Экономикалық үдерістердің әдістерін тану.

Экономикалық санаттар мен заңдар

Экономикалық теория өзінің зерттеулерінде экономикалық құбылыстардың ғылыми танымының келесі әдістерін пайдаланады:

а) синтезбен талдаудың әдісі- әлеуметтік – экономиканың пайда болу бөліктері (талдау) және тұтастай (синтез) өзара байланысы мен өзара тәуелділігі бойынша зерттеуді қарастырады. Микроэкономикалық зерттеу талдау әдісіне жақын. ә) ғылыми абстракцияның әдісі- абстракция деп аталатын немесе санаттың осы немесе басқадай дерексіздендірілген түсінігін өңдеу үшін пайдаланылады;

б) тарихи және логикалық әдістер – жалпы қорытынды жасау үшін және олардың тұтастай бағалауға мүмкіндік беретін, бір уақытта логикалық жиынтықпен тарихи жүйелілікпен экономикалық үдерістерді зерттеуді қарастырады.

в) индукция мен дедукция әдістері- бөлек фактілерді жалпыға (индукция) апарып, ал, жалпы жағдайдан шығарып, жеке қорытындылар(дндукция) жасауды қарастырады;

г) сандық және сапалық талдау әдісі- өндіріс жүйесіндегі қатынастардың сапалық өзгерістерін танумен қатар, статистикалық деректерді, математика әдістерін экономикалық теория кеңінен пайдалануды қарастырады.

ғ) қалыпты логика- ойдың нақты мазмұнынан алшақтап және оның мазмұнының бөліктерінің байланыстарын жалпы әдіспен бөле отырып, ойдың,түсініктің, пікірдің, ой қорытындысын, дәлелдемелердің нысанын зерттейді;

д) материалистік диалектиканың әдісі- олардың дамуы мен өмірде бар, пайда болуының ішкі байланыстарын сипаттайтын, объективті талдаудың негізінде ғылыми мәселелерді шешу;

е) экономикалық модельдер мен тәжірибелер. Экономикалық модель- бұл зерттеудің субъективті мақсатты сипаты және оның объективті ерекшеліктерімен анықталатын құрылымын, пайда болуын және экономикалық үдерісін қалыпты көрсету. Экономикалық тәжірибе- бұл экономикалық пайда болуды және әрі қарай тәжірибеде қолдану үшін және оның үдерісін зерттеу мақсатымен ең игілікті жағдайда жасанды шығару.

Позитивтік және нормативтік экономикалық ғылым.

Экономикалық теорияның міндеттері.

Экономикалық теория және экономикалық саясат

Экономиканы талдау нормативтік және позитивтік әдістерді пайдалануды қарастырады. Позитивтік немесе дискриптивтік экономика экономиканың қызмет етуінің ғылыми және объективтік түсініктемелерін іздейді. Ол болуы мүмкін немесе болатын нәрсемен байланысты болады. Мысалы, егер үкімет бір тауарға салық салса, онда оның бағасы өседі.

Нормативтік экономика субъективті, және бағалау пікіріне негізделген іс- әрекеттің рецептісін ұсынады. Ол мүмкін болатынмен байланысты болады. Мысалы, бюджетті толтыру үшін, бір экономист салықтарды көбейтуді ұсынады. Бірақ салықты көбейту кәсіпкерлікті ынталандыруды төмендетуі мүмкін. Егер «тиісті» немесе «қажет» деген пікірлер кездесетін болса, онда ол нормативтік әдіске жатады.

Экономикалық теория келесі қызметтерді атқарады:

- танымдық(экономикалық теория алынған білімді теориялық түрінде көрсете отырып, қоғамның экономикасын оқытуға және түсіндіруге арналған);

- әдіснамалық (экономикалық теория экономикалық ғылымның барлық жүйесі үшін теориялық және әдіснамалық базасы болып қызмет етеді);

- білімдік (экономикалық теория адамдардың экономикалық мәдениетінің қалыптасуына көмектеседі);

- тәжірибелік (экономикалық теория қоғамның дамуының экономикалық жолына көрсетіп, адамдардың мақсаттарына тәжірибе жүзінде қызмет көрсетуі тиісті ).

Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. « Саяси экономияның », «экономикалық теорияның» және «экономикстің» қандай айырмашылықтары бар?

2. Экономикалық теория нені зерттейді?

3. Маслоу адам тұтынушылығын қандай деңгейлерге бөледі?

4. Тұтынушылыққа кандай факторлар ықпал етеді?

5. «Ресурстар» мен «игілік» деген не?

6. «Баламалы шығын » деген не?

 

Негізгі әдебиеттер.

1.Экономикалық теория негiздерi: Оқулық / Я.Әубәкiров ж.б.- Алматы: Санат, 1998.- 479 б.

2.Р.Дорнбуш, С.Фишер . Макроэкономика . Оқулық. Алматы: Білім, 1997

3.Темірбекова А.Б. Экономикалық теория негіздері : Қысқаша лекциялар курсы / А. Б. Темірбекова. - Алматы : Экономика, 2008. - 188 б.