы – 140/90 мм с.б.б. Жалпы зәр талдауы: меншікті салмағы 1012, белок – 1,2 %о, лейкоциттер – 5-7 көру алаңында, эритроциттер – 10-12 көру алаңында, цилиндрлер – 7-8 көру алаңында.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ тиімді тексеру әдісі қайсысы?

+1. Бүйрек биопсиясы

2. Экскреторлы урография

3. Компьютерлік томография

4. Ультрадыбысты зерттеу

5. Магнитті резонансты томография

91. Науқас Н., 35 жаста, жанұялық дәрігерге мынадай шағымдармен келді: соңғы 5 күн бойы бел тұсында сыздап ауыру сезімі, зәрінің жиілеуі және ауырып шығуы, қызуының жоғарылауы 38-38,50С дейін. Дәрігерге қаралмады. Тері жабындысы бозғылт. АҚҚ – 180/90 мм.с.б., Пастернацкий симптомы оң. ЖЗА-де: полиурия, тығыздығы төмендеген, аздаған протеинурия, лейкоцитруия, бактериурия. ЖҚА-де: нейтрофильді лейкоцитз, ЭТЖ жоғарылауы, гипохромды анемия.

Бүйректі УДЗ жасағанда қандай өзгерістер байқайсыз?

1.бүйректің өлшемінің симметриялы үлкеюі, бүйрек паренхимасының акустикалық біркелкілігі

2. Бүйрек паренхимасының қатаюы, ісінуі. Бүйрек контуры байқалмайды

3. Екі жағында бүйрек өлшемінің азаюы, паренхимасының акустикалық біркелкілігі

4. Паранефральды клетчатканың ісінуі, бүйрек қозғалысының шектелуі

+5.Бүйрек өлшемінің исимметриялылығы, тостаған-түбекше жүйесінің деформациясы, бүйрек паренхимасының акустикасы диффузды біркелкі емес

 

92. 28 жастағы К. Науқасты жанұялық дәрігер стационарға мынадай шағымдармен жатқызды: әлсіздік, басының ауыруы, белінің ауыруы, бетінің және аяқ-қолдарының ісінуі, ұма тұсының ісінуі. Анамнезінде: 3 апта бұрын ЖРВИ ауырған,4 күн бойы қызуы 38,0-39,00С. Объективті: қабағының, аяғының, ұмасының ісінуі. Өкпесінде өзгерістер жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді ЖСЖ 58 рет минутына, АҚҚ – 160/90 мм.с.б. ЖҚА-де лейкоцитоз, эозинофилия, анемия, ЭТЖ жоғарылауы. Биохимиялық қан анализінде - мочевина -12 ммоль/л, креатинин – 0,35 ммоль/л. ЖЗА-де: түсі сұр-қызғылт, гематурия, эритроциттер 60 к/а, лейкоциты 10-15, белок - 3 г, бүйрек эпителий клеткасы, гиалинді, түйіршікті, эритроцитарлы цилиндрлер. Тәуліктік диурез – 400 мл.

Сіздің ДИАГНОЗЫҢЫЗ?

+1. Жедел гломерулонефрит

2. Созылмалы гломерулонефрит өршу фазасында

3. Нефрит интерстициальды өршу фазасында

4. Созылмалы пиелонефрит өршу фазасында

5. Бүйрек амилоидозы

 

93. Ісінген 55 жастағы ер адамның лабораториялық зерттеуінде анықталғаны – бүйрек шумақтарының көрсеткіші (80-120мл/мин), креатинин деңгейі қалыпты. Зәр анализінде – белок 2 г/л, 20-50 эритройиттер к/а, бірен-саран гиалинді цилиндерлер. Бүйрек биоптатын зерттегенде табылатыны:

1. Нефрит аздаған өзгерістермен

2. Мембранозды гломерулонефрит

+3. Мембранозды - пролиферативті гломерулонефрит

4. Пролиферативті интракапиллярлы

5. Пролиферативті экстракапиллярлы

 

94. 66 жастағы ер адам 10 жыл бойы зәр-тас ауруымен ауырады, 4 жыл бұрын операция жасалған. АҚҚ 160/100 мм.с.б. жоғарылағанын байқады, соңғы жылдары 190/100-200/110 мм.с.б. дейін жоғарылады, бетінде ісінулер пайда болды. Қан анализінде: Нв-110г/л, эритроциты - 3,0 млн., ТК - 0,8, ЭТЖ - 20 мм/сағ, қандағы мочевина - 8,8 ммоль/л, креатинин – 200,0 ммоль/л.

Осы науқаста екіншілік пиелонефритпен қандай асқыну дамыды?

1. жедел бүйрек жетіспеушілігі

2. жедел интерстициальды нефрит

3. созылмалы тубулоинтерстициальды нефрит

+4. созылмалы бүйрек жетіспеушілігі

5. зәрдің жедел тоқтауы

 

95. Науқаста ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін макрогематурия, олигоурия, бетінің, денесінің, аяқтарының массивті ісінуі пайда болды. Дәрігер жедел диффузды гломерулонефрит диагнозын қойды. Тәулігіне 40 мг преднизолонмен емдеу нәтиже бермеді, осы науқаста 3 тәулікте есінің тежелуі, жүрек айну, құсу, ішінде ауыру сезімі пайда болды. АҚҚ – 80/50 мм.с.б.

