Тауарлық белгіні беру

 

Тауардың барлығына немесе бір бөлігіне қатысты тауарлық белгіге берілетін ерекше құқық құқық иесімен басқа заңды тұлғаға немесе жеке тұлғаға тауарлық белгіге берілетін ерекше құқықты беру туралы келісім шарт негізінде берілуі мүмкін. Егер тұтынушыны тауарға немесе оны шығарушыға қатысты адасушылыққа алып келетін болса тауарлық белгі берілмейді.

Тауарлық белгіні қолдану құқығы тауардың барлығына немесе оның бір бөлігіне қатысты лицензиялық келісім шарт бойынша ұсынылуы мүмкін. Лицензиялық келісім шарт бойынша лицензиаттың тауарының сапасы лицензиардың тауарының сапасынан төмен болмауы қажет және лицензиар осы шарттардың орындалуын бақылап отырады.

Тауарлық белгіге қатысты ерекше құқықты беру туралы келісім шарт және лицензиялық келісім шарт зияткерлік жекеменшік жөнінлегі атқарушы биліктің федералды органында тіркеледі. Бұл тіркеусіз аталған келісім шарттар жарамсыз болып саналады.

Тауарлық белгіге берілетін құқықтар келісім шарт бойынша коммерциялық концессияға (фрайчайзингке) берілуі мүмкін. Франчайзинг бойынша құқық иесі сыйақы үшін басқа кәсіпкерге жекелеу құралдарын қолдану құқығын ұсынады,қорғалатын коммерциялық ақпаратты береді және бизнесті ұйымдастыруда кеңестік ықпал етеді. Коммерциялық концессия өндірістік, сату және қызмет көрсету саласында болуы мүмкін.

Коммерциялық концессия келісім шарты құқық иесінің шығындарын ең аз мөлшерде шығара отырып бизнесті кеңейтуге, кәсіпкерлік тәуекелді төмендетуге, салынған капиталдың орнын өтеуге мүмкіндік береді.

 

10.6 Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг)

«Франчайзинг» термині француздың «franchise» сөзінен шыққан, бұл жеңілдік, артықшылық деген ұғымды білдіреді. Бизнесті жаңа бастап жатқандар үшін ең бағалы және пайдалы жеңілдік - пайдаланылған және өзін өзі ақтаған технологияларды, белгілі және атақты тауарлық белгілерді, білім алу және іс барысында қажетті кеңестерді алы мүмкіндігі. Франчайзинг - бұл тауарлар мен қызметтерді сату әдісі. Франчайзинг жүйесі көптеген жылдар бойы қолданылған және белгілі іскер мәмілелердің жиынтығынан, әдістер мен тәжірибелік қызметтерден пайда болған.

Егер тарихқа жүгінсек, онда сауда тәжірибесінен франчайзингті еске салатын мысалдарды табуға болады. Мұндай мысалдардың бірі – ХІІ ғасырда Лондон Сити гильдиясындағы мекемелер жүйесі. Егер нақты құқықтық терминдерді қолданса, «франшиза» сөзі құқықтарды король атынан беруді білдіреді, ал басқа елдерде, мысалы АҚШ пен Австралияда сот органдарының тұжырымдауына сәйкес «франшиза» сөзі құқықтардың мемлекеттік билікпен берілуі деенді білдіреді. Қазіргі күнге дейін Ұлыбританияда көне франшизалар бар, олар жәрмеңкелер өткізу, базарларды ұстау, паромдарды, көпірлерді ұсыну, өзендер мен су ағындары арқылы өткелдерді ұсыну құқығын береді.

Франчайзингтің заманауи әдістері АҚШ-та бастау алған, мұнда ХІХ ғасырда Азаматтық соғыстан кейін «Зингер» тігін машиналарын шығаратын компания дилерлік жүйені құрды. Алайда, франчайзинг техникасы қиялы жақсы дамыған бір жеке адамның өнертапқыштығының арқасында бірден пайда болған жоқ. Ол іскер операцияларды өткізу бойынша проблемалары бойынша кездескен бизнесмендермен жасалған шешімдерден пайда болған. ХХ ғасырдың басында автомоблиь мен алкогольсіз сусындар франчайзингтік қызметтің катализаторлары болды деп айтса да болады, бұдан кейін Говард Джонсон АҚШ-тағы өзінің атақты ресторандар желісін ашқанға дейін 30-жылдарға дейін тынышталды, ал 40 – 50 – жылдар франчайзингтік кәсіпкерлік жүйесінің аясында жұмыс істейтін заманауи алыптардың пайда болуына куә болды («Макдональдс», «Холидэй Инн», «Шератон», «Пицца Хат» және т.б.).

Қазіргі кезде франчайзингтік кәсіпкерлік жүйесі кеңінен танылған және өнідірстік дамыған елдерде белсенді түрде қолданылады. Бұл келісім шарт бойынша бір жақ екіншіге ақы үшін фирмалық атау, тауарлық белгі сияқты жекелеу белгілерін және т.б. қолдануға береді. Франчайзинг екі жақ үшін де өте тиімді болып табылады. Өз құқығын қолдануға ұсынатын жақ лицензиаттың бизнесіне қандай да бір дәрежеде бақылау жүргізеді және оның қызметінен табыс алады. Франчайзинг кешенді лицензиарды жаңа филиалдар мен кәсіпорындарды ашу, негізгі қорларды алуға қаражат салу және жұмысшыларды жалдау қажеттілігінен құтқарады. Лицензиат өз кезегінде өзінің кәсіпкерлік тәуекелін төмендетеді және салынған капиталдың орнын толтыруды жеделдетеді. Ол бөтен заңды тұлғаның нарықтағы белгілі жекелеу құралдарын қолдану арқылы бәсекелестер алдында басымдыққа ие болады. Тұтынушылар үшін франчайзинг нарықты тауарлар мен қызметтермен жылдам қанықтыру мүмкіндігімен тиімді. Мемлекет үшін – іскерлік белсенділікті арттыру мен бюджетті толықтырумен қолайлы. Бірақ оның келеңсіз тұстары да бар. Лицензиат азаматтық айналымда бөтен атпен және және бөтен жекелеу белгілерімен шығады. Бұл тұтынушыны адасушылыққа алып келуі мүмкін. Сондықтан кешенді кәсіпкерлік лицензияны заңнама жүзінде реттеу тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Бұл мақсатқа лицензиаттың сатып алушыларды оның фирмалық атауды, тауарлық белгіні, қызмет көрсету белгісін және басқа да жекелеу құралдарын кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шарты негізінде қолданатыны туралы және лицензиатқа қойылатын талаптар бойынша қосымша жауапкершілігі туралы, лицензиатпен сатылатын (орындалатын, көрсететін) тауар (жұмыс, қызмет көрсету) сапасының сәйкес келмейтіні туралы оларға көрнекі әдіспен хабардар ету бойынша міндеттері туралы нормалар жауап береді.

