Су шарашылығының салалары және олардың су ресурстарын пайдаланудағы қойылатын талаптар

Су шаруашылығы халық шаруашылығының ең үлкен қиын салаларының бірі. Оларды салуға күнделікті пайдалануға және оны қорғауға, сақтауға сонымен бірге судың халық шаруашылығына тигізетін зияндықтарын болғызбауға бағытталған көптеген шаралар жиынтығын су шаруашылығы деп атаймыз. Жалпы алғанда халық шаруашылығының қай саласы болмасын суды пайдаланудың және қорғаудың тәсілдері су шаруашылығына жатады.

Су қоры ауыл шаруашылығында мына бағыттарда пайдаланылады: жерді суғару және суландыру, елді мекендерді, өнеркәсіп мекемелерін сумен жабдықтау, су күшімен электр энергиясын салу, балық шаруашылығын дамыту, су құстарын өсіру ж.т.б. Сонымен бірге, су қоры ауылшаруашылығында, денсаулық сақтау және емдеу жолында, спортты өркендетуде қолданылады. Судың пайдалылығымен қатар зияндылығын да естен шығармау қажет. Мысалы егістік жерді судың басып қалуы, су тасқындарының болуы т.б. ж. Жерді сумен мелиорациялау -әсіресе егістіктерді суғару- жердің өнімін арттыру жолында ерекше орын алады.

Сушаруашылығы экономикасы –су шаруашылығын экономикалық тұрғыдан алғанда өсіп өркендеуін, осы саланың дамуы үшін әртүрлі шараларды іздеп, оның қолоайлы шешімдерін табуды қарастырады. Су шаруашылығы экономикасы- суды тиімді пайдалануды, су энергиясын алуды, сумен жүк тасуды, ауылшаруашылығының транспорттық коммуналдық шаруашылықтарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Су шаруашылығы экономикасы- шаруашылықты басқару, ұйымдастыру, және жұмыс ақысын төлеу сияқты мәселелерді қарастырады. Су шаруашылығының басты міндеттерінің бірі өндірістік негізгі қорларды тиімді пайдалану. Негізгі қорлардың құрамы мен құрылымын анықтай отырып, негізгі қорлардың амортизациялық құнын есептеу, негізгі қорлардың құнын анықтау қажет. Негізгі өндірістік қорлармен қатар,өзіндік құн, өзіндік өқнды төмендету жолдары, баға, күрделі қаржылар оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастырады.

Су шаруашылығы саласының экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есепке алады. Техника-экономикалық тиімділік көрсеткіштері арқылы кәсіпорынның табыстылығы мен мүмкіндіктерін айқындайды.

Ауыл шаруашылығы - АӨК-індегі төмен табысты сала, ол табиғат-климат факторларына тәуелі, ондағы өндіріс мерзімдік, циклдық жағдайда жүреді. Оның үстіне ауылшаруашылығы өндіргіш күштерінің дамы тұрғысынан алғанда да өнеркәсіпке қарағанда нашар. Сондықтан ауыл шаруашылығы кәсіпорындары өзгеріп отырған экономикалық және технологиялық жағдайларға баяу бейімделеді. Ең негізгі кемшілігі – оған салынған капиталдың басқа салаларымен салыстырғанда қайтарымы төмен.

Ауыл шаруашылығы халық шаруашылығының, аграрлық-өнеркәсіп кешінің ең басты саласы, өзекті буыны болып табылады. Ауыл шаруашылығы қоғамдық материалдық өндірістің ерекше саласы. Ауылшаруашылығы экономикасы ауылшаруашылығында өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуын, пайдалану ерекшеліктерін сипаттайды.