Осы жағдайда қандай емдік шаралар қолдану керек?

1. кордиамин, к/т изотониялық ерітінді немесе 5% глюкоза ерітіндісін тағайындау

2. алғашында ЭКГ тіркеу және анальгетик енгізу

3. үлкен дозада диуретиктер және жүрек гликозидтерін енгізу

4. науқасқа адреномиметиктер және спазмолитиктер енгізу

+5. преднизолон 500мг-1000мг к/т енгізу және сүйемелдеуші дозада таблетка түрінде беру

96. Әйел 34 жаста қатты тамақты жұтудың қиындауына, кеудесінің төменгі

үштен бір бөлігіндегі ауру сезіміне, алдыға еңкейгенде ішкен тамағын шырыш пен сілекеймен бірге құсу, және түнгі уақыттағы регургитация, түндегі жөтел мен жүдеуге шағымданады.

Көрсетілгендер ішіндегі инструментальды зерттеулердің ЕҢ тиімдісі қайсысы?

1. Кеуде торының шолу рентгенографиясы

2. Эзофагогастродуоденоскопия

3. Өңеш манометриясы

+4. Рентгеноконтрастты эзофагография

5. Бернштейн тесті

 

97. Ер адам 56 жаста, қатты тамақты жұтудың қиындауына, сұйық тамақ ішкенде шашалуға, сол жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, тамақпен кекіруге, дауысының қарлығуына, салмақ жоғалтуға, жалпы әлсіздікке шағымданады. Қарап тексергенде: жүдеу. Тері жабындылары бозғылт, құрғақ, мойын лимфа түйіндері ұлғайған.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы болып табылады? 1. Шекаралы дивертикул

+2. Өңеш рагі

3. Фариногоэзофагеальды ахалазия

4. Баррет өңеші

5. Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы

 

98.Әйел 35 жаста, тамағындағы “түйір” тұрғандай сезімге, қатты тамақты жұтудың қиындауына, сұйық тамақ ішкенде шашалуға, аяқ-қолдарының тоңуына, кезеңді түрде кешке қарай дене температурасының 370С дейін көтерілуіне шағымданады. Қарап тексергенде: қолының білектерінің тері жабындысы тығыз, аузы құралып келе жатқан кисет тәрізді. Жалпы қан талдауы: эритроциттер 3х10 12 /л, Hb 85 г/л, өңеш рентгеноскопиясы – төменгі үштен бір бөлігінің гипотониясы анықталады.

Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді болып табылады?

1. Месалазин

+2. Купренил

3. Инфлексимаб

4. Метотрексат

5. Преднизолон

 

99. Гастроэзофагеальді рефлюксті ауруды емдеу үшін төменде көрсетілген препараттардың ішінде қайсысын тағайындау дәйектемелі медицина ұстанымымен ЕҢ негізделген болып табылады?

+1. Рабепрозол

2. Кларитромицин

3. Амоксициллин

4. Фамотидин

5. Алюминий фосфаты

 

100. Әйел 56 жаста жұтудың бұзылуына, кеудесінің төменгі үштен бір бөлігіндегі ауру сезіміне, құсуға шағымданады. Көрсетілген симптомдар 3 айдан бері мазалайды, жүдеген. Контрастты затпен өңешті рентгенологиялық зерттегенде контрасты барий қоспасыныңасқазанға өтуі бұзылған, өңеш кеңейген, асқазанның газдық қапшығы анықталмайды.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ тиімді емдеу әдісі қандай?

+1. Кардиодилатация

2. Ниссен бойынша фундопликация

3. Ботулотоксинді интрамуральды енгізу

4. Консервативті ем

5. Эндоскопиялық резекция

 

101. Ер адам 65 жаста, метотрексат қабылдау фонында қыжылдау, өңештен тамақ өткенде ауру сезімі пайда болды. Эндоскопия жүргізгенде өңеш-асқазан өткелінен жоғарыға қарай жуып тастаушы қызыл түсті цилиндрлік эпителидің ұзын учаскесі анықталған.

Төменде көрсетілгендер ішінде емнің ЕҢ маңызды мақсаты болып табылады?

1. Жара пайда болуының алдын-алу

2. Өңеш стриктурасының алдын-алу

+3. Аденокарциноманың алдын-алу

4. Қан ағудың алдын-алу

5. Дисплазияның алдын-лу

 

102. 38 жастағы ер адам, жүргізуші, темекі шегеді. Шағымдары: тамақ ішкен соң қыжылдау, еңкейгенде, горизонтальды жағдайда күшейеді, қышқылмен құсу, түнімен жөтел ұстамасы мазалайды. Эндоскопия кезінде – асқазан шырышты қабаты ақшыл-қызғылт, тегіс, жылтыр, дефектер жоқ. Күніне 4 рет мотилиум қабылдайды.

