Лем елдерінің даму қарқыны әр түрлі болуының әлемдік экономикаға тигізетін әсерлерін сипаттаңыз.

Қазіргі кезде жекелеген елдер мен аймақтар әлемдік экономикада алатын орны жөнінен бір-бірінен үлкен айырмашылық жасайды. Әлем елдерінің экономикасы әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнын және әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін сипаттауда:

1) ел экономикасының типі;

2) жерінің ауданы және оның игерілу деңгейі;

3) халқының саны мен еңбек ресурстарының құрылымы;

4) жалпы жиынтық өнімнің (ЖЖӨ) көлемі мен құрылымы;

5) халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасы;

6) елдің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны сияқты маңызды көрсеткіштердің жиынтығы пайдаланылады.

Әлем барша халықтың көз алдында жедел өзгеруде. Бұдан жарты ғасыр бұрын әлемдік ЖІӨ-нің 60-70 пайызы “үлкен сегіздіктің” үлесіне тиген болса, қазіргі кезде әлемдік ЖІӨ-нің 60 пайызын өзге елдер өндіреді екен.

90-шы жылдарға дейін экономиканың өсу қарқыны көрсеткіші бойынша әлем және дамушы елдерге қарағанда дамыған елдері басымдылықты дамып келді.

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап 2000-ші жылдары аралығында экономиканың өсу қарқыны көрсеткіші бойынша аз шама болсада басымдылықты даму реті бірінші дамушы елдер, кейінгі орында әлем экономикасы үлесіне иелі болса, ал дамыған елдері үшін тұрақты қарқын дамуы орын алды. Ал 2000-ші жылдарынан бастап әлемдік қаржылық дағдарысы орын алып отырған бүгінгі күнге дейінгі жағдай аралығында экономиканың өсу қарқыны көрсеткіші бойынша қазіргі заман тарихында болмаған күрт өзгерістердің куәсі болып отырмыз. Яғни, экономиканың өсу қарқыны көрсеткіші бойынша реттемеде дамыған ЭДДҰ елдері ақырын дамуы орын алса, әлем экономикасы үшін жылдам өсу, ал дамушы елдері үдемелі өсу қарқынымен дамыды. Тіптен бұл жаңа қарқыны даму құбылысы ұзақ мерзімді және бұрынғы жағдайлар қайтып келместей өзгергендігін негіздейді.

Дамушы елдер бүгінде тек экономикасын дамытып қана қоймай, әлемдік қызмет көрсетуде де белсенділік таныта бастады. Бәсекелестік жоғары технологиялық салаларда да арта түсті. Бұл экономикалық дамуда теңсіздікке соқтырып, бай және кедей елдер арасындағы алшақтықты өршітуде. Әлем елдерінің даму қарқынының әр түрлі болуы экономикалық құлдыраудың себебі болуы мүмкін, сонымен қатар әлемдік экономикадағы құрылымдық өзгерістердің де себепшісі болуы ықтимал. Соңғы үш оңжылдықта дамыған және дамушы елдер арасындағы экономикалық алшақтық азайды, бірақ та соған қарамастан жүздеген миллион адам кедейшілікте өмір сүріп келеді. Әлемдік экономиканың даму қарқынының мардымсыз азаюы бүкіл әлем елдері үшін қатты әсер етуі мүмкін.

17. Әлемдік экономиканың табиғи ресурстарының маңызы мен құрылымына қысқаша сипаттама жасаңыз.Дүниежүзіндегі елдердің табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу дәрежесі әркелкі. Табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілу көрсеткіші алуан түрлі ресурстардың қор мөлшерінің арақатынасымен және оның пайдаланылу ауқымымен байланысты. Табиғи шикізат қорлары – қажеттті ресурстар.

Маңызы: Адамзаттың әлеуметтік- эканомикалық прогрестің шыңдарына шығуы оның табиғаттың әр түрлі сыйлықтарын – табиғи ресустарды пайдалануымен барынша тығыз байланысты. Адамның табиғи ресустардың әр түрін қажетсінуі біркелкі емес. Мысалы, табиғаттың баға жетпес сыйлығы – оттегінсіз адам бірнеше минут те тіршілік ете алмайды, ал ядролық отын уран мен плутонийсіз мыңдаған жыл өмір сүрді.Өз кезегінде қоғамдық өндіріске тартылып, онда сан мәрте түрленіп өзгерген шикізат материалдары экономикалық ресустарға айналады. Осылайша, табиғат элементтері оларға еңбек сіңуі нәтижесінде еңбек құралдары, ғимараттар, материалдық игіліктер болып шығады. Қазіргі заманғы әлемдік өнеркәсіп орасан көп мөлшерде шикізат қолданады. Табиғи шикізат қорларының экономикаға әчері қазіргі таңда зерттелуде.

Құрылымы:

1. Минералды шикізат ресурстары(қазба байлықтар)

2. Жер, су, орман (жер ресурстары)

3. Биологиялық ресурстар (өсімдік, жануар)

4. Климаттық (рекреациялық).

