Лемдік еңбек рыногына сипаттама беріңіз, жұмысшы күшінің халықаралыық миграциясының салдарларын көрсетіңіз.

Еңбек ресурсы деп еңбек шаруашылығымен айналысуы үшін физикалық дамуы мықты, ақыл қабілеті және білімі бар тұрғындардың бір бөлігін айтамыз. Оларға жұмысқа жарамды жастағы адамдар, жұмыс жасап жүрген зейнеткерлер және еңбекке қабілетті жасы жас жұмыс істеп жүрген жеткіншектер жатады.

Экономикалық белсенді халық қатарына Халықаралық еңбек ұйымының әдіснамасы бойынша әлемде 10 жастан 72 жасқа дейін аралықты қамтиды.

Еңбек ресурстарының сандық аспектілері:

Еңбек ресурстарының басты бөлігін экономикалық белсенді халықты құрайды. Экономикалық белсенді халық- жұмыс істеп жүрген және белсенді жұмыс іздеп жүрген халықтың бір бөлігін айтады. Ол ХХ ғасырдың аяғында әлем халқының жартысын яғни -47,8% құраса, оның ішінде 60%-ы еркектер, 40%- әйел адамдарды құрайды.

Экономикалық белсенді халық әлемнің заманауи демографиялық дамуына байланысты Оңтүстік және Оңтүстік-шығыс Азияда - 55%-ы, Оңтүстік Азияда -20%-, ал өндірісі дамыған мемлекеттерде 16% -ы шоғырланған

Экономикалық белсенді халықтың сапалық көрсеткіштері:

• Білім деңгейі

• Жұмысбастылықтың салалық құрылысы

• Жұмыс күшінің кәсіптілік-біліктілік құрылысы

Білім деңгейі

Өндірісі дамыған елдерде дамушы елдерге қарағанда жұмыс күшінің сапасынан, яғни жалпы білім беру деңгейінен, жоғары квалификациялы мамандардың санынан,жұмыс күшінің мобильділігінен озады. Дамушы елдерде тек жоғары және орта білімі барлармен ғана еңбек ресурстарының сапасы анықталмайды, соған қоса сауаттылықтың деңгейі де қарастырады. Сауаттылығы төмен елдерде көп елдерде еңбек өндірісінің төмен деңгейін көрсетеді, яғни бұрынғы шаруашылық түрін тоқтатып қояды,техникалық прогресті тежейді.

Жұмысбастылықтың салалық құрылысы:

· Ауылшаруашылығында жұмысбастылықтың меншікті салмағы минималды деңгейіне жетті: Ұлыбританияда - 2,5%; АҚШ - 3,1%; Германии и Швеции - 5,6:%; Франции - 8%; Японии - 10%.

• Өндіріс және құрылыс саласында ақырындап жұмысбастылық деңгейі төмендеп барады: Японияда- 31,4%, Италии - 38%;.Франции - 32%; Великобритании - 36,6%; АҚШ - 27,9%, Канаде - 26%.

• Қызмет көрсету саласында жұмысбастылықтардың үлесінің өсуі жалғасып жатыр: АҚШ-та - 59%; Канаде и Великобритании - 57%; Швеции - 59,5%; Франции - 52%; Японии - 50%; Италии - 44,7%

• Барлық десе жұмысбастылықтың үлесі ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығына топталған. ( Индонезияда -56%; Пакистане -51%; Египте - 35%).

Жұмыс күшінің кәсіптілік-біліктілік құрылысы

• Барлық мемлекеттерде көрініс тауып жатқан үрдіс- ауыл шаруашылық саласында жұмысбастылық үлесі азайып, ал қызмет көрсету саласында ұлғайып жатқаны Даму деңгейі барынша жоғары елде, бұл тендеция соншалықты көрінеді.

• Экономикалық белсенді халықтың категориясының тез өсуі- орта маманданған және жоғары білімі бар жұмысшылардың ғылымды қажетсінетін өндірісте жұмыс істеуі. Бұл тенденция барлық елдер тобында көрініс табады..

Дамыған және экономикасы өтпелі елдерде қызметкерлер категориясы кәсіптік құрылымында саны бойынша екінші орынды алады.