Агарлық-өнеркәсіп кешені – ауылшаруашылығы өнімдерін өндірумен және оны сақтау, ұқсату және тұтынушыға жеткізумен айналысатын халық шаруашылығы салаларының жиынтығы. Агарлық өнеркәсіп кешені төрт негізге бөлінеді. Олар:

· өндірістік қорлар, құрал жабдықтар;

· жерді кешенді пайдалану;

· Еңбек ресурстарын кешенді пайдалану;

· Негізгі өндіріс қалдықтарын пайдалану

Агарлық-өнеркәсіптік ұдайы өндіріс процесін өзрар байланысты негізгі бес сатыдан қалыптасатынын атап өту қажет, олар:

Ауылшаруашылығы мен басқа да салалар үшін өндіріс құрал-жабдығын өндіру және өндірістік қызметтер көрсету;

Ауылшаруашылығы өндірісі: ауылшаруашылығы өнімін дайындау, тасымалдау; сақтау; ұқсату;

Азық-түлік;

Ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;

Өнімді халыққа жеткізу.

Ауылшаруашылығының өндірістік ресурстары бірі жер. Ауыл шаруашылығының өндірістік ресурстары пайдалануға арналған немесе ауыл шаруашылығы өнімін өндіру барысында пайдаланылмайтын еңбек, жер, су және материалдық ресурстарының жиынтығы өндірістік ресурстардыдың барлық түрін қоса алғанда ресурстық потенциалды құрайды. Жер ресурстары дегеніміз- ауылшаруашылығы өнімдерін өндіру үшін пайдалануға берілген алқап. Жер ресурстары өндіріс құрал-жабдығы ретінде әртүрлі функциялар атқарады. Өндірістік процесс топырақты өңдеуге және оның құнарлылығын сақтауға немесе арттыруға бағытталғанда жер ресурстары еңбек құралдары ретінде қалыптасады.

Жер өндіріс құрал-жабдығы ретінде өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар. Оның ең маңызды ерекшелігі: Жердің басқа өндіріс құрал жабдығы сияқты адам еңбегінің жемісі болып табылмайтынында.

Жердің екінші ерекшелігі- оның территориялық жағынан шектеулігінде.

3 оның өзгермейтіндігі.

4. топырақ құнарлылығының әртүрлігінде.

5. өз қасиетін сақтайтындығында.

Жерді пайдаланудың экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне мыналар жатады.

1. Жерді өнімді пайдалану деңгейі

2. Жердің пайдалану дәрежесі

Соымен қатар егіс алқаптарының құрылымы, ауыспалы егіс көлемінің 1 гектарына шаққандағы дәнді дақылдардың шығымдылығы, 1гектарға шаққандағы өзіндік құн, табыс рентабельділік анықталады.

Жерді қорғау мына шараларды көздейді:

Жерді су және жел эрозиясынан, селден, су басудан, сорға айналу процесінен сақтау, қорғау;

Азып тозған жерді қалпына келтіру, өңдеу немесе өнімділігі аз жердің құнарлылығын арттыру үшін топырақтың құнарлығын сақтау;

Ауылшаруашылығындағы келесі ресурс өніріс құрал жабдығы. Ауылшаруашылығында өндірістің міндеті мен мақсатына қарай барлық обьектілерді үш топқа бөлеміз.

1 Ауылшаруашылығымен тікелей байланыстыүйлер құрылыстар.

2. өнімді жинау, дайындау жөніндегі құрылыстар, демек, агрегаттар, құралдар, қондырғылар, цехтар, пункттер

3. сақтау құралдар. Қоймалар, орындар.

Ауылшаруашылығы мақсатындағы өндірістік құралдар қатарына жататындар:

Үйлер құрылыстар;

Машиналар мен жабдықтар;

Транспорт құралдары;

Жұмыс малы;

Өнім беретін малдар;

Көпжылдық екпе ағаштар

Сонымен қатар негізгі қорлар өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, жалпы мақсаттағы негізгі қорлар болып бөлінеді. Ауылшаруашылығындағы өндірістік айналым құралдарына мыналар жатады: мал төлі, бордақалаудағы мал, жем-шөп, тұқым, ағымдағы жөндеуге арналған материалдар, жанар-жағар май, қатты отын, тыңайтқыштар, тез тозатын құрал саймандар.

