Негізгі қорлардың сипаттамасы

Топтардың аттары Қолданылуы және қысқаша мінездемесі
I.Ғимараттар өндірістік архитектура және құрылыс объектілері(цехтар, қоймалар, өндірістік лаборваториялар және т.б.)
II.Құрылыстар өндіріс процесіне қызмет ететін техникалық функцияларды атқаратын инженерлік құрылыс объектілері(тоннельдер, көпірлер, эстакадалар, су каналдары,автомобиль және темір жолдары т.б.)
III.Жіберу құралдары Энергияны сұйық және газ түріндегі заттарды жіберуші құралдар (электр, жылу жүйелері, газ жүйесі)
IV.Машиналар мен құралдар (генераторлар, электр бөлшектер,бу машиналары, трубиналар т.б.) Күш машиналары мен құралдар
2.Жұмыс машиналар мен құралдар Технологиялық процеске тікелей қатысатын құралдар ( станоктар, прессмашиналар, терминалдық пештер, көтеру тасымалдау механизмдері т.б.)
3.Өлшеу реттеу приборлары мен құралдары,лабороториялық құралдар өндіріс процесін қол еңбегімен немесе автоматтандыру арқылы реттеуге, тезнологиялық процестердің параметрін өлшеуге және бақылауға, лабороториялық зерттеулер жүргізуге қажетті
4.Есептеу техникасы Математикалық есептерді шешуді тездетуге қажетті құралдар жиынтығы
5.Басқа да машиналар мен құралдар (өрт сөндіргіш машиналар, телефон станциялары т.б.)
V.Тасымалдау құралдар Кәсіпорынкөлеміндегіадамдарменжүктердітасымалдауғақажеттікөліктер (электровоз, паровоз, автомобиль)
VI.Құрал-сайман өндіріс процесіне қажетті элементтер (қол және механикалық кесу,ұру саймандары, штамптар т.б.)
VII.Өндірістік түгендеме (инвентарь) өндірістік операцияларды орындауды жеңілдетуге және жеке еңбек заттарын сақтауға қажетті (жұмыс столы, қорап т.б.)
VIII.Шаруашылық түгендеме (инвентарь) Көбейту және қайта түсіру аппараттары,стол, шкаф т.б.

 

Негізгі өндірістік қорлардың құрылымына мынадай факторлар әсер етеді:шығарылатын өнім түрі, оның жалпы көлемі, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі, мамандандыру және бірлестіру деңгейі, кәсіпорын орналасуының климаттық және гоеграфиялық жағдайлары және т.б.

Негізгі қорларды бағалаудың өндіріс процесінде ұзақ жылдар бойы қатысып, тозуына байланысты және осы уақыт аралығындағы қайта өндірудің жағдайына байланысты бірнеше түрі болады. Олар – негізгі қорлардың бастапқы құны, қайта өндіру құны және қалдық құны.

Негізгі қорлардың бастапқы құны – қорларды дайындауға немесе сатып алуға, жинауға, әкелуге кеткен шығындардың жиынтығы.

Негізгі қорлардың баланстық құны –сатып алынған негізгі қордың бастапқы құны кәсіпорынға келгеннен кейін балансқа тіркелеген құн.

Қайта өндіру құны (қалпына келтіру) – негізгі қорларды қайта өндіруге кеткен шығындардың жиынтығы.

Қалдық құн – негізгі қорлардың тозуды алып тастағандағы бастапқы немесе қалпына келтіру құны.

Негізгі қорлардың орташа жылдық құны кәсіпорынның қор қайтарымдылығын, қор сиымдылығын және басқа да экономикалық көрсеткіштер үшін анықталады және ол негізгі қорлардың толық бастапқы құны бойынша, енгізу құны мен жойылу құнын ескере отырып табылады. Оны мына формула бойынша анықтайды:

Қ орт = Қ бас + (Қ енг * n)/ 12 – (Қ жой * m)/ 12

Мұндағы Қ орт – негізгі қордың орташа жылдық құны;

Қ бас - негізгі қордың толық бастапқы құны;

Қ енг – жыл ішіндегі негізгі қордың енгізілген құны;

Қ жой – жыл ішіндегі негізгі қордың жойылу құны;

n – негізгі қордың енгізілген кезеңінен бастағандағы қызмет көрсеткен ай саны;

m – негізгі қорлардың шығарылған кезеңінен жыл соңына дейінгі ай саны.