· Постиндустрияландырудың нәтижесі ретінде барлық елдер тобында қызмет көрсету саласында жұмысшылар саны қарқынды өседі.

Еңбек миграциясының теріс және оң салдары бар:

Теріс жақтары:

1. Активті эмиграция экономика, ғылым, техниканың кейбір бағыттарының дамуын баяулатады.

2.Қоғам халықтың ең интелектуалды тобы, жоғары кәсіби, іс-әрекет белсенділігі бар ғылыми-еңбек потенциалын жоғалтады.

3.Халықтың кетуі елдегі демографиялық жағдайға әсер етіп, оның қартаюына әкеледі.

Оң жақтары:

1.Кәсіби ұтыс: кәсіби білімнің жоғарылауы, нарықтық экономикамен танысып, оны басқару әдістерін білу.

2. Экономикаға валюта қаржыларының келуі

3. Еңбек рыногындашиеленісті төмендету.

 

21. Әлемдік қаржы ресурстарының түсінігі, көздері және түрлерін анықтап, олардың әлемдік экономикадағы атқаратын рөлін сипаттаңыз. Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орталқтан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады. Қаржы ресурстарының көздері: белгілі бір кезеңде жаңадан жасалған таза табыс, ұлттық байлықтың бір бөлігі (бұрыннан қорланған қаражат), қарыз алу, сыртқы көздерден тартылған қаражат. Қаржы ресурстарының жұмсалу арналары алуан түрлі. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен салықтар мен алымдар, мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сатудан алынған түсімдер, елдің босалқы алтын қорын сатудан, мемлекеттік облигациялар мен бағалы қағаздарды шығару мен сатудан алынған қаражат, мемл. кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда, сыртқы және ішкі қарыз алу жолымен алынатын ақшалай қаражат, сақтық қорлары мен сақтандыру қорларын, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарын пайдалану жолымен алынған қаражат есебінен құралады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың, коммерция ұйымдардың) қаржы ресурстары негізінен өндірістік-кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс алу, акционерлік капитал қалыптастыру, үлеспұлдық және жарғылық жарналар жинау, меншікті мүлікті жалға беру, сату, қарызға қаражат алу, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, шет ел инвестицияларын тарту, сақтандыру өтемдерінің түсімі, айыппұлдық шаралардан түскен қаражат нәтижесінде құралады. Қаржы ресурстарының көздеріне:1. Жалпы қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстың өсуі;2. Сыртқы экономикалық қызметтен түскен табыстар;3. Шаруашылық айналысына тартылған ұлттық байлықтың бір бөлігі;4. Қарыз қаражаттары жатады.Әлемдік қаржы орталықтары, ірі көлемдегі халықаралық капитал шоғырланған және түрлі халықаралық қаржы операциялары кең ауқымда жүргізіледі. Әлемдік қаржы орталықтары дамуының аса маңызды үрдістері – операциялардың ауқымын кеңейту; дамушы елдерде орналасқан осындай орталықтар санының көбеюі; белгілі бір орталықта белгілі бір операция түрлерінің мамандануы және шоғырлануы. Орталық инфрақұрылымының негізін әдетте қор құндылықтарымен операциялар жасайтын аса ірі биржалармен тығыз байланысқан ұлттық және ұлтаралық банкілер құрайды. Ірі брокерлік кеңселер мен түрлі инвестициялық қорлар да айтарлықтай рөл атқарады. Қазіргі кезде қаржы инфрақұрылымы ақпараттық инфрақұрылыммен толығуда. Әлемдік қаржы орталықтары – халықаралық валюталық, несиелік және қаржы операцияларын жүзеге асыратын, құнды қағаздармен, алтынмен келісім жасайтын бан- ктер мен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттарының шоғырланған орталықтары. Ертеде, олар ұлттық нарықтар базасында құрылған еді, кейін әлемдік, валюталық, несиелік, қаржылық нарықтарда, алтын нарықтары негізінде құрылды. Бүгінгі таңда, осындай орталықтарға Лондон, Нью-Йорк, Токио, Цюрих, Люксембург, Майндағы Франкфурт, Сингапур және басқа да орталықтар кіреді. Лондон. Ұлыбритания, атап айтатын болсақ Лондон бүгінгі таңда негізгі әлемдік қаржы орталығы болып та- былады. Аталған қаржы орталығы бүкіл әлемде инвес- торлардан тартылған қаражат көлемі бойынша бірін- ші орынды алады. Күнделікті валютамен жасайтын келісімдерінің мөлшерінің өзі шамамен, 500 млрд. долл. құрайды.Лондонда негізгі әлемдік алып компаниялардың өкілдіктерінің орналасуы тарихи қалыптасқан жағдай. Қазіргі күні шетелдік инвестициялық банк­тер операцияларының 80 пайызға жуығы Лон­дон арқылы жасалынады.

