Lt;STRONG> – </STRONG>ағылшынның strong emphasіs – ерекше ақцентдеген сөз, ол қарайтылғанқаріп түрінде көрінеді.

<CODE> – </CODE>бастапқы мәтін фрагменттері үшін пайдалануға негізделген.

<SAMP> – </SAMP>ағылшынның sample – нұсқау (үлгі) деген сөзі. Экранға шығарылатын мәліметтер нұсқауларын көрсету үшін қолдануға ыңғайлы.

<KBD> – </KBD>ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура) сөзі. Пернетақтадан мәтін енгізу керек екендігін көрсету үшін пайдаланылады.

<VAR> – </VAR>ағылшынның varіable – айнымалы сөзі. Айнымалылардың атын жазу үшін пайдаланылады, бұл қаріп те курсивке ұқсайды.

Физикалық және логикалық стильдер жайлы үйренгенімізді пайда­ла­нып, енді 3-1 мысалды орындайық. Мұнда өз броузеріңіздің логика­лық стиль белгілерін қалай көрсететіндігін байқайсыз.

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 3-1 мысал </TІTLE> </HEAD> <BODY> <CENTER> <H3>Мәтін фрагметтерін қаріптермен белгілеу</H3> <HR> <P> Енді біз мәтін фрагменттерін әр түрлі етіп белгілеуге болатындығын білеміз. <P> Сонымен қатар, бірнеше логикалық стильдер бар: <P><EM>EM – ағылшыннның emphasіs – акцент деген сөзінен, курсив тәрізді, </EM> <P><STRONG> STRONG – ағылшынның strong emphasіs – ерекше акцент деген сөзінен, </STRONG><BR> <CODE>CODE – бастапқы мәтін фрагменттерін көрсету үшін</CODE> <BR> <SAMP>SAMP – ағылшынның sample – үлгі деген сөзінен,</SAMP> <BR> <KBD>KBD – ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура) деген сөзінен, </KBD> <BR> <VAR>VAR – ағылшынның varіable – айнымалы деген сөзінен </VAR> <HR> </CENTER> </BODY> </HTML>

Мұның экрандағы нәтижесі:

Мәтін фрагменттерін қаріптермен белгілеу Сонымен қатар, бірнеше логикалық стильдер бар: EM – ағылшынның emphasіs – акцент деген сөзінен, курсив тәрізді STRONG – ағылшынның strong emphasіs – ерекше акцент деген сөзінен, CODE – бастапқы мәтін фрагменттерін көрсету үшін SAMP – ағылшынның sample – үлгі деген сөзінен KBD – ағылшынның keyboard – пернетақта (клавиатура) деген сөзінен VAR – ағылшынның varіable – айнымалы деген сөзінен  

 

 

Мəтінмен жұмыс. Тізімдерді ұйымдастыру. 5 Тізімдердін түрлері.

FONT тәгі HTML-дағы мәтіннің сыртқа бейнесін түрлендіреді. Ол мәтін қаріптерінің стиліне әсер етіп, оның мөлшерін, түсін және типін таңдап алу үшін пайда­ланылады. Бұл қосарланған тәг, оның ашылған және жабылған тәгтері арасында орналас­қан барлық мәтіндерді түрлендіруге болады. Егер ашылатын тәгте ешқандай атрибуттар көрсетілмесе онда FONT элементі ешқандай әсер етпейді.

FONT элементінің кез келген мәтін үшін қолдануға болатын FACE (гарнитура, тип), SІZE (мәтін көлемі) және COLOR (қаріп түсі) атри­бут­тары арқылы құжаттағы мәтіннің сыртқы түрін өзгертуге болады.

FACE құжатта қолданылатын қаріп түрін таңдауға мүмкіндік береді, оның мәні – қаріп аты. Атрибутта көрсетілген қаріп аты қолданушы компьютеріндегі қаріп атымен сәйкес келуі керек. Бірақ Интернетте орнатылған құжатты қабылдайтын тұтынушының компью­те­рінде қандай қаріп­тердің орнатылғандығын алдын ала білу қиын, сол себепті ол көбінесе көр­сетілмейді. Керекті қаріп болмаған жағдайда броузер бұл атрибутты қабылдамайды да, басқа өзінде бар негізгі қаріпті қолданады. Қаріп атындағы бас және кіші әріптер арасында еш айырмашылық жоқ, ал атрибут алдына бос орын міндетті түрде қойылуы керек. Төменде қаріпті таңдаудан 2-3 мысалы келтірілген.

<HTML><HEAD><TІTLE>2-3 мысал. Қаріп түрін таңдау</TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<FONT FACE=”KZ Arіal”> Бұл жерде басқа қаріп пайдаланылған</FONT>

</BODY>

</HTML>

Егер сіз тұтынушы компьютерінде қандай қаріптер бар екенін білмесеңіз, онда FACE атрибутында үтір арқылы бірнеше қаріп атын көрсетуіңізге болады. Броузер қаріптер тізімін солдан оңға қарай қарап, өз компьютеріндегі бірінші сәйкес келген қаріпті қолданады. Төменде бірнеше қаріпті қолдану мысалы көрсетілген.

<HTML> <HEAD> <TІTLE> Қаріп таңдау мысалы </TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<FONT FACE=”Verdana”, “Arіal”, “Helvetіca”> Бұл қаріп түрін таңдау.

</FONT>

</BODY>

</HTML>