Франчайзингтік желілерді құрудың, монополизмге ұмтылуды және лицензиаттың құқықтарын шектеудің тұтынушы нарығы үшін белгілі бір қаупі бар. Мұндай тенденцияларға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (ары қарай – ҚР АК) 900 бабымен қарастырылған шектеу шарттары қарсы тұрады, бұл бапқа сәйкес монополияға қарсы заңнамамен қатар франчайзингтің келісімдердің шектеулерін қояды. Бұл кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шартын нормативті реттеудің тағы бір дәлелі. Соңғысы, аталған келісім шартты нормативті реттеу оның тәжірибеде таралуын белсендендіреді.

Құқықтық жіктеу тұрғысынан алғанда қазақстандық заңнамада франчайзинг келісім шарты мен кешенді к?сіпкерлік лицензия келісім шарты, синоним бола аотырып, зияткерлік жекеменшік саласындағы лицензиялық келісім шарттың бір түрі болып табылады. Сондықтан кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шарты бойынша берілетін зияткерлік жекеменшік нысандарына ҚР АК «Зияткерлік жекеменшік құқығы» 5 тарауының нормалары және авторлық ұқықтар туралы арнайы заңнама таралады.

«Кешенді кәсіпкерлік лицензия» темині шартты болып табылады және заңнамамен құқықтық қатынастың аталған тобын бөлу үшін қолданылған. Көптеген елдерде франчайзинг темині қолданылғанмен, қазақстандың заңнама ҚР АК тарауының атауында жақшаға алып айта отырып, Қазақстан Республикасында кешенді кәсіпкерлік лицензия франчайзинг деп аталатынын көрсетті. Осылайша әлемдік заңнамамен кейбір сәйкестендіру жасалды.

«Лицензия» ұғымы бір мағыналы емес және ҚР АК 45 тарауындағы ұғым Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі №2200 «Лицензиялау туралы» Жарлығындағы (ары қарай – «Лицензиялау туралы» Жарлық) реттеу құралы болып табылатын лицензия үғымымен сәйкес келмейді. «Лицензиялау туралы» Жарлықтың 1 бабының 2 тармағына сәйкес «осы Жарлықпен азаматтар мен (немесе) заңды тұлғалар арасында жасалған лицензиялық келісім шарт аясында берілген лицензиямен байланысты қатынастар реттелмейді». Кешенді кәсіпкерлік лицензия ҚР АК «Зияткерлік жекеменшік құқығы» 5 тарауындағы ұғым мен аясындағы лицензиялық келісімнің бір түрі. «Лицензиялық келісім шарт бойынша зияткерлік қызмет нәтижесіне немесе жекелеу құралына ерекше құқық иесі (лицензиар) болатын жақ екінші жаққа (лицензиатқа) белгілі бір әдіспен зияткерлік жекеменшіктің тиісті нысанын уақытша қолдану құқығын ұсынады». Лицензиялық келісім шарттың бұл ұғымынан кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шартында қолданылатын лиценщия ұғымы пайда болады (ары қарай – франчайзинг келісім шарты).

Франчайзингте тек лицензия емес кәсіпкерлік лицензия туралы айтылады. Яғни, аталған келісім шарт тек кәсіпкерлік қызмет саласында – табыс табудағы негізгі мақсат болып табылатын бастамашыл қызметте ғана мүмкін. Осыдан шығатыны, келісім шарттың жақтары тек кәсіпкерлер болуы ғана мүмкін. «Кешенді» термині бір емес, бірнеше (бірақ екеуден кем емес) ерекше құқық беріледі дегенді білдіреді. Кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шарты бойынша жақтар тек коммерциялық ұйымдар мен жеке кәсіпкер ретінде тіркелген азаматтар болуы мүмкін. Ерекше құқықтар кешенін ұсынатын келісім шарттағы жақ болып кешенді лицензиар болы табылады, ал алушы – кешенді лицензиат. Мұндай терминология кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шарты ұғымына жекелеуші ерекшелік «кешенді» ұғымын қоса отырып лицензиялық келісім шарттың жақтарына – лицензиар мен лицензиатқа сәйкес келеді.

Франчайзинг келісім шарты қайтарымды болып табылады. Рекеше құқықтарды қолдану үшін жасалатын төлемдердің түрі, әдісі және мерзімдері келісім шарт бойынша жақтармен анықталады. Кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шарты бойынша сыйақыны лицензиат лицензиарға белгіленген бір реттік немесе мерзімді төлемдер түрінде, табыстың бір бөілігн аудару, лицензиармен қайтадан сату үшін берілген көптеп сату тауарларының бағасын өсіру немесе келісім шартпен белгіленген басқа түрде төлеуі мүмкін. Әлемдік тәжірибеде келісім шартты жасағаннан кейін бірден бекітілген сомада алғашқы төлемді жасау, ал бұдан кейін тауар айналымы, қызметтер, жұмыстар бойынша соманың белгілі бір пайызын мерзімді төлеп тұру кең таралған. Оған қоса, ұсынылған кешенді кәсіпкерлік сублицензиялар үшін лицензиат әдетте лицензиарға сублицензиаттың айналымынан түскен қаражаттың белгілі бір пайызын төлейді. Әлемдік тәжірибеде алғашқы кезеңдегі шығындары төмен франчайзингтік қызмет (шамамен 25000 доллар мен 50000 долларға дейін) жеке капиталымен немесе қысқа мерзімді банктік несиелермен бірлесе қаржыландырылады. Неғұрлым көп шығын болғанда көп жағдайда ұзақ мерзімді немесе компенсациялық несиелер қолданылады. Кей жағдайларда лицензиар қаржыландырудың бөлігін өз лицензиаттарына қызметкерлерді алғашқы дайындау және лицензиялық кешенді алу үшін бағасын төлеу, сондай-ақ бастапқы тауарлық-материалдық қорды сатып алу үшін қарыздық міндеттерді шығару арқылы ұсынады.