Әлемдік қор рыногындағы мұнан кейінгі орын Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур қалаларындағы қаржы орталықтарына тиесілі. Ша­ғын ғана Гонконг қаласы осы жағдайға байланысты өзінің экономикасының көлемі жағы­нан 9-шы орын алса, мұндағы қаржы орталы­ғы жасалынатын қаржы операцияла­рының көле­мі жағынан бүкіл дүние жүзі бойынша үшінші орынға көтеріліп отыр. Ол бүгінгі күні Еуропаға қарағанда барынша жедел даму үстіндегі Азияның басты қаржы орталығы атанып отыр.

Әлемдегі төртінші ірі қаржы орталығы болып Сингапур қаласы табылады. Мұнда халық­аралық деңгейдегі аса ірі қаржы мекемелері шоғырлан­ған. Оның ұдайы жетілдіріліп отыратын нормативтік базасы, сенімді макроэкономикалық жағдайы, сонымен қатар барған сайын өсіп келе жатқан Азия қаржы рыногындағы алатын орны халықаралық инвестициялар үшін барынша тартымды бола түсуде.

 

 

22.Капиталдың әлемдік рыногына түсініктеме беріп, оның әлемдік экономикалық дамудағы рөлін анықтаңыз.

Халықаралық капиталдар қозғалысы, оның елдер арасындағы белсенді миграциясы халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды формасы мен бөлігі болып табылады. Халықаралық капиталдар рыногы қазіргі заманда әлемдік экономиканың ісәрекетінде, халықаралық шаруашылық байланыстарын дамытуда анықтауыш элемент болып табылады.

Капиталды шетке шығару бұл жүйелі түрде пайда алу және басқадай экономикалық, саяси ұтыс мақсаттарында ақшалай немесе тауар түріндегі құндылықтардың шет елге ауысуы. Капиталдың шет елге ауысуы дегеніміз бір елдің ұлттық айналымымнан капиталдың бір бөлігін алып, оны қабылдаушы елдің өндірістік немесе айналым процесіне әр түрлі формалар арқылы ауыстыру процесін айтамыз.

Капиталды шетке шығару арқылы капиталистік ұдайы өндірістің қалыпты әрекет етуінің күрделі мәселелері шешіліп, елдің тауарлы экспортының өсуіне әсер етеді. Осының нәтижесінде капитал экспорттаушы елде машина, құралжабдыққа ішкі сұраныс өсіп, пайда нормасының төмендеу тенденциясы тоқтатылады.

Қазіргі кезеңде елдер арасындағы капитал ауысуы үшін барлық алғышарттар бар, ол халықаралық еңбек бөлінісі мен халықаралық өндірістің кооперациясымен күшейтілуде.

Капиталдың шет елге ауысу себептері арасынан донор елдегі капиталдың салыстырмалы артықшылығы ерекшеленеді. Бұл капиталды шет елде үлкен пайда алу мақсатында орналастырып, дивиденд немесе пайыздар арқылы пайда лау үшін жүзеге асырылады.

90 жылдарға дейін әлемде тиімді пайдалануды қажет ететін резервті капиталдың зор көлемдері қалыптасты. Олар сақтандыру компаниялары, зейнеттік, сенімділік, инвестициялық және тағы басқадай қорлар арқылы жинақталады.