Табиғи байлықтармен қамтамасыз етілу бойынша елдер:

1. Табиғи ресурстары жеткіліксіз

2. Табиғи ресурстары жеткілікті

3. Табиғи ресурстары артық

Елдің табиғи байлықтарының молдығы елдердің салыстырмалы артықшылығы болып табылады. Табиғи ресурстардың экономикадағы рөлі ауысып отырады. Қазіргі кезде маңызды – отын-энергетика, рудалық байлықтар, рудалық емес байлықтар.

Минералды шикізаттар: отын-энергетика, рудалық және рудалық емес байлықтар.

Минералды шикізат:

1 . орнын толтырылатын

2. Орынын толтырылмайтын

Табиғи байлығы бойынша Қазақстан 6 орында, 1 орында Ресей

Табиғи ресурстар:

1. Барланған

2. Анықталған

3. Болжамды запастар

Қазақстан мұнай қоры бойынша 12 орында. 1 орын-венесуэлла, 2 орын-канада, 3орын-Сауд арабиясы.

Газ: 1.Ресей 2. Иран 3. Катар

Энергия көзі – көмер, уран (Қазақстан 2 орында). Жел, күн, су, жер асыт қазулары – қалпына елетін энергия көздері. Ресми металдардың 97% Қытайда.

Жердің 38% ауыл шаруашылық жерлер:

Айдалатын жерлер

Жайылымдар мен шабылымдар

Көп жылдық дақылдар

Қазақстанда жан басына шаққанда 2 га.

Қазақстанның ұлттық экономиканың тұрақты дамуы мен қауәпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен арылтып тұр.

Қазақстандық Минералды шикізат:

Қаржы түсімдерін қамтамасыз ететін стратегиялық кен байлықтар – мұнай, газ, көмір, уран

Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі – темір, марганец, мыс

Сыртқы нарықта сұранысы жоғары – күміс, фосфор, барит.

Қазақстанда 200-дей мұнай мен газ кен орындары бар: 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 – мұнай-газ конденсат, 6 мұнай-газ. Барланған мұнай 2,2 млрд. Көмірдің геологиялық қоры 16,4 млрд т.

ҚР минералды шикізат базасы 5004 кен орнынан тұрады, болжамды құны 46 трлн долл.

18. Әлемдік экономиканың минералдық-шикізат ресурстарына сипаттама беріп, олардың экономикалық дамудағы орны мен рөлін анықтаңыз.Адамзат қоғамының минералды – шикізат ресурстарын пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес. Бұл қордың қатарына металл жөне металл емес затгардың кен көздері — мұнай, газ, тас көмір жөне жер асты сулары жатады. Аталған дүниеліктердің пайда болуы немесе қайта қалпына келуіне қарағанда, оларды пайдалану қарқыны өте жоғары болғандықтан, олар сарқылатын қор түріне жатады. Бүл орайда, аталған дүниеліктерді, олардан алынатын шикізаттарды қалдыксыз өндеудің орасан зор маңызы бар екендігін атап өту қажет.Минералды шикізат қатты (кентастар, көмір), сұйық (мұнай, су), газ (табиғи жанғыш және инерттік газдар) күйінде кездеседі, үздіксіз өтетін эндогендік, экзогендік процестер нәтижесінде пайда болады.

Елдің табиғи байлықтарының молдығы елдердің салыстырмалы артықшылығы болып табылады. Табиғи ресурстардың экономикадағы рөлі ауысып отырады. Қазіргі кезде маңызды – отын-энергетика, рудалық байлықтар, рудалық емес байлықтар.

Минералды шикізаттар: отын-энергетика, рудалық және рудалық емес байлықтар.

Минералды шикізат:

1 . орнын толтырылатын

2. Орынын толтырылмайтын

Табиғи байлығы бойынша Қазақстан 6 орында, 1 орында Ресей

Табиғи ресурстар:

1. Барланған

2. Анықталған

3. Болжамды запастар

Қазақстан мұнай қоры бойынша 12 орында. 1 орын-венесуэлла, 2 орын-канада, 3орын-Сауд арабиясы.

Газ: 1.Ресей 2. Иран 3. Катар

Энергия көзі – көмер, уран (Қазақстан 2 орында). Жел, күн, су, жер асыт қазулары – қалпына елетін энергия көздері. Ресми металдардың 97% Қытайда.

Қазақстанның ұлттық экономиканың тұрақты дамуы мен қауәпсіздігінің маңызды кепілі. Қуатты минералдық шикізат базасының қазіргі жай-күйі шет елдердің кен қазбаларына тәуелділіктен арылтып тұр.

Қазақстандық Минералды шикізат:

1. Қаржы түсімдерін қамтамасыз ететін стратегиялық кен байлықтар – мұнай, газ, көмір, уран

2. Қазақстанның индустриялық бет-бейнесінің негізі – темір, марганец, мыс

3. Сыртқы нарықта сұранысы жоғары – күміс, фосфор, барит.

Қазақстанда 200-дей мұнай мен газ кен орындары бар: 102 мұнай, 29 мұнай-конденсат, 30 – мұнай-газ конденсат, 6 мұнай-газ. Барланған мұнай 2,2 млрд. Көмірдің геологиялық қоры 16,4 млрд т.