Келісім шарт нысаны ерекше құқықтар болып табылады. «Зияткерлік жекеменшік қызметінің нәтижесіне немесе жекелеу құралына ерекше құқық болып оның иесінің өз еркі бойынша кез келген әдіспен зияткерлік жекеменшік нысанын қолданудың басым құқығы саналады». Бұл жағдайда «зияткерлік жекеменшік нәтижесіне немесе жекелеу құралына қатысты берілетін ерекше құқық материалды нысанға жекеменшік құқығына қарамастан бар болатынын» түсіну қажет.

Франчайзинг келісім шартындағы ерекше құқықтың міндетті нысандары болып фирмалық атау мен қорғалатын коммерциялық ақпарат болып табылады. Бұл элементтерді келісім шартқа қоспау қол қойылған келісімді оның атауына қарамастан франчайзинг келісім шарты деп санауға рұқсат бермейді. Сондай-ақ фирмалық атау мен коммерциялық ақпаратты қолдануға беру туралы шартты қосқанымен жақтармен франчайзинг келісім шарты деп аталмаған келісім франчайзинг келісім шарты болып табылмайды. Сондықтан фирмалық атауы бар нысаны немесе қорғалатын коммерциялық ақпараты жоқ, немесе аталған нысандары болса да франчайзинг деп аталмайтын келісім шарттарға қатысты жақтармен келісім шартта қарастырылған ережелер мен ҚР АК жалпы нормалары әрекет етеді.

Франчайзинг сұрақтары бойынша ұлттық және халықаралық құқықтық актілерде көп жағдайда франчайзинг ұғымына үшінші міндетті элемент те кіреді – бизнесті ұйымдастырудағы тұрақты кеңестік көмек көрсету. Қазақстандық заңнамада бұл лицензиардың лицензиатқа оған берілген ерекше құқықтарды қолданумен байланысты сұрақтарға қатысты кеңес беру міндетімен ауыстырылған. Мұндай кеңес беру ұзақ мерзімді емес, бір реттік болады.

«Қорғалатын коммерциялық ақпарат» ұғымы «қызметтік немесе коммерциялық құпия болып табылатын ақпарат» ұғымынан туындаған.

«Қорғалатын коммерциялық ақпарат» ұғымы ҚР АК «Ашылмаған ақпаартты заңсыз қолданудан қорғау құқығы» 55 тарауына байланысты әрекет етеді. Үшінші тұлғаларға белгісіз техникалық, ұйымдастырушылық немесе коммерциялық ақпаратты, соның ішінде өндіріс құпияларын (ноу-хау) заңды пайдаланған тұлға осы ақпаратты заңсыз қолданылудан қорғауға құқығы бар. Ашылмаған ақпаратты заңсыз қолданудына қорғау құқығы осы ақпаратқа қатысты қандай да бір нысаншылықтың (оны тіркеу, куәлік алу т.с.с) орындалуына қарамастан туындайды. Ашылмаған ақпаратты қорғау ережесі заңнамалық актілерге сәйкес қызметтік және коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерге (заңды тұлғалар, олардың мүліктік құқықтары және олармен жасалған мәмілелер туралы мәліметтер; мемлекеттік статистикалық есеп ретінде ұсынуға жататын мәліметтер) қатысты қолданылмайды.

Міндеттілерден басқа франчайзинг келісім шартында ерекше құқықтың кең таралған нысаны болып тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілері), өнертабыстар, пайдалы үлгілер, өндірістік үлгілер, тауадың шыққан жерінің атауы, ашылмаған ақпарат, соның ішінде өндірістегі құпиялар (ноу-хау) табылады. Алайда, бұл зияткерлік жекеменшік қызметінің басқа да нәтижелері мен азаматтық айналымның, тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің жекелеу құралы да бола алады. Келісім шарт нысаны болып берілетін ерекше құқықтардың кешенінен «лицензиялық кешен» ұғымы пайда болады. Франчайзинг келісімінде лицензиялық кешенге міндетті қосымша болып мүліктік құқықтар табылады, яғни іскер репутация мен коммерциялық тәжірибе.

Заңнамада іскер репутацияның анықтамасы жоқ. Қалыпты түсінікте репутация ұғымы қоғамдық маңызды сапаларының бағасына негізделген тұлға туралы қалыптасқан ұғым. Осыған сәйкес іскер репутация – бұл жеке тұлға үшін кәсіби деңгейінің бағасы, ал заңды тұлға үшін іскер қарым-қатынастағы сенім мен қызығушылық деңгейі. Өндірістік дамыған елдерде коммерциялық заңды тұлғаның іскер репутациясы «гудвилл» немесе «жақсы ат» деп аталады. Мүліктік емес құқықтың бағалық құндылығы болмайды. Алайда, іскер репутация бұл ережеге бағынбауы мүмкін. Тәжірибеде азаңды тұлғаныі іскер репутациясының құнын анықтау қиын емес. Кәсіпорынның нысандарды фирмалық атауымен бірге сатқандағы бағасы мен кәсіпорынның мүлкін құрайтын нысандардың бірлескендегі өз бағасының арасындағы айырмашылығы іскер репутацияның бағасын құрайды.

