Шығындарды экономикалық әлеуметтік бойынша талдау

Шығындарды жоспарлау, есепке алу және бөлу әдістеріне қарай экономикалық элементтер бойынша (шығындар смета бойынша ) топтастырылу: Экономиканың мазмұнының жалпылығы бойынша жинақталады.

Мысалы , “Еңбек ақы төлеу” жұмыскерлердің барлық еңбек ақы қорын көрсетеді, қай категорияға екеніне байланыссыз. Өндірістік кәсіпорында жұмысшы ма, қызметкерме, жоқ әлде кіші қызмет көрсету персоналының еңбегі ақысыма немесе негізгі қор амортизациясы, мейлі ол станокпа,өндірістік ғимаратпа, оның ішінде завод басқару да бар. Кәсіпорын үшін экономикалық элемент бойынша шығындарды топтаудың үлкен маңызы бар. Сметалық бөлу түрлі ресурстарды кәсіпорынның жалпы тұтыну көлемі анықталады. Смета арқасында өндірістік -қаржылық жоспар бөлімдерінің байланысы жүзеге асады. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, еңбек бойынша айналым құралына қажеттілік анықталады. Шығындар сметасы бойынша жалпы өнім өзіндік құны есептеледі, аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгерісі, өндірістік емес шотқа шығындарды есептеп шығару жүргізіледі. Осы келтірілген жіктемедегі бірінші 7 шығын статьялары жұмыс орнында тікелей жүзеге асырылуы және өнімнің әрбір түріне тікелей қатысты. қалған статьялар кешенді, өндіріске қызмет көрсету мен басқару бойынша шығындарды жинақтайды.

 

Шығындар сметасы бойынша былай топталады.

1) шикізат,негізгі материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар,құрастырушы бұйымдар

2) қосымша және басқа материалдар

3) басқа жақтан әкелінген отын

4) басқа жақтан әкелінген энергия

5) негізгі және қосымша еңбек ақы

6) әлеуметтік қажеттілікке аудару

7) негізгі қор амортизациясы

8) басқа да ақшалай шығындар

9)“Жабдықты ұстау мен пайдалануға кеткен шығындарға” мыналар кіреді:

- машина мен механизмдерге техникалық қызмет көрсетуге кеткен шығындар

- жабдықтарды,цех транспорты мен инструменттерді ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу;

- цехтың негізгі қорының амортизациясы;

- бағалығы аз, тез тозатын заттардың тозуы,т.б

10)“Жаңа өндірісті дайындау мен игеруге кеткен шығындарға”

- технологияны жетілдіру

- жабдықты қайта қою (переполадка)

- арнайы әзірлеу, т.б

11)Цех шығындарына

- негізгі өндіріс цехтарының басқаруы: цех персоналының еңбек ақысы, цех ғимараты мен орындарының амортизацияға шығындар, ағымдағы жөндеу,жылыту,жарық беру,тазалау,жалпы цех атау бағыттағы инвентарь мен бағалығы аз заттардың тозуы.

12)Жалпы өндірістік шығындар: кәсіпорынның басқару мен жалпы шаруашылық қажеттіліктеріне қызмет көрсету: басқару аппараты, кәсіпорынның ғимаратын, территориясын, транспортын т.б.ұстауға кеткен шығындар.

13) Ақауды жөндеуге кеткен шығындар

14)Өндірістен тыс шығындар өнімді өткізумен байланысты шығындар (орау,тиеу,жарнама,өткізу жүйесі, комиссиондық әртүрлі аударымдар мен төлемдер).

Калькуляция статьялары бойынша шығындарды топтау

Өнімнің өзіндік құның есептеу калькуляция деп аталады.

Шығындарды калькуляция статьялары бойынша топтау өнім бірлігінің өзіндік құнын анықтауға, ассортимент топтары бойынша шығындарды бөлуге, жұмыстың әрбір түрі бойынша шығын көлемін анықтауға, шығындарды төмендету резервтерін анықтауға мүмкіндік береді.

Есеп бергенде де көбіне калькуляция статьялары бойынша жасалып, талдау жүргізіледі.

Калькуляция статьялары бойынша топтауды шығындарды пайдалану бағытына, пайда болу орнына қарай, өнімді жасау процесі, өндіріске қызмет көрсету немесе кәсіпорынды басқару бойынша біріктіреді. Калькуляция жасау үшін мынадай шығындар статьясын жасайды.

 

Атап айтқанда:

1) шикізат, негізгі материал,жартылай фабрикаттар, құрастырушы бұйымдар (қайтарылатын қалдықты шегергеннен басқа)

2) қосымша материалдар

3) технологиялық мақсатқа отын;

4) технологиялық мақсатқа энергия;

5) өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы;

6) өндірістік жұмысшылардың қосымша еңбек ақысы;

7) өндірістік жұмыстың еңбек ақысы бойынша әлеуметтік қажетке аударым;

8) жабдықтарды ұстау мен пайдалануға кеткен шығындар;

9) жаңа өндірісті дайындау мен игеруге кеткен шығындар;

10) цехтық шығындар;