ҚР минералды шикізат базасы 5004 кен орнынан тұрады, болжамды құны 46 трлн долл.

 

 

19. Әлемдік шаруашылықтың еңбек ресурстарын талдап, олардың қазіргі кездегі мәселелерін көрсетіңіз.Еңбек ресурсы деп еңбек шаруашылығымен айналысуы үшін физикалық дамуы мықты, ақыл қабілеті және білімі бар тұрғындардың бір бөлігін айтамыз. Оларға жұмысқа жарамды жастағы адамдар, жұмыс жасап жүрген зейнеткерлер және еңбекке қабілетті жастан жас жұмыс істеп жүрген жеткіншектер жатады.

Экономикалық белсенді халық қатарына Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша әлемде 10 жастан 72 жасқа дейін аралықты қамтиды. Бірақ бұл көрсеткіш әр елде әртүрлі. Мысалы:

Африкада 10 жастан

АҚШ-та 16 жастан

Ресейде 15 жастан

Қазақстанда 16 жастан басталады.

Экономикалық белсенді халық- жұмыс істеп жүрген және белсенді жұмыс іздеп жүрген халықтың бір бөлігін айтады. Ол ХХ ғасырдың аяғында әлем халқының жартысын яғни -47,8% құраса, оның ішінде 60%-ы еркектер, 40%- әйел адамдарды құрайды.

Экономикалық белсенді халық әлемнің заманауи демографиялық дамуына байланысты Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияда - 55%-ы, Оңтүстік Азияда -20%-, ал өндірісі дамыған мемлекеттерде 16% -ы шоғырланған.
Еңбек ресурстарын келесі топтармен құрастыруға болады:

1) жынысы бойынша;

2) жасы бойынша;

3) білім деңгейі бойынша;

4) тұратын жері бойынша;

5) сала бойынша жұмысбастылығы;

6) кәсібі бойынша.

Еңбек ресурстарының сапалық көрсеткіштері:

Білім деңгейі

Жұмысбастылықтың салалық құрылысы

Жұмыс күшінің кәсіптілік-біліктілік құрылысы

Өндірісі дамыған елдерде дамушы елдерге қарағанда жұмыс күшінің сапасынан, яғни жалпы білім беру деңгейінен, жоғары квалификациялы мамандардың санынан,жұмыс күшінің мобильділігінен озады. Дамушы елдерде тек жоғары және орта білімі барлармен ғана еңбек ресурстарының сапасы анықталмайды, соған қоса сауаттылықтың деңгейі де қарастырады. Сауаттылығы төмен елдерде көп елдерде еңбек өндірісінің төмен деңгейін көрсетеді, яғни бұрынғы шаруашылық түрін тоқтатып қояды,техникалық прогресті тежейді.

Барлық мемлекеттерде көрініс тауып жатқан үрдіс- ауыл шаруашылық саласында жұмысбастылық үлесі азайып, ал қызмет көрсету саласында ұлғайып жатқаны Даму деңгейі барынша жоғары елде, бұл тендеция соншалықты көрінеді.

Экономикалық белсенді халықтың категориясының тез өсуі- орта маманданған және жоғары білімі бар жұмысшылардың ғылымды қажетсінетін өндірісте жұмыс істеуі. Бұл тенденция барлық елдер тобында көрініс табады..

Дамыған және экономикасы өтпелі елдерде қызметкерлер категориясы кәсіптік құрылымында саны бойынша екінші орынды алады.Постиндустрияландырудың нәтижесі ретінде барлық елдер тобында қызмет көрсету саласында жұмысшылар саны қарқынды өседі.

Еңбек ресурстарының қазіргі өзекті мәселелері - әлемдік деңгейде жұмыспен қамту, еңбек миграциясы, жастар және зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтар арасындағы жұмыссыздық жайы. Бүгінгі таңда жастар мен зейнеткерлік жасқа дейінгі азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі қай елде болмасын өзекті мәселеге айналып отыр. Осы ретте, Еуропалық комииссияның мәліметінше, жалпы жаһандық үрдісте қартаюға байланысты демографиялық өзгерістер байқалып отыр. Зейнет жасына таяған азаматтар санының өсуіне байланысты әр-түрлі кедергілерге (дискриминация) ұшырап, жұмысқа орналасу мәселесі қиындап кеткен.жастар күшінің дұрыс қолданылмауы тұрғындары қартайып бара жатқан елдер үшін шешуші рөл атқарады. Жастардың жұмысқа аз қабылдануы - түсетін салық көлемінің де аздығын көрсетеді. Бұдан бөлек, ұзақ уақыт жұмыссыз болған азаматтардың жұмыс табу мүмкіндігі барған сайын азая түседі, олардың еңбек жолындағы жалақылары да төмен болады.Женевада (Швейцария) орналасқан Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 15 пен 24 жас аралығындағы азаматтардың 13 пайызы - шамамен 75 миллион адам жұмыссыз қалған. Көптеген білікті жастар жарты жалақыға немесе қара жұмыс істеуге мәжбүр.