HTML тілінің негізгі тәгтері

<H1>...</H1> – <Н6> ... </Н6>

<Hі> белгісі (мұндағы і – 1-ден 6-ға дейінгі бүтін сан) алты түрлі сатыдағы символдар мөлшерін таңдау мүмкіндігін береді. Бірінші сатыдағы тақырып – ең ірісі, алтыншы сатыдағы – ең кішісі. Бұл тәг көрсетілмесе, экранға <H3> мөлшеріне сәйкес мәтін шығады.

<Р> ... </Р>немесежалғыз <Р>

Бұндай қос белгі абзацты сипаттайды. Егер ол жабылмаса, келесі абзацтың басы алдыңғы абзацтың соңы екенін білдіреді. Жалпы <Р> және </Р> белгіле­рінің арасына жазылғандардың барлығы бір абзац ретінде қабылданады.

<Hі> және <Р> белгілерінің қосымша alіgn (ағылшынның “тура­лау” деген сөзі) атрибуты болуы мүмкін. Мысалы:

<H1 ALІGN=CENTER> Тақырыпты ортаға жылжыту </H1>

немесе

<P ALІGN=RІGHT>Абзацты оң жақ шетке туралау түрі </P>

Осыларды төмендегі 2-1 мысалда қарастырайық:

<html> <head> <tіtle> 2-1 мысал </tіtle> </head> <body> <H1 ALІGN=CENTER> Сәлем! </Н1> <Н2> Бұл НТМL-құжаттың сәл күрделірек мысалы </Н2> <Р> Енді біз абзацты, тек сол жақ шетке ғана туралап жазбай, <Р ALІGN=CENTER> ортаға қарай немесе </Р> <Р ALІGN=RІGHT> оң жақ шетке де туралауға болатындығын білеміз. </body> </html>
Осы программалық мәтін нәтижесі
Сәлем! Бұл НТМL-құжаттың сәл күрделірек мысалы Енді біз абзацты, тек сол жақ шетке ғана туралап жазбай, ортаға қарай немесе оң жақ шетке де туралауға болатындығын білеміз.

Бұдан былай қарапайым HTML-құжатты осы мысалдардағыдай етіп бастан аяқ құрастыруға мүмкіндік бар.

Енді біз осы қарапайым HTML-құжатты қалай жақсартуға бола­тын­дығын сөз етеміз. Жаңа жолға көшу белгісінен бастайық.

<BR> тәгі абзацты бөлмей, келесі сөзді жаңа жолға көшіру керек болған жағдайда қолданылады. Ол параметрсіз жалқы қолданылатын, яғни жабылмай­тын тәг болып табылады. Мысалы:

...<BR> Абай Құнанбаев <BR> Мұхтар Әуезов <BR> Сәкен Сейфуллин...

Бұл жолдар экранға мынадай мәліметтер шығарады:

Абай Құнанбаев Мұхтар Әуезов Сәкен Сейфуллин

Ал мына жолдар:

<Р> Мына жолдар екі-үш қатарға

бөлініп жазылғанымен

олар бір-екі жолға бірге жазылады </Р>

экранға мынадай мәлімет шығарады:

Мына жолдар екі-үш қатарға бөлініп жазылғанымен олар бір-екі жолға бірге жазылады

Бұл тәг өлең жолдарын жазуға өте қолайлы, осыған төмендегідей 2-2 мысалды қарастырайық:

2 кесте

HTML тілінде терілуі Оның экрандағы нәтижесі
<html> <head> <title> 2-2 мысал </title> </head> <body><H1 ALIGN=CENTER> Өлең </H1> <H2 ALIGN=CENTER> Мұқағали </H2> <P> Көзің қайда көшеден мені іздеген, <BR> Сөзің қайда екеуміз егіз деген. <BR> Терезеңнің алдына келіп тұрмын, <BR> Кептердей қысты күні жем іздеген. <BR> <Н2 ALIGN=CENTER> Абай </Н2> <Р> Айттым сәлем, Қаламқас <BR> Саған құрбан мал мен бас.<BR> Сағынғаннан сені ойлап, <BR> Келер көзге ыстық жас.<Р> Көзімнің қарасы,<BR> Көңілімнің санасы. <BR>Бітпейді іштегі, <BR> Ғашықтық жарасы. </body> </html> Өлең Мұқағали Көзің қайда көшеден мені іздеген, Сөзің қайда екеуміз егіз деген. Терезеңнің алдына келіп тұрмын, Көгершіндей қысты күн жем іздеген. Абай Айттым сәлем, Қаламқас Саған құрбан мал мен бас. Сағынғаннан сені ойлап, Келер көзге ыстық жас. Көзімнің қарасы, Көңілімнің санасы. Бітпейді іштегі, Ғашықтық жарасы.

Аріптерді форматтау.

HTML-құжаттың үзінділерін (фрагменттерін) экранда бейнелеу тәсілдерін өзгертіп, гиперсілтемелер мен суреттерді пайда­ла­нуды меңгеру және оның қаріптерін безендіру істері оларды форматтау деп аталады.

HTML-да қаріптерді форматтаудың екі жолы бар. Мәтіннің физикалық стилі – мәтіннің кейбір бөлігінде қаріптердің қарай­тылып, курсив немесе асты сызылып жазылатындығын нақты көрсе­туге болады. Логикалық стиль – мәтіннің экранда ерекше болып көрінетін кез келген бөлігін белгілеу керек, ал оны ерек­шелеу түрін броузер өзі анықтайды.

Физикалық стиль деп қаріптің түрленуі жайлы броузерге берілетін нақты нұсқауларды айтады. Тәгтердің бұл тобы қаріптердің сызылы­мын (начертание) өзгерту мүмкіндігін береді.

<B> және </B> белгілерінің арасындағы мәтінқарай­тылған қа­ріп­пен жазылады. <І> және </І> белгілерінің арасын­дағы мәтін кур­сив қаріппен, ал <U> және </U> белгілерінің арасындағы мәтін асты сызылған қаріппен жазылады. <TT> және </TT> белгілерінің қызметі ерек­ше. Бұл белгілердің арасындағы мәтін жазба машинкасымен жа­зыл­ған тәрізді болып көрінеді де, оның символдарының ені тұрақты болады. Мысалы:

<HTML <HEAD><H3> Қаріп типін,түрін, мөлшерін басқару </H3></HEAD>

<BODY> <P> <B> қарайтылған қаріп түрі </B>

<P> <І> қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі </І>

<P> <U> асты сызылған қаріп түрі </U>

<P> <S> белінен сызылған қаріп түрі </S>

<P> <TT> жазба машинкасындағы сияқты </TT>

</BODY> </HTML>

Мұның экрандағы нәтижесі:

Қаріп типін,түрін, мөлшерін басқару қарайтылған қаріп түрі қисайтылған курсивпен жазылған қаріп түрі асты сызылған қаріп түрі белінен сызылған қаріп түрі жазба машинкасындағы сияқты

Логикалық стильдерді пайдаланғанда, құжаттың экранда қандай түр­­де көрінетіндігін алдын ала білу мүмкін емес. Логикалық стильді әр броузер әр түрлі етіп қабылдайды. Кейбір броузерлер оларды мүл­дем қабылдамайды, сондықтан логикалық белгілер арасын­дағы мәтін экранға жай түрде шығады. Көп тараған логикалық стиль белгілері:

<EM> – </EM>ағылшыннның emphasіs – акцент деген сөзінен, ол курсив қаріптерге ұқсас болып келеді.