Ауылшаруашылығындағы күрделі қаржы жаңадан негізгі қор жасауға жұмыс істеп тұрған негізгі қорды кеңейтуге, қайта жаңғыртуға жұмсалған шығындар. Жұмсалатын күрделі қаржының көлеміне мынадай шығындар кіреді: тарктор, ауылшаруашылығы және азық-түлік машиналарын жасауды дамытуға жұмсалатын шығындар, минералды тыңайтқыштар өндіруге , құрылыс үшін жұмсалатын қаржылар.

Ауылшаруашылығын дамытудың қазіргі кездегі инвестициялық саясаты әлеуметтік-экономикалық дамуды және ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуде, өндірістің материалдық- техникалық базасын және құрылымын сапалық жағынан өзгерту.

Ауылшаруашылығын дамытуда күрделі қаржы жөніндегі қажеттілікті анықтауда төмендегі мәселелер қарастырылу керек:

- ауылшаруашылығын кешенді механикаландыру мен электрлендіру;

Өндірісті дұрыс орналастыру мен мамандандыру;

- қаржыны шоғырландыру;

Материалды техникалық базасын нығайту.

Еңбек ресурстары , пайдалануды жақсартудың негізгі бағыттары мынадай:

Еңбеккерлердің белсенділігі мен тәртіпті күшейту;

Еңбекке жарамды халықты қоғамдық өндіріске тарту;

Жұмыс күшін пайдалануда маусымдылықты азайту;

Ауыл шаруашылығы өндірісін интенсивтендіру;еңбекті ұйымдастыруда өндірілген өнімнің сапасын арттыру және соған еңбек ақы төлеу;

Еңбек ресурстарын пайдаланудағы тиімді көрсеткіштер еңбек өнімділігі.

Өндірістік шығындар деп әдетте өнім өндіруге жұмсалған шығындарды атаймыз. Өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды келесі топқа бөлеміз: Еңбекақы төлеу шығындары, материалды шығындар, негізгі құралдардың амортизациясы, басқа да шығындар.

Материалды шығындарға: тыңайтқыштар, тұқым, мұнай өнімдері, электроэнергия, қосалқы бөлшектер,шикізат шығындары жатады.

Басқа да шығындарға арендалық төлемдер, байланыс қызметі үшін шығындар, мамандар біліктілігін арттырушығындары, іс сапар шығындары жатады.

аграрлық сектордың қарқынды дамуына теріс әсерін тигізер факторлар мен кедергілер жоқ емес. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады:

- өтпелі кезеңдегі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алуда жіберілген қателіктер;

- ауыл шаруашылығы кәсіпорындарындағы табиғи және моральдық тозығы жеткен негізгі қорлардың үлес салмағының басым болуы;

- ауыл шаруашылығы дақылдарын алмастырып егудегі, өндірістік процестегі ұйымдық – технологиялық агротехникалық талаптарды сақтамау;

- тұқымдық материалдар сапасының төмендеуі;

- мал өсіруші шаруашылықтардың рынок жағдайына бейімделе алмауы және т.б

 

 

ЕҢБЕК РЕСУРСТАРЫ

Сабақтың мақсаты –кәсіпорынның еңбек ресурстары және оның сипаттамалары, еңбек өнімділігін өлшеу әдістері, еңбек үдерісінің тиімділігіне әсер ететін факторларды, еңбек ресурстарына қажеттілікті анықтау жолдарын түсіндіру.

 

Негізгі түсініктер– кадрлар, кадрлар қозғалысы, тізімдік құрам, құмысшылардың орташа тізімдік саны, кадрларды қабылдау коэффициенті, кадрларды шығару коэффициенті, кадрлардың тұрақтылық коэффициенті, еңбекті мөлшерлеу, еңбек өнімділігі.

 

Дәріс сұрақтары: