Lt;DL> тәгі арқылы жазылатын анықтау тізімдері

Анықтау тізімдері <DL> (definition list) тәгі арқылы жазылады да, алдыңғы­лардан аздап өзгешелеу болып ке­леді. Мұнда <LI> тәгі орнына <DT> (definition term – анықталатын термин) және <DD> (definition definition – анықтаманың анықтамасы) белгілері жазылады. Осы­лар­ды 4-3 мысал ретінде қарастырып, программа мәтінінен үзінді келтірейік:

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 4-3 мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY text= green> <H3 ALIGN = CENTER>

Анықтау тізімдері </H3>

<DL>

<DT>HTML

<DD> HTML (HyperText Markup Language) термині – “гипермәтіндік белгілеу тілі” деген сөз. Оның алғашқы нұсқасын Европадағы элементар бөліктер физикасы лабораториясының қызметкері Тим Бернерс-Ли жасап шығарған болатын.

<DT>HTML құжаты

<DD> Тіркелу аты *.htm (Unix жүйелеріндегі файлдарда

*.html) болып келген мәтіндік файл.

</DL> </BODY> </HTML>

Осы программа жұмысы нәтижесінде экранға мынадай мәлімет шығады:

HTML

HTML (HyperText Markup Language) термині – “гипермәтіндік белгілеу тілі” деген сөз. Оның алғашқы нұсқасын Европадағы элементар бөліктер физикасы лаборато­рия­сының қызметкері Тим Бернерс-Ли жасап шығарған болатын.

HTML құжаты

Тіркелу аты *.htm (Unix жүйелеріндегі файлдарда *.html)

болып келген мәтіндік файл.

<LI> тәгі сияқты <DT> және <DD> тәгтерінің жабылмай, жалғыз жазыла­ты­нына назар салыңыздар.

Егер терминдер анықтамасы қысқаша түсіндірі­летін болса, онда <DL COMPACT> белгісін пайдалануға болады. Енді төмендегідей 4-4 мысалды программа үзіндісі түрінде қарастырайық:

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 4-4 мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY text= green> <HR> <H3 АLIGN=CENTER>

Қысқаша анықтамалар </H3>

<DL COMPACT>

<DT>АБАЙ

<DD> XIX ғасырдағы қазақ ақыны, әрі ағартушысы

<DT> ҚҰРМАНҒАЗЫ

<DD> XIX ғасырдағы қазақ сазгері, атақты күйші

<DT> МАХАМБЕТ

<DD>XVIII ғасырдағы қазақ ақыны, әрі батыры – жыр

семсері

</DL>

</BODY>

</HTML>

Бұл программа экранға мынадай мәтін шығарады:

АБАЙ XIX ғасырдағы қазақ ақыны, әрі ағартушысы

ҚҰРМАНҒАЗЫ XIX ғасырдағы қазақ сазгері, атақты күйші

МАХАМБЕТ XVIII ғасырдағы қазақ ақыны, әрі батыры –

жыр семсері

Абатталған тізімдер

Кез келген тізімдегі элемент ішіне басқа да тізім түрлері енгі­зі­ліп, қабаттасқан тізімдер құрастырылуы да мүмкін. Бірақ мұндай қабатталған тізімдерді жиі қолдансақ, ол мәтінді экранға көпсатылы түрде шығарып, оның ұзындығын арттырып жібереді. Сондықтан оларды тек керек кезінде ғана қолдан­ған дұрыс деп саналады.

Қабатталып орналасқан тізімдерді мәтін мазмұндары мен әр түрлі жоспарлар дайындауда қолданған тиімді болып табылады. Осындай тізімдер ұйымдастыруды қысқаша мынадай 4-5 мысал­мен көрсетейік:

<HTML> <HEAD> <TІTLE> 4-5 мысал </TІTLE> </HEAD>

<BODY>

<H1 ALIGN=center> HTML бірнеше тізім түрлерін ұйымдастыра

алады </H1>

<DL>
<DT> Нөмірленбеген тізімдер

<DD> Нөмірленбеген тізім элементтері сол жақтан арнайы таңбамен белгіленіп, мәтін аздап оңға таман жылжып орналасады:

<UL>
<LІ> 1 элемент
<LІ> 2 элемент
<LІ> 3 элемент
</UL>
<DT> Нөмірленген тізім жолдары

<DD> Нөмірленген тізім элементтері сол жақтан нөмірлер арқылы

белгіленіп орналасады:

<OL>

<LІ> 1 элемент
<LІ> 2 элемент
<LІ> 3 элемент
</OL>
<DT> Анықтау тізімдері
<DD> Мұндай тізімдер алдыңғы екеуінен күрделірек, бірақ

оқуға ыңғайлы болады.

<P> Тізімдерді бірінің ішіне бірін жазып қабаттастыруға болады,

бірақ мүлде көп деңгейлер жасап, бұл тәсілмен тым

әуестеніп кету қажет емес екені есте болсын.

<P > Тізімдегі бір элемент ішінде бірнеше абзацтар тұруы мүмкін.

Ондай абзацтар сол жақ шеттен бірдей қашықтыққа ығысып

орналасады. </P>

</DL>

</BODY>

</HTML>

Осы программа нәтижесі:

HTML бірнеше тізім түрлерін ұйымдастыра алады Нөмірленбеген тізімдер Нөмірленбеген тізім элементтері сол жақтан арнайы таңбамен белгіленіп, мәтін аздап оңға таман жылжып орналасады: · 1 элемент · 2 элемент · 3 элемент Нөмірленген тізім жолдары Нөмірленген тізім элементтері сол жақтан нөмірлер арқылы белгіленіп орналасады: 1. 1 элемент 2. 2 элемент 3. 3 элеменn Анықтау тізімдері Мұндай тізімдер алдыңғы екеуінен күрделірек, бірақ оқуға ыңғайлы болады. Тізімдерді бірінің ішіне бірін жазып қабаттастыруға болады, бірақ мүлде көп деңгейлер жасап, бұл тәсілмен тым әуестеніп кету қажет емес екені есте болсын. Тізімдегі бір элемент ішінде бірнеше абзацтар тұруы мүмкін. Ондай абзацтар сол жақ шеттен бірдей қашықтыққа ығысып орналасады.

Маркерленген тізім тэгі:
Нөмірленбеген тізім үшін әдетте тізімдегі элементті белгілеуге маркерді қолданады. Ал маркердің түрін, заң бойынша, қолданушы таңдайды. <UL> тэгі өзіне TYPE және COMPACT. параметрін қоса алады. Оның disc, circle, square деген белгілері бар.

Атрибут Атқаратын қызметі
<UL TYPE=disc><LI> disc </UL> ​ ·disc
<UL TYPE=circle><LI> circle </UL> o​ circle
<UL TYPE=square><LI> square </UL> ​ §square

Бұл белгілер маркердің түрін береді. Жазбаған жағдайда автоматты түрде disc жазылады.