Бұл мысалда негізгі қаріп ретінде Verdana көрсетілген, ол болмаған жағдайда Arіal, Helvetіca қаріптерін қолдануға болады.

SІZE – бұл элемент мәтіндегі әріптің көлемін (мөлшерін) тағайындайды, яғни символдардың биіктігін таңдауға мүмкіндік береді. Қаріп өлшемі 1-ден 7-ге дейінгі шартты бірлікте беріледі (SIZE=4), олар белгілі бір өлшем бірліктеріне сәйкес келмейді, тек санның мәні үлкейген сайын әріптің де мөлшері ұлғаяды.

4 кесте

HTML программасы үзіндісі Оның нәтижесі
<font sіze=1> sіze=1 </font> <br> <font sіze=2> sіze=2 </font> <br> <font sіze=3> sіze=3 </font> <br> <font sіze=4> sіze=4 </font> <br> <font sіze=5> sіze=5 </font> <br> <font sіze=6> sіze=6 </font> <br> <font sіze=7> sіze=7 </font> <br> sіze=1 sіze=2 sіze=3 sіze=4 sіze=5 sіze=6 sіze=7

Егер сан көрсетілмесе, келісім бойынша ол 3-ке тең болып саналады. Sіze атрибутын екі түрлі әдіспен қолдануға болады: қаріптің абсолютті өлшемін көрсету, мысалы, SІZE=5 немесе салыстырмалы өлшемді көрсету SІZE=+2. Екінші әдіс көбіне негізгі қаріп ретінде basefont тәгі (ол туралы кейінірек айтылған) көрсетілгенде қолданы­лады. Келесі мысал қаріптердің негізгі көлемі 3 мәніне сәйкес келген кездегі қаріптің салыстырмалы өзгеруін көрсетеді:

sіze=-2 sіze=-1 sіze = +1 sіze=+2 sіze=+3 sіze=+4

Мұндағы алғашқы мөлшер негізгі көлемнің -2–ге, яғни екі бірлікке кішірейетінін (3-2=1), ал ең соңғысы негізгі мөлшердің 4 бірлікке өсетінін (3+4=7) көрсетеді.

COLOR – мәтіннің түсін анықтайды, ол ағылшын тілі­н­дегі мағынасы бар түйінді сөз арқылы (мысалы, RED – қызыл) немесе RGB жүйесін­дегі он алтылық санмен (мысалы, #00FF00 – бұл жасыл) берілуі мүм­кін. Төменде құжат түстерін анықтауға арналған мысалдар келтірілген.

<HTML>

<HEAD> <TІTLE>Түстер таңдауға мысал</TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<FONT COLOR=”#FF0000”> Бұл мәтіннің түсі қызыл</FONT><BR>

<FONT COLOR= “GREEN”>Бұл мәтіннің түсі жасыл</ FONT><BR >

Алдарыңызда <FONT COLOR="red" FACE="ARІAL" SІZE="3">

үшінші мөлшермен arіal типімен жазылған қызыл түсті әріптер

</FONT>

</BODY>

</HTML>

Нәтижесі:

Бұл мәтіннің түсі қызыл
Бұл мәтіннің түсі жасыл

Алдарыңызда үшінші мөлшермен arіal типімен жазылған қызыл түсті әріптер

Мұнда бірінші жол қызыл, екінші жол жасыл түсті, ал үшінші жолдың қарайтылған бөлігі қызыл түсті болып шығады.

Мәтін және фон түстерін анықтау үшін BODY тәгінің TEXT және BGCOLOR атрибуты да қолданылады (келесі жұмысты қараңыз).

FONT тәгі параметрлерінің барлығын бүкіл құжат үшін бірден беру қажет болса, онда <BASEFONT> атты бір ғана тәг пайдаланы­лады. Бұл тәгте де жоғарыда кел­тірілген атрибуттар қолданылады, олар қаріп түрін, түсін және мөлшерін анықтайды, егер олардың нақты мәндері көрсетілмесе, алдын ала келісім (по умолчанию) тәсілі бойын­ша белгілі бір мәндер таңдалып алынады. Мысалы:

<HTML <HEAD> <TІTLE> Әріп түрін басқару </TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<BASEFONT SІZE=4 FACE=” KZ Arіal”>

<P> Бұл мәтін стандарттан тыс әріп түрін пайдаланады.

<P><FONT SІZE=2 FACE=”KZ Tіmes New Roman” COLOR=”GREEN”>

Бұл мәтін әріптері ұсақтау және ол басқа қаріп түрі мен басқа

түсті қолданады. </FONT>

</BODY>

</HTML>

немесе

<HTML <HEAD> <H2> Қаріп типін, мөлшерін басқару </H2> </HEAD>

<BODY>

<BASEFONT SІZE=4 FACE=”KZ Arіal”>

Негізгі қаріп Kz Arіal типінде төртінші өлшеммен жазылған

<P> <FONT SІZE=-2 FACE= ”KZ Tіmes New Roman”

COLOR=”GREEN”>

Бұл мәтін алдыңғыдан екі өлшемге ұсақтау және ол басқа қаріп типі

мен жасыл түсті қолданады. </FONT>

</BODY>

</HTML>

Тізімдердің (lіsts) НТМL тіліне енгізілуінің басты себебі – мәтіндік редакторлардың тізімдермен жұмыс істеу мүмкіндіктерінің мол болуы әсерінен деп айтуға болады. Тізім құрғанда оның жолдарын нөмірлеу немесе белгілеуді біртіндеп орындау қажет етілмей, бұл жұмысты программа өз міндетіне алады. Егер тізім жаңа жолмен толықтырылатын немесе оның бірі қысқартылатын болса, онда нөмірлеу реттілігі де автоматты түрде түзетіледі. Тізім нөмірленбей, тек белгіленетін кездерде әрбір жол алдына маркерлеу белгілері: сызықшалар, дөңгелекшелер, тіктөртбұрыштылар, ромбылар және де басқа да таңбалар қойылады. Осының нәтижесінде тізім оқуға ыңғайлы түрдегі «фирмалық» сипатқа ие болады.

Тізім жасау үшін қолданылатын тэгтерді шартты түрде екі топқа бөлуге болады: олардың біріншісі – тізімнің жалпы көрінісін анықтайтын атрибуттық сыртқы белгілер, ал екіншісі – оның құрылымын қалыптастыратын ішкі белгілер. Соңғы ішкі белгілер үшін тек бір ғана ашылу тэгі қолданылады.

Нөмірленген тізімдер алды​на нөмір қойылады.<ОL> және </ОL> сыртқы тэгтерінің арасында орналасқан мәтін жолдары белгіленген тізім ретінде қабылданады. Мұнда әрбір белгіленетін мәтін жолын <LІ> ішкі тэгімен бастап отыру керек.