Негізгі қорды қайта бағалау әдістеріэксперттік және баға индексі жүйесі арқылы жүргізіледі. Эксперттік әдісте кәсіпорында, салаларда тәжірибелі, білікті инженерлер мен экономистерден комиссия құралып, негізгі қорды тексереді, яғни түгендеу (инвентаризация) жүргізеді. Ал баға индексі әдісінде негізгі қор топтары үшін тағайындалған баға индексін баланстық құнға көбейту арқылы жүргізіледі.

Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы. Амортизацияны есептеу әдістері.

Негізгі қорлар қолданылуына байланысты өндіріс процесінде тозады.Тозудың 2 түрі бар: табиғи тозу және моральдық тозу. Табиғи тозу дегеніміз – негізгі қорлар элементтерінің материалдық тозуы, олардың өндірісте тұтыну барысында және табиғаттың табиғи күштерінің әсерінен тұтынылу құнын жоғалтуы.

Моральдық тозу - жабдықтың техникалық прогреске байланысты ескіріп құнсыздануы. Неғұрлым жетілдірілген және өнімді машиналардың пайда болуы нәтижесінде пайдаланып жүрген машиналар табиғи қалпына және өндірісте пайдалану дәрежесіне қарамастан моральдық жағынан ескіріп құнсызданады.

Тозған негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық аударымдар қолданылады.

Амортизация – негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, сондай-ақ негізгі жаңарту үшін, қаражатты қорландыру мақсатымен, осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі.Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударымдар болып табылады.

Амортизациялық аударым - негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарының элементін құрайды.Амортизациялық аударым көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады.

Амортизациялық жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз. Ол пайыз арқылы беріледі:

Н = Қбас - Қжой х 100% (пайыз)

Қбас х Т

 

Мұндағы: Қбас – негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны, теңге,

Қжой – жайылған негізгі қорлардың құны, теңге;

Т - амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативтік қызмет ету уақыты) , жыл.

Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формула арқылы анықталады:

 

А = Н х Қорт

Мұндағы: А – амортизациялық аударым, теңге

Н – амортизациялық нормасы ( %);

Қорт - негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге.

Амортизациялық нормасы негізгі қорларды өз уақытында қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып, негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек:

· негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі;

· моральдық тозу;

· техникалық қайта құру жоспары;

· жабдықтардың балансы;

· модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.

Амортизацияны есептеу әдістері пропорционалды және регрессивті немесе жеделдетілген амортизация әдісі. Пропорционалды амортизация әдісі негізгі қордың барлық жұмыс жасау мерзімі әшәнде амортизациялық аударым негізгі қордың бастапқы құнынан белгіленген норма бойынша есептеледі. Ал регрессивті әдісте амортизациялық аударымның негізгі бөлігі негізгі қорды пайдаланудың бастапқы жылдарында есептеледі, амортизациялық кезең қысқарады, жабдықтарды тездетіп ауыстыруға қаржылық жағдай жасалады. Пропорционалды әдістің өзі екіге бөлінеді: бірқалыпты тәсіл – негізгі қорлардың бастапқы құны мен амортизация нормасы бойынша анықталады; бірқалыпсыз тәсілде негізгі қорлардың қалдық құны мен амортизация нормасы бойынша анықталады.

 

4 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері.

Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көсеткіштері 3 топқа бөлінеді:

· негізгі өндірістік қорларды энтенсивті қолдану көрсеткіштері;

· негізгі өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіштері;

· негізгі өндірістік қорларды интегралды қолдану көрсеткіштері;

Бірінші топ көрсеткіштеріне: құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті, құралдардың сменалық жұмыс жасау коэффициенті, құралдардың толық пайдалану коэффициенті жатады; яғни бұл көрсеткіштер құралдардың уақыт мөлшерінде қолданылу деңгейін көрсетеді.

