НАУҚАСТЫҢ ІШКІ КИІМДЕРІН АУЫСТЫРУ

 

Мақсаты: науқастың жеке бас тазалығын сақтау.

Қолдану көрсетілімдері: іш-киім, жейделердің ластануы, науқастың қатты терлеуі.

Асқынулары: науқастың төсектен құлап кетуі, жалпы жағдайының нашарлауы, медбикенің қолымен терінің жарақаттануы және жұқпаны жұқтыруы.

Қажеттілерді дайындау: таза іш киім жиынтығын, ластанған киімдерді салуға арналған клеенка қапты.

Іс- әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа жатқызу мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Науқасқа ескертіңіз және келісімін алыңыз.

4. Қолыңызды жуып,кептіріңіз.

5. Өзіңіздің сол қолыңызды науқастың арқасының астына салыңыз.

6. Науқастың денесінің жоғарғы бөлігін көтеріңіз.

7. Ластанған жейденің етек жағынан жинап, оны қолтық асты аймағына және желкесіне дейін шыйыршықтаңыз.

8. Науқасты сүйемелдеп тұрып ластанған жейдені басынан асырып шешіп алыңыз.

9. Науқасты жастыққа жатқызып, екі қолын жейденің жеңдерінен босатыңыз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда жейдені алдымен сау қолдан, содан кейін ауру қолдан шешіңіз).

10. Таза жейденің жеңдерін қолдарына кигізіңіз (егер қолының біреуі жарақаттанған болса, онда алдымен жарақаттанған қолға, содан кейін сау қолға кигізіңіз).

11. Жейдені басынан өткізіңіз және оны бойымен жазыңыз.

12. Науқасты жастықтарға жатқызыңыз, кеудесіндегі жейдені түзетіңіз.

13. Ластанған жейдені клеенка қапқа салыңыз.

14. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.

Ескерту: Қатаң төсек тәртібінде жатқан науқасқа түймесіз кең жейде кигізіңіз. Кеуде торының алдын жауып алдымен абайлап бір қолына, содан кейін екінші қолына кигізіңіз. Оның төсектегі қалпын өзгертпей, кең жейденің бос қалған екі жағын науқастың кеуде торының екі жағы бөлімдерінің астына қайырып қояды.

 

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУГЕ ТІКЕЛЕЙ ТІК ІШЕКТЕН НӘЖІСТІ АЛУ

 

Мақсаты: диагностикалық жүқпалы ішек ауруларының қоздырғыштарын

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, жедел ішек инфекциялары. айқындау, арнайы топтағы адамдарды (реконвалесцентті) тексеру.

Дайындаңыз: залалсыздандырылған мақта-дәке тампонымен тығыз жабылған шыны түтікті, яғни өзекке бұрап оралған құрғақ мақта тампонын материалды алуға арналған, қолғапты, дем пердесін, форма бойынша жазылған жолдаманы, клеенканы, стеклографты, штативті тасымалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз.

4. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

5. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

6. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

7. Науқасты сол жақ қырына аяғын тізесінен жартылай бүгіп жатқызыңыз.

8. Оң қолмен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен шығарып алыңыз.

9. Сол қолдың I және II саусақтарымен науқастың бөксесін ажыратып, ал оң қолмен ептеп анал тесігіне айналмалы қозғалыспен ілгекті енгізіп, оны тік ішекке қарай жылжытып, ең алғаш кіндік бағытына қарай 3-4 см, сосын омыртқаға қатарластыра ілгекті 8-10 см тереңдікке жылжытып енгізіңіз.

10. Тік ішектің ішкі қабырғасынан материалды жеңіл айналмалы қозғалыспен алып, сосын абайлап ілгекті нәжіспен тік ішектен шығарыңыз.

11. Шыны түтіктің шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай ілгекті нәжіспен шыны түтікке салып, ішінде қалдырыңыз.

12. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

13. Шыны түтікті штативке, штативті бикске қойып, поролонмен тығыздаңыз.

14. Биксті «тығыздап» жабыңыз.

15. Қолғапты, дем пердесін шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерге салыңыз.

16. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен бактериологиялык зертханаға 2 сағаттан кешіктірмей апарыңыз.

Ескерту: материалды жеткізгенше t-4-6°С тоназытқышта сақталуы қажет.

БАКТЕРИОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТЕУГЕ «АШЫҚ НӘЖІСТЕН» НӘЖІСТІ

ШЫНЫ ТҮТІККЕ АЛУ

 

Мақсаты: диагностикалық жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын айқындау, арнайы топтардағы адамдарды (реконвалесцентті) зерттеу.

Қолдану көрсетілімдері: ішектің микрофлорасын зерттеу, өткір ішек жұқпалы аурулары.

Қажеттілерді дайындау: залалсыздандырылған шыны түтікті мақта-дәке тампондарымен тығыз жабуға материал алу үшін темір ілмегі өзекке монтаж жасалған, дәрет ыдысын (судноны) немесе горшокты, қолғапты, масканы, форма бойынша жазылған жолдаманы, стеклографты (шыны ыдысқа жазуды түсіріп жазатын қарандашты), штативті, тасмалдауға арналған контейнерді немесе биксті, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.

Іс-әрекет алгоритмі:

1. Науқас пен қарым қатынас жасаңыз (медбике өзін-өзі таныстырып, науқастың атын-жөнін сұраңыз).

2. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріңіз.

3. Қолыңызды жуып, антисептикпен тазартып, қолғап киіңіз, бет пердені киіңіз.

4. Жолдаманы жазып, журналға тіркеңіз.

5. Жолдама нөміріне сәйкес нөмірді шыны түтікке стеклографпен белгілеңіз.

6. Шыны түтікті штативке орнатыңыз.

7. Науқасты горшокқа немесе судноға отырғызыңыз.

8. Оң қолымен тік ішектік ілгекті шыны түтіктен алыңыз (шыны түтікті тығыз жабқан мақта-дәке тампонын тек қана сыртқы жағынан ұстаңыз).

9. Залалсыздандырылған тік ішектік ілгекпен «ашық нәжістен» жаңа бөлінген нәжістің 3-5 грамм әр түрлі жерінен алыңыз.

10. Тік ішектік ілгекті нәжісімен залалсыздандырылған шыны түтік шетіне, қабырғасына және сыртқы бетіне жанастырмай салып, соның ішінде қалдырыңыз. Шыны түтікті тығынымен тығыз жабыңыз.

11. Шыны түтікке жолдаманы бекітіңіз.

12. Шыны түтікті штативке, штативті поролонмен тығыздатып бикске қойыңыз.

13. Биксті «тығыздап» жабыңыз.

14. Қолғапты, масканы шешіп қауіпсіз жоюға арналған контейнерғе салыңыз.

15. Бикстегі алынған материалды жолдамасымен 2сағаттан кешіктірмей бактериологиялық зертханаға жеткізіңіз.

Ескерту:

- нәжісті жинау әртүрлі әдістермен жүргізіледі: унитаздан, горшоктан, суднодан, жаялықтан, «ашық нәжістен», тікелей тік ішектен ілгектің көмегімен;

- өсінді жасау үшін шырышты, іріңді, фибринозды қабықты алады;

- материал зертханаға жеткізгенше тоназытқышта t-4-6°С сақталуы қажет;

- антибиотиктер мен сульфаниламид препараттармен емдемес алдында материалды алу жүргізіледі.