Лицензиялық кешен, іскер репутация және коммерциялық тәжірибе лицензиатқа қолдануға белгілі көлемде беріледі. Қолдану көлемі келісім шартпен белгіленеді, бірақ «өз құқығынан артық құқықты ешкім бере алмайды» қағидасының шегінен шыға алмайды. Құқықтарды қолдану көлемі қолдану аумағымен шектелуі мүмкін. Мысалы, лицензиатқа лицензиардың фирмалық атауын белгілі аумақта орналасқан нүктелерде қолдануға рұқсат беріледі, мысалы Қостанай облысында. Келісім шартта берілетін құқықтардың көлемін көрсетпеу оны лицензиаттың лицензиар қоданған көлемде қолдана алу құқығын білдіреді. Келісім шарт бойынша берілген құқықтарды қолдану көлемі қызмет саласымен, түрімен немесе басқа шарпен шектелуі мүмкін. Мысалы, келісім шартта лицензиаттың лицензиардан алған тауарды ғана сату немесе алынған құқықтарды ауылды жердегі құрылыс саласында ғана қолдану құқығы айтылған болуы мүмкін.

Заңнамалық актілермен кешенді кәсіпкерлік лицензия келісімін кәсіпкерлік қызметтің жекелеген саласында ғана қолдану бойынша шектеулер белгіленуі мүмкін.

Франчайзинг бойынша қатынастар келісім шартпен рәсімделеді. Кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шарты жазбаша түрде жасалуы мүмкін. Жазбаша түрде жасалған келісім шартқа жақтар немесе олардың өкілдері қол қоюы тиіс, егер басқа шарттар іскер айналымның дәстүрлерінен шықпаса. Келісім шартты жасау кезінде егер заңнамаға немесе жақтардың бірінің талаптарына қайшы келмесе қолды факсимильді көшіру құралдарын қолдануға жол беріледі. Жазбаша нормалар сақтамалмаған жағдайда келісім шарт жарамсыз деп танылады. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тіркелуі тиіс ерекше құқықтарға қатысты келісім шарттар осындай тіркеу жасалған кезде ғана жарамды деп саналады. Біздің жағдайда зияткерлік жекеменшік нысандары болып табылатын барлық келісім шарттар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеуге жатады.

Тіркеу кешенді кәсіпкерлік лицензия туралы ақпаратты белгілеп көрсетеді. Тұтынушылар құқығын қорғау белгілі бір сапаны күтумен байланысты тауарлар мен қызметтерді жасаушы туралы барынша мүмкін ақпаратты талап етеді.

Әлемдік тәжірибеде франчайзинг бір келісім шартпен және оған сәйкес қосымшалармен рәсімделеді. Қазақстандық тәжірибе 90 жылдардың ортасында аталған мәселе бойынша қалыптасқан жоқ, себебі франчайзингтік желілер болмаған. Ресей Федерациясында осы кезеңде франчайзингті енгізудің бастамасы туралы ғана айтуға болады, негізінен, жылдам тамақтану саласында. Бұл жағдайда бір келісім шарттың орнына тәжірибеге үш жеке келісім шартты қолдану енгізілген: тауарлық белгіні қолдану бойынша, сатып алу және франчайзингтік қызметтің басқа проблемаларын шешу бойынша қондырғыларға қызмет көрсету бойынша. Сатып алу мен қондырғыларға қызмет көрсету келісім шарты лицензиатты ғимаратты жабдықтаумен байланысты қажетті дизайнмен, архитектурамен және инженерлік қолдаумен қамтамасыз етеді. Бұл мақсаттарда лизинг келісім шартын қолдану батыс тәжірибесіне қарағанда Қазақстан Республикасы мен Ресей федерациясында таралған. Франчайзингтің бір жалпы келісім шартын бірнеше жекелеген келісім шарттарға бөліп лицензиарлар осылайша лицензиаттың қызметіне бақылау жасау оңай екенін анықтады. Келісім шартта міндеттер нақты көрсетілген жағдайда лицензиарлар өз құқықтарын сотта тиімді қорғау алады.

Заң лицензиардың міндеттерін анықтайды және лицензиардың міндеттері ретінде лицензиатқа техникалық және коммерциялық құжаттарды, сонымен қатар келісім шарт бойынша ұсынылған құқықтарды жүзеге асыруға қажетті басқа да ақпаратты беруді қарастырады. Берілетін ақпараттың көлемі мен мерзімдері келісім шартпен белгіленеді. Лицензиардың міндеті лицензиатты оған берілген құқықтарды жүзеге асырумен байланысты сұрақтар бойынша оқыту және кеңес беру болып табылады. Келісім шартта ақпаратты беру шарттары мен мерзімдері, оқыту мен кеңес беру туралы айтылмаған жағдайда аталған позициялар ицензиардың өз еркі бойынша анықталады. «Техникалық және коммерциялық құжаттарды беру» ұғымына лицензиатқа келісім шартта көрсетілген лицензияларды беру, оларды белгіленген тәртіпте рәсімделуін қамтамасыз ету де кіреді. Егер кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шартымен басқасы қарастырылмаса, лицензиар лицензиаттың келісім шарт негізінде шығаратын (орындайтын, көрсететін) тауарының (жұмыстар мен қызметтердің) сапасын бақылап отыруға міндетті. Келісім шартта лицензиардың басқа да міндеттері қарастырылуы мүмкін.

Лицензиарға қарағанда лицензиат үшін жылдам орындауы тиіс және өзгермейтін міндеттер қарастырылмаған. Лицензиат міндеттері келісім шартпен айнала сызылып көрсетіледі. Алайда, егер басқасы келісім шартпен қарастырылмаса, лицензиат, біріншіден, келісім шартта көрсетілген қызметті жүзеге асыру барысында лицензиардың лицензиялық кешенін келісім шартта көрсетілгендей қолдануы тиіс. Екіншіден, лицензиат лицензиарды өзінің өндірістік аумағына кіргізуге, оған қажетті құжаттарды ұсынуға және ұсынылған ерекше құқықтардың дұрыс қолданылуына бақылау жасауға қажетті ақпаратты алуға көмек көрсетуге міндетті. Лицензиат лицензиарға кез келген уақытта қалыпты жұмыс күнінің шегінде кәсіпорынға инспекция жүргізу құқығын ұсынуы тиіс. Лицензиат инспекция кезінде анықталған кез келген кемшіліктерді шұғыл түрде жою үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Егер қандай да бір себептермен лицензиат анықталған кемшілікті лицензиар ұсынған уақыт ішінде жоя алмаса лицензиар аталған кемшіліктерді лицензиар есебінен жөндеуге құқылы.

