ШАРУАШЫЛЫҚ ШЫҒЫНДАРЫ

Сабақ мақсаты-су шығындарына су жүйелеріндегі каналдарды, ғимараттарды жөндеуге, сақтауға, жерді тегістеуге, дақылдарды суғаруға осы жумыстарға байланысты шығындармен таныстыру.

Негізгі түсініктер:бір гектарға кететін мөлшері,су жылдамдығы, өзіндік құн,суғаратын жердің ауданы, суару маусымы.

 

 

Шаруашылықтағы су шығындарына сондағы су жүйелеріндегі каналдарды, ғимараттарды жөндеуге, сақтауға, жерді тегістеуге,дақылдарды суғаруға осы жумыстарға байланысты шығындар жатады.Олар әр шаруашылықта күнделікті жұмсалған шығындарға байланысты анықталып отырады.Алайда,біз нақтылы мәліметтердің жоқтығына байланысты тапсырманы орындау үшін осы жұмыстарды бір гектарға шаққандағы үлестік шығындар арқылы анықтаймыз. Яғни

ШСШ=шсш1Fн

Мұнда: шсш 1 -шаруашылықтағы су шығындарының бір гектарға кететін мөлшері тг/га.

Ғн –суармалы жерлердің жалпы ауданы га . ШСШ- жалпы шаруашылықтағы шығындардың мөлшері.

Әдетте бұл шығындар жалпы өнімдердің өзіндік құнының 15-22% тін құрайды. Шаруашылықтағы дақылдарды суғару үшін қажетті сушылардың саны бұларды суғару техникасына,әдістеріне байланысты. Дақылдарды жүйектегі суғарған кезде сушылырдың саны –олардың еңбек өніміділігі мен маусым кезіндегі дақылдардың суғару санынан,суғаратын дақылдардың түрлерінен,ауданынан т.б жағдайларға байланысты. Оны мына формуламен анықтауға болады:

N= (34)

Мұнда: N-сушылардың саны, адам

-дақылдарды суғарудың саны,рет For-суғаратын жердің ауданы,га ЕӨ-еңбек өнімділігі, га/адам,күн Т-суғару маусымы оның уақыты,күн

Бір сушыға суғаратын жердің мөлшері мына формуламен анықталады:

 

F=

 

Мұнда:

N-сушылардың саны, адам For- жалпы суғаратын жердің ауданы,га F1маш –маусым кезінде бір жаңбырлатқыш машинамен суғаратын жердің мөлшері га

 

Шаруашылықтағы су шығындары олардағы ауыспалы егістіктің құрамына , өнім алудың күрделілігіне байланысты әртүрлі болады. Егерде айналмалы егістіктің құрамында мақта,қызылша,овощтар,темекі, күріш өнімдері болса онда су шығындары көбірек болады,ал бидай көп жылдық шөп, арпа, жүгері т.с.с өнімдерде болса, онда бұл шығындар аздау болады. Жалпы ғылыми зерттеу институттарының зерттеулері бойынша су шығындары жалпы өнім өндіру шығындарының 12-25 % құрайды.

Әсіресе бұл шығындардың үлесі Оңтүстік аймақтарды көбірек болады. Шаруашылықтағы су шығындары екіге бөлінеді.Тікелей шығын және жанама шығын болып табылады.Тікелей шығынға су жүйелерінің амортизациялық жарнасы , құрылыстарын жылдық жөндеуге арналған шығындар,суармалы жерлерді алдын-ала тегістеу,су мамандарының жалақысы т.б жанама шығынға уақытша майда каналдарды, суғару жүйектерін дайындау,оларды жөнге келтіру, дақылдарды суғару,уақытша каналдарды тегістеу т.б.Шығындарды есептеу төмендегі кестеде келтіріліген.