Жабдықтарды экстенсивті қолдану көрсеткіштерінің бірі құралдарды экстенсивті қолдану коэффициенті (Кэкс). Оны мына формула бойынша табады:

Кэкс = t нақты / t норм,

Мұндағы t нақты – құралдар жұмысының нақты уақыты, сағат;

t норм – құралдар жұмысының нормативтік уақыты, сағат.

Мысалы, 8 сағаттық ауысымда құралдарды жөндеу жұмысына 1 сағат жоспарланғанымен, нақты жұмыс жасаған уақыт 5 сағат болды. Сонда құралды экстенсивті қолдану коэффициенті 0,71-ге тең. Яғни Кэкс = 5 / (8-1) = 0,71. Бұл станоктың жоспарлы жұмыс жасау қорының 71 пайызы ғана қолданғанын көрсетеді.

Екінші бір көрсеткіш – жабдықтардың сменалық (ауысымдық) коэффициенті (К см) тәулік ішіндегі машина-смена (МС) қосындысын жабдықтардың жалпы санына (ЖС) бөлу арқылы табады:

Ксм =∑ МС / ЖС

Екінші топ өндірістік қорларды жедел түрде қолдану көрсеткіші негізгі қорлардың нақты өнімділігін оның нормативтік өнімділігіне бөлу арқылы анықталады.

К инт = Өнақты / Өнорм,

Мысалы, ауысым ішінде станоктың нақты жұмыс жасаған уақыты 5 сағат, яғни станок 3 сағат бос тұрған деп алып, оның нақты жұмыс жасаған уақытындағы станоктың тиімділігін анықтаймыз. Станок паспорты бойынша сағатына 100 өнім бірлігін шығарады. Ал нақты жұмыс жасаған 5 сағаттың ішінде ол сағатына 80 өнім бірлігін шығарады. Сонда Кинт = 80/100 = 0,8. Бұл станоктың өндірістік қуаты 80 пайыз ғана қолданылғанын білдіреді.

Құралдарды интегралдықолдану коэффициенті құралдарды экстенсивті және интенсивті қолдану коэффициенттеріне көбейту арқылы анықталады, және ол құралдардың уақыт және қуат бойынша қолданылуын сипаттайды.

К интегр = Кэкс *Кинт.

Біздің қарастырған мысалымыз бойынша К экс = 0,73; Кинт = 0,8. К интегр = 0,73*0,8 = 0,57.

Бұл көрсеткіш екі көрсеткіштен төмен, өйткені ол уақыт бойынша да, өнімділік бойынша да қолданудағы кемшіліктерді бір мезгілде ескереді. Екі факторды ескере отырғандағы жабдықтың қолданылыуы 57 пайызды құрайды.

Өндірістік негізгі қорлардың тиімділігін көрсететін жалпы көрсеткіш болып – қор қайтарымдылығы есептеледі. Қор қайтарылымы – бұл өнім өндіру үшін пайдаланған негізгі өндірістік қорлардың теңгеге шағып есептелгендегі өндірілген өнім көлемін сипаттайтын экономикалық көрсеткіш, сондай-ақ ол өндіріс тиімділігінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады.

ҚҚ = Ө / Қорт,

Мұндағы: Ө - тауар өнімінің көлемі;

Қорт – негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құны;

Қор қайтарымын ұлғайту – бұл халық шаруашылығының аса маңызды міндеті болып есептелінеді.Қор қайтарымына кері көрсеткіш – қор сыйымдылығы.

Қор сыйымдылығы – бұл негізгі өндірістік қорлар құнының өндірілген және сатылған өнім құнына қатынасын сипаттайтын экономикалық көрсеткіш.

ҚС = Қорт / Ө,

Өндірістің негізгі қорларының көлемі және олардың қолданылуы дәрежесі кәсіпорынның өндірістік қуатының көлемін анықтайды. Өндірістік қуат - саланың, цехтың, агрегаттың жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыру негізінде тиісті уақыт ішінде өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғарғы қабілеттілігі (мүмкіндігі).

Өндірістік қуат берілген уақыт ішінде саланың, цехтың, агрегаттың өндіріс пен еңбекті неғұрлым озық үлгіде ұйымдастыра отырып, құрал-жабдықтарды неғұрлым тиімді пайдаланып, өнімнің белгілі бір түрін шығаруға барынша жоғарғы қабілеттілік айтамыз.