Көп жағдайда кешенді кәсәпкерлік лицензия үшін төлемдер көлемі сату көлемі мен лицензиат табысына байланысты. Сондықтан лицензиаттың қажетті ақпаратты ұсыну міндеті лицензиардың қажеттілігінше бухгалтерлік есеппен, құжаттармен және лицензиаттың есебімен танысу құқығына сәйкес келеді. Мұндай құқық лицензиарға лицензиаттың сатылымдарын бақылауға және франшиздік кәсіпорынның қызметін қадағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Лицензиат барлық сатылымдарды, төленген салықтарды және басқа да төлемдерді ұқыпты құжаттамалап қоюы тиіс. Бұл деректер лицензиарға үнемі ұсынылып отыратын есептерде болуы тиіс, соның ішінде салық органдарына ұсынылатын құжаттарда. Есептердің қате болуымен күресу үшін басқа елдердің тәжірибесінде келісім шартта аталған бұзушылықтар үшін айыппұл қарастырылған. Оған қоса, лицензиар лицензиат бухгалтериясына тәуелсіз аудиторлық тексеру жүргізуге құқылы. Осындай тексеру кезінде лицензиат ұсынған есепте қандай да бір сомалардың азайтылып көрсетілгені анықталса, лицензиат шұғыл түрде лицензиардың талабы бойынша айырманы және келісім шартта көрсетілген айыппұлды төлеуі тиіс. Лицензиаттың бухгалтерлік есептерінде осындай және басқа бұзушылықтарды анықтаған жағдайда лицензиардың аудит кезінде жұмсалған шығындарын да лицензиатқа өтетуге құқылы.

Үшіншіден, лицензиат үшін лицензиардың қолдануға берген ерекше құқықтарын қолдану сипаты, әдістері және шарттарына қатысты, соның ішінде лицензиаттың келісім бойынша ұсынылған құқықтарын жүзеге асыру барысында қолданатын коммерциялық ғимаратты ішкі және сыртқы безендіруге қатысты барлық нұсқаулықтары мен тапсырмаларын сақтау міндетті болып саналады. Төртіншіден, лицензиат лицензиардың өндірістік құпияларын және одан алынған басқа да жабық ақпаратты жарияламауға міндетті. Бесіншіден, лицензиат сатып алушыларды (тапсырыс берушілерді) фирмалық атауды, тауарлық белгіні, қызмет көрсету белгісін және басқа да жекелеу құралдарын кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шарты негізінде қолданатыны жөнінде мәлімет етуі тиіс. Заңнамада сатып алушыны ескертудің нақты әдістері атап көрсетілмеген. Сондықтан «франчайзинг туралы көрнекті ескерту әдістері» бойынша даулар субъективті түрде сотпен шешіледі. Лицензиат фирмалық атау, тауарлық белгі немесе қызмет көрсету белгісінің жанына «франчайзинг», «франчайзингтік кәсіпорын», «франчайзинг келісім шарт ынегізінде» және т.с.с. жазып қойған жағдайлар ғана даусыз болып саналады. Егер жұмыстар мен қызметтер хабарландыру немесе жарнамалық буклет бойынша тапсырыс негізінде жасалса франчайзинг туралы мәліметтер хабарландырудың өзінде немесе жарнамалық буклетте көрсетілуі тиіс.

Оған қоса, лицензиаттың екі міндеті азаматтық айналымда бөтен атпен шығу дерегінен туындайды. Лицензиат бөтен тауарлық белгімен сатылатын тауардың сапасына қатысты тұтынушыны адасушылыққа апармауы тиіс. Сондықтан лицензиат, біріншіден, келісім шарт негізінде шығаратын туарлардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасының лицензиаттың осындай тауарларының жұмыстар немесе қызметтерінің сапасына сәйкес келуін қамтамасыз етуі тиіс, екіншіден сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) тікелей лицензиардан тауарды (жұмысты, қызметті) алу кезінде қажет болатын қосымша қызметтерді көрсетуі тиіс.

Отанық заңнамада франчайзинг жүйесі дамыған елдерде жиі қолданылатын шарттар тізімі бар. Олардың бірі белгілі бір аумақта фирмалық атауы бір бәсекелестердің болмауына бағытталған. Заңды тұрғыда мұндай шарт келісім шартта лицензиардың баламалы кешенді кәсіпкерлік лицензияны қолдану үшін лицензиатқа бекітілген аумақта бермеу міндетін бекітуде көрінеді.

Лицензиялық келісім шартта лицензиатқа келесілерді ұсыну қарастырылуы мүмкін:

1. лицензиардың оны қолдану мен лицензияны басқа тұлғаларға беру мүмкіндігін сақтай отырып зияткерлік жекеменшік нысанын қолдану құқығы;

2. лицензиардың оны қолдану мүмкіндігін сақтай отырып, бірақ лицензияны басқа тұлғаларға беру құқығынсыз зияткерлік жекеменшік нысанын қолдану құқығы;

3. зияткерлік жекеменшік нысанын қолданудың заңнамалық актілерге қайшы келмейтін басқа шарттары.

Егер лицензиялық келісім шартта басқасы қарастырылмаса, лицензия қарапайым болады. Осыдан шығатыны, егер келісім шартпен басқарасы қарастырылмаса, онда кешенді лицензиар франчайзинг келісім шартында қолдану құқығы лицензиялық кешенге кірген ерекше жекеменшік нысанын өзі қолдануға және алдыңғы кешенді лицензияға кірген ерекше құқықтарға қатысты басқа тұлғалармен франчайзинг келісім шартын жасауға құқылы.

