Жүректен жүрекке» шеңбері

– «Өзін-өзі тану әлемінде» адамдар бір-біріне тек қана жақсы, жағымды, мейірімді сөздер айтады. Ендеше, «Жүректен жүрекке» деп аталатын шеңбер құрайық.

– Сендер адамдар шеңберге тұрғанды неліктен жақсы көреді деп ойлайсыңдар?

(Балалардың жауаптары.)

– Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.

Ұға білсең мені сен,

Бақытыммен бөлісем.

Жүрек сөзін жалғаймын,

Бәрін саған арнаймын!

– Бүгін – тамаша күн. Біздің көңіл-күйіміз жақсы. Біз бір-бірімізбен ойнап, Махаббатқа, Қуанышқа, Бақытқа өз жүрегімізді арнап отырмыз. Сондықтан біздің шеңберіміз «Жүректен жүрекке» деп аталады.

Балалар, Махаббат періштесі беріп жіберген «Ризашылық әнін» айтып көрейік.

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын бүгінге,

Ризамын қазірге.

Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге,

Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!

– Біз бір-бірімізге, бүгінгі күнге, жақын туыстарымызға, мейірімді сөздерге, ойындарға, әндерге, жалпы әлемге рақмет айтамыз.

Шаттық шеңбері

– Балалар, сендермен кезекті сабағымызда кездескеніме өте қуаныштымын. «Өзін-өзі тану» сөзін естеріңде сақтағандарыңа өте қуаныштымын. «Өзін-өзі тану» әлеміне саяхатымызды жалғастырып, біз адам, табиғат , өзіміз туралы өте қызықты мәліметтер аламыз.

Бір-бірімізге қарайық. Мен сендердің көздеріңнен қуаныш пен қызығушылық көріп тұрмын.

Сендерді «Шаттық шеңберіне» шақырамын. Кәнеки, бір-бірімізбен амандасайық!

Армысың, Әлем!

Армысың, Жарық күн! (Қолдарын жайып, көкке көтереді.)

Армысың, абзал Адам! (Қолдарын алға созады.)

Армысың, менің досым!

Жүректен жүрекке» шеңбері

Саяхатымыздың соңында қол ұстасып, бір-бірімізге күлімдей қарап, өз қуанышымызды мынадай сөздермен білдірейік.

Мына сұлу әлемде,

Адам өмір сүреді.

Үлкен менен кішіге,

Күн сәулесін төгеді.

– Күнге қол бұлғайық! Әрбір адам күннің көзіне қарап қуанады. Ол бізді өзінің нұрымен жылытады, біздің тезірек өсуімізге көмектеседі.

– Рақмет, балалар! Сау болыңдар!

Шаттық шеңбері

– Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін саяхатымызда «Өзін-Өзі тану» әлемінде Махаббат періштесі бізге есімдер туралы әңгімелейді.

Сендердің барлығыңның есімдерің өте әдемі. Қандай есімдер екенін көрейік. Ортаға шығып, шаттық шеңберін құрайық, есімдерімізді дауыстап айтайық.

Тез тұра ғой, өтінем,

Кім болады есімің?

(Балалар есімдерін айтады да, тәрбиеші барлық балалардың есімдерін қайталайды.)

– Балалар, бүгін шынымен де сендердің есімдеріңнен көңілді шеңбер құрдық.

Жүректен - жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!

– Бәріміз қол ұстасып, шын жүректен былай деп айтайық.

Есімімді сүйемін!

Оны аялай білемін!

(Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.)

– Балалар, рақмет! Сау болыңдар!

Шаттық шеңбері

– Балалар, мен сендерді – қыздар мен ұлдарды көргеніме өте қуаныштымын. Сендерді шын көңілмен шаттық шеңберіне шақырамын. Барлығымыз, қыздар мен ұлдар араласып тұрайық та, бір-бірімізбен амандасайық:

Жарқырап күнде ашылды, Айналаға гүл шашылды Қайырлы күн! Біз нәзік қыздармыз! Қайырлы күн! Біз ержүрек ұлдармыз! Тәрбиеші шеңбердің ішімен жүреді, бірде ұлға, бірде қызға кезек-кезек қарап айтады. Қолдарын бір-біріне ұстатады. Балалар бір-бірінің көздеріне қарайды да, күлімдейді.

Шаттық шеңбері

– Сәлеметсіңдер ме, қыздар мен ұлдар! Таңертеңнен бері мен қуаныш сезіміне бөленіп жүрмін, өйткені сендермен кездесуді асыға күттім. Ал сендер «Өзін-өзі тану» сабағына келе жатқанда қуандыңдар ма?

Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:

Кел, балалар, күлейік,

Күлкіменен түлейік.

Қабақ түйген не керек?

Көңілді боп жүрейік.

Жүректен жүрекке» шеңбері

– Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі- көңіл ажары !

Күліп өмір сүрейік!

Шаттық шеңбері

– Қайырлы күн, қымбатты балалар! Бүгін мен сендерді ерекше көңіл-күймен қарсы алып тұрмын. Сендер үшін бір керемет әрі жақсы нәрсе жасағым келіп тұр.

Кәнеки, өзіміздің шаттық шеңберімізде тұрып, Махаббат періштесі сыйлаған «сиқырлы таяқшаны» бір-бірімізге бере отырып, жақсы сөздер мен игілікті тілектер айтайық. Осы таяқшаның көмегімен біз мейірімді сиқыршыға айналамыз. Балалар, мен өзімнің тілегімді бірінші айтайыншы:

Бақыт, шаттық тілеймін,

Ертемен барлық балаға.

− Ал енді мен Айдосқа «сиқырлы таяқшаны» берейін. Айдос, айта қойшы, сен достарыңа не тілегің келеді?

Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:

Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!

Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!

Мен бәріңе Мейірім тілеймін!

Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!

Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін! Және т.б.

– Жарайсыңдар, балалар! Енді, достарың сендерге жақсы тілектер айтып жатқанда қандай күйде болғандарыңды айта қойыңдаршы?

(Балалардың жауаптары.)

− Рақмет! Біз сондай жақсы сөздер, жылы-жылы лебіздер естідік! Олардың бәрі орындалады, өйткені сендер доссыңдар және оның бәрін шын жүректен айттыңдар.