Мемлекеттік құпияларға жататын мәліметтер

 

Қырғыз Республикасының заңында заңнамамен бекітілген мұндай мәліметтердің тізімі жоқ, бұл сұрақты шешу Қырғыз Республикасының Үкіметінің құзырлығына жатады. Қазақстан мен Ресейдің заңнамалары мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтер шеңберін ҚР заңы мен РФ заңында тура анықтаған және оларды келесі санаттар бойыша топтастырған:

Әскери саладағы мәліметтер;

Экономика, ғылым мен техника саласындағы мәліметтер;

Сыртқы саясат пен экономика саласыдағы мәліметтер;

Барлау, контрбарлау және жедел іздестіру мен басқа да қызмет саласындағы мәліметтер.

Алайда ҚР мен РФ заңдарын салыстырып талдау барысында көрсетілген топтардың әрқайсысына енгізілген мәліметтердің санындағы айырмашылық көзге түседі.

Мемлекеттік құпияға жататын мәліметтердің қазақстандық тізімі айтарлықтай кең және анағұрлым нақты. Мысалы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жататын экономика, ғылым және техника саласындағы мәліметтер тізімінде отыз бес тармақ бар, ал РФ Заңындағы осындай тізімде ол алтау ғана.

Әрине, көрсетілген тізімдер тек көлемімен емес, мазмұнымен де өзгешеленеді. Мысалы, ресейдік заңнамаға қарағанда ҚР Заңы әскери саладағы мемлекеттік құпияларға келесілерді ашатын мәліметтерді жатқызады:

Қаруландыру мен әскери техниканы дамытудың бағыттарын, ұзақ мерзімді болжамдар және жоспарларды;

Зымыран жанармайының қасиеттерін, рецептурасы мен өндіру технологиясын;

Барлық байланыс түрлерін ұйымдастыру мен қызмет етуді, соның ішінде қалааралық магидстральды байланыс желісінің географиялық координаттарын;

Ғарыштық инфрақұрылым, гидронавтиканың дамуы мен оны қолданудың болашағын және басқа мәліметтерді.

Қазақстанмен ғана мемлекеттік құпияларға жатқызылған экономика, ғылым мен техника саласындағы мәліметтер қатарында келесі мәліметтерді атауға болады:

Қазақстан Республикасында ғылыми-техникалық прогрестің болжамалы бағаларын ашатын мәліметтер және олардың әлеуметтік-экономикалық зардаптары;

Республикалық бюджеттің шығындары туралы мәліметтер (жалпылама көрсеткіштерді қоспағанда);

Маңызды қорғаныс және экономикалық мәні бар топографиялық, геодезялық немесе картографялық қызмет нәтжелерін ашатын мәліметтер;

Мемлекет қорғанысының мүддесіне қолданылуы мүмкін метрополитендер және басқа құрылғылар туралы мәліметтер;

Тұрғылықты халқының аны 300 адамнан асатын қалаларды сумен қамтамасыз ету сызбасын ашатын мәліметтер;

Жаңа банкноттарды және Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының монеталарын шығару және оларды ауыстыру туралы мәліметтер, егер соңғысы банкноттар мен монеталарды айналымнан алып тастауға алып келсе (мерейтойлық және ескерткіштіктен басқа), шешімді қабылдау күнінен бастап және осы мәліметтерді оларды айналымға шығару туралы жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдарына беретін уақытқа дейін.

Ресей, қазақстан және Қырғыхстан заңнамаларын салыстыра талдауға қайта орала отырып қарастырылып отырған заңның әрқайсысы құпиялауға жатпайтын мәліметтерді дәл анықтап беретінін атап өту қажет, соның ішінде:

Азаматтардың өауіпсіздігі мен денсаулығына қауіп төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар туралы, сонымен қатар дүдей апаттар, олардың ресми болжамдары мен зардаптары туралы мәліметтер;

Экология, денсаулық сақтау, санитария, білім беру, мәдениет, ауыл шаруашылығының жағдайы, сондай-ақ қылмыс жағдайы туралы мәліметтер;

Мемлекеттің азаматтарға, лауазымды тұлғаларға және ұйымдарға ұсынатын айрықша құқықтар, өтемақылар және жеңілдіктер туралы мәліметтер;

Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу деректері туралы мәліметтер;

Мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, олардың лауазымды тұлғаларымен заңдылықты бұзу деректері туралы мәліметтер.

ҚР заңымен мемлекеттік құпиялар тізіліміне Қазақстан Республикасы Президенті мен оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудщі ұйымдастыру, жұмсалатын күштер, құралдар мен әдістер, денсаулық жаңдайы мен жеке өмірі иуралы мәліметтер де енгізілген, ал ресейлік заңнама РФ жоғарғы лауазымдық тұлғаларының денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді құпиялауға тікелей тыйым салады. Қырғызстан Республикасының Заңы бұл сұрақ бойынша өз позициясы тралы ештеңе айтпайды.

Жасыруға жатпайтын мәліметтерге заңнамалардың қатыстылығын салыстыруды жалғастыра отырып, ҚР Заңы басқа екі заңмен салыстырғанда осындай мәліметтер қатарында демография, саяси, әлеуметтік және басқа себептермен жаппай репрессияға ұшырау туралы, сондай-ақ қымбат бағалы металл мен бағалы тастардың үкіметтік (бюджеттік) қоры туралы ақпаратты атап көрсететінін атап өткен жөн. РФ Заңы керісінше, Мемлекеттік қбағалы металдар мен бағалы тастар қорындағы платина, платина тобының металдарының, табиғи алмаздардың қоры туралы мәліметтерді мемлекеттік құпияға жатқызады.

Тағы бір қызықты дерек, Қырғызстан Республикасының заңына сәйкес табиғи ресурстарды пайдалану туралы мәліметтер құпия болып саналмайды, ал Қазақстан мен Ресей бұл мәселеде басқа позицияны ұстанады. РФ мен ҚР заңдарына сәйкес ресурстық әлеует, жер қойнауындағы баланстық қорлар, пайдалы қазбалардың стратегиялық түрлерін табу, өндіру және қолдану туралы деректер мемлекетті құпияға жатқызылған.