20 ғ екінші жартысында капиталды шетке шығару үнемі өсуде. Капитал экспортының өсу қарқыны тауарлы экспорт пен өндірісі дамыған елдердің ЖІӨ өсу қарқынынанда асуда. Капиталды шетке шығару көлемінің күрт өсуі кезінде оның халықаралық миграциясы күшеюде.

Капитал қозғалысы халықаралық тауар саудасынынң субституты болып табылатындықтан, оның негізінде де тауар экспортындағыдай себеп жатыр: рынокты кеңейту, жоғары пайда алу, шет ел ресурстарын сатып алу, саяси мақсаттар.

Капитал экспорты, оның белгілі әрекет етуінің принциптеріне сәйкес әртүрлі формада жүзеге асады. Өзінің формасы бойынша шетелдік капитал салымдары әртүрлі болуы мүмкін. Шығу көздері бойынша мемлекеттік және жекеменшік капиталға бөлу қабылданған. Мерзімі бойынша қысқа, орта, ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Пайдалану мақсаты бойынша шет елдік салымдар кәсіпкерлік және қарыз болып бөлінеді. Кәсіпкерлік инвестициялар тікелей және портфелді болады.

23. Әлемдік экономиканың алтын-валюта қорларының экономикалық маңызын көрсетіп, оларға жалпы шолу жасаңыз.

Алтын валюта қоры - мемлекеттік ұлттық банкі мен қаржы органдарында сақталатын алтын және шетелдік валюта қоры. Бұған халықаралық валюта-несие ұйымдарындағы алтын мен шетелдік валюта енеді. Алтын валюта қоры құрамына: алтын және басқа да қымбатты металдар;банкнот және тиын түріндегі шетелдік валюталар; шетелдерде сақталатын банк қаражаты; ұлттық банкіде сақталатын валюталық құнды заттар; халықаралық танымға ие резервтік активтер; шетелдік үкіметтер мен халықаралық қаржы мекемелерінен берілген кепілдікті аудармалы вексельдер кіреді. Алтын және басқа қымбат металдар халықаралық төлемдердің күшін сақтау үшін кепілдік-сақтық қор ретінде пайдаланылады. Олардан басқа валюта нарығына интервенция көмегімен өз валютасының сыртқы курсын қолдау үшін ұлттық банк шетелдік валюта түрінде қор сақтайды. Алтын валюта қорымен жасалатын шаралардан түсетін табыс көзінің бірі - банкаралықдепозиттер. Қазақстан ұлттық банкісінің қаржы ісіндегі халықаралық тәжірибеде қолданылатын күрделі тәсілдерді пайдалана білуі алтын-валюта қорын көбейтуге мүмкіндік туғызады.

Алтынвалюта активтерін басқарудың мақсаты активтердің ликвидтілігімен сақталуын, сатылу күшінің сақталуын қамтамасыз ету, сондайақ табыстың жоғарылауын қамтамасыз етеді.

Елдердің алтын резервтерін сақтау себептері

1. Ресми активті резервтердің диверсификациясы

2. Физикалық қорғаныс

3. Экономикалық тұрғыдан қорғалғандық

4. Кіріс

5. Сақтандыру

6. Сенім

7. Бірқатар ақша қызметін атқарушы қаржылық актив.

 

Қазіргі кезде алтын қоры 3 түрлі формада болады:

1. қазыналық және мемлекеттік банктердегі орталықтандырылған қоры ретінде;

2. заңды және жеке тұлғалардың(банк, фирма) жекеменшік жинақтамалары;

3. Алтын металл экономика саласында қолданылады,мысалы: зергерлік және тіспротездік бағытта

 

Резерв бойынша әлем елдерінің тізімі:

1. Қытай 3497 млрд. USD

2. Жапония 1274 млрд. USD

3. Еуродақ 903 млрд. USD

4. Сауд Арабиясы 614 млрд. USD

5. Швейцария 530 млрд. USD

6. Ресей 471.6 млрд. USD

7. Бразилия 378 млрд. USD

8. Оңтүстік Корея 323 млрд. USD

 