Франчайзинг келісім шартымен кешенді лицензиарға тиісті ерекше құқықтарды қолдана отырып лицензиат жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлік қызметке қатысты кәсіпкерлік лицензияны қолдану аумағында лицензиармен бәсекелеспеу міндеті қарастырылған. Қызмет көрсету саласындағы аталған ереже лицензиат келісім шартта көрсетілген қызметтерді тек лицензиардың аталған қызметті осы аумақта көрсететін күндер мен сағаттарда ғана көрсете алатынын білдіреді. Аталған ереже өндіріс саласын қозғамайды. Алайда, шығарылған тауарды сату франчайзингтік аумақта белгілі көлемде ғана жүзеге асырыла алады.

Франчайзинг келісім шартында лицензиаттың лицензиардың бәсекелестерінен (әлеуетті бәсекелестерден) басқа кешенді кәсіпкерлік лицензияларды алмау міндеті қарастырылған. Бұл жерде тек баламалы ерекше құқықтар лицензиясы туралы да, басқалар туралы да, сол немесе басқа аумақ туралы да айтылуы мүмкін. Бәсекелес ұғымына формальды объективті критерийді жатқызу қиын. Мұнда нарықтан шеттеткенде лицензиардың табысын арттыратын кәсіпкерді есептеуге болады.

Франчайзинг келісім шартында лицензиаттың лицензиармен келісім шарт бойынша ұсынылған ерекше құқықты жүзеге асыру кезінде қолданатын ғимараттың орналасу орнын және оның сыртқы және ішкі безендірілуін келісу міндеті қарастырылуы мүмкін. Ғимараттың орналасу орнын келісім шарт бойынша келісу қажеттілігі орналасу жерінің коммерциялық маңызы бар екенін білдіреді. Сыртқы және ішкі безендіруге қатысты да осыны айтуға болады.

Көптеген шектеу шарттары өз негізінде заңсыз болып табылмайды. Әр жеке жағдайда олар сәйкес нарықтың жағдайы және жақтардың экономикалық жағдайларының монополияға қарсы заңнамаға қайшы келуі тұрғысынан талдауды қажет етеді.

Келісім шарттың еркінділік қағидасы кәсіпкерліктің еркінділік қағидасын бұзбайтын бөлігіне қатысты әрекет етеді. Сондықтан заңнамамен кез келген жағдайда шектеу шарттарының екі түрінің жарамсыздығы қарастырылған. Біріншіден, лицензиар лицензиат сататын тауардың бағасын анықтау немесе көрсетілген бағалардың жоғарғы және төменгі шегін бекіту құқығына ие болатын кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шартының шектеу шарттары жарамсыз болып табылады. Бекітілген бағаны белгілеу сұраныс пен ұсыныстың арасындағы байланысты бұзады, нарықтың өзін өзі реттуін бұзады және соның салдары бәсекелестердің демпингі мен құруына немесе жоғарғы баға мен өзінің құруына алып келеді. Нарықта бәсекелестердің болмауы монополияға алып келеді. Сондықтан лицензиар лицензиаттың бағалық саясатын тікелей қалыптастыра алмайды. Алайда, кешенді кәсіпкерлік лицензия құны, лицензиардың өнімдерін, тауарларын және белгілі қызметтерін қолдану міндеті лицензиаттың өнімінің бағасын қалыптастыруға жанама әсерін тигізеді. Оған қоса, жақтар арасындағы бағаны келісу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды және келіім шарттың сәйкес шартында өз көрінісін табуы мүмкін. Алайда егер бұдан кейін лицензиат бағалық шектеулер туралы аталған шартты сақтамаса, лицензиар лицензиаттың келісім шарттың шарттарын бұзғанына сілтеме жасай алмайды.

Екіншіден, лицензиат тауарды сатуды, жұмыстарды орындауды немесе қызметтер көрсетуді тек белгілі бір сатып алушылар (тапсырыс берушілер) санатына немесе келісім шартта көрсетілген аумақта ғана тұратын сатып алушыларға (тапсырыс берушілерге) жүзеге асырса кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шартының шектеу шарттары жарамсыз болып табылады. Мұнда лицензиаттың клиентті өзі таңдауы туралы емес, өз қалауынша белілі бір азаматтар санатына ғана қызмет көрсетуіне жол бермеу туралы айтылады. Бұл лицензиат-заңды тұлға өз қызметінде лицензиардың ерекше құқықтарын қолдануда көпшілік алдында келісім шарт жасауды білдіреді. Қарастырылып отырған жағдайда көпшілік алдындағы келісім шарт болып лицензиаттың үшінші тұлғалармен франчайзинг келісім шартын орындау мақсатында және лицензиаттың тауарды сату, жұмыстарды орындау және қызметтерді көрсету бойынша міндеттерін бекітетін келісім шарт жасауы саналады. Лицензиат заңнамамен қарастырылған жағдайлардан басқа кезде келісім шарт жасауда басқа тұлғалардың орнына бір ғана тұлғаны таңдауға құқығы жоқ. Тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бағасы, сонымен қатар көпшілік алдындағы келісім шарттың басқа да шарттары лицензиатпен барлық тұтынушыларға бірдей белгіленеді, заңнамамен тұтынушылардың жеке санаттары үшін жеңілдік жасауға жол берілетін жағдайлардан басқа. Тұтынушыға сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) ұсыну мүмкіндігі бола тұрып көпшілік алдында келісім шарт жасаудан бас тартуға жол берілмейді. Егер лицензиат келісім шарт жасаудан негізсіз бас тартса, екінші жақ келісім шарт жасауға мәжбүрлеу туралы сотқа жүгінуге құқылы. Бұл жағдайда келісім шарт жасаудан бас тартқан лицензиат клиентке шығындарды өтеуге міндетті. Сатып алушыларды санаттарға бөліге жол бермеу белгілі сатып алушыларды белгілі қолданушыға бекітілу қаупінен туындаған, себебі бұл нарықтың аумақтық бөлінуіне алып келеді.

