Силлабус құрылымы

АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С. СЕЙФУЛЛИН атындағы ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

АБДИНА А.К.

САДЫКОВА Т.М.

ФИЛОСОФИЯ

Пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен

 

 

Астана, 2011

 

 

C.Сейфуллин атындағы «Бекітемін»

Қазақ агротехникалық университеті Басқарма төрағасының

оқу-әдістемелік кеңесінде бірінші орынбасары

қарастырылып қабылданған _________Әбдіров А.М.

«13» ___мамыр_____ 2011 ж. «__» _________ 2011ж.

 

 

Пікір жазған:

Абдильдина Х.С.- философия кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к.

Авторлары: Абдина А.Қ., Садыкова Т.М.

«Философия» пәніне арналған оқу-әдістемелік кешен

Астана, 2011ж. - 160бет.

ПОӘК аннотация:«Философия» пәніне арналған оқу-әдістемелік кешен философия тарихы мен теориясының негізгі түсініктерінен, мәселелері мен концепцияларынан тұрады. Ол негізгі дүниеге көзқарастық және методологиялық мәселелерге бағытталған және философиялық ғылымдар жүйесінің орны мен рөлін, әлемдік философиялық даму тарихы мен түрлі ағымдарын, теориялық негіздерін және қазақ халқы философиялық ой-санасының даму мәселесін қамтиды. «Философия» пәніне арналған оқу-әдістемелік кешенінің мақсаты - дүниетанымды қалыптастырып, дүниеге, адамға деген обьективтік көзқарасқа, дүниенің мәні мен оның танылуын, білім негізінде дәлелдеп, жаңаша бағыт идеяларды қалыптастыруға жетелейді.

«Философия» пәніне арналған оқу-әдістемелік кешенге философиядағы ортақ заңдылықтардың дамуы, тарихы, құрылымы, философиялық білімнің деңгейі мен методологиясы, философияның негізгі тарихи концепциялары мен Шығыс және Антикалық кезеңнен бастап, қазіргі кездегі философиялық концепцияларға талдау жасалып, методологиялық мән-мағынасы қарастырылған.

 

Философия кафедрасының отырысында 2011 жылдың «22» ақпанында қаралып, басылымға ұсынылған, № хаттама

 

Әдістемелік комиссияның отырысында 2011 жылдың «13» наурызында қаралып, басылымға ұсынылған, №7 хаттама

 

 

© «С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» АҚ

© Абдина А.Қ., Садыкова Т.М.

Мазмұны

 

Кіріспе......................................................................................................4 Философия пәні бойынша пән бағдарламасы (силлабус).............5

Философия пәні бойынша дәрістер кешені.....................................24

Философия пәні бойынша семинар тапсырмалары....................113

Философия пәнінен СӨЖ тапсырмалары.....................................120

Философия пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий)...........133

Студенттің білімін тексеруге арналған тест тапсырмалары......142

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................160

Кіріспе

Философия дегеніміз не және философияны жоғары оқу орнында қалай оқыту керек ?

Біріншіден, философия студентті абстрактілі ойлауға үйретеді және шығармашылық қабілетін арттыруға көмектеседі.

Екіншіден, философия орасан зор теоретикалық базаны иеленеді, ондағы көтерілген философиялық мәселелерді талдау барысында өздерінің ішкі рухани жан дүниесін байыта отырып, өмірде өзіндік позициясы мен көзқарасын дұрыс қалыптастыра алады.

Философияны оқи отырып, адамзат тарихы жолында қордаланып жинақталған барлық білімді негізге алып қарастыратын философия тарихын қозғамау мүмкін емес. Сондықтан философия тарихы бірсызықты, кумулятивті процесс емес, ол «…адамның өзін өзі тануының, өз мүмкіндіктерінің, өз қабілеттерінің, қоршаған ортадағы орнының, өз өмірі мәнінің мәңгі әрекет бейнесі».

Оқу-әдістемелік кешенде біз философиялық мәселелерді нақты өмірден іздеу қажеттігіне баса назар аудардық. Философиялық мәселелелерді методологиялық тұрғыдан шешу барысында студенттер қоғам тудырып отырған көптеген мәселелерді дұрыс түсініп шеше алады деген үміттеміз.

«Философия» пәніне арналған оқу-әдістемелік кешен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің барлық мамандықтарының студенттеріне арналған. Оқу-әдістемелік кешенде дәрістер кешені, семинар сабақтарының тақырыптары, студенттің өзіндік жұмысына дайындалуына арналған материалдар, сонымен қатар аталмыш ПОӘК-де «Философия» курсы бойынша студенттің өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар берілген.

Силлабус құрылымы

1.Оқытушы туралы мәлімет

Лектор:

Кеңес күндері: кафедраның жұмыс кестесі бойынша