Келісім шарт пен өнертабыстар

 

Өнертабыстардың құқықтық қорғауын жетілдіруге ықпал ете отырып Келісім шарт екі басты кешенді міндеттерді шешуді мақсат етеді. Бірінші міндеті - өнертабысқа тапсырыс берудің халықаралық жүйесін бекіту. Бұл жүйе Келісім шарттың қатысушы-мемлекеттерінде ұлттық тапсырыстарды берумен теңестірілетін бір халықаралық тапсырысты беруді қарастырады, мұнда өнертабысты қорғау, өнертабыстың техника деңгейін анықтау бойынша халықаралық іздеуді жүргізу, өнертабыстың жаңашылдық критерийлеріне, өнертабыстылық деңгейіне және өнеркәсіптік қолданғыштығына сәйкестілігін тексеретін алдын ала халықаралық сараптама жүргізу сұралады.

Аталған міндетті шешудің мақсаты – ұлттық патенттік ведомстволармен бір уақытта бірнеше елдерде бір өнертабсықа берілген тапсырысты өңдеу үрдісін көшіруді жоққа шығару, сонымен қатар тапсырыс берушінің осы елде қорғау алуын жеңілдету мен үнемді ету.

Екінші міндет – ақпаратты жинау мен тарату және техникалық көмекті ұйымдастыру өнертабсықа берілген тапсырысты халықаралық жариялау арқылы жүзеге асырады.

Келісім шарттыі негізгі мазмұны халықаралық тапсырыс және халықаралық іздеу туралы ереже, сонымен қатар халықаралық алдын ала сараптама туралы ереже болып табылады.

Ол қатысушы-мемлекеттердің де, халықаралық тапсырыс берушілердің де құқықтары мен міндеттерін реттейді. Келісім шартқа қосымша берілген нұсқаулықта халықаралық тапсырыс беру мен рәсімдеудің негізгі талаптары бар, халықаралық іздеулер мен халықаралық алдын ала сараптама жүргізудің тәртібін реттейді. Қазіргі уақытта тапсырысты қарау мен РСТ жүйесі бойынша қорғау грамоталарын беру процедурасын екі фазаға бөліп қарайды – халықаралық және ұлттық.

Халықаралық фазаға халықаралық тапсырыс беру, алдын ала сараптама жасау мен іздеу жатады. Ұлттық фаза патенттік ведомствомен патенттерді ішкі заңнама талаптарына сәйкес беруді білдіреді. Бір фазадан екінші фазаға өту арнайы нормалармен реттеледі.

Халықаралық тапсырыста келесілер болу қажет:

- өтініш;

- өнертабысты сипаттау;

- формула;

- сызбалар (егер олар қажет болса);

- реферат;

- тапсырыс баж салығын төлеу жөніндегі түбіртек.

Халықаралық тапсырысты беру ЗМБҰ халықаралық бюросының пайдасына қалықаралық міндетті төлеуді өтеумен бірге болады, ол негізгі төлемнен және халықаралық тапсырысқа өтініш берушімен сұралатын ұлттық және аймақтық қанша патенттер көрсетілген төлемдер, халықаралық іздеу органына іздеу жұмыстарына төлем және алатын ведомствоға жіберу төлемінен тұрады.

2004 жылдың 1 қаңтарынан РСТ өзгертілген ережесі заңды күшіне енді. Сонымен қатар негізгі төлем мен белгілеуге арналған төлем енді болмайтын болды және халықаралық тапсырыс беруге бірыңғай төлем енгізілді. Төлемдер мөлшері:

1. беруге - 1400 шв. фр. 30 бетке дейін;

2. өндеу үшін - 200 шв. фр.