Емінің нәтижесін білу үшін қандай диагностика әдісі ЕҢ тиімді?

1.Манометрия

2.Эндоскопиялық зерттеу

3.Ультрадыбыстық зерттеу

4.Рентгенологиялық зерттеу

+5.Өңешті тәуліктік рН мониторлеу

 

103. 3,5 жастағы қыз бала. Таңертең қызуының 39,6ºС жоғарылап оянды, аузынан сілекей ағады, тамағы ауырады, дисфагия, афония. Басын кейін шалқайтып отырады. Тынысы қырылдаған, кеуде қуысы ішке тартылған. Кешке баланың дені сау еді. Кеуде қуысының ретнгенограммасында: «бас саусақтың оң симптомы».

Аталған диагноздың қайсысы дұрыс?

1.Жедел обструктивті бронхит

2.Стеноздаушы ларингит

+3.Эпиглотит

4.Бронхиальды астма

5.Кеңірдектің аллергиялық ісігі

 

104. 14 жастағы баланың шағымдары: тамақтан соң қыжылдау, құсу, жатқанда және еңкейгенде күшейеді, қышқылмен құсу; түнде жөтел. Эндоскопияда – өңештің және асқазанның шырышты қабаттары ақшыл қызғылт, тегіс, жылтыр, дефектер жоқ.

Емінің нәтижесін білу үшін қандай диагностика әдісі ЕҢ тиімді?

1.УДЗ

+2. Өңешті тәуліктік рН мониторлеу

3.Рентгенологиялық зерттеу

4.Уреазды тест

5.Эндоскопиялық зерттеу

 

105. 45 жастағы ер адам, жүргізуші. Шағымдары: тамақтан соң 1-1,5 сағаттан кейін қыжылдау, эпигастрий аймағында дискомфорт, тамақтанған соң аздап басылады, қышшқылмен кекіру, іш қату. Күніне 1 қорап темекі шегеді. Объективті: іші жұмсақ, эпигастрий аймағында аздап ауыру сезімі. Қан анализінде: эритроциттер 4,3х1012/л, гемоглобин 145 г/л, лейкоциттер 5,2х109/л, таяқшаядролы 10 %, сегментядерлы 62%, лимфоциттер 23%, моноциттер 5%, ЭТЖ 8 мм/сағ.

Аталған препараттардың қайсысы тиімді?

1.Дротаверин

2. Тұз қышқылы

3. Домперидон

4. Панкреатин

+5.Омепрозол

 

106. 36 жастағы науқас Ш., ауруханаға түскендегі шағымдары: алкогольді ішімдік ішкен кезде жұтынуының қиындауы, алкогольды сіркесумен шатастырып алған. 1,5 жыл бұрын 10 күн бойы хирургия бөлімшесінде жұтынуының қиындауымен емделген. Өңешке бужирлеу жасалды. Бір айдан соң дисфагия белгілері пайда болды, ол біртіндеп үдей түсті. Өңешті соңғы рет бужирлегеннен кейін дисфагия азайды, одан кейін қайтадан күшейді. Қайта жасалған бужирлеу нәтижелі болмады, гастростома қойылды, тек қана суды жұта алады.

Пациенттің ары қарай емделуі қай маманда жүргізіледі?

1.Гастроэнтеролог

+2. Хирург

3. Жалпы тәжірибе дәрігері

4. Психотерапевт

5. Оториноларинголог

 

107.Ер адам 40 жаста, бронх демікпесімен 10 жылдан астам ауырады. Тұрақты түрде холинолитиктер, ингаляциялық ГКС, бета-агонистер, теофиллин қабылдайды. Соңғы күндері қыжылдау, дисфагия, түнгі уақытта кеуде артындағы күйдіруді байқайтын болды.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы болып табылады?

1. Кандидозды фарингит

2. ЖИА, күш түсу стенокардиясы

3. Көмей стенозы

+4. Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру

5. Асқазанның жара ауруы

 

108.36 жасар ер адам, тамақтан кейін 1,5-2 сағаттан соң эпигастральды аймақта пайда болатын ауру сезіміне, асқазанның қышықыл бөліндісімен, жеңілдік әкелетін құсуға, қыжылға шағымданып келді.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ бірінші орындағы зерттеу әдісі қандай?

1. Асқазан секрециясын зерттеу

2. Асқазан рентгеноскопиясы

+3. Эзофагогастродуоденоскопия

4. Бернштейна тесті

5. Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеу

 

109.Әйел 40 жаста, жиі аш қарынға кезеңді түрде пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, кекіруге, іштің жоғарғы бөлігінің кернелуіне, лық толу, жайсыздық сезіміне шағымданады. Көрсетілген симптомдар 5 айдан бері мазалайды, нервтік күштенуде күшейе түседі. Қан талдауында: эритроциттер 4,5х1012 /л, Нb-128 г/л, лейкоциттер 4,5х109 /л. Эзофагогастродуоденоскопияда: асқазан мен 12 елі ішек шырышты қабаты қызғылт түсті, таза. Жасырын қанға нәжіс теріс.

Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы болып табылады?