Лицензиаттың келісім шарт бойынша міндеттерін тиісті дәрежеде жүзеге асыруына бақылау жасау – лицензиардың тек құқығы емес, сонымен қатар міндеті. Өзінің фирмалық атауын, тауарлық белгісін және басқа да жекелеу құралдарын ұсына отырып лицензиар азаматтық айналымда лицензиаттың міндеттерінің бір бөлігін өзіне жүктейді. Лицензиар кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шарты бойынша лицензиатпен сатылатын (орындалатын, көрсетілетін) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасының сәйкес келмеуі туралы лицензиатқа қойылатын талаптар үшін жауапты. Яғни, лицензиаттың шотында қаражат жетіспеген жағдайда талап етуші немесе сот екінші жауапкер ретінде лицензиарды жауапқа тартуы мүмкін. Алайда, лицензиар мүлкіне өндіруге жүгінгенен кейін, үш күн ішінде лицензиатқа талап-арыз беру арқылы және банкрот болып жарияланған лицензиатта талап-арызды қанағаттандыруа қажетті қаражат пайда болған жағдайда ол жұмсалған шығындарды өтеп алуы мүмкін.

Кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шартымен лицензиаттың оған ұсынылған барлық немесе ерекше құқықтарды лицензиармен келісілген немесе келісім шартта белгіленген шарттарда басқа тұлғаларға қолдануға рұқсат беру құқығы қарастырылуы мүмкін. Сублицензия лицензиарға да, лицензиатқа да тиімді. Олардың екеуі дет сублицензия қызметінен пайда табады, ал лицензиар оған қоса қосымша жарнама жасайды. Сондықтан кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шартында лицензиаттың белгілі бір уақыт ішінде оларды қолдану аумағын көрсетіп немесе көрсетпей белгілі бір сублицензиялар санын беру міндеті болуы мүмкін. Сублицензия келісім шарты екі қағидаға байланысты жасалады: «келісім шарт еркіндігі» және «өзінде бар құқықтан артық құқықты бере алмау». Алайда, егер сублицензия келісім шартында қандай да бір шарттар қарастырылмаса, онда лицензиар мен лицензиаттың негізгі келісім шартының ережелері қолданылады.

Алдыңғы ережелерден шығатыны, кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шарты лицензиар мен лицензиаттың арасындағы негізгі келісім шарт мерзімінен артық мерзімге жасалына алмайды. Кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шартының тоқтатылуы кешенді кәсіпкерлік сублицензияның барлық келісім шарттарын тоқтатады. Алайда, бұл жағдайда жасалған мерзімі өтумен байланысты келісім шарттың тоқтатылуы туралы ғана айтылады. Негізгі келісім шартты уақытынан бұрын тоқтатқан жағдайда лицензиат ерекше құқықтарын қолдану құқықтарын жоғалтады. Сондықтан, егер басқасы келісім шартпен қарастырылмаса және егер лицензиар қарсы болмаса, келісім шартты уақытынан бұрын тоқтатқан жағдайда кешенді кәсіпкерлік лицензия келісім шарты бойынша лицензиаттың құқықтары мен міндеттері лицензиарға ауысады. Осылайша, субфранчайзинг келісім шарты франчайзинг келісім шартына ауыса отырып өз әрекетін жалғастыра береді. Бұл жағдайда, егер лицензиардың лицензиатпен жасаған негізгі келісім шарты заңнамалық актілермен қарастырылған негіздер бойына жарамсыз деп танылса, оған сәйкес жасалған кешенді кәсіпкерлік сублицензия келісім шарттары да жарамсыз деп танылады.

Білу қажет нормативтік құқықтық актілердің тізімі:

  1. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409-1 Азаматтық кодексі. Ерекше бөлім. (966 б); Лицензиялық келісім шарт.
  2. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409-1 Азаматтық кодексі. Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) (896 – 909 баптар);
  3. Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 24 маусымдағы Кешенді кәсіпкерлік лицензия (франчайзинг) туралы Заңы;
  4. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы N 217-II Топологиялар мен интергалды микросхемаларды қорғау туралы Заңы. Ерекше құқықтарды беру;
  5. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі №456-1 Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауардың шығарылған жерінің атауы туралы Заңы. Лицензиялық келісім шарт;
  6. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі N 427-1 Қазақстан Республикасының патенттік заңы. Лицензиялық келісім шарт;
  7. Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 422-1 Селекциялық жетістіктер туралы заңы. Лицензиялық келісім шарт;
  8. Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы N 6-1 Авторлық және сабақтас құқықтар туралы заңы;
  9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 тамыздағы N 1044 Қазақстан Республикасында жасалатын құпия өнертабыстармен уақытша пайдалану тәртібін бекіту туралы қаулысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20.06.97 жылғы №997, 10.09.99 жылғы №1363 қаулысымен енгізілген өзгерістермен);
  10. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 3 шілдедегі №908 Венчурлық фирмаларды құру тәртібі туралы қаулысы (ҚР Үкіметінің 20.08.96 жылғы №1031 қаулысымен өзгерістер енгізілген);
  11. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің 2002 жылғы 27 қыркүйектегі №145 Шығармалар мен сабақтас құқық нысандарын пайдалануға лицензиялық келісім-шарттарды мемлекеттік тіркеу нұсқаулығын бекіту туралы бұйрығы.
  12. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік жекеменшік құқығы жөніндегі комитет төрағасының 2001 жылғы 10 тамыздағы №31 Өндірістік жекеменшік нысандарын қолдануға лицензиялық, сублицензиялық келісімдерді тіркеу ережесін бекіту туралы бұйрығы;

 

11 ЗИЯТКЕРЛІК ЖЕКЕМЕНШІКТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

 

Мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастық екі құқықтық формада жүзеге асырылады: халықаралық-құқықтық және азаматтық-құқықтық. Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық негізін халықаралық құқықтың нормалары мен қағидалары құрайды, ең алдымен жалпы және ерекше сипаттағы халықаралық келісім шарттар. Халықаралық ынтымақтастықтың азаматтық-құқықтық формасы сәйкес халықаралық құқытың ережелері ескерілетін елдің мемлекетішілік (ұлттық) нормаларына негізделеді. Сондықтан зияткерлік жекеменшік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруда халықаралық және мемлекетішілік құқық нормаларын, қағидаларын, негізгі ережелерін білу қажет.