Бұл төлемдердің барлығы алатын ведомстводан өндіріледі және осы ведомствомен қол қойылған валютада төленеді. РСТ рәсімдері бойынша тапсырыс берудің құны орта есеппен 500-ден 1000 долларға дейінді құрайды. Тапсырыс зерттеу бірлігінің тәртібін қанағаттандыру қажет және лық іздеу органы қызмет ететін тілде берілу қажет. Халықаралық іздеу органы мәртебесін бірнеше ұлттық ведомстволар алды: Австрия, Австралия, Испания, Қытай, Кәріс, Ресей, АҚШ, Швеция, Жапония және Еуропалық патенттік ведомство. Халықаралық іздеу органы қызметінің нәтижесі техника бойынша есебі болып табылады. Шет ел патенттерді талап ету рәсімі бірінші дрыс ресімделген тапсырысты берген күннен бастап 30 ай көлемінде жүзеге асырылады. Мұнымен қоса, басымдық күнінен бастап 12 ай өткенше қалықаралық тапсырыс «алатын ведомство» деп аталатын өтініш берушінің ұлттық ведомствосына беріледі. Қалған 18 ай ішінде келесі әрекеттер жасалады:

— халықаралық тапсырысты алушы ведомство оның формально талаптарға сәйкестігін тексереді және бір данасын халықаралық бюроға, еінші данасын халықаралық іздеу органына жібереді (13 ай өткенге дейін);

— халықаралық іздеу органымен халықаралық іздеуді жүргізу және оның нәтижесі бойынша, сараптама өткізу кезіңде көңілге бөлуге қажет құжаттардың тізімі көрсетілген іздеу туралы есеп жасайды (14-16 ай);

— халықаралық іздеу органымен өтініш берушіге және халықаралық бюроға іздеу туралы есепті жіберу (16 ай өткенге дейін);

— өтініш берушімен іздеу материалдарымен бірге қажет болса формулаларға өзгерістер енгізу (17—18 ай), сонымен қатар өзінің зерттеуінің патенттік қабілеттілігіне баға беру және келісім бойынша «таңдалған» болатын мемлекеттердің барлығында немесе кейбіреуінде ары қарай патенттеудің мақсаттылығы туралы сұрақты шешу қажет;

— халықаралық бюромен халықаралық тапсырысты басып шығару (18 ай өткен соң);

— өтініш берушімен ұлттық төлемнің өтелуі және берілетін жақтың тіліне аударылуын беру (19-30 ай).

«Көрсетілген ведомство» атағын алған бұл елдердің әрқайсысының патенттік ведомствосында тапсырыстың ары қарайғы қаралуы ұлттық заңнама ережелері бойынша жүргізіледі.

Алғашқы халықаралық сараптаманы жүргізу туралы ережеге берілген Келісімнің қатысушы-мемлекеттерінің қосылуы бұл елдер үшін міндетті емес. Алайда қазіргі таңда елдердің көбі келісмді толығымен қабылдайды. Алғашқы халықаралық сараптаманың құзырлы органы болып сол халықаралық іздеуді жүргізетін ведомстволар табылады. Халықаралық алғашқы сараптама органы болып табылатын тек Ұлыбританияның патенттік ведомствосы ерекшеленеді.

Халықаралық алғашқы сараптаман жүргізу мақсаты – зерттеу жаңалық боып табыла ма, оның зерттеушілік деңгейі бар ма және өндірісте пайдалануға болатыны жөнінде алғашқы қорытындыны жасау. Қорытындысында зерттеудің патенттік қабілеттілігі туралы қорытынды жасалмайды және Келісім бойынша «таңдалған» ведомство деп таңылған ұлттық патенттік ведомство халықаралық алғашқы сараптама қорытындысының көшірмесін алған соң ұлттық ведомствомен белгіленген критерийлерге сәйкес соңғы тексеру жүргізеді. Мұнда тапсырысты елдерге бергенде патенттеу 30 айға созылады, мұнымен қоса өтінішат беруіне болады. Бұл уақытқа дейін тапсырыс материалдары «таңдалған» елдің ресми тіліне ұлттық заңнамаға сәйкес толығымен аударылып бітуі қажет, патенттік қолдаушылары тағайындалуы керек және ұлттық төлемдер төленуі керек.