Кестелер тұрғызу. Ұяшыктарды біріктіру.

Кесте тұрғызу <TABLE> және </TABLE> тәгтері көмегімен орындалады, оның әрбір жолын анықтау – <TR> және </TR> тәгтері арқылы, ал сол жолдардағы бағаналар – <TD> және </TD> немесе <ТН> және </ТН> тәгтері арқылы анықталады. <TD> және <ТН> тәгтерінің жұмысы ұқсас, бірақ <ТН> тәгтерімен қоршалған мәтін қарайтылған бағана тақырыптары болып табылады да, <TD> тәгтерімен одан кейінгі қарапайым бағаналар жазылады.

Кесте тақырыбы <CAPTION> және </CAPTION> тәгтерімен қоршалып жазылады. Жалпы кестені толық анықтау ережесі төмендегі үлгімен беріледі:

<TABLE ALIGN="center" BGCOLOR="#rrggbb" BORDER="integer"

BORDERCOLOR="#rrggbb" WIDTH="integer"> ......

</TABLE>

Бірақ кесте тұрғызу кезінде олардың кейбірі қолданылмауы да мүмкін. Енді осы кесте тәгі атрибуттарының атқаратын жұмысына тоқталайық:

ALIGN атрибуты кестенің шет жақтарға туралануын анықтайды (көрсе­тілмесе, келісім бойынша сол жақ шетке). ALIGN мәні – қостырнақша ішіндегі сөз – мына сөздердің біріне сәйкес келуі тиіс: LEFT (сол жақ шетке), CENTER (ортаға), RIGHT (оң жақ шетке).

BGCOLOR кесте торының ішкі фон түсін тағайындайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгілен­ген түс атауы).

BORDER — бүтін сан, кесте жақтаулары сызығының пиксельмен берілген қалыңдығы. Егер BORDER берілмесе, жақтау сызықтары көрсетілмейді.

BORDERCOLOR жақтау сызықтарының түсін тағайындайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгілен­ген түс атауы), BORDER атрибутымен бірге қолданылады.

WIDTH – кесте енін анықтайтын бүтін сан, оның мәні пиксельмен немесе пайызбен (%) беріледі.

Кесте тақырыбы <CAPTION> тәгімен төмендегі ережеге сәйкес беріледі:

<CAPTION ALIGN="top"> ...... </CAPTION>

Мұндағы атрибуттардың атқаратын қызметі мынадай болады.

ALIGN атрибуты кесте тақырыбын шет жақтарға туралау кезінде оның мәні LEFT, CENTER (көрсе­тілмесе, келісім бойынша осы мән қабылданады), RIGHT сөздерінің біріне сәйкес келуі тиіс. Ал егер ол тақырыпты вертикаль бағытта кестенің жоғарғы және төменгі жақтарына орналастыруы қажет болса, онда BOTTOM – жоғарыда (келісім бойынша осы мән қабылда­нады), ТОР – төменде сөздерінің бірін мән ретінде қабылдай алады.

Кесте жолы <TR> және </TR> тәгтерімен қоршалып тұрады, бұлардың алғашқысының мынадай бірсыпыра атрибуттары болуы мүмкін:

<TR ALIGN="center" BGCOLOR="#rrggbb" BORDERCOLOR="#rrggbb"> Кесте жолы… </TR>

Енді <TR> тәгінің осы атрибуттарына тоқталайық.

ALIGN — жол шеттерін туралау. Оның мүмкін мәндері LEFT (келісім бойынша), CENTER, RIGHT.

BGCOLOR жолдың ішкі фон түсін анықтайды (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы).

BORDERCOLOR — жол жақтауларының түсі (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы). Бұл атрибут <TABLE> тәгінің BORDER атрибутының мәні нөлге тең болмағанда ғана қолданылады.

ROWSPAN — бірнеше жолдарды біріктіріп, бір-ақ жол етіп жазу кезінде берілетін біріктірілетін жолдар саны.

Кесте жолындағы бағаналар (ұялар) <TD>... </TD> және <ТН>... </ТН> тәгтерімен төмендегі ережеге сәйкес анықталады:

<TD немесе ТН ALIGN="right" BACKGROUND="url" [BGCOLOR="#rrggbb" BORDERCOLOR="#rrggbb"] >

Бағана… </TD немесе /TН>

<TD> және <ТН> тәгтерінің атрибуттары қызметтері:

ALIGN — мәтінді горизонталь бағытта туралау атрибуты. Оның мүмкін мәндері: LEFT, CENTER (келісім бойынша), RIGHT.

BGCOLOR – фон түсін анықтау атрибуты (он алтылық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі белгіленген түс атауы).

BORDERCOLOR – ұя жақтауларының түсі атрибуты (он алты­лық RGB форматындағы сан немесе ағылшын тіліндегі түс атауы). Бұл атрибут <TABLE> тәгінің BORDER атрибутының мәні нөлге тең бол­ма­ғанда ғана қолданылады.

COLSPAN — бағаналар тақырыбына арналған біріктірілген жол (ұя) ішінде орналасатын бағаналар саны.

Бір студенттер тобы жайлы кесте құрып, мысал келтірейік.

<html> <body text=blue> <table border=10 bordercolor=green

width=100% align=center bgcolor=”yellow”>

<caption align=bottom> <H2>Студенттер жайлы мәліметтер </H2>

</caption>

<tr> <th colspan=4> ГНГ-03-1К тобы студенттерінің тізімі </th> </tr>

<tr> <th>&nbsp; </th> <th>Аты-жөні </th> <th> Адресі </th>

<th> Телефоны </th> </tr>

<tr> <th rowspan=3>Ұлдар </th> <td> Қалауов Ғазиз</td> <td>

Сәтпаев көшесі, 10-үй 6 пәтер </td> <td> 47-60-57 </td> </tr>

<tr><td>Мұқанов Қуаныш</td><td>Абай даңғылы,15-үй 25-пәтер</td>

<td> 36-99-61 </td> </tr>

<tr><td>Төреғалиев Данияр</td><td>Т.Өзал көшесі, 101-үй 6-пәтер</td>

<td> 77-77-77 </td> </tr>

<tr> <th rowspan=3>Қыздар</th>

<td>Жапсарбаева Сандуғаш</td><td> Т.Өзал көшесі, 101-үй 25-пәтер

</td> <td> 75-45-25 </td> </tr>

<tr> <td> Мәмедова Ділфуза</td><td> Т.Өзал көшесі, 101-үй 21-пәтер

</td> <td> 40-45-25 </td> </tr>

<tr> <td> Төлебаева Жаңыл</td><td> Т.Өзал көшесі, 101-үй 20-пәтер

</td> <td> 40-45-25 </td> </tr>

</table>

</body>

</html>

3 сурет