Дәріс. Негізгі өндірістік жабдықтар саның есептеу

Жабдықтар санын есептеу үшін мынаны берілуі керек:

а) жабдықтың жұмыс істеу режимін және жылдық жұмыс істеу уақытының фондың;

б) технологиялық операцияларды атқару кезіндегі уақыт және өнім беру нормаларың;

в) жабдықтың жүктемесінің көлемің.

Жобалау барысындағы есептеулерде күнтізбелік және режимді уақыт фонды, сондай-ақ жабдықтың жұмыс істеу уақытының жылдық фонды көрсеткіштері қолданылады.

Бір ауысымдық жұмыс істейтін кәсіпорында күнтізбелік уақыт фонды былайша есептеледі:

Fк = 365 × 8,2 = 2993 (6.1)

Режимдік уақыт фонды – қабылданған режимге сәйкес жыл бойғы (жоғалтқан уақыттарды есептемегенде) жұмыс істеу сағаттары саны. Бұл жерде демалыс, мейрам күндері және мейрам алдындағы 1 сағатқа қысқартылған жұмыс күндері ескеріледі.

Fр = 2993 – [(104+8)8,2 + 8] (6.2)

Жабдықтың жұмыс істеу уақытының фонды оның тек өнім өндіру үшін пайдаланатын уақытын құрайды.

Fжаб = Fр – (tрем + tосм + tтехн), (6.3)

 

tрем – жабдықтың жыл бойына жоспарланған жөндеу процесінде тұру уақыты;

tосм – жыл бойына жабдықты техникалық көріп күту-қадағалауға кететін уақыттар жиықтығы;

tтехн – жабдықтың технологиялық қажеттікте тоқтап тұруын полиграфия саласы бойынша қолданылатын нормативтерге сәйкес режимдік уақыттың % ретінде берілетін уақыт.

Жабдықтың негізгі жылдық уақыт фонды (басу машиналарға, автоматтандырылған ағымды желілерге),

 

Fнег = Fжаб – Тпр, (6.4)

Тпр – жыл бойынғы жабдықтың басу үрдісі алдындағы барлық реттеулердің уақыты.

Егер әртүрлі басылымдарды жасау барысында өнімдердің белгілі бір технологиялық операцияны атқару күрделілігі бірдей сипатта болса, олардың сол операциядағы уақыт нормасы мен өнімдік нормасы бір қалыпты болады. Мұндай жағдайда жабдықтың жылдық жүктемесін барлық өнімдірдің көлемің (санын) қосып натуралдық бірлікте беруге болады.

Мұндай есептеу тәсілін қолданғанда берілген типті жабдықтар санын мына формуламен анықтауға болады:

 

Np = , (6.5)

 

Np – берілген типтегі машиналардың есептелінген саны;

Fжаб – жабдықтың бір ауысымдық режимде жұмыс істеу жылдық уақытының фонды;

m – жабдықтың жұмыс істеу ауысымы;

n – машинанаың Np өлшемі бірлігінде берілген сағаттық өнім шығару нормасы;

Тоқтап тұру кездері нормаланатын машиналардың санын мына формула бойынша есептейді:

 

Np = , (6.6)

мұндағы Fосн. – жабдықтың негізгі жұмыс істеу жылдық уақытының фонды.

Егерде белгілі бір операциядағы күрделілігі басылымның әрбір тобында әртүрлі келетін (норма уақыты мен өнімділісі бірдей емес) өнім шығарылу керек болса, алдын-ала ол өнімнің күрделілігін әр позицияда машина-сағат өлшемінде жеке есептеп олардың берілген жабдыққа атқарылатындарының күрделілік жиынтығын есептеп шығарады.

Мұндай жағдайда жабдықтар саны мына формула бойынша есептеледі.

 

, (6.7)

Есептеулер нәтижесінде цех жабдықтарының жинақтама тізбесі жасалады. Онда жабдықтың түрі типі, саны, орнатылу алаңының мөлшері, салмағы, қажетті электр қуаты, жабдықтың құны көрсетіледі.

Жабдықтың басу процесіндегі жүктемесі табақ өтімімен есептеледі. Табақ өтімі деп басу машинасынан өткен, басылған таралымдық табақты атайды. Машинаның форматына және бояулылығына байланысты табақ өтіміммен санаған өнім мөлшері баспа табақ және бояулы баспа табақ өлшемінде берілгенінен өзгеше болады.

Жылдық табақ өтімін мына формуламен анықтауға болады:

 

Төтім= А×V× Т × в / р,,(6.8)

А – бұл басылымдардың атау саны;

V – басылымның физикалақ басу табақ өлшемінде берілген көлемі;

T – басылымның мың дана өлшеміндегі таралымы;

в – басылымның мерзімділігі;

р – бір табақ өтімінде машинадан шығатын басылым табақ саны.

Негізгі: 1[43-44];

Қосымша: 12[34-42]