24. Қазіргі кездегі әлемдік экономикадағы сыртқы қарыздың мәселелерін анықтап, олардың экономикалық өсуге тигізетін әсерлерін көрсетңіз. Сыртқы борыш - шетелдік кредиторлар турасында белгілі бір күнге, белгіленген мерзімде өтеуге жататын елдің қаржылық міндеттемелерінің сомасы. Елдің сыртқы борышының болуы орынды әлемдік практика болып саналады. Алайда, оның шегі болады, ол шектен мемлекеттік борыштың артуы қауіпті бола бастайды. Мемлекеттік сыртқы қарыз алу бойынша тартылатын қаражаттардың көлемі - елдің Ұлттық банкінің таза алтын-валюта резервтерінің 50 пайызынан acпауы тиіс. Сыртқы қарыздарды көптен-көп ауқымда тарту кредитор - елдерге экономикалық және саяси тәуелділікке ұрындыруы мүмкін.

Сыртқы борыштың болуы жасалынған өнімнің бір бөлігін елден тыс жерге берудің қажеттігін білдіреді. Мемлекеттік борыш бойынша пайыздық төлемдердің тез өсу үрдісі бар. Мұндай төлемақыларболашақ экономикалық дамуды тежейді және реципиент-ел бюджетінің тапшылығын ұлғайтады.

Сыртқы борыштың өсуі сонымен қатар реципиент-елдің халықаралық абыройын төмендетеді және ел үкіметінің саясатына халықтың сенімін кетіреді. Ірі және созылмалы тапшылықтардың және мемлекеттік борыштың болуының келеңсіз зардаптары микроэкономикалық тұрақтылықтың бұзылуымен бірігеді.

Инвестициялардың «ығыстыру әсерінен» басқа, мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша пайыздың жоғары деңгейі шетел капиталын тартады, бірақ қаражаттардың мұндай ағыны сыртқы борыштың өсуін білдіреді. Шетел инвестицияларын отандық бағапы қағаздарға жүмсаудың артықшылығы Ұлттық валютаға сұранымды арттырады және халықаралық валюта рыногында оның бағамының өсуін тудырады. Валюта бағамының артуы экспорттың қымбаттауына және импорттың арзандауына жеткізеді, мұның нәтижесінде экспорт қысқарады, ал импорт артады. Сауда балансы теріс сальдоға саяды. Таза экспорт жиынтық сұранымның компоненті болатындықтан, оның қысқаруы немесе теріс сальдосы Ұлттық өндіріске тежеушілік ықпал жасайды.

Қазақстанға қарыз беруші негізгі елдер - Нидерланд, Ұлыбритания және Қытай. Ұлттық банк дерегінше, Қазақстанның бұл елдерге қарызы 72 миллиард доллардан асқан. Қазақстан ұлттық банкі дерегінше, 2013 жылдың үшінші тоқсаны қорытындылары бойынша, елдің сыртқы қарызы 148 миллиард АҚШ доллары болған.

Қазақстан ең көп қарыз алған елдер мен ұйымдар - Нидерланд (33 миллиард 800 миллион доллар), Ұлыбритания (22 миллиард 300 миллион доллар), Қытай (16 миллиард 600 миллион доллар), халықаралық ұйымдар (12 миллиард 500 миллион доллар) және АҚШ (11 миллиард 400 миллион доллар). Қазақстанның ірі инвесторлары ретінде көбінесе АҚШ пен Қытай аталғанымен, Қазақстанның ең көп қарыздар елі елі - Нидерланд.

2014 жылдың тоғыз айындағы есеп бойынша, халықтың жан басына шаққанда Қазақстанның сыртқы қарызы (фирма аралық берешектерді қоспағанда) 4 мың 400 долларды құрады. Сарапшылардың есебінше, 2013 жылы халықтың жан басына шаққанда ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) 12 мың 886 доллардан келген. Яғни ЖІӨ-нің үштен бірі - елдің сыртқы қарызы.