Зияткерлік жекеменшіктің түрлі нысандарын қорғау бойынша халықаралық келісімдерді жасау оны шетелде құқықтық реттеу қажеттілігімен шартталған. Мұндай қажеттілік экономикалық және құқықтық тәртіп себептерімен түсіндірілген.

Егер өндірісік капитализмнің құрылу кезінде кәсіпкердің экономикалық мүдделерін қорғау өз елінде патент алумен тиісті дәрежеде қамтамасыз етілсе, ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында монополияның пайда болуымен өнеркәсіп өнімінің көлемі ұлғаяды, соның ішінде зияткерлік жекеменшіктің түрлі нысандарында құрылған; халықаралық тауар айырбастау көлемі ұлғаяды. Сол уақытта бірқатар елдерде қабылданған зияткерлік жекеменшік нысандарын қорғау туралы заңдар осы сұрақтарды әр түрлі реттеген, бірақ оларға ортақ зияткерлік жекеменшік нысандарын қорғау құжаты алынған елдің аумағында қорғау болып табылған. Зияткерлік жекеменшіктің қандай да бір нысаны қолданылған, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыратын тауарды елге алып келу тауарға деген қызығушылықты арттырған. Зияткерлік жекеменшік нысандарын құқықтық қорғауға ықпал ете отырып, халықаралық келісім шарттар түрлі елдерде зияткерлік жекеменшіктің қандай да бір нысандарына қорғау құжаттарын беруді оңтайландыру және жеделдету міндетін қояды. Зияткерлік жекеменшік нысандарының қорғауының болмауы шетелде халықаралық көрмелерді өткізуде ерекше байқалған. Осылайша, австриялық үкіметтің 1873 жылы тамызда Венада өтуі тиіс ғылыми-техникалық жетістіктердің халықаралық көрмесіне шақыруынан АҚШ бас тартты, оның себебін австриялық заңнамамен көрмедегі өнертабыстарды көшіруден және бәсекелестердің қолдануынан сақтау бойынша кепілдіктерінің қарастырылмауымен түсіндірді. Венада өткен дәл осы Әлемдік өндірістік көрме патенттік-құқықтық сұрақтарды халықаралық деңгейде реттеу үрдісіне бастама жасады, ол 1883 жылғы 20 наурызда Өндірістік жекеменшікті қорғау бойынша Париж конвенциясына қол қойылумен аяқталды, оның негізгі ережелері қазіргі уақтта да қолданылуда. Қазіргі уақытта Өндірістік жекеменшікті қорғау бойынша Париж конвенциясына түрлі қоғамдық-экономикалық жағдайдағы 100 астам мемлекет мүше болуда.

Өндірістік жекеменшікті қорғау бойынша барлық келісімдерді үш топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа Париж конвенциясына қатысушы – мемлекеттерде өндірістік зияткерлік жекеменшіктің жекелеген нысандарына құқықтық қорғауды алыға ықпал ететін келісімдер. Конвенцияның 19 бабына сәйкес Париж одағына мүше мемлекеттер өндірістік зияткерлік жекеменшікті қорғау бойынша арнайы келісімдер жасауға құқылы, бірақ олар Конвенцияның ережелеріне қайшы келмеуі тиіс. Осы баптың негізінде жасалынып, қазіргі уақытта да қолданылып келе жатқан келесі келісімдер бар:

- 1891 жылғы 14 сәуірдегі Тауардың шығу тегін көрсететін жалған және адасушылыққа апаратын белгілердің жолын кесу туралы Мадрид келісімі;

- 1891 жылғы 14 сәуірдегі Тауарлық белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі;

- 1925 жылғы 16 қарашадағы Өндірістік бейнелер мен үлгілерді халықаралық тіркеу туралы Гаага келісім;

- 1957 жылғы 15 маусымдағы Белгілерді тіркеу үшін тауарлар мен қызметтерді халықаралық жіктеу туралы Ницц келісімі;

- 1958 жылғы 31 қазандағы Шығу орнының атауын қорғау мен оларды халықаралық тіркеу туралы Лиссабон келісім;

- 1968 жылғы 8 қазандағы Өндірістік үлгілерді халықаралық жіктеуді құру туралы Локарн келісімі;

- 1970 жылғы 19 маусымдағы Патенттік кооперация туралы келісім шарт;

- 1971 жылғы 24 наурыздағы Халықаралық патенттік жіктеу туралы Страсбург келісімі;

- 1973 жылғы 12 маусымдағы Тауарлық белгілерді тіркеу туралы келісім шарт;

- 1973 жылғы 12 маусымдағы Белгілердің бейнелі элементтерінің халықаралық жіктелуін құру туралы Вена келісімі;

- 1981 жылғы 26 қыркүйектегі Олимпиада белгісін қорғау туралы Найроб келісім;

- Екінші топқа тәуелсіз және Париж конвенциясына тікелей қатысы жоқ келісімдер жатады:

- 1967 жылы Стокгольмда құрылған Бүкіләлемдік зияткерлік жекеменшік ұйымы (БЗЖҰ);

- 1961 жылы 2 желтоқсанда парижде қол қойылған Өсімдік сорттарын қорғау туралы конвенция;

- Үшінші топқа аймақтық конвенциялар мен келісімдерді жатқызуға болады:

- 1973 жылғы 5 қазанда Мюнхенде қол қойылған Еуропалық патенттік конвенция;

- Африканың француз тілді елдерімен қол қойылған 1977 жылғы 2 наурызда жасалған Африкалық зияткерлік жекеменшік ұйымын құру туралы келісім;

- Африканың ағылшын тілді елдерімен қол қойылған 1976 жылы жасалған Африкалық аймақтық өндірістік жекеменшікті қорғау ұйымын құру туралы келісім;

- 1992 жылы жасалған бұрынғы КСРО республикалары арасындағы еуразиялық келісім.

Париж конвенциясы