25. Әлемдік экономикадағы қаржы және басқа да көмектердің экономикалық мәнін көрсетіңіз.Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы. Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орталқтан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады. Қаржы ресурстарының көздері: белгілі бір кезеңде жаңадан жасалған таза табыс, ұлттық байлықтың бір бөлігі (бұрыннан қорланған қаражат), қарыз алу, сыртқы көздерден тартылған қаражат. Қаржы ресурстарының жұмсалу арналары алуан түрлі. Мемлекеттік қаржы ресурстары негізінен салықтар мен алымдар, мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сатудан алынған түсімдер, елдің босалқы алтын қорын сатудан, мемлекеттік облигациялар мен бағалы қағаздарды шығару мен сатудан алынған қаражат, мемл. кәсіпкерлік қызметтен алынған пайда, сыртқы және ішкі қарыз алу жолымен алынатын ақшалай қаражат, сақтық қорлары мен сақтандыру қорларын, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарын пайдалану жолымен алынған қаражат есебінен құралады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің (кәсіпорындардың, коммерция ұйымдардың) қаржы ресурстары негізінен өндірістік-кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс алу, акционерлік капитал қалыптастыру, үлеспұлдық және жарғылық жарналар жинау, меншікті мүлікті жалға беру, сату, қарызға қаражат алу, мемлекет тарапынан қаржылық қолдау, шет ел инвестицияларын тарту, сақтандыру өтемдерінің түсімі, айыппұлдық шаралардан түскен қаражат нәтижесінде құралады.Әлемдік қаржы орталықтары, ірі көлемдегі халықаралық капитал шоғырланған және түрлі халықаралық қаржы операциялары кең ауқымда жүргізіледі. Әлемдік қаржы орталықтары дамуының аса маңызды үрдістері– операциялардың ауқымын кеңейту; дамушы елдерде орналасқан осындай орталықтар санының көбеюі; белгілі бір орталықта белгілі бір операция түрлерінің мамандануы және шоғырлануы. Қазіргі кезде қаржы инфрақұрылымы ақпараттық инфрақұрылыммен толығуда. Әлемдік қаржы орталықтары – халықаралық валюталық, несиелік және қаржы операцияларын жүзеге асыратын, құнды қағаздармен, алтынмен келісім жасайтын бан- ктер мен мамандандырылған несиелік-қаржылық институттарының шоғырланған орталықтары. Ертеде, олар ұлттық нарықтар базасында құрылған еді, кейін әлемдік, валюталық, несиелік, қаржылық нарықтарда, алтын нарықтары негізінде құрылды. Бүгінгі таңда, осындай орталықтарға Лондон, Нью-Йорк, Токио, Цюрих, Люксембург, Майндағы Франкфурт, Сингапур және басқа да орталықтар кіреді. Лондон. Ұлыбритания, атап айтатын болсақ Лондон бүгінгі таңда негізгі әлемдік қаржы орталығы болып та- былады. Аталған қаржы орталығы бүкіл әлемде инвес- торлардан тартылған қаражат көлемі бойынша бірін- ші орынды алады. Күнделікті валютамен жасайтын келісімдерінің мөлшерінің өзі шамамен, 500 млрд. долл. құрайды.Лондонда негізгі әлемдік алып компаниялардың өкілдіктерінің орналасуы тарихи қалыптасқан жағдай. Қазіргі күні шетелдік инвестициялық банк­тер операцияларының 80 пайызға жуығы Лон­дон арқылы жасалынады.

Әлемдік қор рыногындағы мұнан кейінгі орын Нью-Йорк, Гонконг, Сингапур қалаларындағы қаржы орталықтарына тиесілі. Ша­ғын ғана Гонконг қаласы осы жағдайға байланысты өзінің экономикасының көлемі жағы­нан 9-шы орын алса, мұндағы қаржы орталы­ғы жасалынатын қаржы операцияла­рының көле­мі жағынан бүкіл дүние жүзі бойынша үшінші орынға көтеріліп отыр. Ол бүгінгі күні Еуропаға қарағанда барынша жедел даму үстіндегі Азияның басты қаржы орталығы атанып отыр.

Әлемдегі төртінші ірі қаржы орталығы болып Сингапурқаласы табылады. Мұнда халық­аралық деңгейдегі аса ірі қаржы мекемелері шоғырлан­ған. Оның ұдайы жетілдіріліп отыратын нормативтік базасы, сенімді макроэкономикалық жағдайы, сонымен қатар барған сайын өсіп келе жатқан Азия қаржы рыногындағы алатын орны халықаралық инвестициялар үшін барынша тартымды бола түсуде.